№ 1 Шаттық шеңбер
.Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
№ 2 Шаттық шеңбер
.Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
№ 3 Шаттық шеңбер
Сәлеметсіз бе, апай?
Сәлеметсіз бе, ағай?
Есенсіз бе, әжей?
Амансыз ба, атай?
№ 4 Шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
№ 5 Шаттық шеңбер
.Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз
№ 6 Шаттық шеңбер
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
№ 7 Шаттық шеңбер
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Сан есеге көбейіп махаббатың,
Тиеді саған шапағат.
№ 8 Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, Аспан Ата!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Амансыз ба?
Есенсіз бе?
№ 9 Шаттық шеңбер
Достық іс пен қасты да,
Жеңеріме сенемін.
Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
№ 10 Шаттық шеңбер
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
№ 11 Шаттық шеңбер
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
-Сәлеметсіз бе, ағай?-деп
-Сәлеметсіз бе, апай?-деп
-Есенсіз бе, әжей?-деп
-Амансыз ба, атай?-деп
-Ұл-қыз сәлем береміз,
-Өнегелі өренбіз.
№ 12 Шаттық шеңбер
Аспан Атадан күш-қуат алайық.
Армысыз, қайырымды Аспан Ата!
Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
№ 1 Шаттық шеңбер
.Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.№ 2 Шаттық шеңбер
.Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.№ 3 Шаттық шеңбер
Сәлеметсіз бе, апай?
Сәлеметсіз бе, ағай?
Есенсіз бе, әжей?
Амансыз ба, атай?№ 4 Шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,Бүгінгі күнімізді бастайық.
№ 5 Шаттық шеңбер
.Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз№ 6 Шаттық шеңбер
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.№ 7 Шаттық шеңбер
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Сан есеге көбейіп махаббатың,Тиеді саған шапағат.
№ 8 Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, Аспан Ата!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Амансыз ба?Есенсіз бе?
№ 9 Шаттық шеңбер
Достық іс пен қасты да,
Жеңеріме сенемін.Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
№ 10 Шаттық шеңберҚуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
№ 11 Шаттық шеңберАлдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Сәлеметсіз бе, ағай?деп
Сәлеметсіз бе, апай?деп
Есенсіз бе, әжей?деп
Амансыз ба, атай?деп
Ұлқыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.№ 12 Шаттық шеңбер
Аспан Атадан күшқуат алайық.
Армысыз, қайырымды Аспан Ата!
Армысыз, мейірімді ЖерАна!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!№ 13 Шаттық шеңбер
Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізерУақытыма сенемін!
№ 14 Шаттық шеңбер
Ойнасын, мейлі ойнасын,
Ойынға ешбір тоймасын.Алаңсыз болып айкүнің
,
Жақсылық бүгін тойлансын!
№ 15 Шаттық шеңбер
Мен келдім, міне, бүгін ортаңызға,Амандық тілеп сізге, баршаңызға.
Саулығын берсін деймін бәрімізге,
Келесі кездескенше жаңа күнге.
№ 16 Шаттық шеңберЖарқын болсын өміріміз,
Жаздың әсем таңындай.
Таза болсын көңіліміз,
Таудың аппақ қарындай.№ 17 Шаттық шеңбер
Шеңберге мен шақырамын,
Мейіріммен бас қосуға.
«Өзінөзі тану» пәні
Көмектесер достасуға.№ 18Шаттық шеңбер
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы бізҚасымызда досымыз!
№ 19 Шаттық шеңбер
Балабақшам, армысың,
Сені қатты сүйемін!
Достарым, аман бармысың,Сендерді қатты сүйемін!
№ 20 Шаттық шеңбер
Адал жақсы ниетпенБар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректен,
Сөздің бәріАқ тілек!
№ 21 Шаттық шеңбер
Отбасының гүліміз,Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз
Бір болып, кеште қайтамыз.
№ 22 Шаттық шеңберДосың сені қалдырмайды қиынға,
Сұрамайды сенен артық бұйым да.
Нағыз дос деп осыны айт,
Көңілдердің хошын айт!№ 23 Шаттық шеңбер
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін,
№ 24 Шаттық шеңбер
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін,Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
№ 25 Шаттық шеңбер
Бақытбіздің сиқырлы шеңберіміз,Бақытбіздің достарға сенгеніміз.
Бақыттаңнан біреумен достасуың,
Бақыткеште достармен қоштасуың.
№ 26 Шаттық шеңберБақытты дәйім армандап,
Досқа да бақыт тіледің.
Күтеді сені алдан бақ,
Жақсылық етсең үнемі.№ 27 Шаттық шеңбер
Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр,деп баршаңды!
№ 28 Шаттық шеңберҚайырлы таң, құсқа, аңға да,
Қайырлы таң, жайдары жанға да.
Қайырлы таң алға ассын,
Кешке дейін жалғассын!
№ 29 Шаттық шеңберКүн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап..
Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Сәлем!
Кел, қосылып айтайық бірбірімізге...
Сәлем!
№ 30 Шаттық шеңберДостарменен бір жолда
Иықтасып жүреміз.
Қиындықта қол ұшын
Береріне сенеміз.
№ 31 Шаттық шеңберӘдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасасаң бір қамқорлық,
Қайтарады саған да.
№ 32 Шаттық шеңбер
Шеңбер бойлап жүреміз,Әр гүлге көңіл бөлеміз.
Сұлулық пен махаббатты
Сезініп өмір сүреміз.
№ 33 Шаттық шеңбер
Қоршаған өмір әлемі,
Не деген көркем, әдемі!Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық!
№ 34 Шаттық шеңбер
ЖерАна, саған мың алғыс,
Сыйлайсың бізге қуаныш.Жазда, күзде, қыста да,
Көркемсің көктем тұста да!
№ 35 Шаттық шеңбер
Біз кішкентай баламыз,
Қазақстанда тұрамыз.
Отанды біз сүйеміз,Мақтаныш оны қыламыз.
№ 36 Шаттық шеңбер
.Қазақстан туған жер,
Сені қатты сүйемін.
Көлдер, таулар, даламды,
Отаным деп білемін!№ 37 Шаттық шеңбер
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
№ 38 Шаттық шеңберАрым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адамдыққа сенемін!
№ 39 Шаттық шеңберБақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен, ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.
№ 40 Шаттық шеңбер
Кел, балалар, күлейік,Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
№ 41 Шаттық шеңбер
Анам мағанҮлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
№ 42 Шаттық шеңбер
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне, мен!Доспын енді сенімен.
№ 43 Шаттық шеңбер
.Достығымыз берік боп,
Бекітейік беріп қол.
Қуанышты шеңберге,
Қандай жақсы қол береген!№ 44 Шаттық шеңбер
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын»деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?»деп ойла.
№ 45 Шаттық шеңберЖүрегім кім менің?
Мен
Тірегім кім менің?
Мен.
Жаным кім менің?
Мен
Сәнім кім менің?
Мен
Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің.№ 46 Шаттық шеңбер
Достарды біз қолдаймыз
Қиын шақта қорғаймыз,
Біздің топта ұлқыздар,
Татутәтті ойнаймыз!
№ 47 Шаттық шеңберЖарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
№ 48 Шаттық шеңбер
Армысың шапағатты КүнАна!Армысың қайырымды АспанАна!
Армысың мейірімді ЖерАна!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!
№ 49 Шаттық шеңбер
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!
№ 50 Шаттық шеңбер
Отан дегенатамекен,
Отан дегентуған жер.
Отанана,Отанүлкен,
Қазақстантуған ел!
№ 51 Шаттық шеңбер
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,Батамыз да қаламыз.
№ 52 Шаттық шеңбер
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,Отанымның гүлімін.
№ 53 Шаттық шеңбер
Ризамын саған,
«Өзінөзі тану әлемі».
Ризамын саған,
Дәптерім менің әдемі.
Ризамыз саған,
«Өзінөзі тану әлемі».
Сүйеміз біз,
Қоршаған бар әлемді.№ 54 Шаттық шеңбер
Таза бала мұнтаздай
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай
Жақсы көрем бар адам.
Ұқыпты осындайБолайықшы досымай.
№ 55 Шаттық шеңбер
Өзім жақсы баламын,
Апа тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсасын,Бәріне де барамын.
№ 56 Шаттық шеңбер
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.№ 57 Шаттық шеңбер
.Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанға барамын.
Мен елгезек баламын,
Үлкен тілін аламын.№ 58 Шаттық шеңбер
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
№ 59Шаттық шеңберЖатқа білер дос атын,
Дос бар бізді тосатын.
Балабақшабіздің үй
Басымызды қосатын.
№ 60 Шаттық шеңбер
Біз бақшаға келгенде,
Ақ пейілмен қарсы алған.өлең айтып үйретіп,
Би билеткен, ән салған.
Риза әже, атай да,
Риза ағай, апай да.
Рақмет деп айтамыз,
Тәрбиеші апайға.
№ 61 Шаттық шеңбер
Дос болайық, бәріміз,Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
№ 62 Шаттық шеңбер
.Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
№ 63 Шаттық шеңбер
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,Міне, біздер қандаймыз!
№ 64 Шаттық шеңбер
Орман, көлге, шыңға біз.
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес.№ 65 Шаттық шеңбер
Біздің топта балалар
Татутәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
№ 66 Шаттық шеңберТуған жерім тамаша!
О,алақай, туған жер!
Жақсыау, бақшабауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың!
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік,
Кең өлкенің қырларын
Жүр, аралап келейік!
Жүр, аралап келейік!№ 67 Шаттық шеңбер
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі күнді бастайық.№ 68 Шаттық шеңбер
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
№ 69 Шаттық шеңберҚол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
№ 70 Шаттық шеңбер
.Армысың, Әлем!Армысың, Жарық күн!
Армысың, абзал Адам!
Армысың, менің досым!
№ 71 Шаттық шеңбер
Жарқырап күнде ашылды,Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
№ 72 Шаттық шеңбер
Қуанамыз, біргеміз,
Бөлінбейді іргеміз.Аясында достықытың,
Бір жүреміз күнде біз!
№ 73 Шаттық шеңбер
Балабақша туған үйің секілді,
Балаларға толы іші қашанда.
Бәріміз десен де, мен де, басқа да,Қалаймыз біз бір отбасы болуды!
№ 74 Шаттық шеңбер
Жүздерің қандай жайнаған
Келіңдер бәрің айнала!
Тұрмаңдар текке тосылып,
Ән салайық қосылып.№ 75 Шаттық шеңбер
Бар елде, әлемде тыныштық!
Менде де, сенде де тыныштық!
Бар елде, әлемде тыныштық!
Отбасы ішінде тыныштық!
№ 76 Шаттық шеңберДос болам десең;
Досыңды сыйла, қымбаттым!
Досыма соңда,
Досыммен ғана қымбатпын.
№ 77 Шаттық шеңбер
Ән салуға барамыз,Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне мен!
Доспын енді сенімен.
№ 78 Шаттық шеңбер
Күн мен ауа, су мен жер,
Досымыз жақсы білсеңдер.Сенімді достар, білсеңдер
,
Күн мен ауа, су мен жер.
№ 79 Шаттық шеңбер
Армысыңдар, балалар,
Жасарды қала, далалар.
Өмірдің келіп көктемі,Біздерден қыстың кеткені
Шаттықтың үнін тыңдашы,
Наурыз айыжыл басы.
№ 80 Шаттық шеңбер
Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет!
Ауа, таза аспаның үшін рақмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін
рақмет!Ағаш, көлеңкең үшін рақмет!
№ 81 Шаттық шеңбер
Бірбірімізге қол беріп,
Айтамыз жақсы сөз жөн көріп.
Қалмаймыз текке іркіле,
Сыйлаймыз жылы күлкі де.№ 82 Шаттық шеңбер
.Келіңдер, кәне, сендер де
Шақырам достық шеңберге.
«Өзінөзі тану» сабағы
Біздерге жақсы дем берді.
Қол созып күнге, міне, біз
Жақсы тілек айта білеміз.
№ 83 Шаттық шеңберҮлкенге де, сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз, біз !
№ 84 Шаттық шеңбер
Арайлы таң атты.Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң балалар.
№ 85 Шаттық шеңбер
“Біз кішкентай баламыз,Өсіп – өніп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Жақсылық біз тілейміз”.
№ 86 Шаттық шеңбер
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой .Ал, кәнекей , бәріміз,
Сәлем дейік, үлкенге.
№ 87 Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Келіп шыққан күнге !
Күніміз жарқын болсын.
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын.№ 88 Шаттық шеңбер
Көтеріліп, шаңырақ ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
№ 89 Шаттық шеңберАрмысың алтын күн !
Армысың көк аспан !
Армысың жан досым,
Жылуы ма, жылу қос.
№ 90 Шаттық шеңбер
Қайырлы таң көк аспан!Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
№ 91 Шаттық шеңбер
Біз ерекше баламыз.
Айтқан тілді аламыз.Достарымды көргенде ,
Қуана қарсы ала мыз.
№ 92 Шаттық шеңбер
Шаттық алаңда .
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,Біз әдепті баламыз.
№ 93 Шаттық шеңбер
Амансызба алтын күн,
Жарқыраған жарқын күн.
Маған мейрім шуақ бер,
Қуаныш пен бақыт бер.№ 94 Шаттық шеңбер
Күніміз жарқын болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті болсын!
Деніміз сау болсын!