Оқыту процесінде оқушылардың қызығушылығын ояту үшін проблемалық жағдайлар туғызу қажет. Орта мектепте геометрия пәнін оқытуда проблема туғызу оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруға көмектеседі.
Оқушының ойлау қабілетін тәрбиелеу үшін теореманы дәлелдеу, дәлелдеу есептерін шығарумен қатар, зерттеу элементтері бар, ойлау элементтері бар есептерді шығарудың, тапсырмалар орындаудың маңызы бар. Мұғалімнің сұрақ қоя білуінің де өзіндік алатын орны бар.
Проблемалық оқытудың тиімділігі.docx
Проблемалық оқытудың тиімділігі
Проблемалық оқытудың мақсаты ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін
ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде
меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Проблемалық оқытуойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және
тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация,
танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу
мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да
көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің
арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл
болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік
әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Оқыту процесінде оқушылардың қызығушылығын ояту үшін
проблемалық жағдайлар туғызу қажет. Орта мектепте геометрия пәнін
оқытуда проблема туғызу оқушылардың шығармашылық
белсенділіктерін арттыруға көмектеседі.
Оқушының ойлау қабілетін тәрбиелеу үшін теореманы дәлелдеу,
дәлелдеу есептерін шығарумен қатар, зерттеу элементтері бар, ойлау
элементтері бар есептерді шығарудың, тапсырмалар орындаудың
маңызы бар. Мұғалімнің сұрақ қоя білуінің де өзіндік алатын орны бар.
7-сынып геометрия пәнін оқытуда «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы» тақырыбын түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың
әрқайсысына жұмыс жасатады.Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар
үшбұрыш сызып, оның
бұрыштарын трапнспортирмен өлшеп,
қосындысын есептеп табады.
Осы ісбеттес жұмыс түрлерінің пайдалы екендігі сөзсіз.Оқушы білім
алу жолында өзі еңбектенеді, аздап болса да зерттеу жүргізеді,
қорытындыға келеді, нәтижені тексеру қажеттігін, яғни оның
ақиқаттығына көз жеткізу үшін дәлелдеудің қажеттігін сезінеді. Осы
жерде геометриялық дәлелдеу, оның не үшін қажет екендігін оқушы
санасына жеткізу мүмкіндігін тудырады.
Үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы бірден проблема
түрінде қоюға болады. проблеманы шешу үшін, яғни «үшбұрыштың
сыртқы бұрышы өзімен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының
қосындысына тең» екендігіне көз жеткізу үшін оқушылар үшбұрыш
сызып, мұғалімнің жетекшілігімен тиісті бұрыштарды транспортирді
пайдаланып өлшеп, салыстырып, тиісті қорытындыға келеді. Әрі қарай
теореманы,
жұмысы
оқулықтағыдай етіп жүргізіледі.
Оқушының өзі еңбектеніп алған білімі есте жақсы сақталатындығы,
тақырып оңай және игерілетіндігі белгілі. Осы орайда осы
технологияны пайдаланып геометрия пәні бойынша өткізген
сабағымның үлгісін ұсынып отырмын.
берілгендерін жазып, дәлелдеу
оның
Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үшбұрыштар туралы мағлұматтар бойынша қабырғалары мен бұрыштарының
арасындағы қатынастарды тұжырымдау. Үшбұрыштар қасиетін нақтылай отырып,
үшбұрыш теңсіздігін дәлелдеуде белсенді шешімдер табу бейімділіктерін қалыптастыру
Дамытушылық : Оқушылардың ізденісін, зейінін, тиянақты ой қорытындысын жасай білу
қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік : Өзінеөзі сын көзбен қарауға, баға беруге баулу, тапқырлыққа, адалдыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Үшбұрыштар қасиетін нақтылай отырып, үшбұрыш теңсіздігін
дәлелдеуде белсенді шешімдер таба алады. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының
арасындағы қатынастарды тұжырымдай біледі.
Сабақтың әдісі: Топтастыру (ассоциациялық), проблемалық, түсіндірмеліиллюстр.
баяндау,іздену
Көрнекілігі:
компьютерлер
Сызбалар,карточкалар,
кестелер,
суреттер,интербелсенді
тақта,
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.1 Оқушыларды түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу;
1.2 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау;
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1) Проблемалық жағдай туғызу, оны шешуге әрекет (сурет бойынша есеп)
2) Үшбұрыштар түрлерін ассоциация (топтастыру) әдісі бойынша картаға түсіру.
3) Қағаз бетіне өз ойларын түсіру (1 мин)
4) Жұп бойынша талқылау;
5) Топ бойынша талқылау арқылы өз ойларыңды жеткізе білулерің керек. Әр топтан бір
оқушының жауабы тыңдалады.
6) Электронды оқулық бойынша сыбайлас, вертикаль бұрыштар теоремаларын оқып
,дәптерге сызып, жазу. Мысалдар қарастыру, (компьтердегі) есептер мен дәлелдемелерді
шығару.Жауабы компьютер арқылы тексеріледі.
Теорема1 : Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180°қа тең.
Теорема2: Вертикаль бұрыштар тең болады.
Интербелсенді тақтада жұмыс (карточкамен)
Тест жұмысын орындау. Электронды оқулықтағы тест жұмысын орындау
Қорытындылау, бағалау.
Проблемалык окытудын ти!мд!л!г!
Проблемалык окытудын ти!мд!л!г!
Проблемалык окытудын ти!мд!л!г!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.