Білім беру ұйымының атауы |
ШҚО Бб Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ |
|||||
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
Бөлім: |
Адам |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
Баембаева Фарида Жанұзаққызы |
|||||
Күні: |
18.10.2020ж |
|||||
Сынып: 4 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны:1 |
||||
Сабақтың тақырыбы: |
Жүйке жүйесінің маңызы |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.2.3.2 - жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Жүйке жүйесінің құрылымы мен жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттау |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Ұйымдастыру
Өткен білімді еске түсіру Білу
Жаңа білім Түсіну
Қолдану
Бекіту
Кері байланыс
Үйге тапсырма |
Шаттық шеңбері
«Табан ізі» әдісі арқылы өткен білімдерін пысықтау - Адамның барлық іс – әрекетін не басқарады? - Адам сыртқы орта әсерін қалай сезеді? - Жүйке жүйесіне нелер жатады? - Жануарларда жүйке жүйесі бола ма? - Жүйке жүйесінің қызметі не? Дескриптор: -адамның жүйке жүйесі мүшелерін біледі. -жүйке жүйесінің қызметін айтады.
«Ойын жинақтау» әдісі: Тақырыпты ашу Жұмбақтар жасыру. - Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерін ? /Көз/ - Көз қандай мүше? /көру/ - Күмбір – күмбір қарағым, қартайғанша жарадым./Құлақ/ - Құлақ қандай мүше? /Есту/ -Қос үңгірі желдетіп, ауа жұтар селдетіп /Мұрын/ - Мұрын қандай мүше? /Иіс сезу/ - Бірде төмен, бірде шығып жоғары, Сөз сөйлесең қозғалыста болады /Тіл/ - Тіл қандай мүше? /Дәм сезу/ - Қатар өскен дос құсап, екі жақта қос бұтақ /Қол/ - Қол қандай мүше? /Сипап сезу/ -Бұлар бір сөзбен қалай аталады екен? - Сезім мүшелері. -Демек, біз бүгінгі сабағымызда немен танысады екенбіз? -Жүйке жүйесінің маңызымен
Жаңа сабақ Видео «Сезім мүшелері» - Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылымы мен жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттау «Сұрақ – жауап» әдісі - Заттары қалай көреміз? - Дыбысты қалай естиміз? - Суық пен ыстықты қалай сеземіз? - Қоршаған ортадан алынған осы ақпараттар барлығы қай мүшеге барады екен? Тәжірибе жұмысы. «Сезім мүшелері» - Сезім мүшелері қалай жұмыс істейді? 1. Дәм сезу (тұз, қант, газдалған) 2. Иіс сезу (духи, алма) 3. Сипап сезу (кубик, мақта) Дескриптор: - Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, білімдерін толықтырады - Сезім мүшелерінің қызметін білу үшін, тәжірибе жасайды.
Видеоролик көрсету. Дәрігер кеңесі. «Идеал» әдісі - Невролог кім екен? - Ол қандай ақыл – кеңес берді? Дескриптор: - Жүйке жүйесі ауруларын емдейтін дәрігерді біледі. -Жүйке жүйесі гигиенасын қалай сақтауды үйренеді. -Барлық іс-әрекеттің жүйке жүйесі жұмысымен байланысты екенін түсінеді.
«Ара ұясы» техникасы: 3 топқа 3 түрлі тапсырма. 1 – топ: «Дұрыс – дұрыс емес». Кестедегі пікірлерді оқып, дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтап, бос ұяшықтарға белгісін қояды. 2 – топ. «Жауабын тап». Көрсетілген сұрақтардың жауабын таңдап, сөйлемдерді толықтыр. 3 – топ: Сәйкестендір. Кесте бағандарында берілген ақпараттарды сәйкестендір.
Дескриптор:Кестедегі пікірлерді оқып, дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтайды; Сұрақтардың жауабын таңдап, сөйлемдерді толықтырады -Кесте бағандарында берілген ақпараттарды сәйкестендіреді;
«Интерактивті дәріс» әдісі: Топтық жұмыс І топ- Сөйлемдегі бос орындарды қажетті сөздермен толықтыр. ІІ топ- Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды? ІІІ топ- Адасқан әріптер. Әріптерден сөз құрап, жасырынған сөзді табу. Әр топ өзінің жұмыстарын қорғайды. Дескриптор:Сөйлемдегі бос орындарды қажетті сөздермен толықтырады -Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайтынын анықтайды; -Әріптерден сөз құрап, жасырынған сөзді табады
«SMS – хабарлама» Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады.Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: - Бүгінгі сабақта мен.................................түсіндім, .............................................................білдім. - Маған ерекше ұнағаны .............................................. ......................................................................... - Сабақтан соң маған............................................................ .............................................................................келді. - Қызықты болғаны............................................................ .......................................................................................... - .......................................................................................... ...............................................қиындық тудырды.
Үй тапсырмасы. «Жүйке жүйесінің гигиенасы» ережесін құру. |
Сұрақтарға жауап береді
Жүйке жүйесінің маңызын ұғады
Сұрақтарға жауап береді Балалар өз ойларын айтады
«Сұрақ – жауап әдісі» арқылы бір- біріне сұрақтар қояды.
Невролог маманның кеңесін тыңдайды
Сәйкестендіреді;
Топтық тапсырма орындайды;
Кері байланыс жасайды |
Оқушылардың білімін «+;-» кестесі арқылы бағалау
Өзара бағалау
«Тірек-сигнал» карточкасы арқылы бағалау.
«БББ» кестесі арқылы бағалау
|
Суреттер, табан іздері
АКТ
Су, тұз, орамал, әтір, түрлі заттар, оқулық
АКТ
Кесте;
Суреттер, А3 формат
Смарт фондар
|
||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.