Прощание с предшколой
Оценка 4.7

Прощание с предшколой

Оценка 4.7
Культурные мероприятия
docx
воспитательная работа
Детсад
12.02.2017
Прощание с предшколой
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз! Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу. Әдісі: Ертеңгілік. Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. ) - Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке, Бір белестен өттіңдер. Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Даярлықпен қоштасу.docx
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз! Мақсаты  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып,  оқу­білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін,  құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.                                                                                                                                                                            Әдісі:  Ертеңгілік.   Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі. ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )          ­  Құрметті ата­аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды  даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт­сапар тілей  отырып, «Даярлық  топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты  ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.                     Өтті  қызық көп күндер,                   Алты жасқа жеттіңдер.                     Барасыңдар  мектепке,                   Бір белестен өттіңдер.  Олай болса, даярлық топпен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға  шақырайық.  Тәрбиеші:                   Өсті міне  бойларың                   Өсті ақыл­ойларың                   Қуанышқа  ортақпын,                   Құтты  болсын тойларың!                                                                ҚР Гимн  айтылады      Айналайын, балалар,      Алда мектеп­ ана бар.      Өздеріңнен өседі,       Өнерпаздар, даналар                             1. Қуан,  шаттан  алақай, Қуанатын  күн бүгін. Бұл қуаныш себебін, Бізге қарап ұғарсың, Ер жетті деп бөбегім, Ата­анамыз қуансын. 2.Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге  сыйлаймыз. Өнер­білім үйреткен, Өзіңізді  қимаймыз.                        3. Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім. Би биледім, ән тыңдап  Алаңдауды білмедім.                          4.Енді мен үлкен боламын,       Анамның тілін аламын.       Ұстаздың барлық айтқанын,        Миыма құйып аламын.       (Есік қағылып ,  «5»­тік  баға  кіреді.) ­ Сәлеметсіңдер ме,балалар!  Мені сендерге «Білім ханшайымы»        балалардың   мектепке барардағы  білімдерін тексер,­  деп  жіберді. Менің  қолымда «Білім ханшайымының»  беріп  жіберген, бірнеше тапсырмалары  бар.   Осы  тапсырмаларды оқып, орындауларыңды  талап  етемін. Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке  даярлықтарыңды  тексеремім.  І тапсырма   Сұрақтарға  жауап  беру. ІІ  тапсырма   Сауат ашу  сабағынан ІІІ  тапсырма   Математика  сабағынан. ІҮ  тапсырма  Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.   І тапсырма   ­ Біз қай елде тұрамыз?  Қазақстан туралы жаттаған өлеңдерің барма?   «Біздің Қазақстан»,   «Отан» .   ­ Сенің ауылың кімнің атымен аталады? ­  Мектебің  кімнің атымен аталады? ­ ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді? «Елтаңбасы елімнің»      , «Қазақстанның байрағы»              ­    Неше  жыл мезгілі бар? ­   Табиғат нешеге бөлінеді? ­    Тірі табиғатқа нелер жатады? Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !             ІІ тапсырма ­ Дыбыстар нешеге  бөлінеді? ­ Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз? ­ Дауыссыз    дыбыстарды ше? ­ Мына сөз туымды кім оқып береді?( Айан, Айша, Айбар, Айдана) ­ Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо­та,   қа­ла,   да­ла) ­ Тақтаға өз атын кім жазып береді? ­ Жаңылтпаштар кім айтады?                (Әдептілік­әдемілік)     ­ Тура және кері санап бер. ­ Кім есеп құрастырып береді?             ІҮ  тапсырма        (Өнерлеріңді тамашалайық)                           Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны ерекше. Даярлықпен қоштасатын, Бүгінгі той ерекше.           ХОР: «СӘЛЕМ МЕКТЕП!»  5.Нағыз білім ырыс  бақ, Дүниені тұр ұстап, Енді біздер сабаққа, Кірісеміз  дұрыстап.                6.Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз Қоштасып даярлық топпенен Біріншіге  барамыз. 7. Құшағыңда жарқылдап, Өтті сәби күндерім, Мектепке барам мен енді, Даярлық топ қош енді.        ӘН:  «Біз өмірдің­гүліміз!»   орындайтын ұлдар тобы.                  Тәрбиеші:         Ретімен тізбелі,        Әрбір санды даралап.        Қайсың барсың бізге енді ,        Айтып берер санамақ. (Санамақтар айтқызу)              БИ   « Чунга­ганга»    орындайтын қыздар тобы                8.Әліппеден әріп танып, Алғаш рет оқимыз. Тәрбиеден тәлім алып, Санамызға тоқимыз. 9.Ән салайық бас қоса Даярлықпен қоштаса. Қалам, дәптер, өшіргіш, Кітаптармен қоштаса.    ӘН: « Балдырғандар»  орындайтын  ұлдар тобы.                    10.5 болсын алар бағамыз,         Білімнен бақыт табамыз.         Өнер­білім көп тоқып,         Өсе берсін санамыз.   11.Қуанбаймыз неге біз, Күліп күн де тұр асқақ. Оқығалы келгенбіз, Біз бірінші сыныпқа. 12.Мектеп қамқор анамыз, Оқып, білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін, Біз оқушы боламыз.          БИ: орындайтын  ­ ҚЫЗДАР ТОБЫ              КӨРІНІС  «Портфель»                      13. Биыл күзде мектепке,         Біріншіге барамын.        Мақтанбаймын мен текке,        Дайын дәптер, қаламым.                  ӘН : «Біз мектепке барамыз»  орындайтын хор. 14.Шықтық  бүгін алға енді, Даярлық топ қош енді. Қадам бастық есейіп, Қызық өмір алда енді.                      15.Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Өнер білім үйреткен, Өзіңізді  сыйлаймыз.   ӘН  «Оыншықтар»    орындайтындар қыздар тобы                         16.Оқимыз, білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Даярлық топпен қоштасып, Біз мектепке барамыз.   БИ: Вальс.   ХОР «Сәлем саған, мектебім!»       ( Хормен барлық бала айтады.) Еткен еңбек жемісі, Ақталды деп санаңыз. Білім, әлем көгіне,  Қанат қағып ұшамыз.   Балаларға  алғыс хат тапсыру.            Сүйікті балғын бала шақ.       Сендердікі болашақ.       Озат болып оқыңдар,       Ойға білім тоқыңдар ( Балаларға  алғыс хаттар тапсыру.)   Қорытынды   ­  Құрметті осы мерекеге жиналған ата­аналар! Бала біздің болашшағымыз,  еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп,  бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.     Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып  салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып,    ата –аналар  сіздерден ақ бата сұраймыз. Соңы

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой

Прощание с предшколой
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2017