Сабақ жоспары Махамбет Өтемісұлы
Оценка 4.8

Сабақ жоспары Махамбет Өтемісұлы

Оценка 4.8
DOC
29.11.2020
Сабақ жоспары Махамбет Өтемісұлы
Сабақ жоспары Махамбет Өтемісұлы.DOC

63 САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырып 5.7

 

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

Сабақтың мақсаты:  1) Білімдік: 2) Қазақтың ақыны, әрі батыр ұлы Махамбет                  

                                        Өтемісұлы жайында қосымша мәліметтерді меңгеріп, талдау.

                                       2) Дамытушылық: берілген мәтінді түсініп, мазмұндай білу және

                                 өздерінің сөздік қорларын пайдаланып, шағын әңгімелер жаза білу.

3) Тәрбиелік: Тарихты білу, өткенді қадірлеу, бағалау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Махамбет Өтемісұлы туралы аудио-видео материалдар, ақынға байланысты суреттер, өміріне байланысты қосымша мәліметтер жазылған парақшалар. Тестік тапсырмалар беттері, жазу-сызу құралдары. Техникалық құрал жабдықтар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті пәнімен байланыс (қазақ әдебиеті пәнінен «Махамбет Өтемісовтың өмірі және шығармашылығына» байланысты өткен білімдерін еске түсіріп, әңгімелеу).

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа дайындау және жағымды көңіл-күй туғызу.

II. Үй тапсырмасын тексеру 

Алдыңғы сабақта өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және олардың тыныс белгілеріне байланысты ережелерді қалай меңгеріп, жаттап келгендерін тексеріп, бағалау (алдын ала дайындалған тестік тапсырмалар беріледі).

 

Тақырыптық тексеру тесті

 

1. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?

А) та, не, немесе

В) және, мен, әрі

С) бен, я, яки

D) менен, бірақ, алайда

Е) ма, ме, ше

 

2. Бірыңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.

А) Дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері.

В) Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері.

С) Синтаксистік қызметі бірдей, өзара тұлғалас сөйлем мүшелері

D) Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері.

Е) Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері.

 

3. Қай сөйлемде бірыңғай тұрлаулы мүшелер бар?

А) Қазақша, татарша, орысша да күте біледі.

В) Ашық бет, ұзынша бойлы, шашы артына қарай қайрылған жас жігіт Рахметпен амандасты.

С) Жойқын жұрт ерінбейді де, жалықпайды да.

D) Сол аңғарды түсінген Әбіш өзі де кеше мен бүгін көп қайғы шеккен.

Е) Әрбір қонақтың сыртында екіден, үштен жастықтар жатыр.

 

 

4. Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі?

Өткеннің жақсы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді.

А) Бірыңғай анықтауыш

В) Бірыңғай баяндауыш

С) Бірыңғай толықтауыш

D) Бірыңғай бастауыш

Е) Бірыңғай пысықтауыш

 

5. Қай сөйлемде бірыңғай анықтауыштар кездеседі?

А) Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала қарап хабар күтті.

В) Мынау екі ақын Абайға көп кезде бірге туысқан аға, інідей көрініп қалды.

С) Даусы ащы да қатал, зілді де кекті шығады.

D) Биылғы қыстың басы адамға да, малға да әзір аса жайлы болып тұр.

Е) Қазақ әндерінде сол дала тауларының, өзендерінің, кең алқаптарының өрнектері бар.

 

6. Қай сөйлемде сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөз қолданылған?

А) Бірімізге-біріміз сөйлеспесек те, біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз.

В) Осыған қол қойған жұмыскерлер түгел кетеміз.

С) Сары, Кәрібай, Жалақ – үшеуі кеңеске кірді.

D) Қане, Мүслима екеуіміз кеңеске айтайық.

Е) Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін аты.

 

III. Жаңа сабақты меңгеру кезеңдері:

 

1) Махамбет Өтемісұлы жайлы жазылған бейнематериалды көріп, тыңдау.

2) Ақын туралы оқушының ізденістерін тыңдап, талдау.

3) Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс.

4) Жеке тапсырмалармен жұмыс:

(Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру).

«Махамбет Өтемісұлы» деп аталатын мәтінмен жұмыс орындау.

 

1. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мазмұнын әңгімелеңіз.

 

Махамбет Өтемісұлы

(1804 - 1846)

            Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы қазіргі Орал облысының Орда ауылында туады. Болашақ ақынның әкесі ішкі ордадағы ауқатты, ханға жақын, ықпалды адамдардың бірі болған. Махамбеттің қайда тәрбиеленіп, қайда оқығаны туралы мәліметтер жоқ. Алайда, мұрағаттың деректері оның мұсылманша ғұлама, ал орысша тілге де, хатқа да жетік адам болғанын көрсетеді. 1824 жылы ішкі Орданың ханы Жәңгір жиырма жасар Махамбеттің өзінің баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға жібереді. Ақын хан мұрагеріне аталық болып, мұнда төрт – бес жылдай тұрады. Алайда, көп ұзамай – ақ Махамбет пен Жәңгірдің арасы суысады. 1829 жылы күзде Махамбет сезікті адам ретінде біраз уақыт Калмыков бекінісінде тұтқында отырады.

            1836 – 1838 жылдары Батыс Қазақстанда екі жақты езгіге қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі шыққан кезде Махамбет көтеріліс көсемдерінің бірі ғана емес, оның бас ұраншысы болады. Махамбеттің жауынгерлік қабілеті де, ақындық таланты да көтеріліс қызметіне жұмсалады. Көтеріліс жеңіліске ұшырап, Исатай қаза тапқан соңғы жерде де Махамбет қаруын тастамайды. Алайда, жалынды ақынның қарапайым халықты қайта көтермек әрекетінің бәрі де сәтсіздікке ұшырайды. Патша үкіметі, оның «адал» уәзірлері ақынның өз басын жою жайын ойластыра бастайды. Ақыры, ұлы ақын көтеріліс қасапшыларының бірі Баймағанбет сұлтан жіберген жендеттердің қолынан, 1846 жылы 20 қазан күні қаза табады.    

 

Сөздік (Дәптерге жазамыз және жаттаймыз)

ауқатты – зажиточный, состоятельный

мұрагер - наследник

бекініс - укрепление       

көтеріліс көсемі – вождь восстания

сәтсіздік – неудача, безуспешность

басын жою – уничтожить

жендет  - палач

 

IV. Мәліметтерді бекіту кезеңі:

(Ауызша және жазбаша жаттығулар орындату арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту).

 

2. Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

(Жаттығу тест түрінде проектор қолдану арқылы орындалады).

 

1. Махамбет Өтемісұлы кім?

А) хан

В) сұлтан

С) кедей

D) ғалым

Е) ақын

 

2. М. Өтемісұлы қай ғасырда өмір сүрген?

А) XVII

В) XVIII

С) XX

D) XIX

Е) XXI

 

3. М. Өтемісұлы қай жерде туған ?

А) Батыс Қазақстан облысында

В) Оңтүстік Қазақстан облысында

С) Маңғыстау облысында

D) Шығыс Қазақстан облысында

Е) Солтүстік Қазақстан облысында

 

4. Жәңгір ханның Махамбетті өз баласымен бірге Орынборға жіберу себебін айтыңыз?

А) соғысқа

В) оқуға

С) елшілікке

D) түрмеге

Е) жұмысқа

5. Исатай Тайманұлы деген кім?

А) Жәңгір ханның досы

В) атақты жазушы

С) қазақ ханы

D) шаруалар көтерілісінің көсемі

Е) Ұлы Отан соғысының батыры

 

6. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

А) 1841-1843ж.ж.

В) 1836-1838ж.ж.

С) 1838-1840ж.ж.

D) 1829-1831ж.ж.

Е) 1831-1833ж.ж.

 

7. Көтеріліс не себепті жеңіліске ұшырады?

А) Махамбет қаза болғандықтан

В) Жәңгірге Ресей әскерінің көмектесуінен

С) Исатай соғыстан бас тартқандықтан

D) Жәңгір хан биліктен бас тартқандықтан

Е) Екі қарсылас жақ татуласқандықтан

 

8. Махамбет өлеңдерінің мазмұны көбінесе не жайында болды?

А) махаббат лирикасы

В) табиғат лирикасы

С) жауынгерлік поэзия

D) мысал өлеңдер

Е) аударма өлеңдер

 

9. Махамбет «Хан емессің қасқырсың» өлеңін кімге арнаған?

А) Баймағамбет сұлтанға

В) Исатайға

С) әкесіне

D) Жәңгір ханға

Е) Арыстан Жантөринге

 

10. Ақын қалай қаза тапты?

А) жендеттердің қолынан

В) түрмеде жатып

С) соғыста жүріп

D) Ресей әскерінің қолынан

Е) ауырып қайтыс болады

 

3. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, дәптеріңізге жазыңыз.

           

            Поэт Махамбет Утемисов – глашатай свободы и независимости, воинской доблести и беззаветной преданности своему народу. Махамбет с детства рос отважным и сильным. Он владел татарским, арабским, персидским и русскими языками. Хан Жангир заметил разносторонне образованного молодого человека. Но поэта возмущало жестокое и несправедливое отношение правителей к народу. Народное восстание под руководством Исатая и Махамбета – итог этого противостояния. Поэзия Махамбета стала символом героизма и отваги, храбрости и упорства.

 

 

V. Үй тапсырмасы: «Махамбет Өтемісұлы – бостандық жаршысы» тақырыбына шығарма жазып келу.

 

VI. Оқушылардың білімдерін бағалап, талдау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ Тақырып 5.7

САБАҚ ЖОСПАРЫ Тақырып 5.7

Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі? Өткеннің жақсы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді

Сөйлемде бірыңғай мүшенің қай түрі кездеседі? Өткеннің жақсы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді

Ақыры, ұлы ақын көтеріліс қасапшыларының бірі

Ақыры, ұлы ақын көтеріліс қасапшыларының бірі

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қай жылдары болды?

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс қай жылдары болды?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020