Менің арманым. Бұл оқушыларға арналған тәрбие сабағында қолданатын сабақ материалы. Оқушылар өз арманы туралы жазба түрде орындауға да болады. Немесе әр оқушы өз арманы жолында ойланып дайындалуына мүмкіндік береді. Оқушы бала жастан арман қиялына еніп, өзінің өмір жолына үлкен дайындықты бастайды.Менің арманым
Бекітемін:
Сынып сағаты.
Тақырыбы:
«Менің арманым»
Күні: 26.01.
Мектеп: № 17
Мұғалімнің атыжөні:
Сыныбы:
Қатысқандар
саны:
Сабақтың
мақсаты:
Ұйымдасты
ру кезеңі:
Сабақтың
басы:
Сабақтың
ортасы:
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық жүргізу. Оқушылармен
амандасу
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті оқушылар ! Бүгінгі 7
«Б» сыныбының Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған
«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты сынып сағатына
қош келдіңіздер! Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар
тіл жанашырлары!
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі
тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз
таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық
байлығы әр елдің мақтанышы. Ол атаданбалаға мирас
болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, өз ана
тілімізді құрметтеу перзенттік парызымыз екенін
ұмытпайық. Тіл – халықтың тарихы, тілұлттық қазына,
тілбіздің намысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.
Менің арманым
Армансыз адам болмайды. Менің де өз арманым бар. Менің арманым
ата анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп
армандарым орындалады деп сенемін. Атаанам,сіңлілерім,туыстарым
барлығымыз бір отбасы болып мерекелерде үлкен дастархан басында
бас қоссақ, мен қатты қуанамын.
Менің кішкентай сіңлім дүниеге келгенде үйдегілердің барлығы қатты
қуанды. Мен де қуанышты болдым. Біздің отбасында төртінші қыз
бала дүниеге келгендіктен, апам оның есімін Ұлжан деп атады. Себебі,
бұл есімнің мағынасы қыз артынан ұл ерсін дегені. Ұлы Абай
атамыздың анасының аты Ұлжан болған екен. Анасы өте ақылды ана
болыпты. Сол сияқты менің де сіңлілерім ақылды болып өссе екен
деймін. Мен үйдің үлкенімін. Сабақтан қолым босағанда сіңлілерімді
ойнатамын, оларға қарап жүремін. Атаанамыз біздерді қатты жақсы
көреді. Әрине, атаанамыз үшін біздер олардың көз қуанышымыз,
бірақ, әр отбасында ұл баланың орны қашанда бөлек болатынын мен
жақсы білемін. Сондықтан да, менің ең үлкен арманым үйге тағы да
кішкентай нәресте келсе, ендігі нәресте ұл бала болса екен деп
армандаймын. Анам ұл баланы дүниеге әкелсе, менің ең үлкен
арманымның бірі орындалар еді. Мен оның атын өзім қояр едім. Күнде
Нақыл сөздерсабақтан келген соң, ойнамасам да, анамның жанынан кетпей,
нәрестеге қарауға көмектесіп, бесігін тербетіп, әлдиін айтар едім.
Мен арманымның орындалуын асығаасыға күтемін. Менің осы жазған
арманымды оқып отырған сіздің де армандарыңыз орындала берсін
деп эссемді аяқтаймын.
Менің арманым.. . . Армансыз адам – қанатсыз
құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр
жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі,
өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның
үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу. Бала
күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның
ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым.
Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі
алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.
Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма
айналды. Журналист – қарапайым халық пен
жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек
шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам
ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен,
ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен
сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам. Мен
де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім
келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын,
шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы
болғым келеді! Кім біледі, менің бүгінгі арманым –
ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым
– ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым
болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде
орындаймын!
«Мақал
сөздің
мәйегі»
1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
3. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
4. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
5. Бал тамған тілден ... (у тамған).
6. Тіл қылыштан ... (өткір).
7. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
8. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).
Кезек
оқушыларда
Тілім меніңтірлігім
Тіл жайында толғанбайтын кім
бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді
кім?
Тілім меніңтілім менің тірлігім!
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқымАна тілім тірлігімнің тірегі
Тілмен ғана кірер адам реңі
Тілсіз қоғамөлі мынау дүниеде,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілімәрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ойсананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге жалғасы.
Қазақ тілімөз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана
тілім.
Қастерлейді ұлқызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім.
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем
де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер
ем!
… Оты сөнген жалғанда жан
барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал
менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста :
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар
алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар
ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Қорытынд
ы:
Мұғалім: Ана тілі көңіліңе гүл егер,
Ана тілі ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу бір өнер,
Ана тілде таза сөйлеу – шын өнер.
Сөз соңында
өз
тұжырымда
рын шығару
Ана тілімізде таза сөйлеп, бүкіл құнары мен нәрін
бойымызға сіңіре білейік.
Құрметті оқушылар мерекелеріңіз құтты болғай! Сынып
сабағымыз өз мәресіне жетті. Еліміз аман, жұртымыз
тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі, қазақ тіліміз тұғырлы
болсын!