Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: «№49 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ Мерзiмі:
Тақырып: «Шындық шыңы - ақиқат»
Құндылық: Ақиқат.
Қасиеттер:Шыншылдық,адалдық,ізгілік.
Мұғалiм: Садыбекова Сандугаш Жумасияновна
Сынып:6 «ә»Оқушылар саны:15
Мақсаты: Оқушыларға шыншылдық арқылы ақиқат құндылығына жету жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: Оқушылардың адами қарым-қатынастағы шынайылылық, қоршаған ортадағы шындық арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу; Дамытушылық:Оқушылардың шыңдықты жасырмай айта алу, өтірік пен шыңдықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа, тәрбиелеу. |
Ресурстар: (слайд, музыка, оқулық, дәптер, мәлiметтер) |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырукезеңi. -Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! -Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. -Көңіл-күйлеріңіз қалай? Ø Сынып оқушыларын түгендеу. Ø Оқушылар 3түсті гүлдер арқылы топқа бөлінеді. Ø «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталау (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық). Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.... |
Сабақ барысын талдау: Жағымды әуен қосу 2-3 мин |
2. Үй тапсырмасын тексеру Мәтін беру Б.Адамбаевтың оқулықтың 93 бетінде берілген «Сөздің атасы мен анасы» мәтіні бойынша сұрақтармен жұмыс жасаймыз. Бір оқушы мәтінді мазмұндап естеріне түсіріп шығады. «Сөздің атасы мен анасы» Қаз дауысты Қазбектің, атағы шығып тұрған кезде ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп, демалып болған соң Қазыбекке: - Би, бір сөз сұрайын деп едім,- дейді. Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық білдіріпті. - Біз бір керуен адам едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы кім?» -деп. Қазыбек ойланып жауап беогенше: «Япырай, бұл сөзді саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз, ендігі жылы табарсыз», - деп үйден шығып кетіпті. Қазыбек орнынан тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атына мінгелі жатыр екен. - Япырмай, артыңа қарамай асығыс аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы келіп екі саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңде айта жүр! – депті. Сұрақтар: 1 топ. Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді? 2 топ. Саудагердің қойған сұрағынан нені байқауға болады? 3 топ Неліктен шыңдықты сөздің анасы дейміз? - Қаздауысты Қазбек кім? 1. -Саудагербигеқандайсураққойды? 2. -Би қалайжауапберді? 3. - Сөздіңатасы, сөздіңанасыдегенсөздердіқалайтүсінесіңдер? 4. - Неліктенсөздіңатасыбірлік, сөздіңанасышындықдепжауапберді? |
93 бет мәтінді оқу |
3. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз. «Шындық шырағы дауыл соқсада өшпейді»Ғ.Мұстафин Өз ойларыңды ортаға салып
көріңдер (балалар дәптерге жазады, жауаптарын береді) Ø Шындықтың шыңын қалай сезінеміз? Ø Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз? Дәйексөзді мұғ қорытындылайды: Ø Шындық - дегеніміз отпен тең.Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі, ал шындық ашылған сайын нақтылана береді. Сондықтан да, әрқашан шыңдықты шыңғыртып айтудан тайынбайық. Сол кезде ғана, шыңдықтың ақиқатына жетесің. Шындық - адамға қажетті құндылықтардың бірі екенін ешқашан ұмытпаңдар. |
Дәйексөзді дәптерге жазу |
4. Оқиғаны айту.Әңгіме айту Аңыз әңгіме: «Адал бағбан» |
|
5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс. Музыка баяу ойнап тұрады. Тапсырмалар: 1 Топқа оқулықтағы 1 жағдаятты сахналау 2 Топқа 2 жағдаятты сахналау 3 Топқа 3 аяқтап сахналау
|
(8 мин) |
6.Топпен ән айту:«Желсіз түнде жарық ай»
|
Ән айту |
7.Үй тапсырмасы: «Адамды ақиқатқа жетелейтін қасиеттер» тақырыбында шағын шығарма жазу.
|
Оқулық 95 бет |
8. Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көздерін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: - Балалар,жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық,адал және шыншыл болайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет.
|
Жағымды әуен қосу 2-3 мин |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.