ҮШӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
Оценка 4.8

ҮШӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Оценка 4.8
docx
02.10.2020
ҮШӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ
Оразбаева Н.docx

ҮШӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

 

Үшөлшемді  объекттер екіөлшемді  кеңістікте түрлене алмайды. Жобалау терезелерін тиімді пайдалану үшін, ең алдымен көз алдымызға Max ортасында қолданылатын  жобаланудың типтерін, олардың ерекшеліктерімен айырмашылықтарын елестете алуымыз керек .

Жалпы, Max ортасында жобаланудың екі түрі қолданылады: параллельді (аксонометрлік) және центрлік (перспективтік). Үшөлшемді объекттердің аксонометрлік жобалауын құрған кезде, оның жекеленген нүктелері жобалау жазықтығына параллель сәулелер арқылы түседі, ал центрлік жобаны құрған кезде, сәйкесінше, бір центрлік нүктеден сәулелер түседі

Аксонометриялық жобалану жазықтығы барлық жобалану сәулелеріне перпендикульяр орналасады, ал центрлік жобалану жазықтығы тек қана бір, центрлік сәулеге перпендикульяр орналасады. Аксонометриялық жобалану кезінде жобаның горизонтальдық және вертикальдық өлшемінің ешқандай сығылуы болмайды, ал центрлік жобалану кезінде объекттің барлық өлшемдері сығылады. 

Аксонометриялық жобалануда ерекше жағдай болып ортаграфикалық жобалану табылады, оны құру барысында жобалану жазықтығы үшөлшемді кеңістіктің координаталар жазықтығының біреуіне параллель теңеседі. Ортографиялық жобалануға сызу курсынан белгілі «үстінен қарағандағы көрініс», «жанынан қарағандағы көрініс» және тағы сол сияқтылар кіреді.

Біз өмірде барлық заттарды перспективті етіп көретіндіктен қоршаған ортаның перспективті жобалануы біздің көзімізге әдеттегідей және табиғи болып көрінеді. Бұндай жобалануда зат  көзден неғұрлым алысырақ орналасса соғұрлым өлшем кішірек болып көрінеді. Параллельді жобалауда объектердің өлшемінің бейнесі оның көзден қаншалықты алыста тұрғанына байланысты емес. Бұл әдеттегідей болмағанымен өте ыңғайлы: объектердің өлшемдерін қандай қашықтықта тұрғанына  қарамастан дәл сәйкестендіруге болады.

 

Жобалану терезелерінің сипаттамасы

 

Әрбір жобалану терезесінің жиектемесі мен үстіңгі  сол жақ  бұрышында орналасқан аты бар. Үнсіз келісім бойынша 3.1.1 – суретте көрсетілгендей, МАХ экранында ортаграфиялық жобаланған үш терезе орналасады – Тор (Үстінен қарағандағы түрі),  Front (Алдынан қарағандағы түрі) және Left (Сол жағынан қарағандағы түрі), сонымен қатар центральдың жобалану терезесі  Perspective (Переспектива) .

 

3.1.1 – сурет. Мах жобалану терезелері

 

Барлық көрсетіліп тұрған терезелердің ішінде біреуі ғана белсенді болып табылады, яғни ол терезе командалар мен МАХ құралдарын қолдануға дайын болады. Белсенді терезенің қоршауы ақ түске боялады. Белсендірілмеген терезе тек көріністі сырттай бақылау үшін ғана қолданылады. Терезені озықтандыру үшін белгіленген көріністегі объекттердің сақталуын ойламай – ақ,  терезенің атынан басқа кезкелген нүктесінен шерту керек. Терезе тақырыбының үстінен тінтуірдің  сол  жақ  батырмасын  бассақ, онда  бағыттауыш  сызықтандырылған терезенің режиміне сәйкес  қалыпқа келеді.

Мах көрнісінің  барлық  объекттері глобальды [әлемдік] (World) координата  жүйесінде  орналасады. Шартты түрде бұл жүйеде  Z  осьі  вертикалды жоғары бағытталған, X осьі – оңға, ал У осьі солға қарап отырған адамға қарай бағыталған болып табылады. Мах ортографиялық жоба терезелері – Тор (Үстінен қарағандағы көрініс), Front (Алдынан қарағанда көрініс), Left (Сол жағынан қарағанда көрініс)  және тағы сол сияқты – дәл осылай аталуы глобальдік координаталар жүйесіне байланысты. Көрніске «алдынан» қарау У осьі бойынша және осы ось бағытталған бағытқа қарауды білдіреді. Осыған сәйкес жобадан қарау осьі Х глобальды координаталар жүйесінде оңға бағытталған, Z осьі үстіге, ал У осьі экранға перпендикуляр бағытталған болса көріністе объекттердің жобалары орналасқан жазықтықтар болып үнсіз келісім бойынша глобальді координаталар осьі арқылы өтетін үш жазықтық табылады. «Алдынан қарағандағы көрініс» және  «Артынан қарағандағы көрініс» жобасы үшін ZX жазықтығы болады, «Үстінен қарағандағы көрініс» және  «Астынан қарағандағы көрініс» жобасы үшін XY жазықтығы, ал «Сол жағынан қарағандағы  және оң жағынан қарағандағы көрініс» жобасы үшін ZY жазықтығы болады.

 Мах программасын қосқанда жобалану терезелерінде көрінетін координаталар, бұл глобальді координаталар жүйесіндегі жазықтыққа сәйкес келетін тор. Глобальды координаталар жүйесіндегі координаталық жазықтықтар бастапқы координаталар (Home grids) деп аталады. Мах глобальды координаталар жүйесіндегі жазықтығының кезкелген бұрышында орналаса алатын қосалқы объект торлар (Gird objects) жасауға болады. Бұл кезде параллель координаталар жазықтығындағы  объект торларында ортографиялық жобаланудағы көрініс объекттерін құруға мүмкіндік береді.

Мах – қа келесі жобалау терезелерінің түрлері кіреді:

·          Тор (Үстінен қарағандағы көрініс), Front (Алдынан қарағандағы көрініс), Left (Сол жағынан қарағандағы көрініс), Back (Артынан қарағандағы көрініс), Right (Оң жағынан қарағандағы көрініс) және Bottom (Астынан қарағандағы көрініс) – объекттердің жазықтықтағы ортографиялық жобасы орналасқан алты терезесі, олар сәйкес глобальды координата жүйесіндегі жазықтыққа параллель.

·          Perspective (Перспектива) – көріністің жағдайын қолданушыға қалаған нүктесінен өзгерте алатындай сипатқа ие жобалау терезесі.

·          Түсіру камерасының визуалды сызыққа перпендикульяр орналасқан жазықтықтағы көріністің центрлік жобалау терезесі. Бұндай терезелер көріністі әрбір камераның әрбір орналасу нүктесінен көруге мүмкіндік береді және камераның атына сәйкес аттарға ие, яғни үнсіз келісім бойынша Camera # (Камера #) деп белгілейді, мұндағы # – камераның реттік номері (01, 02, 03 және тағы сол сияқты).

·          Жарық бастауының сәулелер осьіне перпендикульяр орналасқан жазықтықтағы көріністердің центрлік жобалау терезесі. Бұндай терезелер көріністі жарықтың бастауының немесе прожектордың әрбір бағытындағы әрбір нүктесінен көруге мүмкіндік береді және жарық бастауының атына сәйкес атаумен аталады, яғни үнсіз келісім бойынша  Spot # (Прожектор #) және Direct # (Бағытталған #), мұнда # – жарық бастауының реттік номері (01, 02 және тағы сол сияқты).

·          User (Арнайы түр) – координаталық жазықтыққа параллель емес, қолданушы өзгерте алатын бұрыштан көрініс түрін ұсына алатын жазықтықтағы аксонометриялық жобалау терезесі.

·          Grid (Тор) (Тор (Үстінен қарағандағы көрініс)), Grid (Front) (Тор (Алдынан қарағандағы көрініс)), Grid (Left) (Тор (Сол жағынан қарағандағы көрініс)), Grid (Back) (Тор (Артынан қарағандағы көрініс)), Grid (Right) (Тор (Оң жағынан қарағандағы көрініс)), Grid (Bottom) (Тор (Астынан қарағандағы көрініс)) және Grid (Display Planes) (Тор (Жазықтықты көрсету)) – жазықтықтағы объекттердің алты ортографиялық жобалану терезесі. Олар координата жүйелерінде объект торлар жазықтықтарына сәйкес параллель және объект торлар конструкторлық жазықтығында бейнеленген терезелерде орналасқан.

·          Shape (Форма) – XY аумақтық координаталар жүйесіндегі жазықтықта белгіленген екі өлшемді объект – формаларға параллель жазықтықтағы ортографиялық жобалау терезесі.

Жобалау терезесінің әрқайсысы Мах программасының кезкелген түріне ауыса алады. Осыған қоса кезкелген жобалау терезесінде Track View (Тректерді көру) немесе Schematic View (Құрылымын көру) сұқбаттасу терезесі орналасады. Олар, 3.1.2–суретте көрсетілгендей, анимация жасау барысында өте ыңғайлы. Осыған қоса, Asset Manager (Ресурстар диспетчері) және Max Script Listener (Max Script редакторы) бар.

Жобалау терезелерінің біреуінде орналасқан Track View (Тректерді көру) терезесінде қандай да бір іс–әрекеттер жасау жобалану терезесінің озықтандыруына әкелмейді. Жобалану терезесінде Track View (Тректерді көру), Schematic View (Құрылымын көру) немесе Max Script Listener (Max  Script редакторы) терезелері орналасқанда терезенің аты шықпайды, ал жобалау терезесінде мәзір шақыру үшін бағыттауышты аспаптар тақтасының сұқбаттасу терезесінің кезкелген жеріне орналастырып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басу керек.

 

3.1.2–сурет. Сол жақтағы жобалау терезесіне Track View (Тректерді көру) сұқбаттасу терезесі, ал оң жақтағы жобалау терезесіне Schematic View (Құрылымын көру) сұқбаттасу терезесі шақырылған

 

Asset Manager (Ресурстар диспетчері) сұқбаттасу терезесі жоба терезелерінде орналасқан кезде мәзір көрінбейді, және терезенің басқа түріне ауысу үшін View port Configuration (Жобалау терезесінің конфигурациясы) сұқбаттасу терезесіндегі Layout (Біріктіру) қаттамасын қолдану керек.


 

ШӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ Үшөлшемді объекттер екіөлшемді кеңістікте түрлене алмайды

ШӨЛШЕМДІ КЕҢІСТІКТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ Үшөлшемді объекттер екіөлшемді кеңістікте түрлене алмайды

Мах жобалану терезелері Барлық көрсетіліп тұрған терезелердің ішінде біреуі ғана белсенді болып табылады, яғни ол терезе командалар мен

Мах жобалану терезелері Барлық көрсетіліп тұрған терезелердің ішінде біреуі ғана белсенді болып табылады, яғни ол терезе командалар мен

Мах – қа келесі жобалау терезелерінің түрлері кіреді: ·

Мах – қа келесі жобалау терезелерінің түрлері кіреді: ·

Осыған қоса, Asset Manager (Ресурстар диспетчері) және

Осыған қоса, Asset Manager (Ресурстар диспетчері) және
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.10.2020