Сабак жоспары
Оценка 4.9

Сабак жоспары

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
администрации
1 кл
10.02.2017
Сабак жоспары
Сынып: 1 «А» Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру,білімдерін толықтыру.Жаңа лексикалық тақырыпты неше? нешінші? сұрағымен байланыстыра отырып сұрақтарға дұрыс жауап бере білуге машықтандыру, жаңа тақырыпқа қатысты сөздік қорларын кеңейту. 2. Дамытушылық: Сөйлеу және ойлау қабілеттеріне байланысты тапсырмалар арқылы оқушылардың сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту, жекелей жұмыстарды орындау мақсатында іскерлікке машықтандыру; 3.Тәрбиелік: «Ойын технология арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту» шапшандыққа,алғырлыққа, ұжымдылыққа баулу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе,тән дыбыстардың суреттері, оқулық, аудио диск, натуралды жұмсақ ойыншықтар. Сабақтың әдіс-тәсілдері: жекелей жұмыс, интерактивті тақтада жаттығу жұмысын орындау,сұрақ-жауап, жұптық оқыту әдісі, диалогтік әдіс түсіндіру,бағалау,қорытындылау. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, математика, ән-күй сабағы. Сабақ түрі: жаңа сабақ Оқытудың формалары: жұптық, ұжымдық, индивидуалды форма. Сабақтың технологиясы:Ойын технологиясы, дамыта оқыту,проблемалық оқыту,ұжымдық оқыту әдісі,АКТ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Қонақтармен амандастыру.
1 б сабақ жоспары 2015.doc
Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Сәлем, бұл мен! Ә дыбысы Сабақтың мақсаты: Білімділік:  оқушыларды   сәлемдесуге   үйртеу,   Ә   дыбысының   айтылу,   жазылу ерекшеліктерін қайталау. Қазақ тіліне тән ә дыбысын жете меңгерту. Тәрбиелік:  Оқушыларды   әдептілікке,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсете   білуге тәрбиелеу. Дамытушылық:  Қазақ   тіліне   ғана   тән   ә   дыбысының   оқылу,   айтылу,   жазылу заңдылықтарын жете түсіндіру. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың барысы: Ә дыбысы туралы мәлімет беру. Оқушының ана тілінде ә дыбысы туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.  Сөздікпен жұмыс: ­ мұғалім бірнеше рет оқиды, түсіндіреді; ­ оқушылар мұғалімнен кейін жаңа сөздерді қайталап айтып отырады; ­ жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады; ­ сурет бойынша жұмыс; ­ оқылым; ­ жазылым.          1. Ә дыбысына байланысты қайталау жұмысын жүргізу. 2.   Ә   дыбысына   берілген   сөздермен   тақта   алдында   жұмыс   жүргізу.   Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу мақсатын көздеп жұмыс жасау. 3. Оқылым. Мәнерлеп оқуға төселдіру. 4.   Тапсырма   бойынша   әр   балаға   жеке­жеке   тапсырма   беру.   Олардың   әрқайсысына жеке­жеке көмек көрсету. Сұрақ –жауап жасату. 5. Жазылым. 5­тапсырма бойынша жеке жұмыс жасату. Тақта алдында жұмыс жасап, тапсырманы тексеру. 6.   Сөйлесім   әрекетін   жандандыру   мақсатында   сөйлемдерді   оқытып,   мағынасын түсіндіру. 7.   «Есіңде   сақта!»   атты   тапсырмамен   практикалық   жұмыс   жүргізу.   Әр   оқушыны қимылын жалғастыра сөйлету тілдесім әрекетіне жетелеу. ІV. Жаңа сабақты бекіту: а) ә дыбысна мысалдар айтқызу; ә) ә дыбысына үш сөзден дәптерлеріне жазғызу; б) 3­4 оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту; в) сұрақ­жауап жасау.           V.Үйге тапсырма.____________________________ Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Ү ­ Ұ дыбысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ү­Ұ әріптеріне қайталау жасау мақсатында жаттығулар жүргізу арқылы дұрыс оқу және сауатты жазу жолдарын үйрету. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын түсіндіру. Өз беттерімен мысал келтіру жолдарын көрсету.  Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелесу Дамытушылық:  Оқушылардың сауатты  жазу,  дұрыс  оқу, қисынды  ойлау  қабілеттерін дамыту. Сабақтың мақсаты: Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Сөздікпен жұмыс жасау. 1. Сурет бойынша сөздерді оқып, ү­ұ дыбысын табу. Осы сөздерді оқушыларға кезекпен тақтаға жаздыру. 2. Жазылым. 2­тапсырма. 3.   Жұптық   жұмыс.   3­тапсырма.   Оқушыларға   өз   көршілерімен   сөйлесуді   оқыту. Практикалық жұмыс жасау. Оқушыларды тілдесімге тарту. 4.   «Үлкен»,   «кішкентай»   ұғымдармен   жұмыс.   Сурет   бойынша   және   қосымша   кеспе қағаздар   арқылы   оқушыларға   ұғымдарды   қайталатып,   саналарына   бекіту.   Практикалық жұмыс жасау. 5. Жазылым. 5­тапсырмадағы сөйлемдерді тақтаға жазғызып, ұ дыбысының астын сыздыру 5.   «Есіңде   сақта!»   атты   тапсырмамен   оқушыларға   практикалық   түрде   түсіндіру. Оқушыларды сөйлеуге жетелеу. Жолдастарына тапсырма беріп орындату. 6. Сергіту сәті. Жаңа сөздер бойынша диктант. Тақта алдында жұмыс. ІV. Жаңа сабақты бекіту: а) сурет бойынша жұмыс, оқу; ә) ү­ұ дыбысына әр оқушыға үш сөзден дәптерлеріне жазғызу; б) «үлкен», «кішкентай» ұғымдарына мысалдар айтқызу; в) мәнерлеп оқу сайысын өткізу. 1­тапсырма     V. Үйге тапсырма.___________________________________________________ Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: І ­ Ы дыбысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: І ­ Ы әріптерін және дыбысын үйрету. І әрпі и дыбысынан айырмашылығын игерту. Орыс тіліндегі ы дыбысынан айтылу ерекшелігін түсіндіру. Тәрбиелік: Оқу құралдарын күтіп ұстау туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу. Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс. 1. І­Ы дыбысына берілген суреттермен ауызша және жазбаша жұмыстар жүргізу. 2.   Қисынды   ойлау   қабілетіне   байланысты   2­тапсырманы   орындату.   Есте   сақтау қабілетін молайту мақсатында аударма жұмысын жасату. 3. Айтылым. 3­тапсырма. Сызба бойынша практикалық жолмен «ал», «бер» сөздерінің мағынасын түсіндір. Оқушыларға оқу құралдарымен практикалық жұмыстар істету. 4. Айтылым. «Ыстық», «суық» сөздерінің мағынасын түсіндіріп,                      4­ тапсырма бойынша сөз тіркестерін құрату. 5.   Жұптық   жұмыс.   5­тапсырма.   Оқушылар   сыңарларымен   кезек­кезек   сөйлесуді оқиды. 6.   «Жолдасыңа   тапсырма   беріп   орындат!»   атты   тақырыптағы   тапсырмалармен практикалық жұмыстар жүргізу. 7. Сергіту сәті. ІV. Жаңа сабақты бекіту: а) ы дыбысына үш мысалдан жазу; ә) ал, бер сөздерімен жұмыс; б) «ыстық», «суық» сөздеріне мысалдар айту. в) әр оқушы і дыбысына екі мысалдан айтады; г) мәнерлеп оқу дағдысын жалғастыру. V. Жаңа сабақты бекіту: VІ. Үйге тапсырма. Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Ө, Ң және Һ дыбысы.          Сабақтың мақсаты:          Білімділік: Ө әрпіне және дыбысына байланысты жаттығулар жасап, 1­сыныптан алған білімдерін жаңарту, о дыбысынан айырмашылығын түсіндіру. Тәрбиелік:  Бейбітшілік   құсы   –   көгершін   жайлы   тәрбиелік   мәні   бар   әңгіме   айту. Құстарға, оның ішінде көгершінге деген сүйіспеншілікті туғызу. Дамытушылық:  Дұрыс   оқу,   сауатты   жазу   дағдыларын   дамыту.   Мәнерлеп   оқу дағдысын дұрыс жолға қою.           І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың барысы: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Өткен ә, ү, ұ, і дыбыстарынан сөз диктантын алу.. ІV. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс. 1. Суреттер бойынша жұмыс. 1­тапсырма. 2. Оқылым. 2­тапсырма. Тапсырманы оқушыларға тізбекпен оқыту. Олардың қателерін дер кезінде түзетіп отыру. 3.   Айтылым.   3­тапсырма.   Үлгі   бойынша   сөйлеу.   Әр   оқушыға   жеке­жеке   тапсырма беру. 4. Айтылым. 4­тапсырма. Сөйлемдерді айтып, тақтаға жаздыру, ө дыбысының астын сыздыру. 5. Сергіту сәті. 6. Жазылым. 5­тапсырма. Сөздік диктантын жүргізу. Оқулық бойынша тексерту. 7. Айтылым. 6­тапсырма. Сандармен сөз тіркестерін құрап айту және жазу. V. Жаңа сабақты бекіту: а) ө дыбысына мысалдар; ә) сауатты жазу дағдысын тексеру. V. Үйге тапсырма.   Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Ғ­Қ дыбысы.  Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Қ   әрпіне   байланысты   жаттығулар   жасау   арқылы   к   дыбысынан айырмашылығын көрсету. Ғ әрпіне байланысты қайталау жұмыстарын жүргізу. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын жете түсіндіру. Орыс алфавитіндегі «г» әрпімен салыстыру. Тәрбиелік:  Оқуға, білімге деген құштарлықтарын, қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті тудыру үшін тәрбиелік мақсатта әңгімелер жүргізу. Дамытушылық: Дұрыс оқу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіріп, дамыту Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ІV. Сөздікпен жұмыс. Қазір – сейчас                                                            аға ­ брат Күз – осень                                                                ағаш ­ дерево Күз айлары – осенние месяцы                                 сағат ­ часы Қыркүйек – сентябрь Қазан – октябрь Қараша ­ ноябрь 1.   Сурет   бойынша   қ­ғ   дыбыстарына   байланысты   ауызша   және   жазбаша   жұмыстар жүргізу. Сөздерді тыңда, қайтала (Аға, ағаш, сағат, Ғалымжан, қолғап) (қуыршақ, Қанат, жапырақ, қарындаш, қалам)  2. Жұптық жұмыс. Оқылым. Оқушылар өз парталастарымен жұмыс жасайды. 3. Жазылым. Тақта алдында жұмыс жасау, қ дыбысын тауып, асытын сызу. 4. Оқылым. Мұғалімнің үлгісінен соң, оқушылар кезекпен сөздерді оқиды, ғ дыбысын табады. 5. «Есіңе сақта!» атты тақырыптың тапсырмаларымен практикалық жұмыс жүргізу. 6. Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар. V. Жаңа сабақты бекіту, пысықтау: а) қ дыбысы бар сөздерден 3 мысал; ә) ғ дыбысына үш мысал айту; б) әр оқушыға бір есептен шығарту, сөйлету. VІ. Үйге тапсырма. Тексерілді_____________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________  Сабақтың тақырыбы: Ң ­ Һ дыбысы.  Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Тек   қана   қазақ   тіліне   тән  ң,   һ  әріптерін   және   дыбыстарын   қайталау. Оқылу, айтылу заңдылықтарын байқату. Модуль бойынша алған білімдерін жинақтау. Тәрбиелік: Үлкенге құрмет, ата­анаға көмек көрсету туралы тәрбиелік әңгіме жүргізу. Дамытушылық: Оқушыларды дұрыс оқуға, сауатты көркем жазуға дағдыландыру.           І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың барысы: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс. Аң – зверь                                                             жиһаз ­ мебель Шаңғы – лыжи                                                    айдаһар ­ дракон Жаңғақ – орех Қоңыр – коричневый цвет 1   –тапсырма.   Сурет   бойынша   Һ   дыбысымен   танысу.     Тақтаға   жиһаз,   айдаһар,   Гауһар сөздерін жазғызу, һ дыбысының астын сыздыру. 65­бет Сурет   бойынша  ң  дыбысын  және  оның  әріпімен  таныстыру. (шаңғы, аң,  жаңғақ, оң  қол, қоңыр)  2­тапсырма. Айтылым. Үлгі бойынша сөйлеу. Жұптық жұмыс. Сұрақ­жауап жасатып оқыту. 4. Сергіту сәті.  Тербеледі ағаштар, Алдымнан жед еседі. Кіп­кішкентай ағаштар, Үп­үлкен боп өседі. 5. Оқылым. Мұғалімнің көмегімен аударма жұмысын жүргізу. 6.   Жұптық   жұмыс.   Оқушылар   парталас   көршілерімен   сөйлесуді   оқиды.   Мұғалім   керек жерде ескертулер жасап отырады. 7. Оқылым. Мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Өлеңді барлық оқушы     2­3 рет іштерінен оқиды, кейбірі дауыстап кезекпен оқиды. Мынау – керік, Анау – піл. Олар – аңдар. Мұны біл! ІV. Жаңа сабақты бекіту, пысықтау: а) һ дыбысына мысалдар келтіру; ә) ң дыбысы бар сөздерді қайталау V. Үйге тапсырма. Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Менің досым Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым,  тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне  жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке  баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік  қорын байыту.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау; 1. 1­тапсырма. Суретке қарап, қайтала. Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Әсет, бұл –менің досым. Оның аты – Арман.  Сәлем, Арман. Менің атым ­ Әсет.  2. «Есте сақта» тапсырмасымен жұмыс  Бұл менің досым                                       Оның аты ­ ...... 3. 3­тапсырма. Досымның көзі қандай? Досымның шашы қандай? Бұл Әлібек. Оның көзі қоңыр, қара, көк. Оның шашы қоңыр, қара, сары.  4. Сергіту сәті. 5. «Есте сақта»                        көзім                                  көзің                                               көзі Менің                                    Сенің                                           Оның                                             шашым                              шашың                                          шашы IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сенің досың кім? 2. Оның шашы қандай? 3. Оның көзі қандай? V. Үйге тапсырма. Жаттау Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Достық Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым,  тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне  жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке  баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік  қорын байыту.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау; Достық Сөздік: Достық – дружба                    Кімде? – у кого?  Неде – У чего? Ұқыпты – аккуратный            Қайда? – где?       Сенімді – верный 1. Өлеңді түсініп оқы.       Досың көпте қасыңда,       Дәулеттісің онда сен.       Достық деген асылға,       Дақ түсірер болма сен.                                                 (А. Сопыбеков)       Дәулет – достояние, богатство Дақ – пятно       асыл – драгоценный      2. Мәтінді түсініп оқы. Дос Бүгін   менің   досым   мектепке   келмеді.  Сабақтан   соң   мен   досыма   бардым.   Ол   ауырып қалыпты. Досым маған қатты қуанды. Мен оған үй тапсырмасын айттым.      3. Оқы, аудар, жаз.                ­да, ­де                                                   ­та, ­те Қала...                    үй...                            сынып....         мектеп....                Дана...                   әжем....                       ағаш....             күнделік... досым...                үйірме...                      сабақ....            Меруерт... 4. Сөздерді буынға бөліп оқы.     Достық,   дос,   шын,   адал,   екеуі,   бірге,   дайындалады,   барады,   саябақ,   демалу,   серуен, дайындық, сыйлық, достар. IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сенің досың кім?           2. Сен досыңды бағалайсын ба? V. Үйге тапсырма. Жаттау Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Менің атым ­ Әлібек Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сабақ барысында сөйлеу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын  қалыптастыру. Сұраққа дұрыс жауап беріп, жолдасының атын дұрыс сұрай білуге үйрету.  Тәрбиелік: Әдепті болуға, көркем сөйлеуге үйрету. Сәлемдесе білу дағдысын  қалыптастыру.   Дамытушылық: Оқушылардың ой­өрісін, қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сөздік  қорын молайту.  І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың барысы:          IV. Сөздік          Сәлем ­ Привет          Сенің атың кім? – Как тебя зовут?          Менің атым – Әлібек. – Меня зовут ­ Алибек ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; 1­тапсырма. Суретке қарап, таныс. Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Әлібек Асқар Саша Анар 1. Мұғалім сурет бойынша атын айтады. Оқушылар тыңдап отырады.  2. Мұғалім балалардың атын айтады, оқушылар қайталайды.  3. Оқушылар тізбектеп қайталайды 4. Оқушылар кезек тұрып, өз аттарын айтады.  2­тапсырма. Сөйлеп үйрен ­ Сенің атың кім? ­ Менің атым ­ Әлібек ­ Сенің атың кім? ­ Менің атым ­ Анар  Мынау – Асқар Мынау – Саша Мынау – мұғалім Мынау – оқушы 1. Мұғалім сурет бойынша көрсете отырып оқиды, оқушылар қайталап отырады.  2. Мұғалім өзінің атын айтып әрбір оқушыға сұрақ қойып, оған жауап бергізу арқылы  практикалық жолмен үйретеді.  Үлгі:  ­ Менің атым – Айжан  ­ Сенің атың кім? ­ Менің атым – Миша 3. Мұғалім өз атын айтып, бір оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы жауап беріп, келесі оқушыға  сұрақ қояды. Осылай оқушы тізбектеп танысып шығады.  4. Барлығын шеңбер жасап тұрыңдар. Өзіңнің оң және сол жағында тұрған көршіңнің атын  атап, сәлемдес.  Үлгі: Сәлем, Эдуард! Сәлем, Рафаэл!  3­тапсырма. Парталас көршіңмен үлгі бойынша сәлемдесіп таныс. Үлгі: Менің атым ­ Әлібек Сенің атың кім? IV. Сергіту сәті. Бағдаршам Мұғалім үш түрлі түстен тұратын кеспе қағаздарды көрсетіп, түсіндіреді.    қызыл жасыл сары             Қызыл – «түзу тұр» дегенім Сары – «шапалақ ұр» дегенім Жасыл – «орныңда тұр» дегенім             V. Сабақты бекіту 1) Не білдік? 2) Не үйрендік? VІ. Сабақты қорытындылау VІІ. Үйге тапсырма бер Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Екі дос Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым,  тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне  жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке  баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік  қорын байыту.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау; Досыма ойыншық сыйлаймын   1.  Мәтінді түсініп оқы.   Қайратпен бала кезімізден доспыз. Ол өте жақсы бала.  Сөздік Бала кезімізден  ­  с детства доспыз  ­  друзья жақсы – хороший 2. Үлгі бойынша сөйле. 1. Доспыз 2. Бала кезімізден доспыз 3. Біз бала кезімізден доспыз 4. Біз Қайрат екеуіміз бала кезден доспыз.  3.  Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.     Менің   досымның   аты   –   Қайрат.   Ол   екінші   сыныпта   оқиды.   Біз Бүгін күн шуақты болды.   Біз достарымызбен   серуенге шықтық. Ауа таза. Айнала ағаштар, гүлдер, шөптер  өсіп  тұр.  Біз көлдің  жағасына  бардық. IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сендердің бала кездерінен араласатың достарың бар ма?           2. Сен досыңды бағалайсын ба? V. Үйге тапсырма. Жаттау  Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Достар Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Әр оқушының білім сапасын сабақ сайын тексеріп,  арттырып отыру. Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке  баулу.  Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын ІІІ жақта қолдануға үйрету және  қалыптастыру. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, ынталандыру  әдісін қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау; 1­тапсырма. Суретке қарап, қайтала. Менің достарым көп. Біз мектепке бірге барамыз, мектептен кейін далада бірге ойнаймыз. Біз тату достармыз.   Жұптық жұмыс ұйымдастыру. 2­тапсырма. Үлгі бойынша сөйлеңдер.  Дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Бұл – менің досым. Оның аты ­ Саша. Біз бала кезден доспыз.  3   –   тапсырма.   «Бұлар     кімдер?»   деген   атаумен   берілген   тапсырма   арқылы     сөзінің қолданылуын бекіту. Оқушыларды тілдесімге жетелеу.  4. Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп­кішкентай ағаштар, Үп­үлкен боп өседі. 5­тапсырма бойынша ауызша жүргізіп, үй жұмысын дұрыс орындауға бағыт беру. Дос Менің жақсы досым бар, Сенің жақсы досың бар. Әрқашан да бақытты – Әрбір адам досы бар. IV. Сабақты қорытындылау: Тату­тәтті достар дегеніміз қандай достар?           V. Үйге тапсырма.  Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Досымның отбасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ол әрекеттерді жүйелі түрде қолдану. Әр оқушының білім сапасын сабақ сайын тексеріп,  арттырып отыру. Тәрбиелік: Ата­анаға құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерін шынайы өмірде  байқау мақсатында жұмыстар жүргізу. Үлкен және бейтаныс адамдармен әдепті сөйлеу  мәнерін қалыптастыру. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын ІІІ жақта қолдануға үйрету және  қалыптастыру. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, ынталандыру  әдісін қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ.          Досымның отбасы – семья друга  ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;   1­тапсырма.   Суретке   қарап,   қайтала.   Отбасы   туралы   ІІІ   жақта   сөйлей   алуларына көмек беру. Жұптық жұмыс ұйымдастыру.  Бұл кім? Бұл – менің досым. Оның аты ­ Әлібек. Бұл оның отбасы.    Оның атасы     Оның әжесі Оның әкесі Оның анасы Оның ағасы                     Оның әпкесі Оның інісі Оның қарындасы (сіңлісі) 2­тапсырмада Тыңда, қайталаңдар. Үлгі бойынша сөйлеңдер.  Үлгі: Бұл ­ менің досым. Оның аты – Әлия. Бұл оның атасы.  Бұл – оның әжесі. Бұл – оның әкесі. Бұл – оның анасы. Бұл – оның ағасы. Бұл – оның сіңлісі. 3 – тапсырма. Тыңда. Қайталаңдар.  Әә дыбысы және оның әрпі Әә Әлібек      әже      әке      әтеш         дәптер         әріп  4 – тапсырма. Сөздерді тыңдаңдар, қайталаңдар.  ...лібек                 д..птер           ...әріп              ...же            ...ке           ...теш  5 ­ тапсырма. Сергіту сәті.  Бір, екі, үш,                                                    Сегіз, тоғыз, он, Бір, екі, үш,                                                    Сегіз, тоғыз, он,       Ал, кәнеки, қон! Ал, кәнеки ұш!   Төрт, бес, алты, жеті,        Асықпа да, саспа,  Төрт, бес, алты, жеті,                                     Бірден қайта баста.  Анау ауыл шеті.  IV. Сабақты қорытындылау: ­ 1­2 оқушыға өз отбасылары туралы қысқаша әңгімелету; ­ сурет бойынша ІІІ жақты қайталау. V. Үйге тапсырма. 23 бет 5 тапсырма жаттау Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы:  Піл Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым,  тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім  әрекетіне жетелеу. Жаңа модульді меңгерту.  Тәрбиелік: Оқушылардың жан­жануарға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оларға  қамқорлық жасауға тәрбиелеу.    Дамытушылық: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Сөздік қор  жинақтау қабілетін дамыту.  Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздік:  Аң – зверь  Піл – слон  Қоян – заяц Тұмсық ­ хобот 1­тапсырма. Суретке қара, тыңда, қайталаңдар.  Әлібек, мынау не?                               Бұл – піл.  Пілдің құлағы үлкен, тұмсығы  ұзын.                                    Әлібек, анау не?  Ол – қоян. Қоянның құлағы ұзын, көзі қызыл, мойны қысқа.  2­тапсырма.  Салыстырыңдар  піл  қоян үлкен  3­тапсырма. Суретке қара. Қайталаңдар.  кішкентай Інжу, мынау не?  Бұл – қоян Інжу, анау не? Ол – піл        Қоян қандай аң? Қоян – кішкентай  Піл қандай аң?  Піл – үлкен аң.  4­тапсырма. Тыңда, қайталаңдар. Жаттап алыңдар.  Мынау – керік, Анау – піл. Олар – аңдар. Мұны біл! 5­тапсырма. Тыңда, қайталаңдар.       Інжу                 бір            піл              жеті              керік          сегіз    6­тапсырма. Сөздерді тыңдаңдар, қайталаңдар  Іі дыбысы және оның әрпі Іі      ...нжу               п...л             б...р              кер...к               жет...              сег...з ІV. Сабақты бекіту 1) Не білдік? 2) Не үйрендік? V. Сабақты қорытындылау  Піл қандай аң? VІ. Үйге тапсырма беру Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Мектепте. Санамақ  Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Мектеп» тақырыбы төңірегінде қайда? және қандай? сұрақтары бойынша сөйлесу   әрекеттерін   сапалы   меңгертуге   арналған   жұмыстарды   жалғастыру.   Оқылым, айтылым, жазылым әрекеттерін жандандыру. Тәрбиелік:  Білімге деген оқушының ынтасын оятып, өз бетімен жұмыс жасай білуге және мектебіне, сыныптастарына сүйіспеншілікпен  қарауға тәрбиелеу. Дамытушылық:  Берілген тақырыпқа байланысты берілген қосымша сөздерді жаңа тақырыпқа   сай   сөйлесу   барысында   орынды   қолдана   білуге   баулу.   Қайда?   және   қандай? сұрақтарын қолдана білуге жаттықтыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс: Мектеп – школа Сынып – класс                                                               Қоңырау ­  звонок Мұғалім – учитель Оқушы – ученик  Санамақ – считалка Жасырынбақ – прядки 1­тапсырма.   Мәтінді тыңда, түсін. Мынау – біздің мектеп. Мектеп таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің  мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды. Аулада спорт алаңы бар.  2 – тапсырма.   Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып жаз.    Мынау – (школа)     Мектепте (дети) оқиды    (Звонок) соғылды    (Ученики) сыныпқа кірді    (Урок) басталды    Бұл (казахский язык) сабағы 3 – тапсырма. Мәнерлеп оқы. Жатта.     Мектебім айтар әнім,     Сан рет қайталадым.     Өзіңнен алғанымды,     Өзіңе қайтарамын.                                     (М. Мақатаев.)  4­тапсырма. Өлеңді оқып, ойнаңдар. Жасырынбақ ойнайық, Бірден бастап санайық. Бір,        Екі,     Үш, Төрт, Бес... – деп, Санамақты жалғайық. Көзді ашып, жасырынған баланы Іздеп, тауып алайық.  Жазылым. 4­тапсырманы оқушыларға өз бетімен жеке жұмыс жасау үшін ұсыну. Тапсырма аяқталған соң, сөз тіркестерін тақтаға жаздырып, орындалу барысын тексеруге болады. 5­тапсырма.  Сергіту сәті.                 Он саусақ Жалғыз саусақ тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды... Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен оң саусақ... Қала саусақ,жол саусақ.. ІV. Сабақты қорытындылау: ­ сөздік жұмысын қайталау; ­ 1­тапсырмадағы сөздерден сөз тіркестерін жасату; V. Үй жұмысын тексеру. Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы:  Әлібек пен піл Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым,  тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім  әрекетіне жетелеу. Жаңа модульді меңгерту.  Тәрбиелік: Оқушылардың жан­жануарға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Оларға  қамқорлық жасауға тәрбиелеу.    Дамытушылық: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Сөздік қор  жинақтау қабілетін дамыту.  Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздік:  Аң – зверь  Піл – слон  Қоян – заяц Тұмсық ­ хобот 1­тапсырма. Суретке қара, тыңда, қайталаңдар.  Әлібек, мынау не?                            Бұл – піл.                             Әлібек, анау не?                      Ол – қоян.  2­тапсырма.  Салыстырыңдар    Әлібек, мынау не?                Бұл –  түлкі          Әлібек, анау не?    Ол ­ қасқыр піл  үлкен  қоян кішкентай 3­тапсырма. Суретке қара. Қайталаңдар.  Інжу, мынау не?  Бұл – қоян Інжу, анау не? Ол – піл        4­тапсырма. Тыңда, қайталаңдар.  Қоян қандай аң? Қоян – кішкентай  Піл қандай аң?  Піл – үлкен аң. аң          шаңғы             жаңғақ             оң қол              қоңыр  5­тапсырма. Сөздерді тыңдаңдар, қайталаңдар  ң дыбысы және оның әрпі ң а...           ша...ғы             қо...ыр               о...қол            жа...ғақ ІV. Сабақты бекіту 1) Не білдік? 2) Не үйрендік? V. Сабақты қорытындылау  Піл қандай аң? VІ. Үйге тапсырма беру Тексерілді______________________ Сабақтың тақырыбы: Аңдар. Сабақтың мақсаты: Білімділік:   Аңдар   туралы   мәлімет   беру.   Қаланың   хайуанаттар   бағына   саяхат ұйымдастыру. Тәрбиелік: Оқушыларға қоршаған орта мен жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Дамытушылық:   Деңгейлердің   айырмашылығын   түсіндіріп,   қызығушылық   туғызу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Сөздікпен жұмыс: ­ мәтінде кездесетін бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару; ­ дұрыс айтуға дағдыландыру; ­ мұғалім мәнерлеп оқиды; ­ оқушылар мұғалімнен кейін бірге дауыстап қайталайды; ­ оқушылар тізбекпен оқиды; 2. Сурет бойынша жұмыс. 1­тапсырмадағы «Аңдар» тақырыбын жалғастыру. Сөз, сөз тіркестері арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу. 3. Айтылым. 2­тапсырмадағы сызба бойынша айтылым әрекетін жандандыру. Аударма  жұмысына назар аудару. 4. Оқылым. 3­тапсырмадағы «Піл» тақырыбы бойынша оқылымды іске асыру. 5.  Сергіту сәті. 6. Тілдесім.  4­тапсырмадағы  үлгі бойынша оқушыларды тілдесімге жетелеу. 7. Жазылым. 5­тапсырманы ауызша орындап, үй жұмысына дайындық жасау. ІV. Сабақты қорытындылау. 1. Сызбаны толтыр. ...                                              аю                       арыстан 2. Дұрыс аудар: 1) аю 2) қасқыр  3) жолбарыс 4) қоян а) тигр ә) лиса б) медведь в) волк 5) түлкі г) заяц     қасқыр V. Үйге тапсырма.                                                                                                                                 Тексерілді______________________ Сабақтың тақырыбы: Аю. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Аю туралы мәлімет беру. Тәрбиелік:   Оқушыларға   қоршаған   орта   мен   жануарлар   әлемі   туралы   тәрбиелік   мәні   зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Дамытушылық:   Деңгейлердің   айырмашылығын   түсіндіріп, Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру. Сабақтың барысы:   қызығушылық   туғызу. І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Сөздікпен жұмыс: ­ мәтінде кездесетін бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару; ­ дұрыс айтуға дағдыландыру; ­ мұғалім мәнерлеп оқиды; ­ оқушылар мұғалімнен кейін бірге дауыстап қайталайды; ­ оқушылар тізбекпен оқиды; Аю – медведь Қонжық – медвежонок Аң – зверь Маймақ – косолапый, неуклюжий, кривоногий 2. Сурет бойынша жұмыс. 1­тапсырмадағы «Аю» тақырыбын жалғастыру. Аю – жыртқыш аң. Аюдың баласы – қонжық. Аюдың аяғы маймақ. Сөз, сөз тіркестері арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу. 3. Айтылым. 2­тапсырмадағы сызба бойынша айтылым әрекетін жандандыру. Аударма  жұмысына назар аудару. 4. Оқылым. 3­тапсырмадағы «Аю» тақырыбы бойынша оқылымды іске асыру. 5. Сергіту сәті. Доп, доп, доп Қызыл, жасыл, көк. Доп, доп, Бұдан жүйрік жоқ. 6. Тілдесім.  4­тапсырмадағы  үлгі бойынша оқушыларды тілдесімге жетелеу. 7. Жазылым. 5­тапсырманы ауызша орындап, үй жұмысына дайындық жасау. ІV. Сабақты қорытындылау. Аю қандай? V. Үйге тапсырма.                                                                                                                                 Тексерілді______________________ Сабақтың тақырыбы: Қандай аңдар? Ойын сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Аңдар туралы мәлімет беру. Тәрбиелік:  Оқушыларға қоршаған орта мен жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Дамытушылық:  Деңгейлердің   айырмашылығын   түсіндіріп,   қызығушылық   туғызу. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру. Көрнекілік: аңдардың суреттері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Ойын сабақ. 1­тапсырма. Суретте берілген аңдарды атап айтыңдар. Олар қандай аңдар. Еске түсірейік.  Мысалы: Піл. Піл үлкен. Пілдің өзі де үлкен, тұмсығы да үлкен.  Берілген суреттер: піл, керік, аю, қоян, қасқыр,  түлкі. 2. Сурет бойынша жұмыс. 1­тапсырмадағы «Қандай аңдар?» тақырыбын жалғастыру. Сөз, сөз тіркестері арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу. 3. Айтылым. Оқушылармен ауызша өз ойларымен ертегі құрастыру. Мысалы: Баяғы өткен заманда әдемі бір аю болыпты. Оның екі қонжығы болған. Біреуінің аты ­ Пума, екіншісі – Панда. Олар өте тату­тәтті өмір сүрген. Бір күні ... 4. Өздеріңе ұнаған аңдардың суретін салыңдар. 5. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бір отырып, бір тұрып2рет Демімізді алайық. Біз гүлдерше өсеміз,  Жапырағы жайқалған,  Сабақтары салалы Желге ырғалып шайқалған. Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып, ұшып алайық, Орнымызға қонайық. 6. Дәптермен жұмыс.  ІV. Сабақты қорытындылау.          V. Үйге тапсырма.                                                                                                                                 Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Мен алтыдамын. Өзім туралы. Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Модуль   бойынша   оқушылардың   сөздік   қорын   қалыптастыру.   Оқылым, тыңдалым,   айтылым,   жазылым   әрекеттерін   жүйелі   түрде   қолданып,   тілдесім   әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік қорын байыту.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;           IV. Сөздікпен жұмыс:  жас – возраст (лет) 1­тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала Мен алты жастамын. Мен жеті жастамын.  2­тапсырма. Қайтала.  ­ Сен неше жастасың? ­ Мен алты жастамын  Есте сақта!  ­ Сен неше жастасың? ­ Мен алты жастамын  3­тапсырма. Дәптермен жұмыс:  Өө дыбысы және оның әрпі  Өмірбек, төрт, көл, өшіргіш  4­тапсырма. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бір отырып, бір тұрып2рет Демімізді алайық. Біз гүлдерше өсеміз,  Жапырағы жайқалған,  Сабақтары салалы Желге ырғалып шайқалған. Қане, қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып, ұшып алайық, Орнымызға қонайық. 5­тапсырма. Дәптермен жұмыс.   ІV. Сабақты қорытындылау. Сен неше жастасың?          V. Үйге тапсырма. 51 бет 4 тапсырма.                                                                                                                                 Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Менің достарым. Төл дыбыстар. Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Модуль   бойынша   оқушылардың   сөздік   қорын   қалыптастыру.   Оқылым, тыңдалым,   айтылым,   жазылым   әрекеттерін   жүйелі   түрде   қолданып,   тілдесім   әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік қорын байыту.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау; Менің – мои Достарым – друзья Ақылды – умный Көңілді – веселый Күшті ­ сильный  1­тапсырма. Суретке қарап, тыңда.   Менің достарым: Әділ, Ерасыл, Мақсат. Әділ – ақылды бала. Ол көп ертегі оқиды. Ерасыл – көңілді бала. Ол жақсы билейді. Мақсат – күшті бала. Ол жақсы жүгіреді.  2 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Әділ қандай бала? 2. Ерасыл қандай бала? 3. Мақсат қандай бала? 3­тапсырма. Төл дыбыстарын жаттап алыңдар.  Қазақ тілінде 9 төл дыбыстар бар. Олар: ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ. 4­тапсырма. Толықтырып оқыңдар.  Әділ ­ ...бала. Ол көп ертегі оқиды.  5­тапсырма. Суретке қара, үлгі бойынша сөйле.  ­ Сен не істейсің? ­ Мен кітап оқимын              (Билеймін, кітап оқимын, жүгіремін) 6­тапсырма. «Г» және «Ғ» әрпі бар сөздерді оқыңдар. Сурет бойынша ата.                          Гүл                                           торғай                           Сегіз                                         сағат                          Көгершін                                  тоғыз                         Өшіргіш                                    қолғап  7.Сергіту сәті. IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сенің досың кім? 2. Ол қандай бала? V. Үйге тапсырма. 21 бет, 6­тапсырма  жаттау Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Менің ойыншықтарым. Қуыршақ. Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Модуль   бойынша   оқушылардың   сөздік   қорын   қалыптастыру.   Оқылым, тыңдалым,   айтылым,   жазылым   әрекеттерін   жүйелі   түрде   қолданып,   тілдесім   әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік қорын байыту. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;           Ойыншық – игрушка                              секіртпе – скакалка Текше – кубик                                          Ойна – играй                                                          Зырылдауық – юла                                  ойнама – не играй ойнап отыр ­ играет                                 ойнаймын – буду играть   айдаһар – динозавр                                   қонжық ­ медвежонок                                          1.    Диалогті жолдасыңмен оқы: Айдана: ­ Әлима, сенің ойыншықтарың бар ма? Әлима: ­ Иә, бар. Айдана: ­ Қандай ойыншықтарың бар? Әлима: ­ Менің қуыршағым, добым, секіртпем бар. Айдана: ­ Сен қандай ойыншығыңды жақсы көресің? Әлима: ­ Мен қонжығымды жақсы көремін. Айдана: ­ Қонжығың қандай? Әлима: ­ Қонжығым әдемі.    2. Жақшаны ашып, қазақ тіліне аударып жаз.                        (красный)            шелегім                         (белый)               қонжығым Менің              (жёлтый)            добым                         бар.                         (синий)               шарым                         (чёрный)             машинам 3. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Ой...ншық,    д...п,    қуыр...ақ,    т...кше,    ...ос,  сек...ртпе,   ұш...қ. 4. Өлеңді мәнерлеп оқы. Күшік, мысық, балапан,  Қуыршағым – балақан.  Кәне, бәрің тұрыңдар,   Ойын­сауық құрыңдар                                    (Е.Өтетілеуұлы). 5. Суретке қара, үлгі бойынша сөйлеңдер. Үлгі: Мен ермексаздан айдаһар жасаймын. Айдаһар жасыл болады. Маған жасыл түсті  ермексаз керек.  6.Сергіту сәті. IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сенің ойыншығын қандай?   V. Үйге тапсырма. 62  бет, 1­тапсырма  жаттау  Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Ойындар. Кел ойнайық! Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ынталылық пен қайсарлықты үйрету. Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу. Дамытушылық:  оқушылардың   танымдық   қабілеттерін,   қарым­қатынас   жасауын, дамыту, өмірге деген қызығушылығын қалыптастыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;           Ойындар – белгілі бір білімді, іс­әрекетті ынталылықпен үйренудің құралы.  1­тапсырма. «Кім көп біледі»? ойыны. Оқушыларды екі топқа бөліп, тақтаны да  екіге бөліп  кезекпен жүгіріп келіп ойыншықтардың атын жазып кетеді. Қай топ бірінші бітірсе, сол  жеңімпаз атанады.  2­ тапсырма. «Кім тез, шапшаң?» Екі топ тақтаға өздерінің сүйікті ойыншықтарының суретін салады. Қай топ бірінші бітірсе, сол жеңімпаз атанады.  3­тапсырма. «Келісесің бе?» Ойын бастаушы ойыншықты көрсетіп, оны дұрыс атамайды.  Оқушылар онымен келіспей, ойыншықты дұрыс атауы керек.   4.Сергіту сәті. Қояным, қояным, Орныңнан тұршы. Бетінді жушы,  Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы,  Ойнашы, ойнашы,  Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліңдей  Иіліп солға бір. Сағатқа қарап­ап,  Жаттығу оңай­ақ. IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сен қандай ойын білесің?   V. Үйге тапсырма.  Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы: Қандай ойыншық? Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Модуль   бойынша   оқушылардың   сөздік   қорын   қалыптастыру.   Оқылым, тыңдалым,   айтылым,   жазылым   әрекеттерін   жүйелі   түрде   қолданып,   тілдесім   әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық: Сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Сөздік қорын байыту.  Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; ­ жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;            1. Мәтінмен таныс. Менің қуыршағым Көйлек жуу   Менің қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектері көп. Көйлектері әдемі.   Бірақ   тез   кірлейді.   Оны   жиі   жуу   керек.   Мен   кір   жууды   анамнан   үйрендім. Айсұлудың  ұлттық   киімі  де   бар.  Қуыршағымның   шашы  ұзын.  Мен   шашын  тараймын, жуамын.       Сөздік:      Тез – быстро                          кір – грязный      Жуу – мыть, стирать            ұлттық киім – национальная одежда 2. Ойыншықтардың атауларын атап, сөйлем құрап жаз.                                                                                                                                                                          3.Сұрақтарға  жауап бер. ­ Бұл не? ­ Бұл ­   ­ Бұл – кімнің қонжығы?  ­Бұл –  ...  қонжығым. ­  Мынау нелер?                  ­ Мынау ­                      ­ Сен ойыншықтармен не істейсің?                   ­ Мен ойыншықтармен  ...  .            4. Өлеңді түсініп оқы, жатта.                                            Қуыршақ          Жуын, жуын, жуынсақ,          Қандай жақсы қуыршақ!          Әйтпегенде, бөпешім,          Кірлеп кеткен екенсің.          Қазір аппақ боласың,          Қуанады анашың                                                        (М. Жаманбалинов) IV. Сабақты қорытындылау: 1. Сенің қуыршағың қандай?   V. Үйге тапсырма.  Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні:  Сабақтың тақырыбы: Ойын сабақ. Қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ынталылық пен қайсарлықты үйрету. Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық:  оқушылардың   танымдық   қабілеттерін,   қарым­қатынас   жасауын, дамыту, өмірге деген қызығушылығын қалыптастыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Ойын сабақ. IV. Сөздікпен жұмыс:  текше – кубик қуыршақ – кукла айдаһар – динозавр қоян – заяц қонжық ­ медвежонок ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен қайталайды;           Ойындар – белгілі бір білімді, іс­әрекетті ынталылықпен үйренудің құралы.  1­тапсырма. Ойыншықтардың атауларын атаңдар:                                                                                                                                                                              2­тапсырма. Сұрақтарға  жауап беріңдер: ­ Бұл не? ­ Бұл ­   ­ Бұл – кімнің қонжығы?  ­Бұл –  ...  қонжығым. ­  Мынау нелер? ­ Мынау ­                      ­ Сен ойыншықтармен не істейсің?                   ­ Мен ойыншықтармен  ...  . 3­тапсырма. «Кім көп біледі»?  ойыны. Оқушыларды екі топқа бөліп, тақтаны да   екіге бөліп кезекпен жүгіріп келіп ойыншықтардың атын атайды. Қай топ бірінші бітірсе, сол жеңімпаз атанады.  4­ тапсырма. «Кім тез, шапшаң?»  Екі  топ  тақтаға  өздерінің  сүйікті  ойыншықтарының суретін салады. Қай топ бірінші бітірсе, сол жеңімпаз атанады.  5­тапсырма. «Келісесің бе?»  Ойын бастаушы ойыншықты көрсетіп, оны дұрыс атамайды. Оқушылар онымен келіспей, ойыншықты дұрыс атауы керек.   6.Сергіту сәті. Қояным, қояным, Орныңнан тұршы. Бетінді жушы, Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы, Ойнашы, ойнашы, Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліңдей Иіліп солға бір. Сағатқа қарап­ап, Жаттығу оңай­ақ. V. Сабақты қорытындылау: 1. Сен қандай ойын білесің?   VІ. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні: ______________ Сабақтың тақырыбы:  Санап үйренейік Сабақтың мақсаты: Білімділік:  Тақырып бойынша оқушылардың сөздік   қорын молайтып,   санай білуге үйрету. Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық:  оқушылардың   танымдық   қабілеттерін,   қарым­қатынас   жасауын, дамыту, өмірге деген қызығушылығын қалыптастыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. ­  мұғалімнің жаңа сандарды түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сандарды кезекпен оқиды; ­ жаңа сандардан сөйлемдер құрау;           IV. Тапсырмалармен жұмыс. Сөздік Санамақ – считалка Жасырынбақ – прядки 1­тапсырма. Өлеңді оқып, ойнаңдар. Жасырынбақ ойнайық, Бірден бастап санайық.  Бір,        Екі,              Үш,                    Төрт,                             Бес... – деп, Санамақты жалғайық. Көзді ашып, жасырынған баланы Іздеп, тауып алайық. 2­тапсырма. Өлеңді оқып, дәптерге жаз. Бас бамағым бауға барды, Сұқ саусағым суға барды. Ортан қолым орақ орып, Аты жоғым ағаш жарды. Жұмсамапты алақаным Тек шынашақ балапанын 3­тапсырма. Санамақты жолдасыңа оқы.                 Он саусақ Жалғыз саусақ тіпті де Ұстай алмас жіпті де.   Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды... Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен оң саусақ... Қала саусақ,жол саусақ..  (М.Әлімбаев) V. Сабақты қорытындылау: 1. Сен қандай ойын білесің?   VІ. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау Тексерілді______________________ Сынып: 1 «Б» Күні:  Сабақтың тақырыбы: Кел, ойнайық! Кел, жаттығайық! Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ынталылық пен қайсарлықты үйрету. Тәрбиелік:  Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір­біріне деген сүйіспеншілікке баулу.  Дамытушылық:  оқушылардың   танымдық   қабілеттерін,   қарым­қатынас   жасауын, дамыту, өмірге деген қызығушылығын қалыптастыру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ІІІ. Ойын сабақ. IV. Сөздікпен жұмыс:  бұл ­ это адам – человек робот– робот ойыншық – игрушка ­  мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; ­  оқушылар жаңа сөздерді кезекпен қайталайды; 1­тапсырма. Ойыншықтардың атауларын атаңдар:                Бұл – адам. Ол– бала. Бұл – робот. Ол – ойыншық.  Сұрақтарға  жауап беріңдер: ­ Бұл не? ­ Бұл ­   ­ Бұл – кімнің роботы? ­ Бұл –  ...  роботым. ­ Бұл кім?                ­  Бұл  – адам. 3­тапсырма. Адамның, роботтың суретін салыңдар. 4.Сергіту сәті. Қояным, қояным, Орныңнан тұршы. Бетінді жушы, Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы, Ойнашы, ойнашы, Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліңдей Иіліп солға бір. Сағатқа қарап­ап, Жаттығу оңай­ақ. V. Сабақты қорытындылау: 1. Сен қандай ойын білесің?   VІ. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау Тексерілді______________________

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары

Сабак жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017