Ұлағатты есім. Бұл тақырыппен оқушыларға тәрбие сабағында жұмыс істеуге болады. Қазақ тарихында өптеген атақты да даңқты есім иелері бар. Олар өз елінің тарихына сүбелі үлес қосқан.Со тарихи тұлғалардың есімін иеленген балалар да баршылық.Оларға өз есімдері туралы түсінік беріп, есімнің тарихын үйрету керекҰлағатты есім
Ұлағатты есім.docx
Мерзімі: 6.10. Сыныбы:
Тақырыбы: «Ұлағатты есім»
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу,
сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.
Мұғалім оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.
Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Н.А.Добролюбов
1жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Күрең күздің жанға
жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл
мерекелеріміз Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай 7 «Б»
сыныбының оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге
жақсы мерекелік көңіл күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек.
2жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар! Ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын.
Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұлағатты есім» атты ашық
тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі
мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.
Яғни ұстаз адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білімтәрбие
ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға.
1жүргізуші: бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды «Ұстазым менің» әнімен бастаймыз.
Орындайтын
2жүргізуші: Нұрасыл қазақтың тұңғыш ұстазын білесің бе?
1жүргізуші: Әрине Ыбырай Алтынсарин.
2жүргізуші: дұрыс айтасың. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалымжазушы
Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем
әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың
бай тілін меңгеріп, өнербілімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқын оқубілімге
шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш
қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып,
бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.
1жүргізуші: Жадыра келесі кезекті биші қыздарымызға берсек қалай болады?
2жүргізуші: Жақсы,берсек берейік.
1жүргізуші: Олай болса құрметті қонақтар биші қыздарымызды қарсы аламыз. « Керім
ай » биімен қарсы аламыз.
2жүргізуші: Бәрекелді қыздар, өнерлерің өрге жүзсін. 1жүргізуші: Келесі кезекті сыныбымыздың оқушыларына берсек. Ұстаздарға деген өлең
жолдарын арнамақ.
Қайыржан: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,
Сен ұялдың кір болса менің жейдем.
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең
Қарақат: Алғаш рет оятқансың санамды,
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Арман: Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолықиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Данияр: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Ұлболсын:Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Есжан:Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
Лена: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыныбала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.
Асем: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге. 2жүргізуші: Келесі кезекте Садыкбаева Гүлжананың «Алдаймын » биін қарсы аламыз.
1жүргізуші: Біз атаанамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу
парызымыз. Ән: «Әке,ана» орындайтындар: Худайбергенова Лена
2жүргізуші: Нұрасыл келесі кезекте ақын, жазушыларымыздың қанатты, нақыл
сөздеріне кезек берсек қайтеді?
1жүргізуші: өте жақсы Жадыра олай болса оқушыларымызды ортаға шақырамыз.
Рамазан: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»
Абай Құнанбаев
Лена: Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей
сезінемін.
С.Қожамқұлов
Нұрболат: Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Ы.Алтынсарин
Аян: Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Абай Құнанбаев
Назерке: Қайратсыз ашутұл,
Тұрлаусыз ғашықтұл,
Шәкіртсіз ғалымтұл.
Абай Құнанбаев
Бердәулет: Ұстаздық ету өзінің уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.
Аида: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға
үйретеді.
Д.Дистерверг
Назерке: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы –
мұғалім.
Ғ.Мүсірепов Нұрайна: Мұғалім оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол
оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.
Н.А.Добролюбов
2жүргізуші: Келесі кезекті әнші қыздарымыздың орындауында «Ұстазым» әніне береміз.
Орындайтын: Мамиртаева Қарақат, Бисенбаева Аида, Назырбаева Ұлболсын
1жүргізуші: Ұстаз ақылойы мен күшқуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді.
Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады.
Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды
ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген
қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.
2жүргізуші: Ұстаздар баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызда береке бірлік,
жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
12 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! № 17 орта мектеп
Тақырыбы: Ұлағатты есім
Сыныбы: 7 «Б» С/ж: Абдыжалова М
20172018 оқу жылы
Сабак такырыбы: Улагатты есим
Сабак такырыбы: Улагатты есим
Сабак такырыбы: Улагатты есим
Сабак такырыбы: Улагатты есим
Сабак такырыбы: Улагатты есим
Сабак такырыбы: Улагатты есим
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.