Үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары және биіктіктері. Есептер шығару

  • pptx
  • 14.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары және биіктіктері. Есептер шығару.pptx

Үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігі

7.3.2.6 үшбұрыштың медианасының, биссектрисасының және биіктіктігінің анықтамасын біледі және оларды кескіндей алады;

7.3.2.7 сүйір бұрышты, тік бұрышты және доғал
бұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің
орналасуын салыстырады;

Үшбұрыштың төбесін
қарсы жатқан қабырғасының
ортасымен қосатын түзудің кесіндісін үшбұрыштың
медианасы деп атайды.

Үшбұрыштың медианасы

Δ ABC: AM = MC,
BM кесіндісі — АВС үшбұрышының медианасы

Үшбұрыштың төбесінен
қарсы жатқан қабырғасымен қиылысу
нүктесіне дейінгі биссектрисаның кесіндісін үшбұрыштың биссектрисасы деп атайды.

Үшбұрыш биссектрисасы

Δ ABC: ∠BAD = ∠DAC
AD кесіндісі — АВС үшбұрышының биссектрисасы

Үшбұрыштың төбесінен
қарсы жатқан қарбырғаға түсірілген перпендикулярдың кесіндісін үшбұрыштың биіктігі деп аталады.

Үшбұрыш биіктігі

Δ ABC: AH ⊥ BC
AH кесіндісі — АВС үшбұрышының биіктігі

центроид

инцентр

ортоцентр

2. Табаны ВС болатын тең бүйірлі ABC үшбұрышының AM медианасы жүргізілген. АМ медианасының ұзындығын тап, егер ABC үшбұрышының периметрі 32 см-ге, ал АВМ үшбұрышының периметрі 24 см-ге тең болса.

1. Табаны ВС болатын тең бүйірлі ABC үшбұрышының периметрі 40 см-ге, ал тең қабырғалы BCD үшбұрышының периметрі 45 см-ге тең. АВ және ВС қабырғаларының ұзындықтарын тап.

4. Егер үшбұрыштың медианасы оның биіктігімен сәйкес болса, онда үшбұрыштың тең бүйірлі болатынын дәлелде.

3. Периметрі 20 см-ге тең АВС үшбұрышының АM медианасы оны екі үшбұрышқа бөледі. АВМ үшбұрышының периметрі 13, ал АМС үшбұрышының периметрі 12 см-ге тең. АМ медианасының ұзындығы неге тең?

REFLEXION

РЕФЛЕКСИЯ