Санамақтар
Оценка 4.6

Санамақтар

Оценка 4.6
Занимательные материалы
docx
математика
3 кл
18.02.2017
Санамақтар
Бірім –бірім, Екім-екім, Үшім-үшім, Төртім-төртім, Бесім-бесім, Алты малтам Алты балтам. Мен санайын Сен бол дайын Сары шымшық, Сыртылдауық. Сен тұр, Сен шық. Қара шымшық, Дара шымшық. Масыл шымшық, Жасыл шымшық. Сен тұр Сен шық. Ірімшік, ірімшік, Сен тұр, сен шық. Әкі –бәкі, Қисық сәкі. Сен тұра тұр, Інім шыға тұр. Алма кетті домалап, Көше бойын жағалап. Кім алманы табады, Сол ойыннан шығады. Бір дегенім-білеу, Екі дегенім-егеу. Үш дегенім-үсік, Төрт дегенім-төсек. Бес дегенім-бесік Алты дегенім -асық, Жеті дегенім-жастық Сегіз дегенім -серке, Тоғыз дегенім -торқа, Он дегенім -оймақ Он бір қара жұмбақ. Бір дегенім-Білмек, Екі дегенім-Еңбек. Үш дегенім-Үлгі, Төрт дегенім-Төзім. Бес дегенім-Бестік Алты дегенім -Алғыс, Жеті дегенім-Жеңу Сегіз дегенім -Сеңу, Тоғыз дегенім -Тоқу, Он дегенім-Оқу. Бір дегенім-бақыт, Екі дегенім-елім. Үш дегенім-үйім, Төрт дегенім-төрім. Бес дегенім-білім, Алты дегенім-арым. Жеті дегенім-жерім, Сегіз дегенім-сенім. Тоғыз дегенім-тәуелсіздігім, Он дегенім-Отаным. Арайлап атқан әр таңым. Бірім-бесік, Екім-есік. Үшім-ұшақ, Төртім-тұсақ. Бесім-балта, Алтым-алқа, Жетім-желке. Сегізім-собық, Тоғызым-тобық. Оным-орман, Білімім-қорған. Үңілсеңдер сырына, Санамақтың түрі көп. Есептеңдер мұны да, Сондайлардың бірі деп. Бір дегенім-бірлік, Екі дегенім-ерлік. Үш дегенім-үміт, Төрт дегенім-түлік. Бес дегенім-бесік, Алты дегенім-асық. Жеті дегенім-желім, Сегіз дегенім-сенім. Тоғыз дегенім-төзім, Он дегенім-өзім. Бір- құр, Ек і-үкі. Үш-қыш, Төрт-торт. Бес-пеш, Алты-жарты. Жеті-етік, Сегіз-өгіз. Тоғыз-қоңыз, Он-тон. Ағаш санамақ. Бір дегенім-бәйтерек, Екі дегенім-емен. Үш дегенім-үйеңкі, Төрт дегенім-тұт. Бес дегенім-беке, Алты дегенім-арша, Жеті дегенім-жиде, Сегіз дегенім-сексеуіл. Тоғыз дегенім-тораңғы, Он дегенім-орман. Орман- Аң-құстарға қорған. Өсімдік санамақ. Бір дегенім-бүрген, Екі дегенім-ермен. Үш дегенім-үлпілдек, Төрт дегенім-түлкішек. Бес дегенім-бестамақ, Алты дегенім-алқа, Жеті дегенім-жекен, Сегіз дегенім- селеу. Тоғыз дегенім- тошала, Он дегенім-ошаған. Шөптен дәрі жасаған. Жәндік санамақ. Бір дегенім-бүрге, Екі дегенім-есеқара. Үш дегенім-үйез, (шыбын) Төрт дегенім-түлкішек. (түкті құрт) Бес дегенім-бөгелек, Алты дегенім-аламан, Жеті дегенім-жегі, (құрт) Сегіз дегенім- сүлік. Тоғыз дегенім- тоқалтіс, (тышқан) Он дегенім-оқ жылан. Жетім қалар жәндіксіз, Мына орта қоршаған. Құс санамақ. Бір дегенім-бірқазан, Екі дегенім-ементұмсық. Үш дегенім-үйрек, Төрт дегенім-торғай. Бес дегенім-безгелдек, Алты дегенім-алабұлдырық. Жеті дегенім-жек, (дуадақ) Сегіз дегенім- сұңқар. Тоғыз дегенім- тоқылдақ, Он дегенім-оқпақ. Құстарсыз мына тіршілік, Қалмас па еді тоқтап. Аң санамақ. Бір дегенім-бөрі, Екі дегенім-елік. Үш дегенім-ұшар, (тиінге ұқсас аң) Төрт дегенім-түлкі. Бес дегенім-бөкен, Алты дегенім-арқар, Жеті дегенім-жайран Сегіз дегенім-сілеусін. Тоғыз дегенім-толай, (құм қояны) Он дегенім-ор қоян. «Аман болсын аңдар» Деген сөзге қол қоям. Балық санамақ. Бір дегенім-бекіре, Екі дегенім-елең. Үш дегенім-үкішабақ, Төрт дегенім-төрткөз. Бес дегенім-балпан, Алты дегенім-албырт, Жеті дегенім-жайын Сегіз дегенім- семсер балық. Тоғыз дегенім- торта, Он дегенім-оңғақ. Табиғаттың байлығы, Балықтармен толмақ. Бір ме бір- Тәртіпті жүр. Екі ме екі- Беске оқуға бекі. Үш пе үш- Денеңе жина күш. Төрт пе төрт- Озат болуға берші серт. Бес пе бес- Әдепті болып өс. Алты ма алты- Тазалық жақсының салты. Жеті ме жеті- Балалардың нұрлы болсын беті. Сегіз бе сегіз- Білімің болсын ұшан-теңіз. Тоғыз ба тоғыз- Азамат бол нағыз. Он ба он- Ата-анаңды сыйлағаның жөн. Айтқан ақылға көн. Башпайлар мен бақайды, Былай-былай айтады. Басқы бақай Опай-сопай, Атсыз апай Ерке тотай. Құйттай шақай, Балаларда қарайды, Башпайларды санайды. Басқы бақай, Опай-сопай, Атсыз апай. Ерке тотай, Құйттай шоқай. Бір сыныпта он бес едік, Он төрт десең, Сенбес едік. Бір оқушы «Бір» алып кетіп қалды. Екі оқушы «Сұранып» кетіп қалды. Бір оқушы кешіккен Сығалап тұр есіктен! Санап шықшы біздерді, Отырайын тосып мен!... (11 оқушы.) Күн де тымық Тыныш, Көк майсаға Пүліш. Келді ойнауға, жаңа Енді өздерің сана: Он құмырсқа Іннен. Бес көбелек Гүлден, Гүжілдеп үш ара, Келді жеті сона. Төрт шегіртке, Ырғып, Екі шаян, Бір құрт. Тоғыз шіркей күлдей, Сегіз маса бірдей, Алты шыбын келді Нешеу болды енді? (55 болды.) Буыршын мен атан бар, Тайлағым мен ботам бар, Үш інгенге иемін: Санын айтшы түйемнің. (7 түйе.) Алпыс ала қарға, Қырық қара қарға, Таласты жемге Жатқан ақ қарда. Ала қарғалар Ала қашады. Қара қарғалар Алдын тосады. Қайта айналып Жерге қонады. Барлығын қоссаң, Қанша болады? (100 қарға.) Жетігенді Жеті бала Үйреніп жүрді. Жеті өлеңді Әні жаңа Жырлады, күлкі. Осыған анық Берген анық баға. Жоғы бар ма, Қанша сана! (7 бала.) Жетпістен асқан шалды Жетідегі бала жетелей ме? Шал томар жарды, Отынды бала көтермей ме?! Жетпісті қуып жетем десең, Мөлшерлеудің жөні бұл- Жетіні қанша еселесең, Жетесің? Соны біл! (10 рет) Әктеп, жинап үйімді, Өтектедім киімді; Еден шаңын сыпырдым: Қанша жұмыс бітірдім? (4 жұмыс.) Қос шардан Достарға Бердім Бек, Оспанға, Асқарға... Өз шарым Аспанда. Қанша шар қосқанда? (8 шар.) Дүйсенбай мен Сейсенбай, Сәрсенбай мен Бейсенбай, Жұмабай мен Сенбібай, Жексенбай да сонша бай: Бар әулетте қанша бай? (7 бай.) Ала шапан киініп, Дарбаз жатыр үйіліп, Дарбаздарды шетінен Санап шықтым екіден: Бесеу болды жұп саны, Нешеу болды түп саны? (10 дарбаз.) Матай, Маған, Алтай, Ақан, Жантай, Жақан, Қаныш ағам бар: Қанша ағам бар? (7 аға.) Тойжан тапқан, Оң жаңғақтан. Екіден-ақ Еппен санап, Балжан алды, Ұлжан алды, Қанша қалды? (6 жаңғақ.) Дастарханда торта бар, Қазы, жая, қарта бар. Көкөніс пен шырын бар, Қанша тағам түрі бар? (6 тағам.) Қос арбаның доңғалағын, Қанша қоссаң он болады? (4 қос доңғалақ.) Машинаның бесеуін, Егінжайға жібердім. Машинаның бесеуін, Еділбайға жібердім. Жұмсадым сонда нешеуін? Білмей тұрмын есебін. (10 машина.) Оң қолымда бес өрік, Сол қолымда бес өрік. Саған берем барлығын, Алатының неше өрік? (10 өрік.) Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю, бір арыстан. Үш қасқыр, бір қоян бар, Бәрі нешеу табыңдар? (9 аң.) Бес құлынды биені, Бесікбайға айдаттым. Қызыл сары биені, Қымыз үшін байлаттым. Есептеші ал енді, Неше бием бар енді? (6 бие.) Жеті ағайынды жігіттердің бір-бірден қарындасы бар. Қарындастары нешеу? (Біреу.) Бөлменің төрт бұрышы бар, әр бұрышта бір мысықтан отыр. Ал олардың әрқайсысының алдында үш мысықтан тағы отыр. Сонда бұл бөлмеде қанша мысық бар? (Төрт.) Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойлады. Әр қайсысы неше сағаттан ойлады? (2 сағат.) Төрт жұмыртқа 4 минут піседі. 1 жұмыртқа неше минут піседі? ( 4 минут.) Он асықты 10 бала алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Ол қалай? (1 асықты дорбадан алады.) Бахтиярдың 4 ұлы және әрқайсысының туған қарындасы бар. Бахтиярда неше бала бар? (8 бала бар.) Күнде тымпи, тымпи. Көк майсаға пүліш. Келді ойнауға жаңа, Енді өздерің сана: Он құмырсқа, іннен. Бес көбелек гүлден. Гүжілдеп үш ара, Келді жеті сона. Төрт шегіртке ырғып, Екі шаян бір құрт. Тоғыз шіркей күлдей, Сегіз маса бірдей. Алты шыбын келді Нешеу болды енді? ( 55 болды.) Бір үйде екі шеше, екі қыз, Әже немересімен тұрады. Қанша адам болады? (3 адам.) Сен, мен және бізбен бірге өзің бар. Бәріміз біз нешеуміз? (Екеу.) Он саулықтың Ақпанда Егіз туды жетеуі, Қырға көшіп жатқанда, Жалқы туды екеуі. Тағы да бір тұсақ бар, Қысыр қалды ол бірақ та. Біздің үйде ұсақ мал, Жетті қанша тұяққа? (16 ұсақ мал.) Атам, әжем, ағам мен, Әкем, інім және мен. Анам және енесі, Енесінің бөлесі- Отыр едік шай ішіп, Жеңгем кірді майысып. Арқасында –кіші інім. Саны қанша, айта ғой. Үйдегі бар кісінің. (8 кісі.) Үйге жұмсап Жарқынды, Алдырдық біз үш түйе. Қос қап бидай артылды Әр түйенің үстіне. Тапқыр болсаң, ал санап, Артылды екен қанша қап? (6 қап.) Мұз айдында жеті бала, Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала, Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың, Санын айтсаң жарадың? (9 бала.) Тауықтардың біреуі Бес балапан шығарды. Көптен күтіп жүр еді, Інім қатты қуанды. Он жұмыртқа бастырған, Қарай алмай шаршады. Тауығының астында Жатыр әлі нешеуі? (5 жұмыртқа.) Бір топ бала тоғаннан, Он бес балық ұстадық. Бөліскенде оларды, Тиді әркімге үш балық. Сынайын бір ал сені, Бала саны қанша еді? (5 бала.) Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі, Кәне кім тез шешеді? (5 қаз.) Жайылып жүр сегіз лақ, Үшеуі оның егіз лақ. Есептеуге сен шебер Бала болғың келсе егер, Сегіз лақтың енесін Тез есептеп бересің. (5 ешкі.) Портфелімде әуелі, Он үш жаңғақ бар еді. Науат пенен Маратқа, Самат пенен Сағатқа, Апасына Қанаттың Екі-екіден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын Айта қойшы ал, жаным. (3 жаңғақ.) Төбеден төрт бөктергі, Аңдыпты қос кептерді. Шаңқылдаса көк қара, Үн қоспапты бес қарға. Секем ап бір дауыстан, Безектеп бір сауысқан, Алты белден асыпты, Тым-тырақай қашыпты. Үш үкі үркіп қашыпты, Тасқа құлап түсіпті. Жарда жеті жапалақ, Отырғанда қаталап, Топ-тоғыз тоқылдақ, Қағып кеткен топырлап Сөйтіп, қызық іс болды, Бәрі қанша құс болды? (32 құс.) Бес алманың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады? ( 2 алма.) Дүкеннен мен сабын алдым, Оның қабын және алдым. Екі дәптер, бір қарындаш Тіс ысқышты тағы алдым. Есептеші, сонда бәрі, Қанша болар қолда бары? (барлығы 6.) Алмаға кеп күнара, Қонушы еді бір ара. Бүгін тоғыз туысын, Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгіл алмаға, Келіп қонды қанша ара? (10 ара.) Маратта бар бес іні, Мұратта бар екі іні. Қоссақ бес пен екіні, Неше болады шешуі? (шешуі 7.) Көлден ұшып кетті жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі? (5 қаз.) Табақта бес алма, Қандай тәтті жесе алма. Бесеуін де жеп қойсам Қалады онда неше алма? (0 алма.) Екі аяқтыда бөле тату, Төрт аяқтыда бота тату. Бесік баласы бес түлейді. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. Алтау ала болса, Ауыздағы келеді. Көп ауыз сөйлесе, Бір ауыз жоқ болады. Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар. Ағайын алтау, Ана біреу. Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім. Неше кіші ішік піштім? Жоғалды бес шыбын, Жоқ әлі еш сыбыс. Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды бес шыбын. Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш. Қырық қызыл құйрық, Қырық қыл құйрық. Қырық қыл құйрық ішінде, Ылғи қызыл құйрық. Бір ақ шымшық, Екі ақ шымшық, Үш ақ шымшық Төрт ақ шымшық. Сегіз серке сүзісіп тұр, Семіз серке су ішіп тұр. Қарлығаш ұшқанына мәз, Қарындас үш алғанына мәз.Санамақтар жиынтығы оқушыларды ойын ойнау барысында бастаушыны даусыз таңдап алуға, жаңа санап үйреніп келе жатқан оқушыларға санауды үйренуге көмектеседі.
Санамақтар.docx
Бірім –бірім, Екім­екім, Үшім­үшім, Төртім­төртім, Бесім­бесім, Алты малтам Алты балтам. Мен санайын Сен бол дайын Сары шымшық, Сыртылдауық. Сен тұр, Сен шық. Қара шымшық, Дара шымшық. Масыл шымшық, Жасыл шымшық. Сен тұр  Сен шық. Ірімшік, ірімшік, Сен тұр, сен шық. Әкі –бәкі, Қисық сәкі. Сен тұра тұр, Інім шыға тұр. Алма кетті домалап,  Көше бойын жағалап. Кім алманы табады, Сол ойыннан шығады. Бір дегенім­білеу, Екі дегенім­егеу. Үш дегенім­үсік, Төрт дегенім­төсек. Бес дегенім­бесік Алты дегенім ­асық, Жеті дегенім­жастық Сегіз дегенім ­серке, Тоғыз дегенім ­торқа, Он дегенім ­оймақ  Он бір қара жұмбақ. Бір дегенім­Білмек, Екі дегенім­Еңбек. Үш дегенім­Үлгі, Төрт дегенім­Төзім. Бес дегенім­Бестік Алты дегенім ­Алғыс, Жеті дегенім­Жеңу Сегіз дегенім ­Сеңу, Тоғыз дегенім ­Тоқу, Он дегенім­Оқу.  Бір дегенім­бақыт, Екі дегенім­елім. Үш дегенім­үйім, Төрт дегенім­төрім. Бес дегенім­білім, Алты дегенім­арым. Жеті дегенім­жерім, Сегіз дегенім­сенім. Тоғыз дегенім­тәуелсіздігім, Он дегенім­Отаным. Арайлап атқан әр таңым. Бірім­бесік, Екім­есік. Үшім­ұшақ, Төртім­тұсақ. Бесім­балта, Алтым­алқа, Жетім­желке.  Сегізім­собық,  Тоғызым­тобық. Оным­орман, Білімім­қорған. Үңілсеңдер сырына, Санамақтың түрі көп. Есептеңдер мұны да, Сондайлардың бірі деп. Бір дегенім­бірлік, Екі дегенім­ерлік. Үш дегенім­үміт, Төрт дегенім­түлік. Бес дегенім­бесік, Алты дегенім­асық. Жеті дегенім­желім, Сегіз дегенім­сенім. Тоғыз дегенім­төзім, Он дегенім­өзім. Бір­ құр, Ек і­үкі. Үш­қыш, Төрт­торт. Бес­пеш, Алты­жарты. Жеті­етік, Сегіз­өгіз. Тоғыз­қоңыз, Он­тон.       Ағаш санамақ. Бір дегенім­бәйтерек, Екі дегенім­емен. Үш дегенім­үйеңкі, Төрт дегенім­тұт. Бес дегенім­беке, Алты дегенім­арша, Жеті дегенім­жиде, Сегіз дегенім­сексеуіл. Тоғыз дегенім­тораңғы, Он  дегенім­орман. Орман­    Аң­құстарға қорған. Өсімдік  санамақ. Бір дегенім­бүрген, Екі дегенім­ермен. Үш дегенім­үлпілдек, Төрт дегенім­түлкішек. Бес дегенім­бестамақ, Алты дегенім­алқа, Жеті дегенім­жекен, Сегіз дегенім­ селеу. Тоғыз дегенім­ тошала, Он  дегенім­ошаған. Шөптен дәрі жасаған. Жәндік  санамақ. Бір дегенім­бүрге, Екі дегенім­есеқара. Үш дегенім­үйез,  (шыбын) Төрт дегенім­түлкішек. (түкті құрт) Бес дегенім­бөгелек, Алты дегенім­аламан, Жеті дегенім­жегі, (құрт)  Сегіз дегенім­ сүлік. Тоғыз дегенім­ тоқалтіс, (тышқан) Он  дегенім­оқ жылан. Жетім қалар жәндіксіз, Мына орта қоршаған. Құс  санамақ. Бір дегенім­бірқазан, Екі дегенім­ементұмсық. Үш дегенім­үйрек, Төрт дегенім­торғай. Бес дегенім­безгелдек, Алты дегенім­алабұлдырық. Жеті дегенім­жек, (дуадақ)  Сегіз дегенім­ сұңқар. Тоғыз дегенім­ тоқылдақ, Он  дегенім­оқпақ. Құстарсыз мына тіршілік, Қалмас па еді тоқтап. Аң  санамақ. Бір дегенім­бөрі, Екі дегенім­елік. Үш дегенім­ұшар, (тиінге ұқсас аң) Төрт дегенім­түлкі. Бес дегенім­бөкен, Алты дегенім­арқар, Жеті дегенім­жайран  Сегіз дегенім­сілеусін. Тоғыз дегенім­толай, (құм қояны) Он  дегенім­ор қоян. «Аман болсын аңдар» Деген сөзге қол қоям. Балық  санамақ. Бір дегенім­бекіре, Екі дегенім­елең. Үш дегенім­үкішабақ, Төрт дегенім­төрткөз. Бес дегенім­балпан, Алты дегенім­албырт, Жеті дегенім­жайын  Сегіз дегенім­ семсер балық. Тоғыз дегенім­ торта, Он  дегенім­оңғақ. Табиғаттың байлығы, Балықтармен толмақ. Бір ме бір­ Тәртіпті жүр. Екі ме екі­ Беске оқуға бекі. Үш пе үш­ Денеңе жина күш. Төрт пе төрт­ Озат болуға берші серт. Бес пе бес­ Әдепті болып өс. Алты ма алты­ Тазалық жақсының салты. Жеті ме жеті­ Балалардың нұрлы болсын беті. Сегіз бе сегіз­  Білімің болсын ұшан­теңіз. Тоғыз ба тоғыз­  Азамат бол нағыз. Он ба он­ Ата­анаңды сыйлағаның жөн. Айтқан ақылға көн. Башпайлар мен бақайды, Былай­былай айтады. Басқы бақай Опай­сопай, Атсыз апай Ерке тотай. Құйттай шақай, Балаларда қарайды, Башпайларды санайды. Басқы бақай, Опай­сопай, Атсыз апай. Ерке тотай, Құйттай шоқай. Бір сыныпта он бес едік, Он төрт десең, Сенбес едік. Бір оқушы «Бір» алып кетіп қалды. Екі оқушы «Сұранып» кетіп қалды. Бір оқушы кешіккен  Сығалап тұр есіктен! Санап шықшы біздерді, Отырайын тосып мен!...                          (11 оқушы.) Күн де тымық Тыныш, Көк майсаға Пүліш. Келді ойнауға, жаңа Енді өздерің сана: Он құмырсқа  Іннен. Бес көбелек Гүлден, Гүжілдеп үш ара, Келді жеті сона. Төрт шегіртке, Ырғып, Екі шаян, Бір құрт.  Тоғыз шіркей күлдей, Сегіз маса бірдей, Алты шыбын келді  Нешеу болды енді?                       (55 болды.)   Буыршын мен атан бар, Тайлағым мен ботам бар, Үш інгенге иемін: Санын айтшы түйемнің.                          (7 түйе.) Алпыс ала қарға, Қырық қара қарға, Таласты жемге Жатқан ақ қарда. Ала қарғалар Ала қашады. Қара қарғалар Алдын тосады. Қайта айналып Жерге қонады. Барлығын қоссаң, Қанша болады?                 (100 қарға.)         Жетігенді Жеті бала Үйреніп жүрді. Жеті өлеңді Әні жаңа Жырлады, күлкі. Осыған анық Берген анық баға. Жоғы бар ма, Қанша сана! (7 бала.) Жетпістен асқан шалды Жетідегі бала жетелей ме? Шал томар жарды, Отынды бала көтермей ме?! Жетпісті қуып жетем десең, Мөлшерлеудің жөні бұл­ Жетіні қанша еселесең, Жетесің? Соны біл!                    (10  рет) Әктеп, жинап үйімді, Өтектедім киімді; Еден шаңын сыпырдым: Қанша жұмыс бітірдім?                          (4 жұмыс.) Қос шардан Достарға Бердім  Бек, Оспанға, Асқарға... Өз шарым Аспанда. Қанша шар қосқанда?                     (8 шар.) Дүйсенбай мен Сейсенбай, Сәрсенбай мен Бейсенбай, Жұмабай мен Сенбібай, Жексенбай да сонша бай: Бар әулетте қанша бай?                                      (7 бай.) Ала шапан киініп, Дарбаз жатыр үйіліп, Дарбаздарды шетінен Санап шықтым екіден: Бесеу болды жұп саны, Нешеу болды түп саны?                                      (10 дарбаз.)   Матай, Маған, Алтай, Ақан, Жантай, Жақан, Қаныш  ағам бар: Қанша  ағам бар?                           (7 аға.) Тойжан тапқан, Оң жаңғақтан. Екіден­ақ Еппен санап, Балжан алды, Ұлжан алды, Қанша қалды?                        (6 жаңғақ.) Дастарханда торта бар, Қазы, жая, қарта бар. Көкөніс пен шырын бар, Қанша тағам түрі бар?                            (6 тағам.) Қос арбаның доңғалағын, Қанша қоссаң он болады?                 (4 қос доңғалақ.) Машинаның бесеуін, Егінжайға жібердім. Машинаның бесеуін, Еділбайға жібердім. Жұмсадым сонда нешеуін? Білмей тұрмын есебін.                        (10 машина.) Оң қолымда бес өрік, Сол қолымда бес өрік. Саған берем барлығын, Алатының неше өрік?                          (10 өрік.) Бір­бірімен жарысқан, Төрт аю, бір арыстан. Үш қасқыр, бір қоян бар, Бәрі нешеу табыңдар?                                (9 аң.) Бес құлынды биені, Бесікбайға айдаттым. Қызыл сары биені, Қымыз үшін байлаттым. Есептеші ал енді, Неше бием бар енді?                                  (6 бие.)   Жеті ағайынды жігіттердің бір­бірден қарындасы бар.  Қарындастары нешеу?                               (Біреу.) Бөлменің төрт бұрышы бар, әр бұрышта бір мысықтан отыр. Ал олардың  әрқайсысының алдында үш мысықтан тағы отыр. Сонда бұл бөлмеде қанша  мысық бар?                                                                                                                      (Төрт.) Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойлады. Әр қайсысы неше сағаттан ойлады?                                           (2 сағат.) Төрт жұмыртқа 4 минут піседі. 1 жұмыртқа неше минут піседі?                                   ( 4 минут.) Он асықты 10 бала алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Ол қалай?                                                                (1 асықты дорбадан алады.) Бахтиярдың 4 ұлы және әрқайсысының туған қарындасы бар. Бахтиярда неше бала бар?                                                                                     (8 бала бар.) Күнде тымпи, тымпи. Көк майсаға пүліш. Келді ойнауға жаңа, Енді өздерің сана: Он құмырсқа, іннен. Бес көбелек гүлден. Гүжілдеп үш ара, Келді жеті сона. Төрт шегіртке ырғып, Екі шаян бір құрт. Тоғыз шіркей күлдей, Сегіз маса бірдей. Алты шыбын келді  Нешеу болды енді?                            ( 55 болды.) Бір үйде екі шеше, екі қыз, Әже немересімен тұрады. Қанша адам болады?                              (3 адам.) Сен, мен  және бізбен бірге өзің бар. Бәріміз біз нешеуміз?                               (Екеу.) Он  саулықтың  Ақпанда Егіз туды жетеуі, Қырға көшіп жатқанда, Жалқы туды екеуі. Тағы да бір тұсақ бар, Қысыр қалды ол бірақ та. Біздің үйде ұсақ мал, Жетті қанша тұяққа?                           (16 ұсақ мал.) Атам, әжем, ағам мен, Әкем, інім және мен. Анам және енесі, Енесінің бөлесі­ Отыр едік шай ішіп, Жеңгем кірді майысып. Арқасында –кіші інім. Саны қанша, айта ғой. Үйдегі бар кісінің.                            (8 кісі.) Үйге жұмсап Жарқынды, Алдырдық біз үш түйе. Қос қап бидай артылды Әр түйенің үстіне. Тапқыр болсаң, ал санап, Артылды екен қанша қап?                                  (6 қап.) Мұз айдында жеті бала, Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала, Жағалауда тұр қарап. Енді осы бар баланың, Санын айтсаң жарадың?                                (9 бала.)      Тауықтардың біреуі Бес балапан шығарды. Көптен күтіп жүр еді, Інім қатты қуанды. Он жұмыртқа бастырған, Қарай алмай шаршады. Тауығының астында Жатыр әлі нешеуі?                   (5 жұмыртқа.)   Бір топ бала тоғаннан, Он бес балық ұстадық. Бөліскенде оларды, Тиді әркімге үш балық. Сынайын бір ал сені, Бала саны қанша еді?                       (5 бала.) Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі, Кәне кім тез шешеді?                       (5 қаз.) Жайылып жүр сегіз лақ, Үшеуі оның егіз лақ. Есептеуге сен шебер Бала болғың келсе егер, Сегіз лақтың енесін Тез есептеп бересің.                           (5 ешкі.) Портфелімде әуелі, Он үш жаңғақ бар еді. Науат пенен Маратқа, Самат пенен Сағатқа, Апасына Қанаттың Екі­екіден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын Айта қойшы ал, жаным.                            (3 жаңғақ.) Төбеден төрт бөктергі, Аңдыпты қос кептерді. Шаңқылдаса көк қара, Үн қоспапты бес қарға. Секем ап бір дауыстан, Безектеп бір сауысқан, Алты белден асыпты, Тым­тырақай қашыпты. Үш үкі үркіп қашыпты, Тасқа құлап түсіпті. Жарда жеті жапалақ, Отырғанда қаталап, Топ­тоғыз тоқылдақ, Қағып кеткен топырлап Сөйтіп, қызық іс болды, Бәрі қанша құс болды?                               (32 құс.)     Бес алманың үшеуін, Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі, Өз қолыңда қалады?                       ( 2 алма.) Дүкеннен мен сабын алдым, Оның қабын және алдым. Екі дәптер, бір қарындаш Тіс ысқышты тағы алдым. Есептеші, сонда бәрі, Қанша болар қолда бары?                                   (барлығы 6.)  Алмаға кеп күнара, Қонушы еді бір ара. Бүгін тоғыз туысын, Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгіл алмаға, Келіп қонды қанша ара?                          (10 ара.) Маратта бар бес іні, Мұратта бар екі іні. Қоссақ бес пен екіні, Неше болады шешуі?                         (шешуі 7.) Көлден ұшып кетті жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі?                                 (5 қаз.) Табақта бес алма, Қандай тәтті жесе алма. Бесеуін де жеп қойсам Қалады онда неше алма?                             (0 алма.) Екі  аяқтыда бөле тату, Төрт  аяқтыда бота тату. Бесік баласы бес түлейді. Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. Алтау ала болса, Ауыздағы келеді. Көп ауыз сөйлесе, Бір ауыз жоқ болады. Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар. Ағайын алтау, Ана біреу. Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім. Неше кіші ішік піштім? Жоғалды бес шыбын, Жоқ әлі еш сыбыс. Жоқ әлі еш сыбыс, Жоғалды бес шыбын. Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш. Қырық қызыл құйрық, Қырық қыл құйрық. Қырық қыл құйрық ішінде, Ылғи қызыл құйрық. Бір ақ шымшық, Екі ақ шымшық, Үш ақ шымшық Төрт ақ шымшық. Сегіз серке сүзісіп тұр, Семіз серке су ішіп тұр. Қарлығаш ұшқанына мәз, Қарындас үш алғанына мәз.

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар

Санамақтар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2017