ҰМЖ бөлімі: Үшбұрыштар Мектеп: № 249 мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ибраимова Раушан Сынып: 7 «Ә» Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі және орта сызығы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.1.14. теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу; 7.1.1.12. үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу. 7.1.1.15. сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: -теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін біледі; - үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын біледі және оларды сала алады; Оқушылардың көпшілігі: - үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығының ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдана алады; Кейбір оқушылар: - Сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыра алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
1.Үшбұрыш элементтерін біледі 2.Үшбұрыш үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын біледі және оларды салады. 3. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыра алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Сызу, информатика |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
· топтық талқылау барысында сөздік қоры дамиды; · достық, адамгершілік қасиеттері артады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: - есептің шығару жолын түсіндіре алады; - бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады; Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: Үшбұрыштың элементтері; үшбұрыштың медианасы; үшбұрыштың биссектрисасы; үшбұрыштың биіктігі; үшбұрыштың орта перпендикуляры; үшбұрыштың орта сызығы; Диалог/жазылымға қажетті тіркестер: - Үшбұрыштың элементтеріне ... жатады - Үшбұрыштың мединасы деп ... - Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз ..... - Үшбұрыштың биіктігі .... - Үшбұрыштың орта перпендикуляры ..... - Үшбұрыштың орта сызығы .... - Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігінің бір-бірінен айырмашылықтары қандай? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Microsoft PowerPoint және GeoGebra бағдарламалары |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Үшбұрыштың түрлерін және негізгі элементтерін (төбелері, қабырғалары, бұрыштары) біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
7 мин
|
І.Ұйымдастыру бөлімі - Сәлемдесу - оқушылардың назарын сабаққа аудару «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлемін. Оқушыларға әр түрлі түстегі үшбұрыштар таратып беремін. Олар бірдей түсті үшбұрыштардан үлкен үшбұрыш құрастыру керек және де шыққан үшбұрыштың түрін анықтауы тиіс. / 2 мин/ ІІ.Өтілген тақырыпқа шолу Семантикалық карта (топтық жұмыс) /5 мин/ Әр топқа семантикалық карта беріледі. Оқушылар бос тор көздерді толтырады.
Топтар тапсырманы орындап болған соң, cемантикалық картаны алмастырып, слайд арқылы дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді.
|
АКТ презентация |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
30 мин
5 мин
|
ІІІ.Жаңа тақырыпқа шолу. 1. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі бойынша сыныптағы 25 оқушыны 5оқушыдан 5 топқа бөлінген. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беріледі. 1- оқушы : Үшбұрыштың мединасы дегеніміз не? 2- оқушы : Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не? 3- оқушы : Үшбұрыштың биіктігін қалай саламыз? 4- оқушы : үшбұрыштың орта перпендикуляры дегеніміз не? 5- оқушы : Үшбұрыштың орта сызығын қалай табамыз? Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз түсінгендерін топта талқылайды. /10 мин/ Кері байланыс. «Борт журналы».Тақырып бойынша оқушылар төмендегі кестені толтырады. Мақсаты:
IV. Жеке жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі. / 7 мин/ (Барлық оқушы жауап бергенше конверттермен алмасады) №4 есеп а) АВС үшбұрышын дәптерге сызып, А төбесінен медиана, биссектриса,биіктік салып көрсетіңіздер.
ә) ДЕК үшбұрышын дәптерге сызып, орта перпендикуляр мен орта сызығын салып көрсетіңіздер. Әр топ бір-бірін «Сэндвич» әдісі арқылы бағалайды. Жоғарғы бөлігі- мадақтайды Ортаңғы бөлігі – ұсыныстарын айтады Астыңғы бөлігі - мадақтайды
V. Жұптық жұмыс /10 мин/ GeoGebra бағдаламасымен жұмыс жасайды. 1 жұп. АВС сүйірбұрышты үшбұрышын салып, С төбесінен медианасын, биссектрисасын және биіктігін салып көрсетіңіздер. 2 жұп. АВС доғалбұрышты үшбұрышын салып, С төбесінен медианасын, биссектрисасын және биіктігін салып көрсетіңіздер. 3 жұп.АВС тікбұрышты үшбұрышын салып, С төбесінен медианасын, биссектрисасын және биіктігін салып көрсетіңіздер.
Оқушылар дәптердегі сызбасы мен GeoGebra бағдарламасынан шыққан сызбаны салыстырады және биіктік үшбұрыштың түрлеріне не түсінгенін анықтаймын.
Бағалау: Екі жұлдыз, бір тілек Белсенді оқыту: Бекіту және қолданысқа енгізу, қорытынды шығару және есте сақтау
VІ. Сабақты бекіту. «Допты лақтыру» тәсілі бойынша оқушыға сұрақ қоямын. Сұраққа жауап берген оқушы келесі оқушыға тақырыпқа сәйкес басқа сұрақ беру арқылы допты лақтырады. Оқушылардың барлығы бір-біріне қойылған сұраққа жауап беруге тиісті. Сұрақ:1.Үшбұрыштың бір төбесінен шығатын қандай атаулы кесінділер бар? 2.Атаулы кесінділердің ерекшеліктері қандай?
Белсенді оқыту: Бекіту және қолданысқа енгізу, қорытынды шығару және есте сақтау Саралау тәсілі: қарқын Бағалау: Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі -.
|
Математика 7-сынып «Мектеп» баспасы, 2017 ж ІІ бөлім
АКТ
|
Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? - «Семантикалық карта» -«Борт журналы»әдісін топта болжам жасауға машықтандыру мақсатында, ақпараттар іздей білуге үйрету үшін қолданамын -«Конверттегі сұрақ» әдісін жеке жұмыста қолданамын -«Допты лақтыру» әдісі арқылы оқушыларды тілдік мақсатты қалыптастыруға үйретемін.
|
Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Критериалды бағалау үдерісінде сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүргізу жоспарланды. 1.Топтар - бірін-бірі бағалайды. 2.Жұптар - өзара бағалайды. 3.Бағалау дескрипторлар арқылы жеке жұмыстарда орындалады. 4. «Бас бармақ» әдісі оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады.
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. АКТ мен жұмыс жасағанда өмір қауіпсіздігін сақтау ескертіледі. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.