ВАШЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО
О ПУБЛИКАЦИИ В СМИ И РЕЦЕНЗИЯ
бесплатно за 1 минуту
Добавить материал
Количество Ваших материалов: 0.
Авторское
свидетельство о публикации в СМИ
добавьте 1 материал
Свидетельство
о создании электронного портфолио
добавьте 5 материала
Секретный
подарок
добавьте 10 материалов
Грамота за
информатизацию образования
добавьте 12 материалов
Рецензия
на любой материал бесплатно
добавьте 15 материалов
Видеоуроки
по быстрому созданию эффектных презентаций
добавьте 17 материалов
Айгуль Малбагарова Свидетельство о публикации Рецензия
Свидетельство Скачивание доступно только автору
сабақ  жоспары Жақсылық жасау өз қолында

сабақ жоспары Жақсылық жасау өз қолында

Тақырыбы: Жақсылық жасау өз қолыңда Мақсаты: Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы, «жақсы адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру. Міндеттері: - Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру, жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға тәрбиелеу. 1. Ұйымдастыру бөлімі Алдымен оқушыларға өздеріне ұнаған түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа бес оқушыдан бөлдім: сары, жасыл, қызыл пішіндер) Сол түстер бойынша топқа бөлінеді. Шаттық шеңбері: -Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жаным толған жақсылық» деп аталады. Тәрбие сағатамызды адамдарға жақсылық жасау туралы өз ойларымызды айтудан бастайық. -Мен адамдарға қызмет еткім келеді. -Мен әрдайым басқалардың жағдайын ойлаймын. -Мен басқалардың сұрауын күтпей жақсылық жасауға тырысамын. Күннің суреті бойынша қажетті сөздерді айт. 1.Бозарып таң атты: Не деу керек? (Қайырлы таң!) 2.Жарқырап күн шықты: Не деу керек? (Қайырлы күн!) 3.Қызарып күн батты: Не деу керек? (Қайырлы кеш!) -Сендер үлкендерге көмектескен жағдайларың болды ма? -Жақсылықтың өтеуі немен қайтады? (Алғыспен) Балалар сөзі: Жанашырлығы Қамқорлығы үшін Жақсылық үшін Көмегі үшін Ақылдылығы үшін Жақсы мінезі үшін Топтастыру немесе Кластер стратегиясы бойынша І топ: «Жақсылық» деген сөзге ІІ топ: «Жамандық» деген сөзге ІІІ топ: жақсылық пен жамандық туралы мақал мәтел жазу ІV топ: Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады? - Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма? Жақсылық туралы қандай тақпақтар білесіңдер? 1.Жұмсағанда баратын, Айтқан тілді алатын. Мен боламын Дильназ, 2.Бүгін үлкен салтанат, Менің атым,Досымжан. 3.Сәулелі де сымбатты, Сөйлегенім тым тәтті. Алуа деген қыздарың, Сіздерге арнап тіл қатты. 4.Дарасы болар даланың, Темірлан деген баламын. 5.Бармағынан бал тамған, Балдай тәтті мен Асыл. 6.Жақсылықты жақтайтын, Бәрін біліп жаттайтын, Әлем жігіт мен болам. 7.Еркежан қызбын кең маңдай, Әдемімін мен қандай. 8.Айым деген баламын, Есепті мен шағамын. 9.Көп оқитын,көп тоқитын Менің атым Нарғыз . 10.Ай мен күні анамның, Ақылдысы атамның, Мен Анель боламын. 11.Би билеймін айнала, Менің атым МАРЖАН . Армысыңдар,ұстаздар, Болашаққа жол бастар, Мен боламын Жанерке Білім деген ғажаптың,Темірлан қайратов Әліппесін меңгерген. Болашағы қазақтың, Басталады біздерден. Жағдаяттан шығу. -Сен демалуға тоғайға келіп едің. Ол жерде қоқыс көп екен. Егер адамдарға қызмет еткің келсе,не істейсің? (Балалардың жауаптары тыңдалады). «Жүректен-жүрекке» (Қағаз жүрекке жазылған жақсы сөздерді сыйлау). -Балалар, «Жақсы сөз –жарым ырыс»дейді халқымыз,ендеше жақсы сезімдеріңізді аямаңыздар. Адам жақсы істері үшін алғыс пен бата алады. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер! 1-оқушы: «Сіз», «біз» деген жылы сөз- Жылытады жүректі Жақсылық билеп жанды тез Оятады игі тілекті. 2-оқушы Біреуге біреу жақсылық Тілесе әркез жаны ашып Осы бір,шырын тәттілік Тұрмай ма жанға жарасып! 3-оқушы Баршаға керек –жақсылық! Жақсылық сүйер жанымыз Баршаға жетер жақсылық! Қызғанбай бөліп алыңыз! Мұғалі м: -Туысқа да,досқа да Жақсы сөздер арнаймын Танысқа да,басқа да Жақсы сөздер таңдаймын. Ойын: «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?» \ Суреттер: ағаш, құс, мысық, т.б\ Балалар суреттің қасына керекті суреттерді іледі. -Мен гүлге су құйып, күтер едім, себебі одан да жайқалып өссін. -Мен ағашқа ұя іліп, құстарға қамқорлық жасар едім. -Менде құсқа жем салғыш қойып, дән салар едім. -Ал мен, мысыққа сүт берем, қарны тоқ болсын. Жақсылық туралы қандай әңгіме, білесіңдер! 1. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»- 2. Шегіртке мен құмырсқа 3. Жақсылардың жақсысы. Нағыз адам. Дәйексөз «Жақсылыққа жақсылық-адамдықьың белгісі» Мейірімді адамның жасағн жақсылығы өзіне жақсылық болып оралады, біреуге жақсылық жасап, әрқашан қол ұшын беріп көмектесссең сол жақысылық өзіңе мол бахыт, қуаныш боылп оралады. Мақал-мәтел айту: жамандық, жақсылық туралы әр топқа айтқызу: Бір ертегіні тамашалайық : Автор: — Бір күні қараторғай қанаты бекіп, қатайған соң,ұшуды үйренді. Бақ үстінде шарықтап біраз ұшты да, қайыңның басна келіп, қонды. Айналасына сүйсіне қарап: Қараторғай: — Жарық дүние неліктен жақсы? Шиқ – шиқ – шиқ. Автор: — Бұлт арасынан жарқырай шыққан Күн балапан қараторғайға мейірлене жымия қарады. Күн: — Біз бәрімізде, әйтеуір бір жақсылық істейміз, сондықтан жақсы. Қараторғай: — Күн сенің қандай жақсы істерің бар? Күн: — Мен бе? Мен адамдарға жарық пен жылу беремін. Ал. Өзің не істейсің? Автор: — Балапан қараторғай әлі ештеңе істеуді білмейтін еді, не айтарын білмей, жаман састы. Ұялғанынан әрең көтеріліп ұшып, көлеңкеге жасырынды. Қалың бұтақтардың көлеңкесіндк ұзақ отырып, біраздан соң қайтадан шиқылдайды. Қараторғай: — Жарық дүние неге соншама жақсы екен? Автор: — Кенет жауын сіркіреп, жапырақтарды тырсылдата бастайды. Жауын: — Жақсы болатын себебі, біз бәріміз әйтеуір бір қолымыздан келген қайырымдылық жасаймыз. Қараторғай: — Жауын, сен қандай қайырымдылық жасайсың? Жауын: — Мен дүниедегінің бәрін тазалап, жуамын және таза сумен сусындатамын. «Жаңбыр» әні орындалады. — Сен өзің не істейсің? Автор: — Балапан қараторғай тағы да ұялды. Ол пыр етіп ұшты да, басқа бұтаққа барып қонды. Осы кезде желкесінде қызыл телпегі бар үлкен шұбар құс келіп, ағаштың діңіне қонды. Жайғасып алған соң, ол ағаш қабығын «түк, түк, түк» еткізіп, тұмсығымен шоқып, тесе бастады. Қараторғай тұмсығымен қауырсындарын тарап қойды да, сұрағын қайталады. Қараторғай: — Жарық дүние неге жақсы? Шұбар құс: — Бәрімізде бір жақсылық жасаймыз. Сондықтан ол жақсы болады да. Қараторғай: — Сен өзің кімсің? Қандай жақсылық жасайсың? Шұбар құс: — Менің атым – Тоқылдақ. Зиянды құрттар мен қоңыздарды жеп, ағаштарды қорғаймын. Сондықтан мені «Орман санитары» дейді. Өзің не істейсің? Автор: — Қараторғай не дерін білмей, пыр етіп ұшып, бір түп раушан гүлінің арасына қонып жасырынды. Ақ гүлдей жайқалған раушанның хош иісі аңқып тұр еді. Қандай тамаша! Қараторғай қалай шыдасын, тағы да шиқылдады: Қараторғай: — Бұл дүние неге соншама жақсы? Ара: — Оның жақсы болатын жөні бар. Біз бәріміз де жақсы істер жасаймыз. Қараторғай: — Міне, керемет! Құрттақандай болып сен де бірдеңе істей аласың ба? Ара: — Енді ше, енді қалай?! Мен бал жинаймын. Бір гүлден екіншісіне алтын тозаңдар тасимын. «Мен арамын» әнін орындайды. — Ал, өзің ше, не істейсің? Автор: — Қараторғай ұяттан жерге кіріп кете жаздады. Қанатын жалп еткізіп, бұта түсіндегі шөп арасына қойып кетті. Сәл тынышталған соң, тағы да сызылта сайрады: Қараторғай: — Жарық дүние неліктен жақсы? Автор: — Топырақ арасынан жорғалап шығып келе жатқан жауын құрты бұл сұрақты естіп қалған екен, шіңкілдеген дауыспен жауап берді. Жауын құрты: — Бәріміз де жақсы іс істейміз ғой. Сондықтан дүние жақсы. Қараторғай: — Ойпыр – ай, сенің қолыңнан не келеді, түрің мынау? Жауын құрты: — Топырақты қопсытамын, сонда өсімдіктер жақсы өседі. Бұдан артық жақсы іс бола ма? — Өзің не істей аласың? Автор: — Осы арада қараторғай ашуланды, тіпті құртты шоқып жеп қойғысы келді. Алайда үлгермеді. Құрт топырақ арасына кіріп кетті. Балапан қараторғай қайың ағашына келіп қонды да: Қараторғай: — Құдай – ау, ұятқа қалмау үшін не істеуге болады өзі? Автор: — Ия, айналада бұрынғыдай бәрі жақсы, тамаша, журекті қуанышқа бөлейді. Кенет ол өмірі айтып көрмеген бір әдемі сазды әуенге салып, әндете сайрай жөнелді. Қараторғай: «Қайырлы таң!» әнін орындайды. Автор: — Бақ ішіндегілердің бәрі ұйып, сүйсіне тыңдады. Барлығы: — Қандай тамаша! — Керемет ән! — Жарайсың! «Ән – көңілге қуаныш, Шерліге жұбаныш» — дейді. Қарторғай табиғаттың әсем де керемет, ғажап көрінісін осы бір шумақ әнмен жеткізді. — Балалар, сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма? — Қай тұстары ұнады? (балалардың жауабы) — Табиғат өмір үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты, — олай болса, осы бір дүниенің ғажайып кереметін аялайық, қорғап, сүйіп, жүрегімізді қуанышқа бөлейік. Мақал-мәтелдерді жалғастыр: 1.Жаманмен салысып, .....болмайсың. (жақсы) 2.Жаманға оқ өтсе де - .....өтпейді. (сөз) 3.Жақсылық - .....тұрмайды, (ұзақ) Жамандық - әркез тозбайды. 4.Жақсы - жаны .....тыңдайды. (еріп) 5.Жақсының - .....ашық. (жолы) 6.Жақсылыққа жақсылық - .....кісінің ісі, (әр) жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі. 7.Жақсыда .....жоқ. (жаттық) 8.Жаманнан туған жақсы бар - атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған..... - бір асым етке алғысыз. (жаман бар) 9.Жаманменен дос болсаң - сыртыңнан жүрер....... (өсектеп) 10.Жақсыдан болат ұл туса - жауырынынан өтін алса да, ..... жалынбас. (жамандарға) 11.Дүние жеткізбейді ойласаң да, Жақсы артық әзілдесіп .....да. (ойнасаң) 12.Ауыл малы бұралқы - ақылы жоқ....... (жаманға) Қайын болмас - қабанда, тойым болмас - жаманда. 13.Жолдас болсаң .....- жолың жетер Қырымға, (жақсымен) Топқа кірсең әркіммен - таласарсың орынға. 14.Ісің түссе .....- қолы кетпес жағаңнан. (жаманға) Аяқталмаған сөйлемдер - Бұл өмір маған –.. - Өмір мен үшін -... - Өмір сүру -... - Өмірдің мәні -.. - Мен өмірге -.. - Өмірдегі қуанышым -.. Өміршеңдік ережесі: Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау, Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптану. Ризашылық,жақсылық-бұлар маңызды рухани құндылықтар екен. Сіздер кімге ризашылық білдіргіңіз келеді? Гүл жиектеріне толтырайық. Ризашылық: -Елбасымызға -Әкеме -Анама -Ұстазыма -Досыма жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережесін айтайық: Жігер деген- Мен. Күш деген – Мен. Махаббат деген- Мен. Кешірім деген- Мен. Құдірет деген- Мен. Жасөспірім деген- Мен. Адамгершілік деген- Мен. Денсаулық деген- Мен. Адалдық деген – Мен. Жарқындық деген- Мен. Бар ғажайып деген- Мен. Жақсылық деген – Мен. патриот деген- мен Хормен: Бәрі маған байланысты, бәрі менің қолымда, әрқашанда жақсылық жанымда жүреді. Әнұран : орындалады

  • Занимательные материалы
  • Воспитательная работа
  • 3 кл.

закрыть
НОВОЕ СООБЩЕНИЕ
Администрация «Знанио»
Здравствуйте, проверьте свои знания
во Всероссийских педагогических тестированиях:

- выберите тему
- пройдите небольшой тест
- получите СЕРТИФИКАТ ОТЛИЧИЯ