Эта разработка внеклассного мероприятия в 1 классе по окончании курса " Әліппе". Ученики демонстрируют свои умения и навыки в обучении грамоте. Выполняют задания по грамматике, читают наизусть стихи, отгадывают загадки и многое другое. Думаю, что разработка будет полезна моим коллегам. Буду рада. До встречи!Эта разработка внеклассного мероприятия в 1 классе по окончании курса " Әліппе". Ученики демонстрируют свои умения и навыки в обучении грамоте. Разработка для национальной школы.
Рахмет саған.docx
Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: оқушылардың білімдерін бекіту; олардың алған білім,
білік, дағдыларын көрсету; тілін дамыту; сөздік қорын молайту;
ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
1- Құрметті ата аналар, ұстаздар,қонақтар! 1- сынып
оқушыларының « Рахмет саған, Әліппе! » атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2- Балалар, сендер мектепке алғаш келгенде ең алғашқы
ұстаған оқулықтарың қалай аталады ? ( Әліппе )
3- Балалар, Әліппені жазған аталарын кім ? ( Ы. Алтынсарин)
(
портреті ілінеді)
4 - Бұл кітап – бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге
бастайтын алғашқы соқпақ. Сондықтан ортаға Әліппені
шақырайық. ( қол соғу )
( сыныпқа Әліппе кіреді)
- Армысыздар қонақтар! Армысыңдар жас достар!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға!
Білім деген ғажаптың
Әліппемен меңгердің
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едің әріпті.
Оқисың қазір ертекті,
Үйретті оны әліппе.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғалым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
1- Сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік.
Ендеше ортаға Әліппемен қоштасуға келген
оқушылармен танысайық.
Мен орыспын, атым Коля!
Әліппенің арқасында
Қазақ тілін меңгердім. Кішкене ғана бойым бар,
Бірақ таудай ойым бар,
Ерасыл деген баламын.
Бойым менің тарыдай,
Таудай бірақ талабым.
Бүгін үлкен салтанат,
Менің атым Қолқанат!
Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын.
Сырымбек деген жігіт мен болам.
Би билеймін айнала,
Менің атым Аида.
Көп оқитын, көп тоқитын,
Әсем деген мен болам.
Ай мен күні анамның,
Ақылдысы әжемнің,
Меруерт деген мен болам.
Нұртілек деген мен болам,
Жымың -жымың етемін.
Өйткені Әліппені
Мен де жақсы меңгердім.
Нұртілектің досымын,
Атым менің Нұржан.
Әліппемен достасып,
Мен де жақсы оқимын.
Жұмсағанда барамын,
Айтқан тілді алатын
Дильназ деген мен болам.
Айбек деген баламын,
Есепті мен шағамын,
Тентекте боламын.
Дарасы болар даланың,
Олжас деген баламын.
Озат болам деп ойлаймын.
Сәулелі де , сымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті.
Айару деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
Білім деген ғажаптың Әліппемен меңгердің, келешегі қазақтың
басталады сендерден. Құрмет көрсеткендеріңе көп рахмет!
2- Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел
жаттап алдық.
Ендеше ӘЛІППЕге өлеңдерімізді айтып шығайық. 1- Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
2- Әліпбидің біліңдер,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.
3- Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де,
Атын, затын, түрінде.
4- Ана, әке атын сен,
5- А – ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Бізге үйреттің, Әліппе!
Бізге нағыз жақынсың,
Сенен білдік әріпті.
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.
6- Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
7- Әліппе –білім бұлағы,
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе –білім көзі,
Әліппе –ұстазымның айтқан сөзі.
8- Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
9- Сөйледі олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды.
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен тақпақ, жырларды.
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе – білім бесігі.
Атқарым деп келдім.
10- Ашыла берді алдымнан,
11- Армандарым көп менің, Оқы білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
12- Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Атқарым деп келдім.
Оқы білім, ғылымды,
Өнер табам деп келдім.
13- Армандарым көп менің,
А Ә Б В Г Ғ Д Е Ё Ж З И Й К
Қ Л М Н Ң О Ө П Р С Т У Ұ
Ү Ф Х Һ Ц Ч Ш Щ Ъ Ы І Ь Э Ю Я
3- Әліппе бізді тек әріптермен ғана таныстырып қойған
жоқ, бір -бірімізбен дос болуға , мектеп ережесін
орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Тәртіпті
оқушы қандай болады?
( Балалар жауабы )
1- Әліппеге сөз берейік:
42 әріпті игердің, әріптен буындап сөз тердің. Ризамын
сендерге, балалар! Әріпті танып, тақылдап сөйлей аласыңдар.
Енді сауатты жазуға, мәнерлеп оқытатын досыммен
танысасыңдар! Ол – Ана тілі!
Әліппе:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Бестік болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер – білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
( Бір жол тақпақтары )
1-Әліппемен қош айтысып қаламыз,
2-Енді қолға басқа кітап аламыз.
3-Ата ана қуанышқа ортақ бол!
4-Сауатты болып шықты міне балаңыз.
5-Таныстырып қырық екі әріппен,
6-Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
7-Сенің арқаң оқи,жаза білгенім,
8-Сауатты адам санатына кіргенім.
9-Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
10- Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз. 11-
12-
13-
4- Балалар, Әліппені шығарып салайық. Енді « Ана тілі »
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Қош бол, Әліппе!
оқулығын оқитын боламыз.
Қарсы алайық !
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, Ана тілі!
Ана тілі: Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді
сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын, жазушылардың
ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда көп нәрсені
үйренесіңдер.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің болмаса,
Болмас еді Отаның.
Мұғалім:
- Рахмет, саған Ана тілі, сен енді бізбен бірге көп жылдар
боласын. Сенімен бірге көптеген өлеңдер, ертегілер, әдеби
шығармалармен танысамыз. Жайғасып, орныңа отыра ғой.
Ойындарға, тапсырмаларға кезек берейік.
1. « Тез оқы! »
ШАШУ ДОСТАР ҒАЛАМ ҒАРЫШ ҚУЫРДАҚ ИНЕЛІК БИДАЙ
ҰШҚЫШ ҮЙРЕК ФАБРИКА ШАХТЁР ЦИРК ЧЕМОДАН КӨРКЕМ
Шарты: ( 1 –минут ішінде неғұрлым көп сөз оқу)
2. « Құрылысшы »
Шарты: ( сөздердегі әріптер орындары ауысып кеткен,
өзорнын тауып, сөз құру ) 3. «
Сабақ кестесін
құру »
Шарты:
( Алфавит
бойынша сан
арқылы әріп орнын тауып пән атын құрастыру)
Мұғалім:
- Өте жақсы,БАЛАЛАР! Енді тәтті ойын ойнап жіберейік.
«ММдэнс » деген не ? ( тәтті түрлі –түсті кәмпиттер)
- Кәмпиттердің түсін анықтап, оларды түстері бойынша
стақандарға бөлу. Қай топ тез болады , сол топ барлық
кәмптиттерді жеп қояды.
_________________________________________________________________
Мұзафар Әлімбаев атамыздың өлең сөздерімен айтқандай
- Жеміске құты тола ма,
Бір- бірлеп теріп алмасаң? дегендей бізде төрт ай бойы
әріпке әріп, буынға буын, сөзге сөз қосып мәтіндерді оқи
бастадық. Әліппе - білім бастауы деп, бірінші кітабымыз Ана
тіліне алмасты. Солай том- том қалың кітаптарды оқисыңдар.
Арамызда әлі өте жай оқитын сыныптастарың бар, соларға
көмекке келуге ұмытпаңдар.
Жеміске құты тола ма,
Бір –бірлеп теріп алмасаң?
Әп сәтте шыға қоя ма ,
Еккен дәнің, ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа. Ұғып ал: білім боларын
Шамшырағың жолыңда.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп ең?
Том- том қалың кітаптың
Басы болар Әліппең...
- Қонақтар, ата- аналар, менің түлектерім,
оқушыларым! Бүгінгі « Рахмет саған, Әліппе ! »
атты шарамыз өз мәресіне жетті. Уақыт тауып
келіп, көңіл қойып тыңдағандарыңа көп- көп
рахмет!
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Рахмет саған,Әліппе! ( ертеңгілік ) 1 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.