Разработка внеклассного мероприятия: «Битва математиков» (8 класс, математика)
Оценка 4.9
Занимательные материалы
docx
математика
8 кл
27.03.2018
Данное внеклассное мероприятие разработано по предмету "Математика" для 8 классов с казахским языком обучения. Она включает в себя различные задания связанные с изучаемым предметом. Все задания подобраны в соответствии с календарно - тематическим планом. Данную разработку будет интересно использовать во внеурочное время.
внекл.docx
Тақырыбы: «Математиктер шайқасы» білім сайысы
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, логикалық
ойлау, өзара ой бөлісу қабілеттерін дамыту; шапшаңдыққа,тапқырлыққа баулу.
Өту барысы:
1. Оқушыларды 2 топқа бөліп, олармен танысу.
2. «Кім тапқыр?» сайысы. Бұл сайыста математика, физика, информатика пәндері
бойынша логикалық сұрақ беріледі. Сәйкесінше сұрақтар 10,20,30,40 ұпайлармен
бағаланады.
Математика: 1) Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. Біреуі түсіп қалды, нешеуі тал
басында қалды? (қарағашта алама өспейді)
2) Бұл неміс философы, математигі қазір әр оқушының қолында жүрген оқу құралының
бірі болып саналатын төрт арифметикалық амалды орындайтын алғашқы есептеу
машинасын 1694 жылы орыс патшасы І Петрге тарту еткен. Ол есептеу машинасы қалай
аталды.
(калькулятор)
3) Айналған теңдеу шешу құралына,
Төрт саны араласқан құрамына,
“Теңдеудің түбірлері нешеу?” деген
Қандай сан жауап бергін сұрағыма (дискриминант)
4) Қорада тауықтар және қояндар бар.
Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса,
қорада неше тауық, неше қоян бар? (5 тауық,10 қоян)
Физика: 1) Өзі затты құрайды,
теңесуге таразыны сұрайды. (масса)
2) Сұлудың сұлуы,
Бойында жоқ жылуы. (ай)
3) Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (күн)
4) Ток бар жерде біреу бар,
Өлшемі – Вольт, Киловольт.
Ұмытып кетпе тағы бар,
Гектоватт және меговатт. (кернеу)
Информатика : 1) Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні жау алмайды.)
2) Күлсең ескірген компьютерге күл.
(күлсең кәріге күл)
3) Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады.)
4) Білмесең, «анықтамадан» сұра.
(білмесең билгеннен сұра)
3. «Тіл өнер» сайысы. Бұл жерде оқушылар арасында сандар кездесетін мақал мәтелдердің
жалғасын табу керек
..... жақсы қос болмас,
..... жаман дос болмас (екі)
...... бармақ жиналса,
жұдырық болады! (бес)
.....тістен шыққан сөз ,
.....рулы елге тарайды. (отыз) .....жұрттың тілін біл,
.....түрлі білім біл! (жеті)
4. «Қатесін тап» . әрбір топқа кезеккезек есептер оқылады, олар сол есептерден қате
жіберілген жерлерін тауып айту керек.
1) Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті,
балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін, бірден жылынып сала берді. Су түбінде бір
үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп, судан шығарып жіберді.
2) Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара
киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ
және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл
жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайып қалды.
3) От жағып, екі шәйнек шайды оттың үстіне іліп, қайнатуға қойды: біреуі цилиндр
тәрізді, екіншісі дөңгелек . Дөңгелек шойыннан су қайнап кетті. Кеш батып ай туды,
айдың ойығы оң жағына қарап тұр екен. Табиғат өте әдемі.
4) Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген
сәтте құлаққа келіп тұрды. Оған 200метр жол қалғанда, балта дауысы төмен
түскеннен кейін біраздан соң естіліп тұрады. Жолдағы телеграф сымдар, ыстықтан
қатты тартылып тұр екен.
5. «Кім зерек» сайысы. Сурет бойынша белгісіз санды табу керек.
6. «Қай сөз артық?». Слайдта математикалық термин сөздер беріледі, сол сөздердің
арасынан математикалық емес артық сөзді тауып алу керек.
7. «Көңілді санау» сайысы. Санауға байланысты бірнеше логикалық есептер беріледі.
Сайыскерлер соны жылдап санап есептеп беру керек.
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1
шақырым кейін қайтады.
Қырсық екі араны неше күнде өтеді? (10 күн)
Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті.Оларға алдымен шай содан соң қазанға ет
салынады. Үй иесі әйеліне келіп екеу ара бір табақ тартсақ бір табақ жетпей
қалады.Үшеу ара бір табақ тартсақ,бір табақ артық қалады. Сонда қонақтар саны қанша,
табақ саны қанша? (12 қонақ, 5табақ)
8. «Ойнайық та ойлайық!». Әр топ аяққолдарының көмегімен бір математикалық
фигура жасап көрсету керек, оны екінші топ дұрыс табу керек.
9. «Капитандар сайысы». Әр топтың капитандары шығып тақтадағы суретті мынандай
реттілікпен санау керек. Бірінші ұшақ, бірінші аққала, екінші ұшақ, бірінші айдаһар,...т.с.с
10. Қорытындылау. Әділқазы алқалары өз шешімдерін шығарып, жеңімпаз командалар
анықталады. Сайыстың қорытындысы шығарылады.
Разработка внеклассного мероприятия: «Битва математиков» (8 класс, математика)
Разработка внеклассного мероприятия: «Битва математиков» (8 класс, математика)
Разработка внеклассного мероприятия: «Битва математиков» (8 класс, математика)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.