Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған
Оценка 4.7

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Оценка 4.7
Научные работы
docx
воспитательная работа
Детсад
05.06.2017
Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған
СлБұл ашық сабақ мектепке дейінгі және ересек топ бүлдіршіндерінің ой өрісін кеңейтуге және ойлау қабілетін дамытуға арналған.Балаларға сонымен қатар интерактивті тақтада қызықты жұмыс жасауға және топқа бөлініп,қарсыласымен сайысқа түсу арқылы өз білімін жетілдіруге арналған материал.Сонымен қатар балаларды жұлдыз арқылы бағалау олар үшін өте қызықты.Ашық сабақ "Жұлдызды сәт"
Жұлдызды сәт.docx
«Жұлдызды сәт» интеллектуалдық  ойын сабақ Тәрбиеші:  Қайырлы күн ,қадірменді қонақтар !  Бүгінгі дайындық топ және шағын орталық бүлдіршіндерінің «Жұлдызды сәт» атты   интеллектуалдық   ойынына қош келдіңіздер!   Ал келіңдер, келіңдер, Бір­біріңе еріңдер. Өздеріңді тексеріп , Ойынға қатысып көріңдер         Компьютер­сенің көмекшің, Қағазың әрі қаламың. Керек емес демессің, Ақпараттың заманын,­ дей отыра, бүгінгі ойынға қатысушы балаларымызға сәттілік  тілейміз.  ­ Сайысымызды бастамас бұрын ойын шартын түсіндіріп өтейн. Бұл ойын 6 кезеңнен тұрады. Әр ойында дұрыс жауап берген балалар жұлдызшамен  бағаланады. ­ Ал балалар, ойын шарты  түсінікті болса, «Жұлдызды сәт» атты ойынымызды бастаймыз. 1­ кезең .  «Ой қозғау» кезеңі. Бұл кезеңде сендерге сұрақ қойылады .Сендер ойланып дұрыс жауап берулерін керек. 1.Біз қай Республикада тұрамыз? 2.Бағдаршамның неше түсі бар? 3.Бір аптада неше күн бар? 4.Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? 5.16 желтоқсан қандай мереке? 6. алма,алмұрт, жүзім, өрікті бір сөзбен қалай атаймыз? 10.Адамның көру мүшесі? 11.Түйенің төлі қалай аталады? 12.Қыста ұйқыға кететін аң? Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Жақсы жауап бергендерін үшін жұлдызша беріледі. 2­ кезең . Екінші кезеңде слайд арқылы тапсырмалар орындалады. Мен сендерге сұрақ қоямын , сендер слайд бойынша   1­4 дейін садары бар сурет  берілген ,осы суреттін қайсысы дұрыс болса , соның жауабын  алдарындағы сандарды  котеру арқылы көрсетіндер. 1.Қызыл телпек ертегісінің кейіпкерін көрсет.          (2) 2.Өсімдіктерге не жатады?                       (3) 3.Жемістердің ішінде не артық?              (4) 4.Қыс мезгілінде киілетін киімдер?    ( 2) 6. Тиін немен қоректенеді?   ( 3) 7.Құстың үйін көрсет?  ( 3) 8.Су көлігін көрсет?   ( 4( 9. Б дыбысынан басталатын суретті көрсет.     ( 3) Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Жақсы жауап бергендерін үшін жұлдызша беріледі. 3­ кезең . Үшінші кезең «Ойна да,ойла» деп аталыды. а). Мұнда құрастыру беріледі. Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Мұқият құрастырған балаларға  жұлдызша беріледі. 4­ кезең . Төртінші кезең «Білгенге маржан » деп аталады. Сергіту сәті  5­ кезең . Бесінші кезең «білгенге маржан» деп аталады.  Қазір мен мақал айтамын , сол мақалдың жалғасын сендер тауып айтасындар.  Ал бастаймыз.   Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Ата­бәйтерек, Бала­жапырақ. Ананың сүті­бал, Баланың тілі­бал. Әдепті бала­арлы бала, Әдепсіз бала­сорлы бала. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. . Еңбек етсеі ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. Бірлік болмай­тірлік болмас. Батыр туса­ел ырысы. Жаңбыр жауса­жер ырысы. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. Дастарханда наны жоқтың, Тамағының сәні жоқ. Өле жегенше, бөле же. Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Жаксы жауап берген  балаларға  жұлдызша беріледі. 6­ кезең . Алтыншы кезең «Кім тапқыр» деп аталады. Алдарындағы слайдта 7 ұяшық берілген .Әр ұяшықты садар арқылы таңдаймыз. 1. Ұшады, қоңады, Гүлдердің қонағы. Қысында көрінбей, Жазында болады. Түр­түсі сары ала  Бұл не нәрсе табындар? ( Ара) 2. Бір құсым бар ,жаны жоқ. Қанатының саны жоқ. Кісіге өзі тым жақын, Сөйлесуге дамыл жоқ.   (Телефон) 3.Өзі ширақ, өзі қу  Жүрген жері айқай шу.(түлкі) 4.Екі найзасы бар Екі айнасы бар. Төрт аяғы бар. Бір таяғы бар .( Сиыр) 5. Сырт­сырт етіп соғады Кеудесінде жүрегі. Өзі тілсіз сөйлейді Өзі жансыз жүреді. 6.Түсі қара мақпалдай,  Төсі ақ сыр жаққандай. Ұшса оқтай зулайды, Көктен жұлдыз аққандай. (Қарлығаш) 7. Табанынан тыз етіп, Жүрсе дағы сыз өтіп. Күні­түні ерінбей, Үйді жүрер күзетіп.( Ит) 8. Қабат­қабат қаттама  Ақылын болса аттама. ( Кітап) Тәрбиеші: Жарайсындар балалар! Балалар сендер бүгінгі «Жұлдызды сәт» ойынында өз білімдерінді көрсетіп, өте  жақсы қатыстындар.

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған

Слайд түрінде ашық сабақ "Жұлдызды сәт" мектепке дейнгі ересек топ бүлдіршіндеріне арналған
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.06.2017