Сабақ жоспары 4-сынып
Оценка 4.7

Сабақ жоспары 4-сынып

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
родителям
4 кл
07.12.2018
Сабақ жоспары 4-сынып
Бұл орыс мектебіндегі қазақ тілі пәнінен 4-сыныпқа арналған сабақ жоспары. Бұл сабақта оқушылар жабайы аңдар туралы толық мағлұмат алады. Топпен жұмыс жасауға дағдыланады. Грамматикалық тапсырмалар арқылы сауатты жазуға үйренеді. Дидактикалық ойындар арқылы қазақша сөздерді анық айтып, дұрыс дыбыстап, сөйлеу тілдерін жетілдіреді.
Сабақ жоспары 4-сынып.docx
Пәні: Қазақ тілі  Сабақтың тақырыбы:                                          «Жабайы аңдар» Мақсаты:     Ормандағы жабайы аңдар туралы түсініктерін  кеңейту. Аңдардың   маусымдық     тіршілігін   және   орманда   қалай   тіршілік   ететінін   түсіндіру. Жабайы аңдарды айыра білуге, атай білуге үйрету. Жануарларға қамқорлық қажет екенін айтып түсіндіру. Дамытушылық: сұрақтар қойып, тақпақ айтып, жұмбақ жасыру арқылы сөйлеу  белсенділіктерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: балалардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін оятып, оларды қорғауға  тәрбиелеу. Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ­жауап, ойын, әңгімелеу, СТО әдістері. Көрнекілігі: интерактивті тақта слайдтары, мазмұнды суреттер, дидактикалық  материал, атрибуттар. Тілдік мақсат:  жабайы – дикие аңдар – звери қоян – заяц түлкі – лиса аю – медведь қасқыр – волк асырайды – кормят ешкім бақпайды – никто не заботится Балалар, бүгін біз кең және жарық бөлмеде кездестік. Қане бәріміз бір­біріміздің І «Қызығушылықты ояту» Шаттық шеңбер: Балалар шеңбер құрып тұрады ­ қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер құрайық. Қандай тамаша! Осы шеңберде бір­бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық. Кел, балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек Көңілді боп жүрейік   ­ Жарайсыңдар балалар! ІІ «Мағынаны тану»  ­ Сендер орманға барғыларың келе ме? ­ Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.  Жұмбақтар жасыру   1. Орманнан жалпақ  даладан, Бал іздеп бір аң жортады.                                Кіп­кішкене арадан,  Үп­үлкен болып қорқады.                                                                                    2.Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады.                                                         3.Көп­көп ине, көп ине,     Бір сабағы жоқ ине,     Іс тікпейтін әрине.                                                    ­ Жұмбақтардың шешімін суреттерден көрдік. Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? ­ Жабайы аңдар.  ­ Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың  тақырыбы: «Жабайы аңдар» ­ Жабайы  аңға қандай аңдар жатады? ­ Қасқыр, аю, арыстан, жолбарыс. Мәтінмен жұмыс Жолбарыс, аю, арыстан, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі – аңдар. Аңдар далада,  орманда тіршілік етеді.Оларды ешкім бақпайды. Өз тамақтарын өздері  тауып жейді.Балаларын да өздері асырайды. Сондықтан оларды жабайы  аңдар дейді. Қыста орман суық болады. Сондықтан көптеген аңдар қыста  ұйқыға кетеді. Сирек кездесетін аңдарды сақтап қалу үшін оларды арнайы  ұйымдастырылған орындарда қорғайды. Олар қорық деп аталады. ­ Оқу ­ Аудару  ­ Постер қорғау Топпен жұмыс 1­топ: кластер құру  2­топ: диалог құру  3­топ: «Мені әңгімеле»(сурет бойынша мәтін құрастырады) Грамматикалық минимум 1­топ: Қандай? Сұрағына жауап беретін сөздерді тақтаға жазыңыз(Үлкен,  кішкентай, сары қу, жабайы, айлакер) 2­топ: Не істейді? Сұрағына жауап беретін сөздерді тақтаға жазыңыз(тіршілік  етеді, бақпайды, тауып жейді, асырайды, т.б.) 3­топ: Аңдар, үй жануарлары қалай дыбыстайды?(көрсетіңіз) ­ Жарайсыңдар, балалар! Сергіту сәті: Көжектерім тұршы, Беттеріңді жушы. Ну орманға барайық, Тамақтанып алайық. ­ Ал, балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды. ­ Балалар, енді бәріміз ойын ойнаймыз.  Дидактикалық ойын  «Кім жылдам» Ойын шарты: екі топқа аң суреттері беріледі. Суретті уақытқа құрастырып  сипаттайды. «Топтастыру» ­ Балалар, біз бүгін қандай аңдар туралы білдік?      Жабайы аңдар ­ Балалар аңдар қайда  мекендейді екен? ­ Орманда  ­ Жыртқыш аңдарға қай аңдар жатады? ­ Арыстан, қасқыр, түлкі, жолбарыс, аю, қоян ­ Олар немен қоректенеді? ­ Кішкентай аңдармен, шөппен ­ Қыс бойы ұйықтайтын аңдарды ата? ­ Аю, кірпі ­ Қорқақ аңды ата? ­ Қоян ІҮ Бағалау Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін айту Ү Үйге тапсырма  Аңдар туралы тақпақ жаттау

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып

Сабақ жоспары 4-сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.12.2018