Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім: Сандар туралы ұғым |
Мектеп: |
|||||||
Күні:14.09.2015ж. |
Мұғалімнің аты-жөні: |
|||||||
Сынып: 1В |
Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 |
|
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Сандар қайдан пайда болды? «7 саны және цифры» |
|||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.1.1 Санау мен өлшеудің нәтижесі ретінде натурал сан туралы білу 1.1.1.5 Сан түзуі туралы білу |
|||||||
Сабақмақсаттары |
Санау мен өлшеудің нәтижесін атау, сан түзуінде сандардың орнын, санның құрамын анықтауға қалыптастыру |
|||||||
Жетістіккритерийлері |
Оқушыларнатуралсандар қатарында7саныныңорнын таба алады; 7 санын басқа сандармен салыстыра алады; 7 санының құрамын анықтай алады; 7 санын жаза алады. |
|||||||
Тілдікмақсаттар
|
«Мен жеті ... білемін»; сан, цифр, сан түзуі, натурал сан, алдыңғы, артында, тура, кері. |
|||||||
Құндылықтардыдарыту |
Жауапкершілік, сыйластық, өзаратүсіністікқасиеттерінқалыптастыру. |
|||||||
Пәнаралықбайланыстар |
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнімен байланыс:«Мен білемін» ойыны. Өнер пәнімен байланыс: оқушылар жұпта палитра желімдеу және музыкалық ноталарды атау. |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Цифрдыпернетақтаарқылыжазыпкөреді |
|||||||
Бастапқы білім
|
Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді |
|||||||
Сабақбарысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы
|
1.Оқушылардыңзейініншоғырландыру; 2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу (Ұ)Оқушыларға ауызша жаттығулар жасауды ұсыну. 1. Тура және кері ретпен 10-ға дейін санау. 2. 2-ден 5-ке дейін, 6-дан 3-ке дейін, 4-тен 9-ға дейін, 9-дан 5-ке дейін санау.
|
Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4
|
||||||
Сабақтың ортасы
|
(Ұ) Санау дағдыларын, санның орны туралы білімдерін дамытуға арналған жаттығулар ұйымдастыру. «Жалғастырып сана» ойыны. Бір оқушы 10-ға дейін кез-келген санды атайды, екінші оқушы келесі санды айтып жалғастырады. «Алдына тұр» ойыны. Бір оқушы тақтаға шығып 10-ға дейінгі кез-келген санды атайды, келесі оқушы оның алдына тұрып, сол санға дейінгі санды айтады т.с.с. «Жаңғырық» ойыны. Қоңырауды бірнеше рет соғу, оқушылар сонша рет қол соғады. Қарындашпен үстелді бірнеше рет соғу, ал оқушылар содан біреуі кем қол соғады. «Іздер» ойыны. Балаларды жұп-жұбымен шақырып, бір жұпқа неше қадам алға жылжу керектігін ақырын құлаққа айту, келесі жұп осы жұптан екі қадам көп немесе екі қадам кем жылжу керек т.с.с Жұмбақты шешуін сұрау. Қызыл, сары, жасылды Көкте бір зат асылды - Кемпірқосақ көргендерің бар ма? - Кемпірқосақта неше түс бар? - Ол қандай түстер? Кемпірқосақтың суретін белсенді тақтадан көрсетіп, түстерін санап шығуын ұсыну. (ТЖ) Төрт топ бойынша жұмыс ұйымдастыру. Кемпірқосақтың қиылған жолақтарын таратып, оларды қажетті ретімен орналастыруды сұрау. «Кім кемпірқосақты тез әрі дұрыс жинап бітіреді?» жарысын өткізу. Оқушылар түстердің аттарын атап, кемпірқосақ түстерінің санын санап шығады. (Ұ) Сан түзуімен жұмыс жүргізу. - 7 саны қай саннан кейін тұрады? - 7 санын оның сол жағында орналасқан сандардан айырмашылығы неде? (ЖЖ) Әр жұпқа әр түрлі түстерден жасалған қағаз дөңгелектерді (палитраны) тарату. Оқушыларға әр палитрада 7 бояудан болу үшін неше дөңгелек жетпейтінін анықтауға уақыт беру. Олар жетпей тұрған дөңгелектерді түстерін сақтай отырып, палитра желімдеу керек. (Ұ)Оқулықпен жұмыс. Алдымен хормен, содан соң 4-5 оқушыдан кемпірқосақтың түстерін санап, оларды атауды сұрау. Оқушылардың назарын 29-беттегі суретке аударып, Руслан неше жасқа толғанын сұрау. Оны қалай білуге болатынын түсіндіруді сұрау. (ЖЖ)«Орындап көр» тапсырмасы. Оқушылар музыкалық ноталарды еске түсіріп, жұптасып бір-біріне айтады (до, ре, ми, фа, соль, ля, си). Олардың саны қанша екенін сұрау. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс (Ө) Оқушылар жеті жидектің суретін салады. Заттарды тиісті сандармен сызықтар арқылы қосады. (МК,Ө)Оқушыларға 7 цифрының жазу үлгісін көрсету, ол қандай бөліктерден тұратынын сұрау. 7 цифрының жазылу үлгісін тақтада көрсету.Цифрдың жазылу кезеңдеріне көңіл бөлу. Алдымен 7 цифрының элементтерін, содан соң 7 цифрын жазып шығуды ұсыну. Материалды толық меңгерген қабілеті жоғары оқушыларға жеке қағазға тапсырманы жазып беріп, орындауын сұрау. Түсіп қалған сандарды жазу:
|
|
||||||
Сабақтың соңы |
(ЖЖ)«Мен білемін» ойыны. - Мен жеті қыз есімін білемін: ... - Мен жеті ұлдың есімін білемін: ... - Мен жеті ... білемін |
|
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз? |
Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? |
Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы |
||||||
Ауызшасанауғақиналатыноқушығадербесқолдаукөрсету. Материалды толық меңгерген қабілеті жоғары оқушыларға 7 санының құрамын жеке-жеке қағазға жазып, орындату. |
Ауызша санау үдерісін бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу. |
Сергіту сәттерін өткізу.
|
||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.