Проект
Оценка 4.7

Проект

Оценка 4.7
Занимательные материалы +2
docx
экология
Детсад
03.04.2017
Проект
Насеко́мые (лат. Insecta, Insecta-Ectognatha, Ectognatha) — класс (по другой классификации — надкласс) беспозвоночных членистоногих животных. Вместе с многоножками относятся к подтипу трахейных. Обладают наибольшим разнообразием среди всех остальных животных на Земле включают бабочек, жуков, мух, муравьёв, пчёл и других. Наука, изучающая насекомых, называется энтомологией.ПРОЕКТ
ПРОЕКТ.docx
«№6 «Нұрсәуле» ясли – бақшасы» КМҚК  «Жәндіктер әлемі» атты жоба  бойынша жинақтар Тәрбиеші: Омарова Л. С. Семей 2015 1 Құмырсқаға бақылау Мақсаты: Балалардың құмырсқа туралы білімдерін кеңейту.Сұрақ қоя  отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Құмырсқа ерекше  жәндік екенін балаларға айту. Жұмбақ Алға, артқа қарай жүреді Еңбек сүйгіш Оны бәрі біледі (құмырсқа) Мысал сұрақтар: ­ Балалар жылдың қазір қай мезгілі? ­ Күз мезгілі ­ Біз нені көріп тұрмыз? ­ Құмырсқаны ­ Ол неге жүгіріп жүр? ­ Өзіне азық іздеп жүр. ­ Құмырсқаның үйін не дейді? ­ Илеу ­ Ол илеуіне не тасып жүр? ­ Азығын ­ Ол не үшін керек? ­ Балаларымен өзіне қысқы азығын жинап жүр. ­ Құмырсқа қыста бола ма? ­ Жоқ ­ Құмырсқаның илеуін бұзуға бола ма? ­ Жоқ. 2 Араларға бақылау  Мақсаты: Балалардың ара туралы білімдерін бекіту.  Сұрақ­жауап арқылы сөздік қорын, ой­өрісін дамыту. Жұмбақ Ұшады, қонады Гүлдерді бағады. Түр­түсі сары­ала Бұл не? (ара) Мысал сұрақтар: ­ Далада не ұшып жүр? ­ Ара ­ Оның түр­түсі қандай? ­ Сары ала ­ Ара немен қоректенеді? ­ Гүл шырынын сорады. ­ Араның тұмсығы қандай? ­ Үшкір ­ Араның адамға пайдасы бар ма? ­ Адамдар одан бал жинап алады. 3 Көбелектерді бақылау Мақсаты: Әр түрлі түсті ұшып қонып жүрген көбелектерге қарап, түстерін, дене  мүшелерін айыру.  ­ Көбелек қай жерде мекендейді?  ­ Шабындықта  ­ Олар немен қоректенеді? ­ Гүл шырынын сорады. ­ Оның пайдасы қандай? ­ Балалар өз ойларын айтады. ­ Көбелектің қандай айырмашылықтары бар?  ­ Көбелек те аралар сияқты гүлдердің тұқымын шашып, көбеюіне пайдасын  тигізеді. Өз жауларынан жасырынуына түсінің көмегі арқасында қашып  құтылады. Көбелектер тез ұшады. Жұмбақ шешу: Өзі кілем түріндей, Құдды қырдың гүліндей, Гүлге қонса кетеді, Айырмасы білінбей. (Көбелек) 4 Қоңыздарға бақылау Мақсаты: Балалардың жәндіктер жөнінде түсініктерін толықтыру.  Қорапқа салған жарық қоңызды (жаңбырдан ұстап алған).  ­ Түсі қандай? ­ Қара  ­ Қанаты бар,ұшады т.б деп қоңызбен таныстыру.  ­ Қоңыз түнде ғана ұшып, жылтырап жүреді. Өлең: Шықты кеште алдымнан, Жарық қоңыз қос қанат. Көрген жанды таң қылған, Жаны бар,ұшқан от.   «Құмырсқа мен бақа» ертегісі 5 Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді  жәндіктермен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі  әрі­бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі  қанатты достарын іздейді. Бір уақытта гүлден­гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады: – Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп  жіберші, – деп өтінеді. – Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты.  Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып  алады. Ол мән­жайды айтып, көмек сұрапты. – Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.          Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің  илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп: – Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды. Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді: – Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа. 6 «Еңбекшіл құмырсқалар» ертегісі Қыстың   аяқталып,   көктем   мезгілінің   басталуы   –   тылсым   табиғаттың түрленіп,   жасыл   баққа   оранып,   жәндіктермен   хайуанаттардың   қысқыұйқысынан оянып   тіршілік   етуімен   басталады.   Солардың   бірі   құмырсқалар.   Құмырсқа   – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш.  Көкірек   бөлімі   жіңішке,   онда   үш   жұп   аяқтары   жақсы   жетілген.   Көпшілік түрлерінің   құрсақ   бөлімінде   шаншары   мен   улы   бездері   жақсы   дамыған.   Улы бездерінен   бөлінетін   сұйықтық   –   құмырсқа   қышқылы   деп   аталады.   Құмырсқалар, көбінесе топтасып (10 – 100 мың данасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді.  Әрбір   илеуде   аталық,   аналық,   “жұмысшы”   және   “жауынгер”   құмырсқалар болады. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік   сабақтары   мен   жапырақтарының   қалдықтарынан   жасайды.   Орманда тіршілік   ететін   құмырсқалар   ағашқа   өрмелегенде   де   бірінің   артынан   бірі   тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі.  Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ ­ үй құмырсқалары (шымалдар), орманда көбірек кездесетін ­ жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды «жыртқыштар» деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен   қоректенеді.   Ағаштардағы   зиянды   жәндіктерді   құртып,   пайда келтіреді. «Құмырсқа мен көгершін» ертегісі 7 Бір қүмырсқа сусап, су ішуге өзенге түсті. Бейшараны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бір бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді­дағы аяп, бұтағын оның үстіне тастай берді.  Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жиегіне шығып, қазадан құтылды. Мұның артынан манағы айтылмыш көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастады.  Аңшы ауды басып қалып көгершінді ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көрді­дағы,   өрмелеп   келіп,   аңшының   аяғын   қатты   шағып   алды.   Аңшы   ауды   қоя бергенде көгершін көтеріліп ұшып кетеді. «Құмырсқа мен шегіртке» ертегісі 8 Баласын   жем   іздеуге баулып   жүрген   Құмырсқа   пісіп   тұрған   бидайдың   басын   иіп   алып   жеп   тұрған шегірткеге кез болды. Онымен: — Ассалаумағалейкум, Шегіртке, — деп амандасты да: — Оу, Адамның маңдай терімен   еңбек   етіп   пісірген   бидайын   сен   қалай   рахаттанып   жеп   тұрсың?   —   деп сұрады. —   Осыншама   жерді   алып   жатқан   бидайдың   бір   түйірін   жесем   Адамның несібесі кеми қоймас. Жылдағы әдетім осы, жаһанды жалпағымнан басып келем де бидайды жей берем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ, — деп жауап берді Шегіртке. Бастары   жұлым­жұлым   боп   қалған   бидайларға   қарап   тұрған   Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша­паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.   —   Көрдің   бе,   балаларың   да   сен   секілді   өзгенің   нәрсесін   ұрлауға   дағдыланып алыпты. Ертең олар да балаларын ұрлықа үйрететін болады. Ал, бірақ ұрлықтың жақсылық әкелетіні шамалы, – деп күрсінді. Құмырсқаның сөздеріне ашуы келген Шегіртке: — Дайын астан аттап өтіп қайда барып жем іздеймін! — деп айқайлады да шырт етіп ұшып кетті. Құмырсқа одан әрі жүре берді. Сонда Құмырсқаның баласы: —   Апа,   біз   алыс­алыс   жерлерге   шаршап   барып   әкелетініміз   біреуден   қалған қалдық. Неге соншама жанымызды қинап бейнеттенеміз. Ал Шегіртке болса таза, жаңа піскен дәмді бидайды  таңдап жеп жүр. Ол дұрыс істейді. Тойып алады да қыдырып   жүре   береді.   Ал   екеуміз   таңның   атысынан   күннің   батысына   дейін   азық іздеумен   боламыз.   Сондағы   табатынымыз   мардымсыз   бірдеңелер.   Біз   де   бидайдан бірнешеуін алып алайық, — деді. — Балам, әлі­ақ Шегірткенің ісінің дұрыс еместігіне көзің жететін болады, — деді Құмырсқа. Жүре­жүре жүгері алқабының шетіне шыққан олар  шашылып қалған нанның қиқымын көрді. Шамасы осы жерде отырып біреу нан мен сусын ішкен секілді. 9 —   Балам,   мінекей,   мынау   нан.   Ас   патшасы,   —   деді   Құмырсқа   қиқымдардың ішінен   ең   ірісін   таңдап   алып   жатып,   —   бұл   әлгі   Шегіртке   жеп   тұрған   бидайдан жасалады. Адамдар өте еңбекшіл халық. Олар бидайды сол күйінде жемей, оны өңдеп осындай тәтті тағам жасайды. Аң­таң қалған баласы қиқымның бір түйірін аузына салып көріп: — Иә, шынымен де бал татиды, — деп тамсанды. — Әлің жеткенше арқалап ал. Енді бұл қиқымдарды бізден басқа ешкім керек етпейді,   сондықтан   еш   қысылмай   ала   беруге   болады,   —   деген   анасы   алдыға   түсіп жүріп кетті. Бұлар   бидайдың   ортасымен   жүріп   отырып   бағанағы   Шегірткемен   кездескен жерге де жетті. Бір кезде Құмырсқаның құлағы ыңырсыған әлсіз дауысты шалып қалды. Жалма­жан арқасындағы азығын тастай салып, дауыс шыққан жаққа қарай жүгіре жөнелді. Баласы да ілесе берді. Қараса Шегіртке аяқтары әлсіз қимылдап, өлгелі жатыр екен. Құмырсқаның тер басып кеткен бет аузын көрген ол: —   Досым,   сен   дұрыс   айтасың.   Адамдар   бидайларға   у   сеуіп   тастапты. Қиналмаймын, оңай олжа табамын деп жүріп міне ажалымнан бұрын өлейін деп жатырмын. Егер сен секілді еңбектенгенімде бұлай ерте өлмес пе едім кім білген, — деп көзіне жас алды. — Еңбектенейін десем осы еңбектің жемісін көретініме сенбедім ғой.   Ауыр   жұмыстан   қашып   осы   кезге   дейін   өмір   сүрдім.   Енді   анау   балаларыма өсиетімді   айта   алмай   бара   жатырмын.   Олар   да   мен   секілді   өмірлерін   құр   босқа өткізетін болды, — деп өкінген Шегіртке көз жұмды. — Көрдің бе, балам, әлгінде сен де осы бидайдан ұрлап алмақшы болып едің. Ұрлық түбі қорлық екеніне енді көзің жеткен болар, — деді анасы баласының жүзіне бағдарлай қарап, — Егер бойыңда сенім болса ауыр бинеттің өзі бақыт болып көрінеді, — деді. —   Түсіндім,   түсіндім,   —   деген   бала   анасының   алдына   түсіп,   иығындағы   ауы жүгін мақтанышпен көтеріп томпаңдап кетіп бара жатты. «Хан мен құмырсқалар» ертегісі 10 Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп   санаған   екен.   Бірде   хан   өзінің   әскерін   ертіп   аң   аулауға   шығады.   Және шабармандарын   жан­жақтағы   құмырсқаларға,   кішкентай   жәндіктерге   хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Хан: ”Барлық құмырсқаларға, құрттарға және басқа да кішкентай ақымақ мақлұқтарға ‘Он күн бойы індеріңнен шықпаңдар’ деп ескертіңдер. Егер айтқанды тыңдамаса, онда менің атты әскерім оларды таптап өтеді”   деген   бұйрығын   айтады.   Барлық   жәндіктер   мен   құрттар   қатты   қорқып індеріне тығылып, шықпай қалады. Тек құмырсқалар ғана ханды өздерінің ауылдарында қарсы алмақ болып, індерінде тығылып отырмайды.       Уақыты   келіп,   хан   өзінің   әскерімен   келе   жатса,   жолдарында   жыбырлап жүрген құмырсқаларды көреді.        —”   Мен   бұлардың   барлығына   ескертпеп   пе   едім?!   Құмырсқалардың   менің айтқанымды тыңдамай сыртта жүргендері қалай?” деп сұрайды.       Ханның   жанындағы   қызметшілері   абдырап,   абыржып   қалады.   Біраз   жер жіріп   барып,   хан   өзінің   нөкерлеріне   ”Құмырсқалардың   патшасын   алдыма   әлып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы ханның алдына келгенде хан:     — ”Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды.       —   ”О,   тақсыр!   Біз   сізді   ауылымызға   шақырып,   қонақ   етпекші   едік”   деп құмырсқаның патшасы жауап береді.    Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де:      — Әй, ақымақтар­ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік.   Сонда   сендер   бізді   қалай   тамақтандырмақсыңдар,   қалай   шөлімізді қандырмақсыңдар? Біздің әскеріміз бен аттарымыз көп. Ол жайлы ойландыңдар ма?      — ”Ол жағына алаңдамаңыздар. Біз бәріміз жұмыла еңбек етсек, тауды да қопарып жіберуімізге болады” деді құмырсқаның патшасы.     — ”Егер сендер ақылға қонымды сөз айтсаңдар, мен сенер едім. Бірақ сен бос сөзді далбасалап отырсың” дейді киіздің үстінде жайғасқан хан.       —  О,   тақсыр!   Сарбаздарыңызға   аттан   түсуді   бұйырыңыз.   Мен   сіздерді   өз үйімде қонақ қылып күтпесем, несіне құмырсқалардың патшасы болып жүрмін?!    Бұл сөзге таңданған хан күліп жібереді. 11 — ”Жарайды. Біз барамыз сендерге” деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады.      Сонымен хан мен оның әскері құмырсқала рдың арнайы тігілген шатырына келеді. Аттарды ат байлайтын орынға байлайды. Құмырсқалардың патшасы өзінің маңындағы   құмырсқаларға   нанның   қиқымын,   бір   шөптің   қиқымын   және   судың тамшысын әкелуді бұйырады. Бұйрықты тыңдаған құмырсқалар жан­жаққа кетіп, біразу   ақыттан   соң   тапсырылған   нан   ұнтағын,   судың   тамшысын   және   аттарға арналған шөптің қиқымын алып келе бастайды. Содан біразуақыт өткенде шатырдың алдында наннан тау жасалады, шөптен мая жасалады ал шұңқырға су толтырылып, хан мен оның әскері және аттары тойғандарынша тамақтанып, шөлдері қанғанша судан ішеді.       Құмырсқалардың   әрекетіне   таң   қалған   хан   өзін   олардың   алдында   төмен сезінеді де, құмырсқаның патшасына сөзбен тиісуге тырысады. Патша:    — Әй, құмырсқалардың патшасы, сенің басың неге қазандай үлкен?    — Тақсыр, мүмкін ақылымның көп болғандығынан болар.      — Ал белің неге үзілейін деп тұр? деген ханның сұрағына құмырсқалардың патшасы ақылдылығымен:      — ”Әрбір  қиын  еңбектің алдында  белімізді буып  алып, содан  соң  кірісеміз, тақсыр.   Міне,   бүгін   сіздерге   қалай   еңбек   ететіндігімізді   көрсеттік”   деп   жауап қатады.       Құмырсқаның   жауабына   аузы   ашылып   қалған   хан   енді   не   сұрарын   білмей абыржып тұрғанда уәзірі құлағына келіп сыбырлайды:       —   Хан   ием,   сіздің   ақылыңыз   дариядай   кең.   Қалайша   сөз   таппай   қысылып қалдыңыз? деп әдейі сұрайды. Сонда хан көзін төмен қаратып:     — ”Даналық сөз тек қана ақымақтарды ғана масқаралайды. Мен доғардым.” деп,   атына   міне   жөнеледі.   Бара   жатқан   аңшылығы   іске   аспай   қалады.   Өйткені масқара халге түскен хан әскерін ертіп еліне қарай шаба жөнеледі.    Міне, осылайша өзін ең ақылды санаған ақымақтың беті ашылып, ұятсыздығы мен ақымақтығы әшкере болады. «Жәндіктер» туралы жаттығулар  Жаттығу түрі: «Көбелектер қайда ұшады» жаттығуы Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту. Жаттығудың өтілу барысы: Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ – қолдарын еркін созады. Тәрбиеші арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: «Көздеріңді  жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар.  Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер.  Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы!  12 Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің  ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің  қанаттарың төмен – жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада  баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар!  Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап­жасыл болып тұрған  шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін!  Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер!  Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісің сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің  аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар, енді  көздеріңді ашыңдар! Балалар кезекпен өздеріңің сезімдері жайлы айтады. Жаттығу түрі: «Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы. Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту. Жаттығудың өтілу барысы: Екі қырықаяқ  (екі қол саусақтары бір­бірімен түйіседі), Жолмен жүгірді. Жүгірді, жүгірді.  Бір­бірімен кезікті (екі алақанды қосады), Құшақтасқандары соншалық (саусақтарын айқастырады)   Құшақтасқандары соншалық  (ортаңғы саусақтарын айқастырады) Алақандарды айқастырады.  Екеуін күштеп ажыраттық (қолдарын жібереді). 13 Жаттығу түрі: «Аралар» саусақ жаттығуы Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту. Жаттығудың өтілу барысы: Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың  саусақтарын бір­бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды. Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын  шынашақтан бастап көтереді. Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты  ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды  үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек. Үстелдің үстінде 10­15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды  бір­бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою  керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды. 14 Қимыл – қозғалысты ойындар:  Қимыл – қозғалысты ойын:  «Көбелекті ұстап ал» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу және зейінің жетілдіру. Жастық ерекшелігі: мектеп жасына дейінгі ересек тобы. Ойнаушылар саны: 4­5 бала Құрал – жабдықтар: көбелектің эмблемалары. Әдістемелік нұсқаулар: Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын  барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген  аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп,  тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып  алысқа ұшып кетеді. 15 Қимыл – қозғалысты ойын: «Аралар» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу және зейінің жетілдіру. Жастық ерекшелігі: мектеп жасына дейінгі ересек тобы. Ойнаушылар саны: 8­10 бала Құрал – жабдықтар: аралардың эмблемасы Әдістемелік нұсқаулар: Балалар екі командаға бөлінеді. Балалардың бір жартысы  шеңбер құрады, ал қалғандары сол шеңбердің ішіне кіреді. Олар «аралар» болады.  Барлығы шеңбер бойымен қозғалып, әндете бастайды:  «Бақшада кім? Бақшада кім?  Ара болсаң, ызылда! З­з­з, ж­ж­ж, з­з­з, ж­ж­ж! Қалай жұмыс істеу керек,  көрсет!» Осы кезде ортада тұрған балалар бір жұмыстың түрін келтіреді. Мысалы:  ағаш жару, сыпыру т.б. Шеңбер бойында тұрған балалар бұл іс­әрекеттерді қайталап  тұру керек. Ал қайталамаған бала ойыннан шығып отырады. 16 Қимыл – қозғалысты ойын: «Аюлар мен аралар» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу және зейінің жетілдіру. Жастық ерекшелігі: мектеп жасына дейінгі ересек тобы. Ойнаушылар саны: 8­10 бала Құрал – жабдықтар: аю мен аралардың маскалары Әдістемелік нұсқаулар: Омарта алаңның бір жағында болады. Бір шетте аюдың,  араның үңгірі. Ойыншылар тең емес екі топқа бөлінеді. Көпшілігі бал аралары. Белгі  бойынша аралар омартадан ұшып шығып бал іздеп, шалғынға қарай ұшады. Олар ұшып кетісімен аюлар омартаға жармасып бал жейді. Тәрбиеші: «Аюлар!» ­ дегенде аралар  омартаға қарай ұшады, ал аюлар үңгіріне қашады. Үлгере алмаған аюды аралар шағып  алады. Ара шаққан аюлар келесі ойынға қатыспайды. 17 «Жәндіктер» туралы жұмбақтар Бар екен бір мақұлық ұннан майда,  Өз басын айдайды екен қиын жайға,  Ұстасақ үгітіліп жоғалады,  Дамылдап отырмайды ешбір жайға.  ( Көбелек )  Гүл ұшып гүлге қонады,  Гүл бақшам гүлге толады.  ( Көбелек )  Шидім, шидім, шидім құс,  Ши басына қонған құс.  Қарқаралы қара құс,  Хан басына қонған құс.  ( Шыбын )  Иісшіл ­ ит емес,  Ұшады ­құс емес.  ( Шыбын )  Бар жұмысы ермегі.  Талмай қанат қағады.  18 Еңбекті қош көрмейді,  Жат ыдысты бағады.  ( Шыбын )  Қыс кезінде ұйықтап жатар,  Жаз мезгілі думан ашар.  ( Шыбын )  Қарабай аттан жығылды,  Халық соған жиылды.  ( Түкірікке жиылған шыбын )  Аспанда ақ сары құс шу салады,  Жабысып тақыр жерден су алады.  Адамнан су алған тым өзгеше  Дуылдатып денеңе у салады.  ( Безгек масасы )  Өзім үшін сені ұрам,  Сен үшін өзімді ұрам,  Сен үшін өзімді ұрсам­  Ағады менің қаным,  Жарылады сенің қарның.  ( Маса )  Бір құс бар ұшып жүріп ән салады,  Әркімге қонақ болып бір барады.  Барлығы мақұлықтың ығыр болып,  Дауысын естігендер зар қағады.  ( Маса )  Ат басты,  Арқар мүйізді,  Бөрі кеуделі,  Бөкен санды,  Қос қанатты,  Құмырсқа ізді,  Бота тірсекті.  ( Шегіртке )  19 Бар еді бір жұмбағым жүрген сайда,  Қолында қылышы жоқ, екі найза.  Қарынды екі найза болғанменен  Қылыш пен ай балтадай болмақ қайда.  ( Бұзаубас )  Біз жаздық аулым қонған текшесіне,  Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.  Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,  Бөренесін байлаған бөксесіне.  ( Инелік )  Ана таудың басында ұйыған қатық,  Ол қатықты көрмейді дәмін тартып,  Дәмін татқан қалады сеспей қатып.  ( Қара құрт )  Бір мақұлық айдалада қорған салған,  Азапты ажалдымен соған барған.  Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген,  Бұрынғы азамат ер содан қалған.  ( Қара құрт )  Ғажайып бір нәрсе бар қатқан тері,  Өзінің қалың тоғай жатқан жері.  Бір күні аштан өлмей, тоқтан өлер,  Жігіттің мұны табар кемеңгері.  ( Түйе кене )  Қарайып ұшты қарғадай,  Бармаған жері қалмады­ай.  Жерге түсті, ін қазды,  Аяғымен тырмалай.  ( Қоңыз )  Кішкене ғана түйме тас,  Атан түйе тарта алмас.  20 ( Кене )  Аспаннан ұшып түсті жатқан тері,  Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері.  ( Кене )  Ұзын­ұзын ұзардай,  Ұзыннан аққан сулардай.  Ағаш атқа мінгізіп,  Ұзартып қойған мұнардай.  ( Өрмекші )  Екі басы жұдырықтай,  Ортасы қылдырықтай.  ( Құмырсқа )  Қатар­қатар қара нар,  Аспанменен бара бар,  Алды биік, арты жар.  ( Құмырсқа )  Тыру­тыру тырналар,  Тауға қарай жорғалар.  ( Ара )  Алпыс тісті айдаһар,  Ешқайда қадам баспайды.  Қозғамасаң жатады,  Ештеңеден саспайды.  Ағаштан тамақ жейді екен,  Жұтпай шайнап тастайды.  ( Ара )  Домалақ таудың басында  Тоқты қошқар ойнайды.  ( Бит )  Кішкене ғана бойы бар,  Адам жейтін ойы бар.  ( Бит, бүрге )  21 Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,  Тікпесе өзі етік, сақтар бізін.  Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,  Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.  ( Шаян )  Бір мақұлық келе жатыр маң­маң басып,  Құтылмас көзге түссе жолдан қашып.  Бұл жерде оны табар еш адам жоқ,  Таппаса үлкен молда кітап ашып.  ( Бит )  Бекінген бір тау теке тұшалау үйге,  Құдайым оны салды мұндай күйге.  Күн шықса жатады салқын үйде,  Күн жауғанда кетеді жапан түзге.  ( Ұлу ) «Жәндіктер» туралы тақпақтар Бал араның жыры. М.Әлімбаев Баратыным­ Қыр. Қонатыным­ Гүл. Теретінім­ Нәр. Беретінім­ Бал. Бал арасы. С.Тойлыбаев Ара,ара,аралар, Гүл қауызын жағалар. Оны баққан ағалар, Шелек­шелек бал алар. Ұшып кірсе қосына, Сен тимесең,тимейді, Қастығы жоқ досына. Көбелек Т.Елеусізұлы Көбелек –ау, көбелек ! Әдемісің керемет! Гүлге келіп қона ғой, 22 Өзің де гүл бола ғой. Құмырсқа А.Байғабылова Кіп­кішкентай құмырсқа , Денесіне қарамай, Бейім барлық жұмысқа. Жүк салмағын талғамай, Еңбекшіл, жоқ зияны, Көтергені ауыр бөрене, Қиянат етпе сен босқа. Алып емей,немене? Көбелек Көк көйлек, көк көбелек Көздері дөп дөңгелек Гүл көрсе күлімдейді Қолыма ілінбейді Көк шөптің арасынан Түр ­ түсі білінбейді Құмырсқа Ұзын мұртты құмырсқа, Келе жатыр жұмысқа, Алды допты орнынан, Солға бұрылды, Оңға бұрылды, Қойды допты орнына. Көбелек Көріп жаздың қызығын Гүлден ­ гүлге самғаймын Гүлдің ерке қызымын Гүлден өзім аумаймын Құрт құмырсқа Балалар ­ ау, балалар! Алаңқайға шығайық Көктем тілін ұғайық Құрт ­ құмырсқа, көбелек Ұшып жүрген бөгелек. 23 Инелік Инелік ­ ау, инелік Қаша берме именіп Түспей ­ ақ қой торыма Қоншы келіп қолыма Анықтап бір қарайын Суретіңді салайын. Қоңыздар. Көк шалғында қоңыздар. Би – билейді айнала. Оң аяқпен топ – топ, Сол аяқпен топ – топ. Екі қолды жоғары, жоғары. Көтереді жәй ғана. Қане кімнің қолдары, Көрінеді жоғары. Көбелек Көбелек ­ ау, көбелек Әдемісің гүлдейсің Ойнамайсың күлмейсің Ұстап сені не керек 24 МАЗМҰНЫ: Құмырсқаға бақылау................................................................. Араларға бақылау...................................................................... Көбелектерді бақылау................................................................ Қоңыздарға бақылау................................................................. «Құмырсқа мен бақа» ертегісі........................................................ «Еңбекшіл құмырсқалар» ертегісі................................................ «Құмырсқа мен көгершін» ертегісі............................................... «Құмырсқа мен шегіртке» ертегісі................................................. «Хан мен құмырсқалар» ертегісі........................................................ 25 «Жәндіктер» туралы жаттығулар .................................................. Қимыл – қозғалысты ойындар........................................................... «Жәндіктер» туралы жұмбақтар..................................................... «Жәндіктер» туралы тақпақтар....................................................... 26

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект

Проект
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.04.2017