Пән: Информатика |
Мектеп: «Науалы орта мектебі» КММ |
||
Күні: 11.02.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Касымова Анар Кияшовна |
||
Сынып: 5 сынып |
Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны: 0 |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Менің алғашқы программам |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.1.1 ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар анимациясын мен оқиғаларды құру; |
||
Сабақтың мақсаты: |
Орындалатын алгоритмнің соңғы нәтижесін, Scratch ойын ортасының негізгі нысаналарын анықтайды, тапсырмаларды орындау барысында бағдарлама кодын құрайды; |
||
Бағалау критерийлері: |
Тармақталу командаларын қолданып бағдарлама құрады Цикл командаларын анықтайды Цикл командаларын салыстырады |
||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминологияларды қолдана отырып нысандар анимациясы, оқиғаларды, тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалауды біледі. Пәндік лексика және терминология: Тармақталу, цикл командаларын, сандар анимациясы. Оқиғаларды құру. |
||
Пәнаралық байланыс: |
Бейнелеу өнері, орыс тілі |
||
АКТ қолдану дағдылары: |
Компьютер, интерактивті тақта, Scratch бағдарламасы |
||
Алдыңғы білім: |
Ойын программалау ортасының интерфейсін ұйымдастыру; нысанның (спрайттың) программасы (сценарийі, скрипті) туралы ұғымдарын біледі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жылы тілек айтады. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) Қайталау сұрақ- жауап Жалпы сыныпқа өткен тақырыпты қайталау. Балалар таратпа қағазға жазылған сұрақтарға жауап береді. · Scratch-те программа неге арнайы жасалмайды ? · Программалау тілі не үшін қажет? · Программалу тілдері неліктен жасанды деп есептеледі? · Ойын программалау ортасы балалардың шығармашылық ізденістерін қалыптыстырады. Неліктен? · Scratch программасы неліктен лего конструкторға ұқсатады? · Сценарийлер қалай жазылады? · Шартты және циклдік операторлар дегеніміз не? · Сахнаны қалай ауыстырады? |
Түрлі түсті таратпа қағаздар |
|
Сабақтың ортасы 20 минут
10 минут |
Жаңа сабақты меңгерту. Тапсырма. Калькулятор даярлау Тапсырманы орындау технологиясы. 1. Scratch бағдарламасын іске қосыңыз. 2. Жобадан Спрайт 1-ді өшіріңіз.
3. Жаңадан спрайт жасау. Векторлық режимде. 0 дан 9-ға дейінгі костюмдарын жасау қажет
4. Сандар спрайтына. Скрипт жасау
Тексеру
5. Енді жобаға Действие спрайтын еңгізу. «Қосу», «азайту», «көбейту», «бөлу» және «тең» амалдары бар костюмдер құру
6. Енді Действие спрайтына арналған келесідей скриптерді құрыңыз. Тексеру
7. Содан кейін сандар спрайтының скриптісін толықтыру
8. Енді жобамыз дайын. Жобаны іске қосып, тексеру үшін демонстрация режиміне өтіп, жасыл жалаушаға басыңыз. Дескриптор - Scratch бағдарламасын іске қоса алады; - Scratch бағдарламасындағы командаларды қолдана алады; - Скриптерді қолданып клон жасай алады; - Жобаға спарйтты өздігінен суретін сала алады; - Сандар мен Действие спрайтына скрипт жасай алады; - Дайын жобаны іске қосады. [6 балл]
Тапсырма Қандайда бір жануардың клондарын жасау, және оларды қозғалысқа келтіру Үйге тапсырма. Сыныпта орындаған калькулытордың басқа түрін жасаңыз. |
Scratch бағдарламасы, үлестірме тапсырмалар |
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Сабақтың соңында оқушылардың өздері жасаған жұмыстарды қорғайды.
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.
|
Смайликтер |
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.