Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"
Оценка 4.7

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
администрации
9 кл
29.03.2017
Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"
Оқу қазақ тілінде жүретін 9-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары "Сөйлем ішінде қолданылатын тыныс белгілер" тарауынан жаңа сабақ, жоспар бойынша 1 сабақ берілген. Сабақта оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері: топтық, жұптық, жеке-дара. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: СТО әдістері, іздендіру, салыстыру, шығармашылық жұмыстар, т.б.сабақ жоспары, презентация
ашык сабак жоспары.docx
Пән: қазақ тілі Сынып: 9а Оқыту тілі: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы:  Нүктелі үтір Сабақтың  мақсаты:  Білімділік: "Сөйлем ішінде қойылатын нүктелі үтір" тақырыбын меңгерту. Дамытушылық: оқушыларды сөйлем ішінде қойылатын нүктелі үтірдің орнын, қойылу жағдайларын айыра білуге үйрету; сөздік қорларын молайту, шығармашылық  қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: өзара достық қарым­қатынасқа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың  типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: іздену сабағы Сабақтың әдіс­тәсілдері: СТО әдістері: "Блум түймедағы", "Кластер", "Венн  Диаграммасы", карточкамен жұмыс, іздендіру, топтастыру, салыстыру. Сабақтың формасы: топпен, жұппен,  жеке. Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, сабақ тақырыбына байланысты  слайдтар, флипчарттар. Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосфераны орнату, топтарға бөлу. (Мақал­мәтелдердің ортақ тақырыптарына байланысты екі топқа бөлу) 1. Жаман дос көлеңке:  басыңды күн шалса,  қашып құтыла алмайсың;  басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың (Абай) 2. Екі жақсы қосылса, Өлгенінше дос болады. Екі жаман қосылса, Өлгенінше қас болады. 3. Жолдасың жақсы болса, Жолым ұзын деме. Жолдасың жаман болса, Қолым ұзын деме. 4. Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты. 5. Еңбек патшалықты асырайды. 6. Еңбек түбі ­ береке. 7. Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады. 8. Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер. Топ басшыларына бағалау парағын беру. Үй  тапсырмасы Топпен жұмыс Карточкамен жұмыс Салыстыру Түймедақ  сұрақтары Жалпы баға Бағалау парағы: № Оқушының  аты­жөні 1 2 3 4 Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыпқа шолу жасау. Берілген мақал­мәтелдерді оқытқызып, "Сөйлем ішінде қойылатын  тыныс белгілер. Үтірдің қойылу орындарын" қайталау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Нүктелі үтір бар мақал­мәтелге назар аудартқызу, сабақтың мақсатын  айтқыздыру. Жаңа сабақты меңгеру Топпен жұмыс:  1. Тақырыпты өздігінен оқу, топта талдау; 2. Постер толтыру; 3. Постерді қорғау; 4. "Екі жұлдыз, бір тілек". Интербелсенді тақтамен жұмыс. Нүктелі үтір қойылмаған сөйлемдерге жетіспейтін тыныс белгісін қою. Карточкамен жұмыс Мәтінді оқып шығып, нүктелі үтірді қажет жеріне қойыңдар. 1) Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне  жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса,  жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады.   2) Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады; біреуі оның  атын атап айқайлады; енді біреулері ерсілі­қарсылы жүгірді.  3) Кісіге біліміне қарай болыстық қылады; татымсызға қылған болыстық  өзі адамды бұзады.  4) Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық; сақалын сатқан  кәріден еңбегін сатқан бала артық. 5) Байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан Днепрдің  жағасында өткізді; көздің жасындай мөлдір суында талай қаздай қалқып жүзді; жасыл шалғынына талай аунады; тоғайын талай кезді.  Балалар бағалау критерийлерін шығарып, жұппен бір­бірін бағалайды.  Барлығы 11 нүктелі үтір: "3" ­ 5­7; "4" ­ 8­9; "5" ­ 10­11. Салыстыру (Венн Диаграммасы арқылы нүктені нүктелі үтірмен салыстыру) Топ басшылары интербелсенді тақтада салыстырмалы кестені  толтырады.  Бекіту кезеңі "Блум түймедағы" әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімдерін  тексеріп, бекіту. Үй жұмысына: 184, 185 ­ жаттығулар. Нүктелі үтірді пайдаланып 5 сөйлем құру.  Бағалау  Бағалау парағында жиынтық бағаны шығару. Оқушының аты­жөні: __________________________ Мәтінді оқып шығып, нүктелі үтірді қажет жеріне қойыңдар. 1) Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді  үстіне  жапса, астына салуға жетпейді  басына жастануға қалмайды  жатса,  жанбасына салуға жетпейді  жата қалса, жанбасына жер батады.   2) Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады  біреуі оның  атын атап айқайлады  енді біреулері ерсілі­қарсылы жүгірді.  3) Кісіге біліміне қарай болыстық қылады  татымсызға қылған болыстық  өзі адамды бұзады.  4) Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық  сақалын сатқан  кәріден еңбегін сатқан бала артық.  5) Байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан Днепрдің  жағасында өткізді  көздің жасындай мөлдір суында талай қаздай қалқып жүзді  жасыл шалғынына талай аунады   тоғайын талай кезді. Оқушының аты­жөні: __________________________ Мәтінді оқып шығып, нүктелі үтірді қажет жеріне қойыңдар. 1) Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді  үстіне  жапса, астына салуға жетпейді  басына жастануға қалмайды  жатса,  жанбасына салуға жетпейді  жата қалса, жанбасына жер батады.   2) Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады  біреуі оның  атын атап айқайлады  енді біреулері ерсілі­қарсылы жүгірді.  3) Кісіге біліміне қарай болыстық қылады  татымсызға қылған болыстық  өзі адамды бұзады.  4) Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық  сақалын сатқан  кәріден еңбегін сатқан бала артық.  5) Байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан Днепрдің  жағасында өткізді  көздің жасындай мөлдір суында талай қаздай қалқып жүзді  жасыл шалғынына талай аунады   тоғайын талай кезді.  Павлодар облысы, Ертіс ауданы,  М.Горький жалпы білім беру орта мектебі Сабақ талдауы Сынып: 9 Оқу тілі: қазақ тілі Пән: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Нүктелі үтір Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: іздену сабағы Сабақтың мақсаты: Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақты  меңгерту, "нүктелі үтір" белгісінің қойылу орындарын атау. Сыныпта барлығы 8 оқушы оқиды, пән бойынша І жарты жылдықта  үлгерім көрсеткіші ­ 100%, сапа көрсеткіші ­ 62,5%.  Оқу бағдарламасына сай құрылған күнтізбелік жоспарда бұл сабақ ­   "Тіл мәдениеті және пунктуация" тарауындағы, оның ішінде "Сөйлем ішінде  келетін тыныс белгілер" бөлімінің төртінші сабағы.   Сабақта қолданылған жұмыс түрлерінің  қысқаша мазмұны: Жұмыс түрі Қысқаша мазмұны Ұйымдастыру кезеңі  (Ынтымақтастық  атмосфераны орнату). Үй жұмысын тексеру. Топпен жұмыс Үш жұлдыз, бір тілек. Интербелсенді тақтамен  жұмыс Карточкамен жұмыс Жұппен өзара тексеру "Венн Диаграммасын"  толтыру "Блум түймедағы"  сұрақтарына жауап беру Үй жұмысына тапсырма  беру Бағалау Даңқ аллеясы   Топта оқушылардың өзара бірлестікте,  ынтымақтастықта жұмыс жасау үшін  ұйымдастырылған. "Сұрақ­жауап" әдісі арқылы оқушылардың  өткен тақырып бойынша білім, білік,  дағдыларын тексеру, бекіту; жаңа сабақпен  байланыстыру. Оқушылардың жаңа тақырыпты өздігінен  меңгеру. Формативті бағалау. Мысал негізінде теориялық білімдерін  практикада қолдануға үйрету.  Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған  теориялық білімдерін практикада қолдана алуға  дағдыландыру. Бағалау критерийлерін құруға және әділ  бағалауға үйрету Сөйлем ішінде келетін екі тыныс белгісін  салыстыру (үтір ­ нүктелі үтір) арқылы топ  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына түрткі  жасау. 6­түрлі сұрақ арқылы оқушылардың сабақта  алған білімдерін тексеру, бекіту. Нүктелі үтір тақырыбы бойынша білімдерін  бекітуге арналған деңгейлік тапсырмалар беру. Бағалау парағында жиынтық баға шығару Оқушылардың сабақта алған әсерлерін, көңіл­ күйлерін тексеру. Қорытынды: жалпы оқушылар сабақтың басында өздері қойған сабақ  мақсатына жетті. "Нүктелі үтірі" тақырыбын жеткілікті деңгейде меңгерді.  Сабақта белсенді қатысып, жоғары нәтижені көрсеткен оқушылар: Серік,  Олжас, Дана, Дархан ­ "5" бағасын, қалғандары ­ "4" бағасын алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:         Сагинова Н.Д.

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"

Сабақ жоспары 9-сынып "Нүктелі үтір"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017