Математика пәні бойынша 6 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақ нөмірі: 137
Сабақтың тақырыбы: Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. (2-сабақ)
1.Мақсаты:
· Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептерді шығару;
2. Өткен тақырыпқа шолу
а. Фирманың басқармасына 5 адам кіреді. Осы құрамнан фирманың президенті мен вице-президентін таңдау қажет. Осыны қанша тәсілмен орындауға болады?
Шешуі.
1 2
3 4 5
![]() |
![]() |
||||||
![]() |
|||||||
![]() |
|||||||
2 3 4 5
1 3 4 5 1 2 4 5 1 2 3 5 1 2 3 4
Президентті бес тәсілмен таңдауға болады, ал әрбір президентке вице-президентті төрт тәсілмен таңдауға болады. Барлығы 20 тәсілмен таңдалады.
Жауабы: 20 тәсіл.
б. 0; 2; 4 цифрларынан неше үш таңбалы сан құрастыруға болады?
Шешуі.
0 цифры бірінші орында бола алмайтынын ескеріп, «мүмкін нұсқалар ағашын» құрастырамыз:
200; 202; 204; 220; 222; 224; 240; 242; 244; 400; 402; 404; 420; 422; 424; 440; 442; 444.
Жауабы: 18.
3.Тапсырмалар.
1) Туристтер таулы өзенге саяхаттамақшы болды. Жолдың бірінші кезеңінде жаяу немесе автобуспен баруға болады. Екінші кезеңінде – қайықпен, велосипедпен немесе пойызбен баруға болады. Ал жолдың үшінші кезеңінде – жаяу немесе арқан жолмен өтуге болады. Туристтердің саяхатының неше нұсқасы бар?
2) Асан, Мұрат және Алмаста 2 алма, 2 алмұрт және 2 шабдалы бар. Әрқайсысында 2 жемістен болатындай неше тәсілмен бөлісе алады?
4. Сілтеме:
1. Т.А. Алдамұратова және басқалары,«Математика», 6-сынып, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018, 141-142 беттер
Әзірлеуші: Матаева К.О., М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.