Әшекей бұйымдар
Оценка 4.6

Әшекей бұйымдар

Оценка 4.6
docx
14.11.2020
Әшекей бұйымдар
әшекей бұйымдар.docx

Жүзік – саусақ сұғатын шеңбері таза алтын не күмістен соғылып, саусақ сыртына қараған бетіне асыл тастан көз салынған, әр түрлі пішінде әзірленген саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым. Шеті ою-өрнектермен безендіріледі. Ол соғу, қалыптау, ширату тәсілмен жасалады.

Жүзік сақинадан да күрделірек болады. Оның саусақ сыртына түсетін алақанына ширатылған металл сымнан, сіркелеу, лажылау, бағдарлау тәсілдерін қолдана отырып, күрделі өрнектер салу арқылы, күмбездеп, түрлі асыл тастардан көз орнатылады. Сондықтан жүзік алақанының беті өте сәнді, әрі әсем әшекейленгендіктен «жүзік» деп аталса керек. Яғни, бет, жүз, ажар дегеннен шығады. Ал сақина сөзіндегі «сақ» түбірі берік, мықты, мығым деген мағынаны береді. Палеолит дәуірінде сүйектен, неолитте тастан, қола дәуірінде металдан жасалған.

Құдағи жүзік. Екі саусаққа қатар киілетін құдағи жүзіктің қос бауырдағы болады. Мұндай жүзіктерді қалыңдықтың шешесі құдағайына өзінің қызына мейіріммен қарауы үшін және құдандалы екі рудың бір-біріне ынтымағы үшін сыйға тартқан. Жүзіктердің ақықтас, астына қызыл бояу жаққан әйнек салған көздері болады (қызыл оттың, өмірдің символы, ол адамды қаратүнектің басталуынан сақтайды деп санаған).

Үлкен, тасбақа қабығына ұқсас жүзіктерді ұзақ өмір жасау символы деп санаған. Өйткені, шығыста тасбақа ең ұзақ жасайтын жәндік деп есептелінеді.

Құстұмсық жүзік – бақыттылықтың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі. Оны бойжеткен қыздар таққан.

Отау жүзік – атынан-ақ білініп тұрғандай, отауды бейнелейді. Бұл жүзікті қалыңдықтың саусағына кигізген. Өйткені, ол күйеуінің ұрпағын жалғастырушы болып есептеледі. Жүзіктің үсті конус тәрізді болып жасалады. Батыс Қазақстанда беташардан соң, келіннің қолтығынан сүйеген жас әйелдерге сақина салған.

 

Картинки по запросу ЖҮЗІК ҚАЗАҚША

 

 

 

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырылмайды. Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. «Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» деген сөз содан қалған. Тіліміздегі «сақинаны сәнге салмайды, — ол тазалыққа таразы», «сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді. Алайда бұл тұжырымдар негізсіз емес. Өйткені бұл бұйымдар көбіне күмістен жасалады. Ал таза күмісте әр түрлі ауру қоздырғыш микробтарды өлтіретін қасиет бар. Себебі халқымыздың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғарып байқаған. Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек, жаялығын жуар алдында оған сол үйдің үлкендері «қолыңа сақина салып ал, ол тазалыққа тән болады» — деп ескертіп отырған. Олай болса, нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу тәсілі оларды оған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.

 

Картинки по запросу ЖҮЗІК ҚАЗАҚША

 

Сырға. Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым.  Қазақта ертеректе қыз баланы қырқынан шығара салып, құлағының сырғалығын тары дәнімен уқалап, етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жібек жіп өткізіп, тұйықтап байлап қоятын. Құлақтың тесігі бітеліп қалмау үшін кейінірек кішігірім күміс сырға тағатын. Ол «жас нәрестеге тіл-көз тимесін» деген тілектен туындаса керек. Бұрын ер баласы тұрмай жүрген немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп қартайғанда көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әр түрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен оны ұл емес қыз, деп құлағына сырға тағып қоятын болған. Баланың буыны бекіп ер жете бастағанда ғана оны құлағынан шешіп алған. Ел арасында мұндай ғұрып ХХ ғасырдың басына дейін сақталып, тіпті сирек те болса ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейін де кездесіп қалып отырған.

Қазақ халқында атастырылған қыздың құлағына сырға тағу рәсімі бар. Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақ немесе жолаушы ілулі тұрған сырғаны көрсе: «бұл үйдің бойжетіп келе жатқан немесе бойжетіп отырған қызы бар екен, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмапты, қыздың басы бос екен», — деген ой түйген.

Жасалған материал мен жасалу тәсіліне қарай алтын сырға, күміс сырға, қарала сырға, лажылы сырға, шытыра сырға, қолқа сырға, қозалы сырға, үзбелі сырға, күмбезді сырға, қоңырау сырға, ай сырға, айшықты сырға, ақық сырға, иықты сырға, иінді сырға, лағыл сырға, гауһар сырға, тұмарлы, салпылдақ, омыраулы, қозалы, жапырақты сырғалар, шілтерлі сырға, шұбыртпа сырға, тағы сол сияқты кете береді. Аты айтып тұрғандай зер сырға – алтын сымынан нәзік те, әшекейлі етіп жасаған сырға түрі, сояу сырға – сүйектен жасаған сырғаның түрі. Бұған қоса асыл тастардан көзі бар сырғалардың түрі көп: маржан сырға, меруерт сырға, аталған тастардан көз қойылған сырғалар. Салпыншақты сырғалардың да түрі көп: қозалы сырға – шар тәрізді метал салпыншақты сырға, сирақты сырға – бірнеше салпыншағы бар бар түрі, тамшылы сырға – майда қозалары мол, салпыншақты сырға, құрылымы күрделі сырғалар, жұмыр сырға – іші қуыс, төбе сырға, сабақты сырға – өзі үлкен салмақты, салпыншағы мол сырға түрлері, үш буынды сырға, үш шолпылы сырға – үш салпыншақпен әшекейленген сырғалар, ал сырғаның салпыншағы аса мол, көп әшекейлі болса, оны қырық буынды сырға деп атаған.

Адамның жасына қарай оның формалары күрделі не қарапайым болып келеді. Қазақ сырғаларының құпиясы символикаларымен күшейе түседі. Олар күн, ай, бұрама формалы болып келеді.  Үшбұрышты, тұмарша тәріздес сырғаларды жасы үлкен адамдар әлі күнге дейін киелі санайды.  Сырғалардың пішіндері мен көлемі де әр түрлі болады. Маңғыстауда ай сырғалардың ішкі жағына жұлдыз орнатып әшекейлейді (қазақтар айды қасиетті санаған). Қоңырау сырғалар, салпыншақ сырғалар өздерінің ерекшелігімен танымал.

Бабаларымыздың эстетикалық талғамының зор болғандығы сондай, сырға таққан әйелдер төңірегіне қаншама шуақ шашып, өзін қоршаған ортаға эстетикалық-рухани байлықтың дәнін себетініне, әдемілікке, әсемдікке баулитынына жете мән бергенге ұқсайды.

Шекелік. Маңғыстау жерінде кездесетін сырғаның бір түрі – бас киімге немесе самайға ілінетін шекелік. Кейбір жерлерде оны самайсырға деп те атайды. Самайсырғаларда ұзын салпыншақтар болады.

 

 

Картинки по запросу сырғалар

 

 

 

Похожее изображение

 

Білезік – әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі сәнді бұйым. «Білезік» сөзінің шығу төркіні білек пен жүзік сөз тіркестерінен құралған немесе оны білекке салынған жүзік деуге де болады.

Білезік те жасалған материалдармен түр-тұлғасына қарай: алтын, күміс, сом білезік, жұмыр білезік, сағат білезік, құйма білезік, топсалы білезік, бес білезік т.б. түрлерге бөлінеді.

Солардың ішінде ерекше түрі бес білезік. Мұндай білезіктердің алақаны жалпақ болып келеді. Білезіктің екі жағы топсалы келеді, бес сақина шынжыр шығыршық арқылы жалғасады да, бес саусаққа кигізіледі. Сондықтан оны «бес білезік» дейді. Қазақ білезік деп бірнеше ұғымды:

1.      Баласы тұрмай зарығып, ұзақ күткен ата-ана ырымдап жас сәбидің екі аяғына қымбат бағалы металдан білезік соқтырып, тағып қояды. Ол баланы тіл көзден, түрлі бәле жаладан қорғайды деп ойлаған.

2.      Ертеректе сал-серілер аттарын жабулап мінген. Кекіліне үкі, маржан тағып, күмістелген ер тоқым мен ер тұрман, аттың аяғына күміс шығыршықты білезікті тағып қоятынды.

3.      Қыран құстардың да аяғына иесінің аты-жөні жазылған сақина білезік тағылған.

4.      Жаугершілік заманда қолға түскен тұтқындарға қашып кетпесін деп қолына бұғау, аяғына кісен салатын. Бұғаудың білекке, кісеннің тілерсекке түсетін топсалы шығыршығын да білезік деп атаған.

Білезікке асыл тастардан көз орнатылып, бетіне «ирек», «мүйіз», «құс қанаты», «бөрі құлақ» сияқты күрделі өрнектер салынады. Білезіктер күрделі әрленген көбінесе ұлттық нақыш бойынша безендіріледі. Шеттерін сіркелеп, үш бұрышты фигуралар және ширату, өру техникасымен түрлі өрнектер салынады. ХХ ғасырдың басында жасалған білезіктер жұқа таспалардан тұрады. Екі қатар үш бұрышты өрнектер салынып, үш бұрыштардың арасында сызықтар түсіріледі. Ойып, қарайту әдісімен соққан білезіктерге ең көп салынатын өрнектің бірі – қошқар мүйіз, оны байлықтың, дәулеттің өсуінің белгісі деп санаған.

 

 

Өңіржиек – Маңғыстау зергерлік өнерінің шыңы болып табылады. Ол қалыңдықтың негізгі әшекей бұйымдарының бірі. Оны тек мереке, тойларда ғана таққан. Өңіржиек 3-5-7 таспадан тұрады. Таспалар төртбұрышты,                 бір-біріне шынжырлар арқылы жалғасқан. Таспалардың ішіне бор толтырылады. Қапталына және төменгі жағына шынжырлар арқылы ромб, жапырақ, сопақша, жыланбас, шар тәріздес салпыншақтар ілінеген. Сонымен, өңіржиектің мағынасы ұрпақтың өсіп-өркендеуі, оны жалғастырушы әйел адамның рөлі, әр түрлі қауіп-қатерден сақтану сияқты жайларды білдіреді. Әсіресе, ұрпақтың көбеюі мағынасын білдіретін өсімдік бейнесі барлық зергерлік бұйымдарда да кездеседі.

Ромб – өсімталдықтың белгісі. Ромб тәрізді өрнектермен зергерлер қалыңдықтың әшекей бұйымдарын өрнектеген. Ромб тәрізді өрнек, тіпті ортағасырлық әйел пішініндегі балбал тастарда да кездеседі. Бұл осы өнердің өте ертеден келе жатқанын дәлелдейді. Сонымен қатар ертедегі сенім бойынша, өңіржиек әйел адамның құрсағын және кеудесін бәле-жаладан сақтайды деп есептелген. Жас әйел мен егде тартқан әйелдердің өңіржиектері көлеміне қарап анықталады.

 

 

 

Алқа – әйел адамдар мойынына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым. Кейбір түркі халықтарында, мәселен, татарларда, құлаққа тағатын сырғаны да алқа деп атайды. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылғанымен бертін келе оның түр сипаты өзгеріп, тұмарша түрінде әр түрлі үзбелі салпыншақты кейіпке ауысқан. Ол кейде меруерт, маржан, үзбелі моншақтар тізбегі тізілген асыл тастардан, кейде алтын, күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырылып, ою-өрнектеліп, салпыншақты етіп жасалынады. Қазақ тілінде алқа тек мойынға тағатын омырау әшекейі емес, бірнеше мағыналарда айтылады. Кей жерде алқаны қыздардың мойынынан бастап төсін жауып тұратын алжапқышқа ұқсас дөңгеленкіреп келген киім түсінген. Мойынның артқы жағынан күміс түймемен түймеленетін бұл алқа кейде «шалғыш алқа» деп те аталған.

Көрінер қыздар сұлу шашбауымен,

Бұрылып кейін сілтеп тастауымен.

 

Шашбау дегеніміз – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын,  күміс тиындар, кейде маржан тағылған, ызылған бауы бар сәндік бұйым. Егер шашбауға алтын тиындар қолданылса, оны «тіллә шашбау» деп атайды.

Мысалы: «Заманыңда тағыпсың, тіллә шашбау жар-жар», деген ұғымды «Алпамыс батыр» жырынан кездестіреміз. Сол сияқты күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды «шолпы» деп те атайды.

Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын жөндеу үшін қоңыраулы шолпыны қолданған. Қоңыраулы шолпыны таққан қыз баланың келе жатқанын естігенде, үйдегі үлкендер  қалжыңын қоя қалса, бұл дыбыс жастарды елең еткізіп,  жинақы отыруға тәрбиелеген, екінші жағынан қыз балаға деген құрметті білдіреді. Шолпы қыз баланың  жүріс-тұрысының әдемілігіне де әсер еткен.

«Шолпы» деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан болуы керек. Судың бетін жел қозғап, толқындар жағаны ұрып жатса, оны да «шолпу» деген екен. Сол себепті ұсақ тиындар мен теңгелер қыз қозғалғанда, қозғалысқа келгенде сыңғырлап дыбыс береді екен.  Бұл да тәрбиелеудің бір әдісі деп ұққан дұрыс. Ал екіншіден, ауыр шолпы таққанда бас ауырмайды. Сонда шолпының емдік қасиеті бар екенін байқаймыз. Жас қыздар тағатын  үзбелі шолпы, көзді шолпы, қозалы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы, ақық шолпы сияқты түрлері бар. Осылардың ішіндегі  кішкене күміс қоңыраулардың үзбелі түрі қыздарға әдемілік береді.

Ерте заманда «шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады» деп сенген. Қазақ халқы әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептеген., қиылған, алынған шашты аяқ астына тастамаған, жинап таза жерге жасырған. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, ұшына шолпы не шашбау байлаған.

 

Похожее изображение

Шолпы. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Себебі бұрымға тағылған шашбаудағы алтын, күміс теңгелер де шашбау теңселген сайын жалт-жұлт еткеннен кейін шолпы аталса керек. Ол көбіне ақталған күмістен үш бұрышты етіп жасалынады да, ортасына асыл тас орнатылып, шынжырлап тұмарша, қоза, қоңырау, күміс тиындар тағады. Шолпының асыл тас қондырылған түрін көзді шолпы дейді. Қозалы шолпы – сәндікке қоза орнатып жасалған шолпы. Сондай-ақ шолпының қоңыраулы шолпы, сылдырмақ шолпы дегендей түрлері де бар.

 

 

Картинки по запросу шолпы

Қапсырма ілгектер – екі бөліктен тұрады, бір-біріне ілгектер арқылы қапсырылады. Қапсырма түйменің қызметін атқарады. Камзолдың өңірінен сәл төмен, олардың бір жұбын, кейде сәндік үшін бірнеше жұбын қатарластырып тігеді. Қапсырмалардың пішіндері әр түрлі болады, олардың көлемді және жалпақ түрлері кездеседі. Көлемді қапсырмалардың кейде конус, кейде жартышар тәріздес тас салған көзі болады. Жалпақ қапсырмалар өте әдемі таспен немесе сүйекпен өрнектеледі.

 

Картинки по запросу ілгек

 

 

 

Картинки по запросу ілгектер

Түймелер – әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі, ол үлкенді-кішілі алтын, күміс және асыл тастардан дайындалады. Оны көбінесе ішін қуыстап, әр түрлі кескін бере күмістеп жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймелерді «торсылдақ түйме» деп те атайды. Шағын түймелерді асыл тастарды тесіп, оған күміс өткізіп, кейде түсті жұмыр тастарды қоршауларға да орнатып жасап береді

 

 

Картинки по запросу ілгекПохожее изображение


 

Жүзік – саусақ сұғатын шеңбері таза алтын не күмістен соғылып, саусақ сыртына қараған бетіне асыл тастан көз салынған, әр түрлі пішінде әзірленген саусаққа сәндік үшін…

Жүзік – саусақ сұғатын шеңбері таза алтын не күмістен соғылып, саусақ сыртына қараған бетіне асыл тастан көз салынған, әр түрлі пішінде әзірленген саусаққа сәндік үшін…

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым

Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым

Сырға. Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым

Сырға. Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым

Әшекей бұйымдар

Әшекей бұйымдар

Білезік – әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі сәнді бұйым

Білезік – әйел адамдардың білек буынына тағатын әшекейлі сәнді бұйым

Маңғыстау зергерлік өнерінің шыңы болып табылады

Маңғыстау зергерлік өнерінің шыңы болып табылады

Алқа – әйел адамдар мойынына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым

Алқа – әйел адамдар мойынына, омырауына тағатын әшекейлі, сәнді бұйым

Шашбау дегеніміз – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған, ызылған бауы бар сәндік бұйым

Шашбау дегеніміз – өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан тағылған, ызылған бауы бар сәндік бұйым

Шолпы. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды

Шолпы. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды

Камзолдың өңірінен сәл төмен, олардың бір жұбын, кейде сәндік үшін бірнеше жұбын қатарластырып тігеді

Камзолдың өңірінен сәл төмен, олардың бір жұбын, кейде сәндік үшін бірнеше жұбын қатарластырып тігеді

Түймелер – әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі, ол үлкенді-кішілі алтын, күміс және асыл тастардан дайындалады

Түймелер – әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі, ол үлкенді-кішілі алтын, күміс және асыл тастардан дайындалады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.11.2020