Сандар мен цифрлар. 1саны мен цифры. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

  • docx
  • 24.04.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Сандар мен цифрлар_ 1саны мен цифры_ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.docx

Дидактикалық материалдар

 

 

Санамақ

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

 

 

«Қызықты математика»
Саянда болды 8 алма
Сайданға берді 4 алма.
Ойланып, кәне, көрейік -
Саянда қалды қанша алма? 8 - 4 =4


Бәйгеге шықты жануарлар
Алға шықты бесеуі.
Қосылды оған екеуі
Мәреге келді нешеуі? 5 +2=7

Айманда болды бес алмұрт,
Әселге берді екі алмұрт.
Айманның қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла? 5 - 2=3

Сегіз қияр базардан
Сатып алды Сәлімжан.
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды дорбада? 8 - 5


 

Посмотрите также