«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Көп ұлтты болуымыз.doc
«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз,
тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді. Дана жұрт мұны тегіннентегін
айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік
құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің
елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында
бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы,
ынтымақтастығы,
бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай
сақтауға тырысуымыз керек. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің
халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен
сыйластығы болып табылады.
Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату –
тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстан тарихының едәуір бөлігі – оны мекендейтін
халықтардың этностық және мәдени өз ара іс – қимылдардың тарихы. Әлемдік
тарихта Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттардан
жалғасын тауып, сабаққасып келеді.
Еліміз жаңа ғасырға , жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына
ұлтаралық татулықты , конфессияаралық келісімді, өзара түсініктік пен құрмет
сезімін, жарастық пен келісімді – қастерлеп сақтай отырып қадам басты.
Елбасының , мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарында ұлтаралық
татулықтың, халықтардың өзара түсініктігі мен келісімін нығайта беру, оларды
алдағы уақытта топтастырып, жарастыра беру айырықша орын алды. Бүгінкі күні
қоғамымыздағы ауызбірлік, турақтылық пен туысқандық қарым – қатынас соның
нәтижесі деп айта аламыз. Бүгінде тәуелсіз мемлекет аталып, ел – халық болып
қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық
келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінкі күннің өзекті міндеті
болуы да сондықтан.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен
және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалымыз», деп ерекше атап өтілді.
Қазақстан Конституциясы елдегі азаматтардың ұлтына, нәсіліне
қарамастан, барлығына бірдей мүмкіндіктер мен құқық беретінін айта кету
қажет. Әркім өзіне тән этномәдени мүддесін қорғауда тең құқыққа ие екендігіне
конституциялық жолмен кепілдік беріледі. Сонымен қатар Қазақстанда тарихи
мәдени мұраларды қалыптастыруға, елімізді мекен еткен халықтардың
мәдениетін сақтауға, дамытуға және жандандыруға мемлекет тарапынан айтар
лықтай ісшаралар атқарылып жатыр. Әр бір ұлттық мәдениет – адамзаттың
рухани құндылықтарындағы бағалы байлық болып саналады. Сондайақ
Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту мемлекеттік саясаттың негізіне
енгізілген және ұлттық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тәуелсіздікпен бірге діліміз бен дініміз, рухымыз, дәстүріміз бен
мәдениетіміз оралды. Ең бастысы – көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі
топырағы, қойнауындағы қазынасы құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің
бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып,
әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау
ойы мен санасының төрінен орын алып, арнамысының алдында жауапты болып,
ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас
мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі»
кәусар бұлағы болары анық. Бүгінде этникалық, нәсілдік бөлініске ұшырап,
тілдік, діни белгілер бойынша ашық қарсылыққа келіп, жанжалдасып жатқан
мемлекеттерді әлемнің әр аймақтарынан көптеп мысал етуге болады. Осыған
байланысты Қазақстан тұрақтылығы үшін зорлық зомбылыққа, этносаралық
және конфессияаралық арандатушылыққа, лаңкестікке жол бермеу маңызды
фактор болып табылады. Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің ұлттық саясатын әрі
қарай да жалғастыра беруге, этносаралық қарымқатынастар жүйесін жетілдіре
беруге тиіс. Бұл – мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық бірлестіктерге де
қатысты қажеттілік.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын
тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып
табылады. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат міндеттерінің бірі – нәсіліне,
ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына
қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының
теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса,
бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі этникааралық мүдделерді
тоғыстырудың жолын іздеуден туындаған құрылым болып табылады. Ол азаматтық қоғам мен ұлттық саясатты өркениетті түрде жүргізудегі әлемде
теңдесі жоқ инструментке айналғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Оның үстіне,
бірқатар саяси реформалардан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының функ
ционалдық қызметі кеңейіп, ел Парламентіне әсер ету механизмдері оның
әкімшілік статусын арттырды. Бүгінде ҚХА 820 этномәдени бірлестіктің
ықпалдастығын жүзеге асыра отырып, біздің қоғамдағы келісімнің негізгі звеносы
болып отыр. Елімізде әрбір этникалық топтың өз ұлттықмәдени орталықтары
бар. Олар түрлі тілдердің, мәдениеттердің, дәстүрлердің дамуына септігін
тигізуде. Ал мемлекет сол орталықтардың түрлі бастамалары мен ұсыныстарына
толық қолдау көрсетіп отыр. Еліміздегі этностардың арасындағы келісім – қо
ғамдық лидерлердің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, оқу орын
дардың көпжылдық еңбегінің жемісі болып табылады.
Жалпы айтқанда, Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің ұлттық саясатын әрі қарай
да жалғастыра беруге, этносаралық қарымқатынастар жүйесін жетілдіре беруге
тиіс.. Ең бастысы, ұлтаралық татулық арасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман.
Осы бетекеміз бұзылмағай. Қазақстанда туратын барша ұлт арасындағы айнымас
достыққа сызат түспесе екен, қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болсын
деп тілейміз.
Презентация на тему "Праздник единства"
Презентация на тему "Праздник единства"
Презентация на тему "Праздник единства"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.