Жер, жер асты, әуе, су көліктері туралы түсінік, мағлұмат беру, түсіндіру.
Жер үсті көліктерінің түрлері: жолаушы, жүк тасымал, арнаулы көліктер болып бөлінетінін түсіндіру, үйрету. Оқу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ұшақтардың түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларды көшеде, көпшілік жерде өзін-өзі ұстай білуге үйрету, машықтандыру.Жер, жер асты, әуе, су көліктері туралы түсінік, мағлұмат беру.
Жер үсті көліктерінің түрлері: жолаушы, жүк тасымал, арнаулы көліктер болып бөлінетінін түсіндіру.Оқу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ұшақтардың түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларды көшеде, көпшілік жерде өзін-өзі ұстай білуге үйрету, машықтандыру.
Ұшақтар неден жасалған.docx
Сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Ұшақтар неден жасалған?
Сабақтың мақсаты: Жер, жер асты, әуе, су көліктері туралы түсінік беру.
Жер үсті көліктерінің түрлері: жолаушы, жүк тасымал, арнаулы көліктер
болып бөлінетінін түсіндіру.
Дамыту міндеті: Оқу, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
ұшақтардың түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды көшеде, көпшілік жерде өзінөзі ұстай
білуге үйрету.
Көрнекілігі: ұшақтардың түрлері суреттер,Қазақстанның физикалық картасы.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі:сұрақ жауап, өз бетімен жұмыс, ойын, көрнекілік.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жаңа сабақ.
1." Ой шақыру".Қазақстанның физикалық картасымен таныстыру "Қазақстан
еліне сиқырлы саяхат".
Сұрақ жауап әдісімен оқушылар білімін толықтыру:
Біздің еліміз қалай аталады?
Қазақстан қандай мемлекет?
ҚР тұңғыш Президенті кім?
Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
Сендер қай қалада тұрасыңдар?
III. Олай болса, қазір "Пойыз" ойынын ойнап Қазақстан қалаларына саяхат
жасаймыз.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Қатар қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.
Ал, паровоз, баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш пш, пш пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.
Гу гу, гу гу, гуілде,
Қалып қойма бәрің де,
Пш пш, пш пш, біз кетік, Жүрісті тым үдеттік.
Ә. Асылбеков
1. Балалар бірінен соң бірі қол ұстасып, паровоз болып айналады, қалалардың
атын атайды.
Балалар, бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз?
Қала, ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды?
IV. Оқулықпен жұмыс:
1. 1,2тапсырма 65 бет.
Көліктер туралы түсінік беру
1. Жер үсті көлігі: машиналар, автобустар, т. б.
2. Су көлігі: қайық, кеме, катер, теплоход, т. б.
3. Әуе көлігі: ұшақ, тік ұшақ.
4. Жер асты көлігі: метро.
Жер үсті көлігінің түрлері:
1. жолаушы
2. жүк тасымал
3. арнаулы: жедел жәрдем, өрт сөндіру, МАИ көлігі, т. б.
3,4 – тапсырманы оқып,айту.
V. Дәптермен жұмыс:
1. Сөздік дәптермен жұмыс.
Жасалған сделано
V. Сабақты қорытындылау, жүйелеу. Көлік суреттерін тиісті жазбаға
сәйкес ілу.
1. Жер үсті көлігі
2. Су көлігі
3. Әуе көлігі
4. Жер асты көлігі
Жер үсті көлігінің түрлері:
1. Жолаушы
2. Жүк тасымал
3. Арнаулы
VI. Көліктерде жүріп, түсу, әдептілік ережелері, қоғамдық көліктегі
тәртіп туралы түсінік беру. VII. Жұмбақтар шешу:
1. Қазша қанатын жаяды
Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады. (Ұшақ)
2. Күндіз түні күрсінеді,
Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)
3. Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
VIII. Оқушылар білімдерін салыстыра бағалау, мадақтау.
IX. Біз бүгін не үйрендік, не білдік?
X. Үйге тапсырма: 66 бет, 6тапсырма
Ұшақ неден жасалған?
Ұшақ неден жасалған?
Ұшақ неден жасалған?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.