Сауат ашу.Қ дыбысы мен әрпі

  • docx
  • 17.09.2021
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Сауат ашу Қ әрпі.docx

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

 Бөлімі : «Сауат ашу және жазу»

Тақырыбы: « Қ қ дыбысы мен әріпі»

Мақсаты: 

Білімділігі: «Қ» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.

Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.

Әдіс –тәсілдер:түсіндіру,әңгімелеу,нұсқау беру,сұрақ – жауап.

Көрнекіліктер:суреттер,буындар жазылған кесте,слайд,стикер,дәптер,кеспе әріптер.

Полигвалды компонент:алма-яблоко-аpple(эпл),Әже-бабушка-Qradmaher(грандмазер).мысық-кот- cat( кэт).

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.

 -Сәлеметсіздерме,балалар!

      Балалар үш тілде амандасады.

 

Қәне, бәріміз шаттық шеңберге тұрайық.

 

 Шаттық шеңбері:

Біз ақылды баламыз,

Өседі ой-санамыз.

Талаптанып білуге,

Бар ынтаны саламыз.

Санаймызда,ойнаймыз,

Ойнаймызда ,ойлаймыз.

Үйренуге құмармыз,

Білім жолын қуамыз!

Тәрбиеші:

-Балалар мен сабағымызды ойынмен бастағым келіп тұр.Мен сіздерге сұрақ қоямын,сіздер толық жауап бересіңдер.

 Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады, тәрбиеші қолындағы допты қай балаға лақтырса, сол бала тәрбиешінің қойған сұрағына жауап беріп, допты кері лақтыру керек.

«Ойлан,тап» ойынынан  бастаймыз.

-Сауат ашу пәнінде біз нені үйренеміз?

-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Жарайсыңдар ,балалар!Өткен әріптерімізді қалай білетінімізді көрсеттік.Енді  бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің жаңа тақырыбымен  танысамыз.Ол жаңа үйренетін дыбысымыз бен әріпімізді біз жұмбақ қою арқылы табуымыз керек.Ендеше біз мұқият жұмбақты тыңдайық.

Жұмбақ:

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

 

2. Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан.

                       (Қарбыз)

 

3. Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп,қорқып тұрады.

                                            (Қоян)

Тәрбиеші: Иә, жұмбақты дұрыс шештіңдер, өте жақсы.

-Балалар қой,қарбыз,қоян сөздерінің басында қандай дыбыс естіліп тұр? 

Балалар: «Қ» дыбысы.

-Дұрыс айтасыңдар,«Қ» дыбысы естіліп тұр.

 Тәрбиеші: Бүгінгі біздің өтетін  сабағымыздың тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпі.

 Қ дыбысы қазақтың төл дыбыстарының бірі болып табылады. Сондықтан «Қ»дыбысын анық, таза айтуға тырысайық.  Қане, барлығымыз қолымызды иегіміздің астына қойып «Қ»дыбысын айтайықшы.

Барлығы бірге «Қ» дыбысын қайталап айтады. Яғни  аузымыз ,қолымызға тимей тұр.

-«Қ» қатаң дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).

- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

- Көк текшемен белгілейміз.

Қ дыбысы сөздің басында,ортасында ,соңында айтылады.

Мысалы:қазақ, қасық, тарақ,түйе,қасқыр т.б

Қане, балалар, қой,қарбыз, қоян сөздерін буынға бөлейікші.

Қой – бір буын,қар-быз –екі буын,қо-ян –екі буын.Яғни екі дауысты дыбыс бар.Қой сөзіне дыбыстық талдау жасап, текшемен жазайық. Қ –көк,о-қызыл, й-көк текшемен жазамыз.Қой сөзінде үш дыбыс бар.Бір дауысты дыбыс бар.Бір бала тақтада орындайды.Қалғандары орындарында орындайды.

Дәптермен жұмыс:

 

Енді  балалар осы « Қ» әрпін дәптерімізге жазайық. Бірінші ауада жазып көрсетейік.Сосын дәптерге жазамыз.

Сергіту сәті:

Ойын ойнау әріптермен.Балалар мен әріптерден басталатын сөз айтамын.Басқа әріптерден сөз айтқанда шапалақтайсыңдар,Қ дыбысы бар сөз айтқанда,аяқтарыңды тарсылтатасыңдар.Кеттік :алма, ара,қарбыз ,сағат, моншақ,қарға,айна,шана,қасық,таға,лақ, қозы ,орындық,бұзау,қазан т.б.

Тіл ұстару жаттығулары:

Қа-қа-қа

Бақылдайды бақа.

Қа-қа-қа

Атам берді соқа.

Ақ-ақ-ақ

Басыңа қонсын бақ.

Енді Қ дыбысы бар сөздерді буындап оқимыз.

Мысалы:қа-ла,қо-ла,қа-ра,қо-ра,қа-лақ,қо-нақ.

-Балалар,мен сендерге мына затты алып келдім.Мұның не екенін білесіңдер ме?

-Ия ,бұл сандық.Сандық – қазақтың көне жиҺазы.Ерте заманда әжелеріміз сандықта заттарды, маталарды ,  киімдерді, тәттілерді сақтаған.Сандық деп айтып көрейікші. Қ дыбысы сөздің соңында айтылып тұр. Ал,ашып көрейік.Ішінде тағы заттар бар екен.Балалар бұл зат –қоржын деп аталады. Ал мынау –қамшы.Қоржынды ерте заманда қолданған.Жолға шыққанда ішіне су,айран, қымыз салып жүрген.Қазір көп қолданылмайды. Қоржынның ішінде не бар екен?

-Қарап көрейік.

-Бұл не екен?

-Кім біледі?

-Ия,бұл асық.Асықпен ұлттық ойындарды ойнаймыз.Хан талапай ойыны, алтын сақа ойынын ойнайды.

- Балалар,асықпен  тағы бір ойын ойнап бүгінгі  оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік. Бұл асықтарда әріптер жазылған.Сол әріптерден сөз ойлап табуларың керек.

Кезек-кезек аласыңдар.Сол әріптен басталатын сөз айтасыңдар.Оны орысша, ағылшынша аудармасын айтасыңдар.Ал келесі жағында құрт бар екен.Ол да біздің ұлттық тамағымыз.

-Жарайсыңдар,балалар!

Тәрбиеші: Ал, балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Балалар: Қ дыбысы

-Қ дыбыс қандай дыбыс екен?

-Қатаң, дауыссыз дыбыс.

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

Балалар:Қоржын,асық,қамшы,құрт.

 

- Жарайсыңдар,балалар,бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге мен сыйлыққа осы құртты әкелдім.Құртты топқа барып достарыңмен бөлісіп жейсіңдер.

Тәрбиеші:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Күтілеті нәтиже:

Білу керек: Қ дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін;

Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды;
Біледі: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.

.