Рухани жаңғыру -рухтын жаңғыруы
Оценка 4.7 (более 1000 оценок)

Рухани жаңғыру -рухтын жаңғыруы

Оценка 4.7 (более 1000 оценок)
docx
26.02.2020
Рухани жаңғыру -рухтын жаңғыруы
Рухани жангыру макала (1).docx

Рухани жаңғыру-  рухтың жаңғыруы

 

2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті   «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берді.

Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынды.

Сондай ақ, мектепке дейіңгі білім беру ұйымдарын да рухани жаңғырудың қажеттілігі мол. Ол дегеніміз тәрбиешінің біліктілігі мен білімінің арқасында көрінетін дүние. Өзі жаңғырып, өзі өзгеріп, өзінің кәсіби шеберлігін арттырып отырған тәрбиеші  рухани жаңғыруға сай, оқу - тәрбие жұмыстарын өткізу барысында білім нәрін құя алады.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде-оқытушы

 басты тұлға болып табылатыны сөзсіз. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен оқытушы өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен өз тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана оқытушы қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады. Үздіксіз іздену - бүгінде оқытушыларға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Оқытушы шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті оқу қызметінде пайдалана білу, осы орайдағы тәрбиешінің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, ұйымдастырылған оқу қызметімен байланысты. Демек сапалы, тиімді әрі нәтижелі жүргізген әрбір оқу қызметі – тәрбиешінің тынымсыз еңбегінің айғағы.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, оқу қызметінен тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.

Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін білімді ғана емес, танымдық ізденісі жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау қажет. Мұндай мамандарды даярлау үшін,жаңа оқыту технологияларын кеңінен пайдалана отырып,жаңашылдық  деңгейдегі танымдық,ғылыми зерттеу жұмыстарын жолға қоя отырып, оқытушы өзінің танымдық, құзіреттілік білім мен біліктілігін арттырғанда ғана жаңғыртылған білімге сай мамандар дайындайды.

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы. Біздің еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін «рухани жаңғыру» бағдарламасын өркендетуіміз керек.

 

 

Қостанай қаласы №15 орта мектебінің «Арман» шағын орталық тобының тәрбиешісі

Орумбаева Ажар Назарбайқызы


 

Рухани жаңғыру- рухтың жаңғыруы 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан

Рухани жаңғыру- рухтың жаңғыруы 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы

Рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана – сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы
Скачать файл
сегодня при записи на курсы переподготовки
для учителей