Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Microsoft Power Point 2007 программаны қолдану аясын және функционалдық мүмкіндіктері мен оның мәні туралы түсініктер. • Программа интерфейсінің негізгі элементтері. Power Point қолданбалы программасын баптау және оны іске қосу, слайд түсінігі туралы
Сабақтың тақырыбы: Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу.
Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Microsoft Power Point 2007 программаны қолдану аясын және функционалдық
мүмкіндіктері мен оның мәні туралы түсініктерін қалыптастыру;
Программа интерфейсінің негізгі элементтері; Power Point қолданбалы
программасын баптау және оны іске қосу, слайд түсінігі туралы түсінікті;
Терезедегі бейненің негізгі режимдері, аймақтың мәні мен қарапайым режимдегі
қосымша бет, лентағы негізгі тағайындалым мен қосымша қолданбалы
программалар туралы білімдерін қалыптастыру;
Программаны практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру; Microsoft Power
Point 2007 программа интерфейсінің негізгі элементтерін ажырата білуді;
Дамытушылық:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Танымдық қызығушылықтары мен пәнге деген сүйіспеншіліктерін пәндік аймақтағы
программалық өнімдерді қолдану арқылы дамыту;
Тәрбиелік:
Презентация құру үшін аталған программаны меңгерту және оны қолданудың
қажеттілігіне көз жеткізу;
Жаңа білімді алуға, қызығушылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу;
Ақылой, қиял, жад, эстетикалық талғамға тәрбиелеу;
Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
Программалықдидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, мультимедиялық
проектор, Windows ОЖ, Microsoft Word 2007 мәтіндік процессор, презентация үлгілер
(электрондық түрде).
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
I)
Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту; жаттығу
жасату.
Сабақтың өзектілігі (білу)
II)
Ақпаратты, сөз сөйлеу, баяндама немесе қандай да бір нысан мен танысуды көрнекі түрде
көрсетудің бір түрі презентация болып табылады.
Мұғалімнің сұрақтары:
1. Жарнама не үшін керек?
2. Жарнама құрудың қандай түрлері сендерге белгілі?
3. Жарнамаға қандай талаптар қойылады?
Презентация мен жарнама түсінігі бірбіріне ұқсас. Олардың екеуі де белгілі бір
талартарға жауап береді. Жарнама мен презентацияның талаптарын анықтау.
1. Презентация сөзін қалай түсінесің?2. Презентация қандай болу керек?
3. Презентацияны не үшін құрады?
ІІІ)Жаңа түсініктер мен ісәрекет тәсілдерін қалыптастыру кезеңі (түсіндіру)
Қарастырылатын сұрақтар:
Оқулықпен жұмыс:
1) Презентация түсінігі мен оның мәні;
2) Презентацияның түрі мен оның ерекшеліктері;
3) Теледидарлық бейнероликпен салыстырғанда, мультимедиялық презентацияның
артықшылығы;
4) Информатика курсының түрлі тақырыптары бойынша үлгі презентацияларын
көрсету.
Microsoft Power Point 2007 интерфейсін оқыту. Microsoft Word 2007 мәтіндік
процессор терезесінің негізгі элементтерін қайталаудан бастау.
Мұғалімнің сұрақтары:
1. Microsoft Word 2007 мәтіндік процессорға шығу, оны іске қосу қалай жүзеге
асырылады?
2. Microsoft Word 2007 мәтіндік процессордың негізгі терезелерін атаңдар.
3. Microsoft Word 2007 программасының лентасындағы қосымша беттің негізгі
бөліктері мен қосымшасын атап беріңдер.
4. Backstage ұғымы нені білдіреді?
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Программаны іске қосу және одан шығудың түрлі тәсілдері.
2. Слайдтың құрамында болатын тақырыптар мен нысандар.
3. Терезеде бейнеленген негізгі режимдер.
4. Қарапайым режимдегі Power Point программасының интерфейсі.
5. Лентағы қосымша беттің тұрақты және қосымша топшалары.
IV) Білім мен дағдыны қалыптастыру кезеңі (қолдану)
Мұғалімнің басшылығымен Power Point программасын түрлі тәсілдермен іске қосу.
Қарапайым режимдегі Power Point программа интерфейсінің негізгі элементтерін үйрету.
Лента қосымша бетіндегі тұрақты және қосымша баптауды қарастыру.
Оқулықтағы §17. «қоллану деңгейі» практикалық тапсырманы орындау.
V) Жаңа білімді қорытындылау және ісәрекет тәсілдерін қолдану кезеңі (талдау)
Жұмыс дәптерінен «Білім мен түсіну деңгейі» және «Қолдану деңгейі»
таптырмаларын орындау.
Power Point презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының
бірі. Ол MS Office 2007ның құраушы болып табылады және презентациялық
материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға
немесе 35миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Power Point презентацияны
жоспарлауға жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға шаблондардың
модификацияланатын жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады.
Power Point презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға
және презентацияларды кейін басып шығаруға сақтауға мүмкіндік береді.дыбыс үзінділері,
ұйымдастыру схемалары,
Презентация ұғымы өзінің толық мағанасында (лат.рrаеsеntо тапсырамын немесе ағыл.
рrеsеnt – ұсыну ) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын,
дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген
дүниені ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет
түрлерін ұсыну – бұл әрдайым презентация.
Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа
байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Слайд деп көзге көрінетін күрделі
объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық
кескіндемелер,
бейнеклиптер мен
гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бұл параққа
түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл
мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды
фиксациялау кезінде қолданылады. Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін
қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді
енгізуге болады. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайдфильм деп те атайды. Слайд
фильмдерді жасап шығаруға арналған арнайы құралдар – графикалық пакеттер де бар. Осы
құралдардың бірі – МS Offiсе құрамдасы Windowsтың қосымшасы Роwer Рoint
программасы.
Роwer Рoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика) үшін керекті
жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Місrosoft Offiсе дестесінің басқа да
құрамдастарымен тығыз байланысуының
арқасында пайдаланушы әбден жасалған
материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы :
Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;
Формулалар Місrosoft Еquatuon қосымшасында;
Кестелер Місrosoft ЕхсеІ кестелік процессорында;
Бағаналар (диаграммы) Місrosoft Graрһ қосымшасында;
Әдеби тақырыптар Місrosoft Word Аrt қосымшасында және т.с.с.
Роwer Рoint әр түрдегі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:
компьютер экранында автономды көрсету үшін;
компьютерлі проектор арқылы көрсетуге;
оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып
шығаруға;
оптикалық слайдпроектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті
фотопленкаға басып шығаруға;
дәл осы шақта жортада көрсету үшін;
кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада
жариялау үшін;
хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы
жіберу үшін;
қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.
Мұғалімнің сұрақтары:
1. Презентация деген не?
2. Слайд деген не?3. Power Pointпрограммасын қалай іске асыруға болады?
4. Power Point жүйесіне қандай көрсетілім режимі құрылған?
5. Power Point программасында жұмысты қалай аяқтауға болады?
6. Power Point құжатына не жатады?
VI) Сабақты қорытыдылау кезеңі (синтез)
Сабақта алған жаңа әрі жалпы ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты
қорытындылау. Практикалық тапсырмаларды орындауын тексеру.
VII) Бағалау мен өзінөзі баңалау кезеңі
Орындалған практикалық тапсырмаларды тексеру. Жеке оқушылармен жалпы
сыныптың жұмысын бағалау. Сабақ барысында берілген оқу материалдарының күнделікті
өмірде қолдануға және кез келген әсәрекетте қажет екендігін, сәйкестілігін,
маңыздылыңын оқушы өздігінен бағалай алатындай деңгейге жетуі керек.
VIII) Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Оқулықтан §17сұрақтарға жауап беру. Жұмыс дәптеріндегі шығармашылық
тапсырманы орындау.
IX) Рефлексия кезеңі.
Презентацияны қайда қолдануға болады?
Презентацияны мен қайда қолданамын? деген сауалдарға рефлективтік есеп жаз.