Разработка открытого внеклассного мероприятия
Оценка 4.6

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Оценка 4.6
Культурные мероприятия
doc
классное руководство
8 кл
06.01.2017
Разработка открытого внеклассного мероприятия
Разработка открытого внеклассного мероприятия ко дню независимости. задействованы два класса 8 и 10, а также принимают участие и педагоги. на этом основании можно говорить о вертикальном обучении. для проведения необходимо музыкальное сопровождение, мультимедийная презентация, ватманы, маркеры, фотографии. можно использовать всемразработка ко дню независимости
Тәуелсіз Қазақстанның білімді де өнерлі ұрпақтары.doc
Сыныптан тыс іс­ шара тақырыбы: Тұғыры биік – Тәуелсіздік. Тәуелсіз  Қазақстанның білімді де өнерлі ұрпақтары Сыныптан тыс іс­ шара мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету  жолындағы айшықты ісіне шолу жасап түсінік беру; оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін арттыру, елін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу; Сыныптан тыс іс­ шара міндеттері: Білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен  тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге  білімді адамдар керек екенін түсіндіру.   Дамытушылық: Оқушылардың ой­өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру,  шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға  үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.  Тәрбиелік: Елін, жерін қорғап, Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанның  өркендеуіне өз үлесітерін қосатын азаматтарды тәрбиелеу. Сыныптан тыс іс­ шара түрі: Сайыс сипаттағы Сыныптан тыс іс­ шара формасы: Викторина Көрнекілігі: плакат Техникалық құралдар: музыка Барысы: І. Кіріспе ІІ. Сөз анасы­ сәлем ІІІ. Білімді мыңды жығар ІV. Жүзден жүйрік V. Өнерлі өрге жүзер VІ. Қорытынды «Желтоқсан желі» видеоматериал көрсету Алғы сөз:   Г.К.: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  өткізіліп отырған «Тұғыры биік – Тәуелсіздік. Тәуелсіз Қазақстанның білімді де  өнерлі ұрпақтары» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Ақнұр:   Мен­қазақпын мың өліп, мың тірілген,     Жөргегімде таныстым мұң тілімен.     Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.     Мен­ қазақпын, биікпін, байтақ елмін,     Қайта тудым, өмірге қайта келдім.     Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,     Айта бергім келеді, айта бергім! Г.К.: Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз  үшін ғибрат алар,кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан  алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған.  Ақнұр:     Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық  мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген атақты адамдар  көп.Олар қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі  елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын­жырау өнерпаздарын  достық –бірлікте ұстады. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей  іріткен, қоқаңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай  орыспен де тіл табысқан бабаларымыздың даналығының арқасында, осы біз өмір  сүріп отырған аяулы Отан­ Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге  қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.  Г. К.: Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,  Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.  Мыңғырған мал даласында жайылған,  Бабалардың болған сондай тұрағы.  Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,  Орыс патша арам ойлы бұзықты.  Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,  Сонда көрген сорлы Қазақ шыжықты.  Қазақта жер қалмады патша алмаған,  Елін, жерін, малын тегіс жаялмаған.  «Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,  Отаршылдық қыр соңынан қалмаған… Ақнұр: Сыныптан тыс шарамызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен  таныстыра кетейін: ­№ 25 ЖОББМ директоры Раймбекова Ж.М. ­Директордың оқу ісінің орынбасары Пенденова Н.К. ­Директордың тәрбие ісі орынбасары Омарова К.А. ­ География және тарих пәндерінің мұғалімі Кунанбаева М.М. Г.К: Сонымен қатар, бүгінгі сыныптан тыс шарамыз «ХХІ ғасырдың қошбасшысы»  ойынына сүйене отырып, бірақ біраз өзгеше түрде өтеді. Қалай деп сұрасаңыздар,  таныстырайық ­ 1 тур: Атау сыры ­ 2 тур: Бәйге ­ 3 тур: Сиқырлы сандықша ­ 4 тур: Кім жылдам? Ақнұр: Және ерекшелігіміз: жеке қошбасшы емес, топ қошбасшылары ойынның  соңында анықталады. Себебі, топтар сайысады. Ал енді топ құрамымен таныс  болыңыздар.  1 топ «Дарын», қошемет пен қарсы алыңыздар  – 8 а сынып оқушылары ........, 10 А  сынып оқушылары........ және география пәні мұғалімі Закария Айгерім Мұратқызы; 2 топ «Жастар», құрамы­ 8 а сынып оқушылары ........, 10 А сынып оқушылары........  және математика пәні мұғалімі Баженова Гүлжанат Тілеуліқызы.; Г.К.: 3 топ «Жарқын» , 8 а сынып оқушылары........, 10 А сынып оқушылары........  және математика пәні мұғалімі Ахметолла Зухра Мұратқызы; 4 топ «Болашақ», 8 а сынып оқушылары ........, 10 А сынып оқушылары........ және  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімі Құнанбаева Нұргүл Кеңесбеқызы. Ақнұр: Ал енді   ойынымызды бастайық.  1 тур. Атау сыры. Әр топқа суреттелген жұмбақ беріледі,  сол жұмбақты шешіп топ атауын құру керек.  Қызықты болу үшін – уақыттарыңыз шектелген болады. Уақыт кетті.  Топ атаулары анықталды, соның нәтижесінде бүгінгі ойынымыздың ұраны да  анықталды «ДАРЫНДЫ ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!» Г.К.: Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен  сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның  Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы. Ақнұр: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Туымызды бізге ешкім бермеді.               Ел тізгінін қолына алу жолында,               Қыршын кетті талай қазақ ерлері. Ақнұр, Г.К. кезектесіп  2 тур. «Бәйге» берілген сұрақтарға бірінші қолын  көтерген топтар жауап береді.  (Дұрыс жауап 10 ұпай) 1. Қазақстанды ең алғашқы таныған ел? (Түркия) 2. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды? (1992 жылы 4  маусымда) 3. Астана қаласының символы? (Бәйтерек). 4. Бәйтеректің биіктігі? (97 метр) 5.  Желтоқсан құрбандарын атаңдар? (Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков  және т.б.) 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім?(Шәкен  Ниязбеков) 7. Елтаңба авторлары? ( Жандарбек Мәлібекұлы,  Шота Аман Ыдырысұлы  Уалиханов) 8. Республикамыздың мемлекеттік әнұраны қай жылы өзгертілді? (2006 жылы 7 қаңтарда) 9. Мемелекеттік рәміздер күні қашан аталып өтеді? (4 маусым) 10. 2011 жылы Қазақстан Республикасында қандай ойындары өтті? (7 Азиада  ойындары) 11.Ұлттық ақшамыз – теңге қай жылы жарық көрді? (15 қараша, 1993 ж) 12.Қай жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді? ( 1998 жыл) 13.«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Ш.Айманов) 14.Б.Майлиннің әңгімесінде қандай діни мейрам туралы жазылған? (Құрбан  айт) 15.Қазақтың тұңғыш саяхатшысы.(Ш.Уалиханов) 16.Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын.(Жамбыл) 17.Қазақтың тұңғыш академигі, геолог­ғалым. (Қ.Сәтбаев) 18.Қазақстан Республикасы қандай ұйымдардың мүшесі болып табылады  (БҰҰ, Кеден одағы, ТМД, ШЫҰ, ЮНЕСКО және т.б.) 19.Қазақстан мен шекаралас мемлекеттер және олардың астаналары қандай? ( Ресей­ Мәскеу, Қытай –Бейжін, Өзбекстан – Ташкент, Түрікменстан­  Ашғабат, Қырғызстан – Бішкек) 20.  Курчатов қаласының екінші атауы? (Семей ­21) Ақнұр: Жоғары, жоғары, жорғала Шапшаңдыққа таң қал ма. Ойын деген нар талас, Жеңілемін деп ойлама!  Г.К.  3 тур. Сиқырлы сандықша. Сандақшаның ішінде жасырылған ғимарат  бар. Анықтама бойынша, сиқырлы сандықшадағы ғимаратты тауып атау керек. 1 көмек: ауданы 25,5 мың м².   2 көмек: ғимарат 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. 3 көмек:ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған.  4 көмек: сарайдың орталық күмбезді залы Нью – Йорк  қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған. 5 көмек: 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ  орналасқан.  6 көмек: сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып  салынған; оның кіре берісі жер астында орналасқан. Ақнұр: Келесі тапсырма, анықталған ғимаратқа ассоциация жасау. Уақыт  шектелген – 5 мин. Постерлерін қорғау.  Г.К. Ойын толық жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып, Демекші 4 турды бастайық: Ақнұр:  4 тур. Кім жылдамға? да жеттік (уақыт мөлшері 5 минут) Әр топқа сөздер беріледі, солардың анықтамаларын табу керек Абайдың шын аты? Ибраһим Қай ханның тұсында «Жеті жарғы» заңы жасалды? Тәуке хан Орта жүздің биі? Қазыбек би  Алғашқы деректі фильмдер қай жылдан бастап түсірілді?  1938 жыл Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Байтұрсынов Алакөл шайқасына қатысқан батыр? Қабанбай Шоқанның өмір сүрген жылдары? 1835­1865 Тұңғыш қазақ оқулығын ата? «Қазақ хрестоматиясы»  «Алтын Адамды» тапқан кім? Кемел.Ақышев Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен? Атилла «Қазақ» газетін шығарған кім?  Байтұрсынов Әйтеке бидің шын аты? Айтық Қазақстанның астаналары? ОрынборҚызылорда Алматы,Астана «Қазақстан бұлбұлы» атанған әнші. Б.Төлегенова / К.Байсеитова Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір  «Е.Г. Брусиловскийдің жазған операсы. «Қыз Жібек» Г.К.:  Шын жүйректер сыналады жарыста , Жарыстыңба орта жолда қалыспа. Әділ қазы бағалайды сіздерді Жеңіс­мәре жақынба, әлде алыспа, — демекші ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік! Әділқазылардың сөздері, марапаттау 3 орын ­ 2 орын­ 1 орын­ Гран при­ Ақнұр:  Жастықтың оты жалындап,  Жас жүректе жанған шақ.  Талаптың оты арындап,  Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай жүректерінде жеңіске  жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпаздарын  құттықтаймыз.  Г.К.: «Тұғыры биік – Тәуелсіздік. Тәуелсіз Қазақстанның білімді де өнерлі  ұрпақтары» атты сыныптан тыс шараны бейнематериалмен бастадық солайша  «Елім менің» атты бейнеклиппен аяқтағамыз келеді: экранға назар  аударыңыздар.  Бүгінгі ұранымыз сіздерге өмірлік ұранға айналуына шың жүректен  тілектеспін. Көріп тамашалағандарыңызға көп­көп рақмет!!! Р Р Қ

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия

Разработка открытого внеклассного мероприятия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.01.2017