Қысқамерзімді жоспар
Сабақ: Математика
|
Мектеп
|
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: «5 саны және цифры» |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||
Сынып: 1А |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
|
||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары
|
1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 бір таңбалы сандардың құрамын анықтау |
||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Сол жақта. Оң жақта.Тура ретпен санау, кері ретпен санау |
||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу |
||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады. |
||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді. |
||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді |
||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут |
Ертеңгі шеңбер (Б) Оқушылар шеңберге тұрады, кезекпен саналады. Оқушылардың зейінін шоғырландыру; оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу.
|
https://www.youtube.com/watch?v=RuAgdgXVvUA
|
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
|
Сандар қалай пайда болды? (Ұ) Ертеде адамдар санауды білді ме? Санау не үшін қажет болды? Сұрақтарға болжам жасауға ой түрткі жасау. Оқушылардың пікірлерін айтуына мүмкіндік беру. (Ө) Санауға арналған материалдар: моншақтар, асықтар, таяқшалар, тастар, түймелер,
Сүйекшенің бетіндегі санға сәйкес цифрды көрсету.
5 саны және цифрымен таныстыру.
(Ж) Оқушыларға өзі ұнататын заттардың топтамасын санату, оқушылар топқа немесе сыныпқа ұнататын түсі және сол түсті заттың қаншасын анықтағанын айтады. (Ж,Т,Ф) Оқушыларға жұппен немесе кішірек топтарда 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысал келтіру ұсынамын. Мысалы: 1- бөлмедегі компьютер немесе есік саны, 2- тақта, 3- терезе және т.с.с.
Сыныптан саны бесеу болатын заттарды табу.
Оқулықпен жұмыс Сан түзуінде 5 санының орнын анықтау. Сурет бойынша түсіп қалған сандарды табу.
5 санының құрамын анықтау. Келесі сан қандай сан? Алдыңғы сан қандай? 3 және 5 сандарының арасында қандай сан бар? Сандардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші? Сергіту сәті Жұмбақ Қараңғыда жымыңдай жанады,
Дәптермен жұмыс. 5 цифрын ауада жазу
1) Түсіп қалған сандарды жаз 2) Үлгі бойынша толықтырып жаз 3) Сан құрамын анықтау
4) Сан түзуінде көрсету
1 2 3 4 5
Қалыптастырушы бағалау 1- тапсырма. Сандарды сәйкес суреттермен байланыстырыңыз.
2- тапсырма. Үлкен және кіші доптардың санын анықтаңыз және бос торкөздерге жазыңыз. Оларды салыстырыңыз.
|
Кеспе суреттер, https://www.youtube.com/watch?v=F2ZFn9ttH2w
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Қорытындылау Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Нені білдім? Нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім ? Рефлексия
Бәрін түсіндім Кейбір нәрселерді толық түсінбедім Мен түсінбедім |
|
|||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||
Сан түзуінде сандардың орнын табуда қиналған оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. |
Заттардың санын цифрлармен сәйкестендіруін, сандарды салыстыруын бағалау. |
Сергіту жаттығуы мен көзге арналған жаттығу. |
|||||||||||||||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.