Саналы ұрпақ - жарқын болашақ
Оценка 5

Саналы ұрпақ - жарқын болашақ

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
воспитание
Детсад
30.01.2020
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиелік білім танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
саналы урпак жаркын болашак.docx

 

«Саналы ұрпақ -жарқын болашақ»

Әр  ұлттың қай  кезеңде  болмасын  алдында   тұратын ұлы міндеттерінің   ең бастысы өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын  салауатты  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. Болашақ қоғам  иелерін  жан-жақты жетілген, ақыл  парасаты  мол, мәдени, ғылыми  өрісі  озық етіп тәрбиелеу  аға  буынның  қоғам алдындағы зор  борышы. Ал  жастарды жан-жақты қабілетті  азамат  етіп өсіруде  халықтық салт  дәстүрлердің  тәлім -тәрбиелік  білім  танымдық ролі  зор.  Қазақ  халқы —  рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген   күміс  күйі, сыбызғы  сырнайының  үні,  асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары   мақал-мәтел,  шешендік  сөз, айтыс өлеңдерінің  сан ғасыр бойы  өз ұрпағын  сегіз  қырлы, бір сырлы,  өнегелі де өнерлі   адамгершілік   ар-ожданы  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп келгені  тарихи шындық.

Тәуелсіздік   туы желбіреген  егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде,  олардың  бойына паттриоттық, ізеттілік,  қайырымдылық, кішіпейілділік,  әдептілік, елін, жерін,  Отанын  сүюшілік секілді  ең  асыл қасиеттерді  қан мен  жанына  сіңіруде   осы ата-бабамыздың   салт-дәстүр негізін ұстансақ өте  ұтымды болар еді.

Бүгінгі  таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді, жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды  пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз.   Сондықтан ұлттық  мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің,  халықтық  педагогиканың тарихы мен болашағы  да  мектептегі жас  ұрпақ тәрбиесіне  байланысты.

Тәрбиедегі  басты  бағыт  делінген  тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен  өз  халқының   перзенті, өз Отанының   азаматы   болу   керек  екенін, ұлттық   болашағы  тек өзіне  байланысты  болатынын  есте  ұстауға  тиіс.   Оның  осындай  тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар  мен   дәстүрлер көмектеседі, солар  арқылы  ол  жалпы  азаматтық   мәдениетке   аяқ  басып, өз халқының  мәдени  игілігін басқа  халықтарға  жақын да түсінікті    ете алады. Сондықтан  әрбір  ұрпақ  өз  кезі   мен  өткеннің  тағдыры  мен  талаптарын  обьективті    факторлар ретінде  ұсынып, сол  арқылы  ұрпақты  өмірге  даярлап, оларды  жинақталған тәжірибе  негізінде тәрбиелей отырып,  өзінің  ата-аналарының  рухани  мұрасын   игере  түсуі керек»  деп  айтылған.

Қазақ  халқының  тарихы дәстүрге  өте бай. Отбасы  үшін ежелден  тән  қасиеті  балажандылық,  балаларды  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу,  үлкенді  құрметтеу,  туысқандық  кең байланыс, көршілермен   және  ұлты басқа   халықтармен достық, ізгілік  қатынастар-осының  бәрі  қазақ  халқының  тұрмыс қалпына  байланысты болған. Қазақ  қыз-келіншектері мен ер-азаматтарының  бойында  өзге  халық өкілдерінің  бойынан  көрінетін  даралық  қазақы  болмысының  жарқырай  көрініп,  жүрекке  жылы  әсер  еткен.  Әсемдік  пен  әдептілік  үйлесімділік  тапқан.  Мәселен,ата-ана  құқықтары  қыз беріп,  қыз алу,  құда  түсіп  құдалы  болу қазақ некелерінің  ерекшеліктері  қалың  мал    мәселесі  бата бұзу,  ажырасу, бала   асырау, әмеңгерлік   мирас  пен  мұра  ежелгі отбасы  дәстүрлерімен  соған  қатысты     қағида ерекшеліктері  жайында  мағлұматтардан  қазақ  халқының  отбасына   ерекше мән  бергенін   шаңырақ  шайқалып  босаға босамауына  назар  салғанын  көреміз.

Соңғы  кезде  қазақ  халқының  табиғатына   тән  ана  сүтімен  сүйекке сіңген ізгіәдет ғұрыптардан тыс қалып  бара  жатқандаймыз.  Өз  ұлтының  өткені мен болашағына  бей-жай  қарайтын  тәрбиеден  тысқары  қалған  жастар  аз емес. Ата-ананы  сыйлау  үлкенге  құрмет  көрсету,   кішіге  ізет білдіру  әдеп   сақтаудан  хабарсыз  кей  жастардың  қылығы  әркімнің-ақ  намысына тиері сөзсіз.  Халық  өнерін  игеру  жастарды  еңбексүйгіштікке, әсемдікке  бағыттап халқының  тарихын біліп, мәдени мұрасын  қадірлеп,  жақсы әдет ғұрыптарын жалғастыруға баулиды.  Ұлттық  тәжірибеміз  отбасынан  басталып  кейінде   жалғасын  тауып жатса,  қазіргідей   қазақ  халқының  қанында  жоқ ата-баба тәрбиесіне  жат  өзін  жарық дүниеге  әкелген анасын,  әлпештеп  өсірген  асқар  тауы әкесін қарттар  үйіне  өткізген,  нашақорлықпен  маскүнемдікке  салынғандардың    шаңырағы  ортаға  түспес  еді.

Болашақ   жастарға  тәлім  тәрбие  беруде Отанымыз  отбасы  мен  мектепке  үлкен борыш  артады.  Отбасы  болашақ  азаматтың   жеке басын  аяғынан  тұрғызып, егеменді  еліміздің болашағын, негізін  жасайтын  іргетас.Болашақ   азаматтың   отбасында  алған  тәрбиесі,  мінезі, жақсы  мен  жаманды  ажырата  білуі, үлкендерден  алған  өнегесі   уақыт өткен сайын берік  қалыпқа  түсіп,  оның  өмірінен  үлкен  орын алады.  Жас  ұрпақтың   өнегелі  тәрбие,  білім  алуына  оны  жалғастырушы-мектеп.  Мектеп-қоғамдық  ұйымдар  мен отбасы  тәрбиесін  ұштастыратын  негізгі ұйытқы, орталық.

«Баланы  дұрыс  тәрбиелесек, қартайғанда  өміріміз  бақытты болмақ, жаман   тәрбиелесек   зор  қайғыға  ұшырап,  үлкен  бақытсыздыққа  тап  болғанымыз.  Жаман  тәрбиеленген бала-басқа  адамдар   алдында,  бүкіл  еліміз  алдында жасаған  үлкен  кінәміз»  деп  атап  көрсеткен.  Ата-ана  баланы қалай  тәрбиелесе  бала  соған  қарай  бейімделеді.рбір ата-ана  мұғаліммен  тығыз  байланыста  болғаны  жөн,  онсыз  бала  тәрбиесінде  жақсы  нәтижеге жету  мүмкін  емес.  Ата-ана  мен  мұғалім бірлесіп   жұмыс  жасағанда  ғана   бала  бойына  ізгі  қасиеттерді   толығынан  сіңіруге  болады.  Жасыратыны   жоқ  кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне   салғырт  қарап, өз баласының  мінезін, баланың ішкі  дүниесіне, дүниетанымымен  бірге   баланы  не  қызықтыратыны    немен    шұғылданғысы  келетіні туралы  біле  бермейді,  сондықтанда   кейбір ата-аналар мұғаліммен кеңесіп, баласының   жағдайын жиі  біліп тұруымен   бірге мектепке жиі  келуі  керек.

Қорыта   айтқанда  бүгінгі  күнде  жастарды   әдепті   де саналы  етіп  тәрбиелеу  үшін  ең алдымен  тәрбие ережелеріне сүйене  отырып,  ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды,  дінімізді,  ата-бабаларымыздан  қалған  насихат   мұраларын  жастардың   санасына   сіңіре білу

басты  міндетіміз  болуы  қажет.    Жас   ұрпақты  Отанын,  туған  жерін сүйіп, оны  қорғай  білуге үйрету, оқушы  бойында  патриоттық  сезім   мен  адамгершілік сананы қалыптастыру-егеменді  мемлекетіміздің  әр  отбасы   мен  азаматтарының  міндеті.   Елдің  ертеңгі  ұрпағы,  киелі  жердің  иесі-жастар  тәрбиесі біз  бен сіздің   басты мақсатымыз.  Тәрбиенің көзі-ата бабамыздан  қалған  дана  сөздер  десек,  біз сол   насихаттың жүргізушісіміз. Бұған  қоғам  алдындағы  үлкен міндет  ретінде  қараған жөн.

Қостанай қ. № 29 орта мектебі.

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Байгенжина Анар Аманжоловна.

 


 

Саналы ұ рпақ - жарқын болаша қ » Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы…

Саналы ұ рпақ - жарқын болаша қ » Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы…

Ата-ананы сыйлау үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз

Ата-ананы сыйлау үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2020