Проект "Тысяча поклонов Великой Победе!"
Оценка 4.6

Проект "Тысяча поклонов Великой Победе!"

Оценка 4.6
docx
22.05.2020
Проект "Тысяча поклонов Великой Победе!"
Жоба.docx

17880598_100642350495306_347134118732689552_o«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

                                                                                                                                                

                                                             

 

 

 

 

 

«Ұлы Жеңіске- мың тағзым! »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе, 2020жыл

 

 

Тақырыбы:    «Ұлы Жеңіске- мың тағзым! »

«Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты. Олардың көзсіз ерліктері біздің жадынымызда мәңгі сақталады».

     

                                                                                      Қасым –Жомарт Тоқаев

I.Кіріспе

Тарих тізбегіндегі адамзат басынан өткізген соғыстың ең сұрапылының біткеніне де, міне 75 жыл өтті. Бұл халықтар бірлігінің жеңісі, бұл қайталанбас ерлік пен батырлықтың жеңісі, бұл тылда қалған аналар мен балалардың жеңісі болды. Бұл соғыста әлем халқы сұрапыл соғыс деп мойындады.Себебі,ол адам баласының қол жеткізген техникалық, білімдік, ғылымдық табыстарының ең соңғы жетістіктерінің соғысы болды. Бұл соғыста басынан аяғына дейін өткізген, Жеңіс үшін күндіз-түні еңбек еткен ардагерлері туралы нақты мәліметтер, естеліктер жинау.

 

Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбе облысынан  майданға 122 мыңнан аса адам аттанды, оның 36192 қайта оралмады. Ақтөбеде 1941 жылы 312-атқыштар дивизиясы, Мәскеу түбінде шайқасқан 101-ұлттық атқыштар бригадасы, 74-теңіз атқыштар бригадасы  құрылды. Соғыстың алғашқы жылында Ақтөбе қаласына Мәскеуден рентген аппаратурасының зауыты (Актюбрентген), Днепропетровсктен «Большевик» артелі (кейін Актюбсельмаш). 1941 жылы Ақтөбеде авторемонт, авиаремонт, лак-бояу, кірпіш зауыттары іске қосылды.

 

Актюбрентген зауытында ел қорғаны үшін ПМ-1 және ПМ-2 жарғыш машиналарының сериялық шығарылуы ретке қойылды.

 

Ақтөбе – 37 Кеңес Одағы Батырларының отаны. Олардың көбісі майданда мерт болды. Ондаған мың майдангерлер орден, медальдармен марапатталды. Кеңес Одағының  Батыры атағын алғандардың қатарында – Әлия Молдағұлова, Михаил Петрович Колесников, Қожағали Жазықов, Николай Владимирович Тераценко, Иманғали Білтабанов, Ораза Жанзақов, Иван Максимович Пятковский, Михаил Семенович Прохоров,Михаил Кошелев және т.б.

 

    Түйін:

 «Ұлы жеңіске мың тағзым» тақырыбында  жазылған  бұл жобада  Ақтөбе  облысы бойынша  ҰОС-на қатысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлік істері   туралы  әдебиеттерді  насихаттау.   Отан үшін от кешкен қала майдангерлері мен тыл еңбеккерлерінің із жолдарын терең іздене отырып, бейбітшіліктің қадір- қасиетін сезінуге, тарихи жылдардың куәсі болатын сол жылдардағы қаланың үлкен-кіші еңбектерін үлгі етіп, оларды құрметтеу туралы айтылады.

 

Жобаның мақсаты:

1.     Ақтөбе облыс мен қаласында орналасқан  мұражайларының  мекен-жайын ұсына отырып, оқырмандар арасынан саяхат ұйымдастыру;

2.     Серіктес мекемелермен бірлесе патриоттық  әндер, өлеңдер оқу ұйымдастыру;

3.     Ер балалар арасында ерлік сабағын өткізу;

4.     Кітапханада бар ҰОС туралы әдебиеттерге букфейст жасау;

5.     Жалпы оқырмандардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу.  

 

 

Жобаның міндеті:

1.Жоба бойынша өткізілетін шараларға жергілікті халықпен, оқырмандарды қамту;

2.Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

3.Белгілі бір мерзімде жастардың арасында ҰОС, батырлары  туралы әдебиеттерді оқуға ықпал жасау.

 

Күтілетін нәтиже:

1.Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

2. Оқырмандар ҰОС туралы ақпараттар алады.

3. Монументтер мен ескерткіштерге гүл қою барысында патриоттық рухының өскенің сезіну.

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 16 наурыз-31 мамыр 2020 жыл

 

II.Негізгі мазмұны

   Жоспары:

Мәдени- көпшілік шараның атауы

Өтетін мерзімі

Жауаптылар

1

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай  «Соғыс туралы 75 кітап» атты кітаптар топтамасын  әлеуметтік желі арқылы  жариялау

16.03-9.05.2020

Әдістеме кабинеті

2

«Соғыс пен тыл жауынгерлерінің  естелігі...»  бейнебаян

16.03-9.05.2020

Барлық кітапханалар

3

«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім- Б.Момышұлы»-әдеби кеш

06.05.2020

№1  кітапхана

4

«Бейбіт күн жасасын әлемде..» кітап көрмесінің апталығы (бір күні Ә.Молдағұловаға арналады)

04.05.2020

№11 кітапхана

 

5

«Ұлы есімдер» атты бейнеролик

04.05.2020

Әдістеме кабинеті

6

«Бейбіт күн жасасын әлемде...» естелік күні

06.05.2020

№3 кітапхана

7

«Ерлікке тағзым» мерекелік кеш

06.05.2020

№ 12 кітапхана

8

«Ерлік –ұрпаққа ұран» - «Жеңіс» саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою. (Қарғалы  селосы мекемелерімен бірге)

09.05.2020

9.00

№6  кітапхана Қарғалы с.«Жеңіс» саябағында

9

«Мәңгілік өшпес отты жылдар» ҚСМҮ бірлесе шеру ұйымдастыру

09.05.2020

10.00

№10 кітапхана Сазды ауылында

10

«Жеңіс күнімен, ардагер!» - қайырымдылық күні

II тоқсан

08.05.2020

№9 кітапхана Пригородный елді мекенінде тізіммен

11

«Естеліктің өшпес оты»- ерлік сабағы, «Ұлы ерлік, ұрпаққа үлгі»- виртуальды кітап көрмесі. (Ә.Молдағұлова)

20.05.2020

11.00

№6  кітапхана

 

 

12

"Қызы батыр ел-ұлы ел"-әдеби кеш «Ер есімі, ел есінде»- Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы әдебиеттерге инфорьмдосье

II тоқсан

05.05.2020

12.00

№7 кітапхана

 

 

13

«Батыр қызы қазақтың» -«Әлия» мұражайына саяхат, ескерткішіне гүл шоқтарын қою

06.05.2020

№13 кітапхана

 

14

«Бейбіт кун сыйлаған тұлғалар»- танымдық ақпарат сағаты,«Отты жылдар» атты тарихи   видео-ролик көрсету

06.05.2020

12.00

№2 кітапхана

 

15

«Жеңіс туы менің жерімде» атты патриоттық өлеңдер оқу.(балабақшалардың жоғарғы топтарымен) «Мың тағзым саған, майдангер!»-тақырыпты слаид, кітап көрмесіне шол

00.05.2020

№8 кітапхана Қурайлы селосындағы бала бақшада

 

15

«Біз осы естелікке берікпіз!» - әскери әндерден көрініс

«Ешкім де ешқашанда ұмытылмайды» - букфейс //Ұлы Отан Соғысы батырлары туралы шығарылған әдебиеттерге

«ҚОКЖ» КММ бойынша №75 оқырмандарды марапаттау

II тоқсан

06.05.2020

15.00

№4 кітапхана, М.Ломоносов ат.ҚОК«Мәңгілік алау» ескерткіші алдында

 

 

1.     «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім- Б.Момышұлы»-әдеби кеш

Мақсаты:   Білімділік. Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып, олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін насихаттау.

Дамытушылық: Аты аңызға айналған, туған топырағымыздың тарланы, қазақтың біртуар перзенті, әйгілі қобасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігін дәріптеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтадан Б.Момышұлының суреті, Бейне таспа, Бауыржан аға туралы жазылған ақын-жазушылардың нақыл сөздері

 

 

2.     Тақырыбы:  9 май Ұлы Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде..»  атты апталық.

           Мақсаты:  Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, Отан үшін      

          жанын салған  аға - апаларымыздың ешқашан ұмытылмас ерен еңбектерін      

          үлгі  ету.

          Апталық жоспары:

1.     Кіріспе

2.     05 – 08 мамыр  күндері  апта бойы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырлар  туралы шығармалар оқу

1.       – күні. Бауыржан Момышұлының «Қанмен жазылған кітап»  шығармасы

2.       – күні. Әлия жүрегі

3.       – күні. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

4.       – күні. Т.Бигельдинов «Аспандағы айқастар»

3.     Қорытынды

           «Ұмытылмас ерлік, өшпес даңқ» кітап көрмесі

 

 

3.     «Бейбіт күн жасасын әлемде...» естелік күні

Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аталар ерлігін, тыл еңбеккерлерінің еңбегін үлгі ету; Ұлы Отан соғысында опат болғандар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

           Көрнекілігі: ҰОС туралы кітаптар, даналық сөздер, слайд т.б.                     

 

 

4.     «Ерлікке тағзым» мерекелік кеш

Мақсаты: оқырмандарға Ұлы Отан Соғысы жайында, Жеңістің келген ауыр жолы жайында кеңірек мәлімет беру. Майданға барып, жаумен арпалысқан, Отаны үшін жанын аянбаған батырларымыздың ерлігін насихаттау. Отанын сүюге, құрметтеуге, ерлікке баулу, еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:  тақырыпша, кітап көрмесі, дайджест, тб парақшалар.

 

 

5.     «Ерлік –ұрпаққа ұран» - «Жеңіс» саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою.

Цель проведения: содействовать представлений о мужестве, стойкости и героизме, способствовать воспитанию патриотизма, воспитывать любовь к Родине, уважение к ветеранам Отечественной войны.

 

 

6.     «Мәңгілік өшпес отты жылдар» ҚСМҮ бірлесе шеру ұйымдастыру

Шараның мақсаты:  Оқырмандарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

7.     «Жеңіс күнімен, ардагер!» - қайырымдылық күні

     Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.     

    Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.  

    Оқушыларды Ұлы Отан оғысымен , Қазақстандықтардың ерліктерімен  

    таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушылармеды үлкен адамдарды сыйлай  

    білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

 

1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған ««Жеңіс күнімен, ардагер!»  атты қайырымдылық күнін  өткізіп   ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен ауыл тұрғындарын, «Дружные ребята» үйірме мүшелерімен үйіне барып құттықтау.

 

8.     «Естеліктің өшпес оты»- ерлік сабағы, «Ұлы ерлік , ұрпаққа үлгі»- виртуальды кітап көрмесі.

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу мақсатында жеңіс салтанатын көре алмай кеткен бозақтардың ерлік істеріне тағзым етіп гүл шоқтары қойылды.

 

 

9.     "Қызы батыр ел-ұлы ел"-әдеби кеш «Ер есімі, ел есінде»- Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы әдебиеттерге инфорьмдосье

Мақсаты:
Әлия Молдағұлованың өжеттілігі, қайсарлылығы, ерлігі туралы әңгімелеу.
Әлияша елін, жерін сүйетін, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын ұл - қыздарды тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ой – өрісін кеңейту.
Көрнікіліктер: плакаттар: Әлияның суреті, буклеттер, кітаптар «Арулар отты жылдарда», «Шығыс шынары», «Әлия - ғасыр аруы», газет қиындылары

 

 

10. «Батыр қызы қазақтың» -«Әлия» мұражайына саяхат, ескерткішіне гүл шоқтарын қою

          Шараның мақсаты:

-         Батыр қызымыз Ә.Молдағұлованың өмір жолы туралы баяндап, құнды деректерді көріп, қолмен ұстап, сол кездегі батырларымыздың ерекше сезімдерін оқырмандарға жеткізу;

-         Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу;

Ерлік жолында мерт болған батырларымызды ұмытпауға шақыру.

 

 

11.  «Бейбіт кун сыйлаған тұлғалар»- танымдық ақпарат сағаты,«Отты  жылдар» атты тарихи   видео-ролик көрсету

     Мақсаты: Өлкетануды насихаттай отырып, Ұлы Отан Соғсының 75-          

     жылдығын атап өту; Ұлы Отан Соғысына қатысқан Ақтөбенің      

     ардагерлерінің  өмірі мен ерліктері туралы ақпарат беру.                  

     Оқырмандардың  отанға деген 

     сүйіспеншілігін арттыру, еліне патриотизм сезімін тәрбиелеу, Ұлы Отан 

     Соғысы туралы  кітаптар оқуға шақыру.

     Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд, видео-ролик

 

 

12.  «Жеңіс туы менің жерімде» атты патриоттық өлеңдер оқу.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

 

 

13.«Біз осы естелікке берікпіз!» - әскери әндерден көрініс «Ешкім де ешқашанда           

      ұмытылмайды» - букфейс //Ұлы Отан Соғысы батырлары туралы шығарылған 

     әдебиеттерге . «ҚОКЖ» КММ бойынша №75 оқырмандарды марапаттау  

Шараның мақсаты:  Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі өнеге тұту.

     Көрнекілігі:    Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған әдебиеттерге кітап                      

     көрмесі,  қанатты сөздер.

 

 

III.Қорытынды:

Қан майдан,қанды соғыс,қасіретті жылдар....

Бүгінгі бейбіт елде өсіп-жетіліп, қанаты қатайған өскелең  ұрпақ үшін ардагерлер  үлгі өнеге. Оқ пен Оттың арасынан оралғандармен, майдан шебінде ерлікпен қаза тапқандар және сол майдан үшін деген бір ғана ұранмен еңбек еткендердің өшпес ерліктері туралы кітаптарды оқуға шақыру, тарихын ұмытпау.

 

Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75  жыл толып отыр тұтастай бір ғұмыр бұл күндері соғыс қияметінен тірі оралған жерлестеріміздің де қатар сиреп қалды. Отан үшін кеудесін отқа тосқан олардың ісі теңдесіз ерлік, отаншылдық рухтың ерен үлгісі.Оларға қандай құрметте артық етпейді. Облысымыздың  Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлеріміз туралы жас ұрпақтың бірі білсе, бірі білмейді.

 

 

     Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақтөбе энциклопедия, Ақтөбе, 2001ж.

2. Ұлы Отан Соғысы.Ақтөбе батырлары. Ақтөбе, 2016.

3. Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық мұражайы


 

А қ т ө бе қ алалы қ м ә дениет ж ә не тілдерді дамыту б ө лімі »

А қ т ө бе қ алалы қ м ә дениет ж ә не тілдерді дамыту б ө лімі »

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске- мың тағзым! » «Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты

Тақырыбы: «Ұлы Жеңіске- мың тағзым! » «Біздің жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері фашизмді күйретуге зор үлес қосты

Жалпы оқырмандардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу

Жалпы оқырмандардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу

Жеңіс күнімен, ардагер!» - қайырымдылық күні

Жеңіс күнімен, ардагер!» - қайырымдылық күні

Апталық жоспары: 1. Кіріспе 2

Апталық жоспары: 1. Кіріспе 2

Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру

Отанға дегенсүйіспеншілігін арттыру

Оқырмандардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне патриотизм сезімін тәрбиелеу, Ұлы

Оқырмандардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне патриотизм сезімін тәрбиелеу, Ұлы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2020