ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі
Ал, сен білесің бе?? Қазақстанның барлық электр станцияларының электр энергиясының қосындылық қуаты 18 992,7 МВт құрайды. Электр станцияларының типтеріне қарай былай таратылады:
ЖЭС (жылу электр станциялары) – 87,7%;
КЭС (конденсациялық электр станциялары)
- 48,9%;
ЖЭО (жылу электр орталығы) – 36,6%; ГТЭС (газ турбиналық электр станциялары)
ГЭС (гидро электр станциялары) – 12,3 %.
Ал, Қазақстанда оның ішінде электр энергиясы 70 % көмірден, 14,6 % су ресурстарынан, 10,6 % газдан және 4,9 %
мұнайдан өндіріледі.
Техникалық диктант.
1. Қазақстандағы қуаты 350 МВт болатын жылдам нейтронды реакторлы бірінші атом электр станциясы _____________ қаласында болды. 2. Негізгі қордың орналасқан жері ________________________________________.
3. Қазақстанның ірі гидро электр станциясы _____________________________ . 4.
Қазақстандағы ең ірі электр станциясы _______________________________ . 5. _______________ қуаты 2 МВт болатын Қапшағай күн электр станциясы іске қосылды. 6. Қазақстанның жалпы ГЭС қуаты _________ құрайды.
2. Төмендегі сызбадағы элементтердің атауларын жаз.
Табиғи айналымды барабанды қазандықтың сызбасы.
3. Сызбадағы сандармен белгіленген элементтердің аттарын жазып беріңіз.
3. Төмендегі мәтінді оқып, сызбасын сызу.
Бу турбиналық ЖЭС-тің негізгі жылулық агрегаттары болып бу қазаны мен бу турбинасы саналады. Бу қазаны деген бұл оттықтағы отынның жануы кезінде бөлінетін жылулықты пайдалана отырып, және сол отын жануы үшін қажет болатын ауаның берілуімен оған келетін су арқылы буды үздіксіз өндіретін қыздыру бетінің жүйесі. Бу қазанына келетін су қоректік су деп аталады. Қоректік су қанығу температурасына дейін қыздырылады, ал қайнаған (қазандық) суынан бөлінетін қаныққан бу да қыздырылады.
Отынның жағылуы кезінде жану өнімдері пайда болады – жылутасымалдағыш, ол жұмыс денесі деп аталатын бу мен суға қыздыру бетінде жылулығын береді. Қыздыру беттерінен кейін жану өнімдері төмен температурада қазаннан түтін мұржасы арқылы атмосфераға шығарылады. Үлкен қуатты электрстанцияларында түтін мұржасын биіктігі 200-300м болатындай етіп жасайды, бұл ауаны ластаушы зиянды заттардың жергілікті концентрациясын төмендетуге мүмкіндік береді. Қатты отынның жануы нәтижесінде күл мен қож қалады, олар да агрегаттан сыртқа шығады. Қазанда алынған аса қызған бу турбинаға барады, онда оның жылулық энергиясы механикалыққа айналады, ол турбинаның валына беріледі. Турбина валына электр генераторы жалғасқан, онда механикалық энергия электрлікке түрленеді. Турбинадан өндірілген бу конденсаторға бағытталады, онда бу табиғи (өзен, көл, теңіз) немесе жасанды (градирня) көздің сумен конденсацияланады, яғни салқындайды. Ал қуаты 200 МВт болатын қазіргі заманғы КЭС-терде аралық бу қыздырылу қолданады. Әдетте бір сатылы аралық бу қыздыру қолданады. Ал қуаты өте жоғары қондырғыларда екі есе аралық бу қыздыру қолданады, онда турбинаның аралық сатыларынан бу екі рет қазанға қайтарылады. Аралық бу қыздыру турбиналық қондырғының п.ә.к.-ін жоғарылатады, электрэнергиясын өндіруге кететін меншікті бу шығынын төмендетеді. Конденсаттық сорғының көмегімен конденсат төменгі қысым қыздырғышы (ТҚҚ) арқылы деаэраторға сорылады. Конденсатты қайнауға дейін жеткізгенде одан оттегі мен көмірқышқылы арылады. Деаэратордан су қоректік сорғы арқылы жоғарғы қысым қыздырғышы (ЖҚҚ) арқылы бу қазанына беріледі. ТҚҚ-да конденсаттың және ЖҚҚ-да қоректік судың қыздырылуы турбинадан алынатын бумен жүзеге асырылады, турбинада болатын қыздырылу – регенеративтік қыздырылу деп аталады. Бұдан шығатыны, 1.1,а суретіндегі КЭС-ның бу қазаны оның өзі өндіретін будың конденсатымен қоректенеді. Бұл конденсаттың бір бөлігі электрстанциясының жүйесінде жоғалады да, шығынды құрайды. ЖЭО-да будың жартысы өндіріс кәсіпорындарының немесе тұрғын үй тұтынушыларының қажеттіліктеріне жұмсалады. Ал КЭС-та шығындардың жалпы үлесі 0,5-1% құрайды да, оны толықтыру үшін қосымша су қажет болады, ол су дайындау қондырғысында алдын ала өңдеуден өтеді.
4. Төмендегі сызбадан қазандықтың қосымша жабдықтарын жеке алып, сызбасын сызып, түсіндіру.
1. Егер жану массасының элементар құрамы 𝐶г = 71,5%, 𝐻г = 5,2%,𝑆г = 2,7%,𝑁г = 1,7 %, 𝑂г = 18,9%. Құрғақ масса бойынша күлділігі мен ылғалдылығы 𝐴с = 34 %, 𝑊р = 17% болса, онда маркасы Б3 Челябинск көмірінің жұмысшы массасының құрамын анықтау.
2. Егер жұмыс массасының элементар құрамы 𝐶р = 52,7 %, 𝐻р = 3,9 %, 𝑆р = 4,6 %, 𝑁р = 0,9 %, 𝑂р = 6,3 %, 𝐴р = 26,6 %, 𝑊р = 5% болғанда, маркасы Г6 Кизеловск көмірінің жану массасының құрамын анықтау.
Сөзжұмбаққа сұрақтар құрастыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Эстеркин Р.И., Өнеркәсіптік қазандық қондырғылар, Ленинград, 1985ж.
2. Кисилев Н.А., Қазандық қондырғылар, Москва, 1979ж.
3. Павлов И.И., Федоров М.Н., Қазан қондырғылары және жылу жүйесі, 1986ж.
4. Резников М.И., Липов Ю.М., Бу қазандықтары ЖЭС, Москва, 1981ж.
5. Кузнецов И.В., Митор В.В., Қазандық қондырғылардың жылулығын есептеу, Москва, 1973ж.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.