ҮШӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬДЕУДЕ ҚҰРАМА ОБЪЕКТТЕРДІ ҚҰРУ
Оценка 4.6

ҮШӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬДЕУДЕ ҚҰРАМА ОБЪЕКТТЕРДІ ҚҰРУ

Оценка 4.6
docx
02.10.2020
ҮШӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬДЕУДЕ ҚҰРАМА ОБЪЕКТТЕРДІ ҚҰРУ
Оразбаева Абдыкаримова.docx

ӘОЖ 004.932.973018

ҮШӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬДЕУДЕ ҚҰРАМА ОБЪЕКТТЕРДІ ҚҰРУ

 

Ә.А. Оразбаева, А.Т. Абдыкаримова

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ, [email protected] 

 

Аннотация. Бұл ғылыми жұмыста үшөлшемді модельдеуде құрама объекттерді құру жолдары, оларды баптау құралдары қарастырылған. Құрама объекттер бірнеше қарапайым объекттерден (екі немесе одан да көп) тұрады. Құрама объекттердің ішінде жолдың сызығы  мен тірек қиылыстары (екіөлшемді форма) негізінде лофтинг әдісімен құралған, оның бойымен осы қиылыстар бойынша орналастырылатын үшөлшемді  денелер ерекше орын алады.

Тірек сөздер: үщөлшемді кеңістік, құрама объекттер, формалар.

 

Аннотация. В данной научной работе рассматриваются пути создания составных объектов в трехмерном моделировании и средства их настройки. Составные объекты состоят из нескольких простых объектов (двух и более). Среди составных объектов особое место занимают трехмерные тела, образованные методом лофтинга на основе линии и опорных пересечений (двухмерной формы) пути.

Ключевые слова: трёхмерное моделирование, составные объекты, формы.

 

Annotation. This scientific work provides ways to create Assembly objects in three-dimensional space, and means to configure them. Composite objects consist of several simple objects (two or more). A special place among prefabricated objects is occupied by three-dimensional bodies formed by the Lofting method based on the line and reference intersections (two-dimensional shape) of the road, along which three-dimensional bodies occupy these intersections.

Key words: 3d modeling, compound objects, shapes.

 

Негізгі типтердің құрама объекттерін құру

Құрама объекттер (Compound objects) – бұл формалар немесе үшөлшемді  объекттердің екі және одан да көп геометриялық модельдерінен құралған денелер. Құрама объекттерді құру құралдарына рұқсат алу үшін, 1–суретте көрсетілгендей, Create (Құру) командалық тақтасының Geometry (Геометрия) батырмасын шертіп, Compound object (Құрама объекттер) қаттамасын ашыңыз.

 

1 – сурет. Құрама объекттерді құруға арналған батырмалар

орналасқан Object Type (Объект типі) бумасы

Object Type (Объект типі) бумасында құрама объекттердің типтеріне сәйкес келетін сегіз батырма пайда болады:

·           Morph (Морфингті);

·           Scatter (Реттелген);

·           Conform (Үйлестірілген);

·           Connect (Біріктірілген);

·           Shape merge (Формамен құйылған);

·           Boolean (Бульді);

·           Terrain (Рельеф);

·           Loft (Лофтингті).

Morph типті объекттерді құру

Морфинг термині (Morphing) метаморфоздар немесе айналу түсінігінен туындаған, бір объекттің басқа объектке айналу кезеңдерінің аралық сатысының қатары бар үдерісті білдіреді. Morph (Морфингті) типінің объекттері бір дененің басқаға ауысу анимациясын орындауға рұқсат береді. Морфинг үдерісінде айналған объект,  бастапқы объект (Seed object) деп, ал морфингті айналу нәтижесінде құрылуы қажет объекттер толық объект (Target object) деп аталады [1, 93б.].

Морфинг объекттеріне тек екі шектеу қойылады: біріншеден, олар өздігінен торлы қабықшалы болуы және төбелері саны бірдей болуы қажет, екіншіден, төбелерінің бірдейлігі сәйкес келуі қажет.

Параметрлерді құруды аяқтағаннан кейін, морфингті объекттің терезесін құру режимін өшіру үшін белсенді терезеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз.

Scatter типті объекттер құру

Scatter (Реттелген) типті объекттер өздігімен бір объекттің көшірмесі басқа объекттің үстімен немесе үшөлшемді  кеңістіктің кейбір аймағында реттеу нәтижесін көрсетеді. Шөптің сабағын, құстар үйірін немесе мұхит астындағы ландшафт моделіндегі балдырларды  және тағы да басқа объекттерді имитациялау үшін қолданылады.

 Реттелген объекттің аты негізгі объект (Souree object), ал реттелетін объект көшірмелері – реттеу базасының объектісі (Distribution object) міндетті болмайды, негізгі объект көшірмесі – оларға өзгертулер қолдану есебінде жай берілген үшөлшемді  кеңістік аймағында реттелуі мүмкін.

Құрама объекттер Scatter (Реттелген) типін қолдануды рұқсат ететін объекттерде қыр жиынтығымен торлы қабықша болуы қажет немесе редактрленетін торға өгертулер еңгізуге рұқсат беруі қажет. Ретсіз қалыпта да қолдануға болады, алайда олар үшін Editable Mesh (Редактрленген тор) типіне өзгертулер енгізілуі қажет. Бірінші жағдайда өзгерту автоматты түрде орындалады, ал екіншіде Modify (Өзгерту) командалық тақтасының көмегімен алдын ала орындалуы қажет.

Conform типті объекттер құру

Conform (Үйлестірілген) типті объекттерді қамтитын объект Wrapper деп, қамтылатын объект Wrap–to деп аталатын үшөлшемді  дененің біреуінің төбелерін жобалану жолымен қалыптастырады.  Бұл еру, балқу және ағу сияқты әсерлердің имитацияларын орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нақты айтқанда объекттердің берілген типі олардың төбесінің санына тәуелсіз кез келген  екі объекттердің арасынан морфингтің өзгертуін орындауға рұқсат етеді.

Conform (Үйлестірілген) типті құрама объектті құруға қатысатын екі объект те торлы қабықшалармен көрсетілуі қажет, себебі, торлы қабықшаларға өзгерту мүмкіндігі беріледі.

Connect типті объекттер құру

Connect типті объекттерді қолдану бастапқы екі денелердің арасын өзіне тән үңгірмен  қостырады. Бұл іс–әрекетті жүзеге асыру үшін қырлардың бөлігін жойғанда бастапқы объектте саңылау болуы керек, екі объекттің де саңылауы бір–біріне «қарап»  тұруы қажет [2, 15б.].

Объекттердің берілген типі көптеген торлардан тұратын болғандықтан NURBS–беттеріне қолданылғанда нашар нәтиже береді. Бұл қиындықты жеңу үшін NURBS объекттіне Weld (Жапсыру) модификаторын алдын ала қолданыңыз.

Shape Merge типті объекттерді құру

Shape Merge (Формамен қосылғандар) типті объекттер  сплайнды форманы үшөлшемді  дененің үстімен қосуға  рұқсат етеді. Формалар не жоғары  жағына  салынады, не одан  алынады.

Delete Shape (Форманы жою) батырмасының  тағайындалуы мен қолданылуы Connect (Үйлестірілген) типті объекттердің Delete operand (Операндаларды жою) батырмасынан   ерекшеленбейді. Extract operand (Операндаларды  алу), сол сияқты Instance (Нұсқа) және Copy (Көшірме) ауыстырғыштар  батырмаларының тағайындалуы мен қолданылуы толық Scatter (Реттелген) типті объекттердің сәйкес параметрлеріне ұқсас.

Display/Update (Көрсету/Жаңарту) бумасының параметрлері жоғарыда қарастырылған Conborm (Үйлестірілген) типті  объекттердің параметрлеріне  ұқсас келеді.

Параметрлерді түзетуді аяқтағаннан кейін формамен қосылған объектті құру режимін өшіру  үшін, белсенді терезеде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу керек.

Boolean типті объекттер құру

Boolean (Бульдік) типті объекттер бульдік алгебра (логикалық алгебра) принципі бойынша  үшөлшемді   денелердің екі  немесе  одан да көп бірігуінің есебінде  құралады. Көлемді денелерде соғылу немесе  ойық  қалыптастыру үшін немесе  бірнеше объекттерді бір жерге қосу үшін де қолданылады (2 – сурет).

Бульдік операцияға қатысатын екі  объекттің  біреуі оның (А операндалары) операция орындалу кезінде  көрсетіледі.

Boolean (Бульдік типті) объекттердің Display/Update (Көрсету/Жаңарту) бумасының  параметрлері толығымен Conborm (Үйлестірілген) типті  сәйкес объекттердің параметрлеріне  ұқсас.

Параметрлерді түзетуді аяқтағаннан кейін бульдік объектті құру  режимін өшіру  үшін  белсенді жобалану терезесінде тінтуірдің оң жақ батырмасын шерту керек.

 

2–сурет. Бульдік операцияларды

объекттерге қолдану

 

Terrain типті объекттер құру

Terrain (Бедер) типті  объекттер  бірдей биіктіктер сызықтарына  ұқсайтын, контурлы  картада  қолданылатын бірнеше  тұйықталған  форманың ұқсастығына қарай таулы  ландшафтың үшөлшемді  бедерін  құруға  рұқсат береді.

Лофтинг әдісімен объекттер құру

Бұл әдісті  қолдану үшөлшемді  дененің көлденең қиылыстарының (Loft shapes) екіөлшемді формаларының майысуын береді, өздігінен кез келген   қисықтар мен жолы (Path) деп  аталатын қисық бойымен қойылған объекттерді көрсетеді. Жолдың сызығы сол сияқты   кескін  үйлесіміне ие бола  алады, ал жол  бойындағы қиылыстардың формасы мен  көлемі ауыса алады.

Лофтинг әдісімен объект құру  үшін  минимум екі форма қажет – біреуі  қиылыс ретінде  (қиылыстар бірнеше болуы мүмкін) және біреуі – жол рөлінде. Егер  қиылыстың  тек бір  формасы  қолданылса, онда МАХ оны жолдың екі шетіне орнатады [3, 85б.].

Қиылысу формаларына қойылатын талаптар қандай да бір қиындық туғызуы мүмкін, себебі, олардың  барлығы  бірдей   сплайндар санынан немесе қисықтарынан  тұруды  қажет етеді және олардың  құрамдарындағы сплайндардың қойылу  реті де бірдей болуы қажет. Жол формасы өздігінен дара  сплайн немесе–қисық болуы қажет. Екі форма  құрғаннан кейін, қиылыстар бойынша  объект  құру  командасына  рұқсат алу  үшін олардың  біреуін ерекшелеу қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.         Пекарев, Л. Архитектурное моделирование в 3ds Max / Л. Пекарев. – СПб.: BHV, 2007. – 256 c.

2.         Верстак, В.; Бондаренко, М.; Бондаренко, С. 3ds Max 8 на 100% (+ CD–ROM); СПб: Питер – Москва, 2006. – 416 c.

3.         А.А. Оразбаева. «3d графика негіздері», Оқу – әдістемелік құрал./А.А. Оразбаева-Талдықорған: ЖМУ, 2017. – 283 б.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

ОЖ 004 .9 32.973 – 018 ҮШӨЛШЕМДІ

ОЖ 004 .9 32.973 – 018 ҮШӨЛШЕМДІ

Object Type (Объект типі) бумасында құрама объекттердің типтеріне сәйкес келетін сегіз батырма пайда болады: ·

Object Type (Объект типі) бумасында құрама объекттердің типтеріне сәйкес келетін сегіз батырма пайда болады: ·

Объекттердің берілген типі көптеген торлардан тұратын болғандықтан

Объекттердің берілген типі көптеген торлардан тұратын болғандықтан

Жол формасы өздігінен дара сплайн немесе–қисық болуы қажет

Жол формасы өздігінен дара сплайн немесе–қисық болуы қажет
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.10.2020