Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.
Оценка 5

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Оценка 5
Документация
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
29.03.2017
Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.
Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп - кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман - есен дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру. Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да, отырғандарға сәлем беруі керек.
факультатив.docx
«Әссалаума әлейкум» ­ деп дидар несіп еткенде                                               Қол алысып, көңілденбес жоқ пенде.                                               Күн нұрындай сәлеміне адамның                                               Бұл дүниенің ғанибеті жеткен бе! Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты. Жоспар: І. Кіріспе бөлім. «Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді». ІІ. Негізгі бөлім.Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа"  (амандасу түрлерін  айтып көрсету) ІІІ. Қорытынды бөлім. Жақсы сөз – жан азығы.      Әдеп, мәдениет – амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні – ең алдымен адамның кейіп ­ кескінін тану, болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын  білу және тілек арқылы өзінің қалауын ұқтыру, өздерінің аман ­ есен  дидарласып тұрғанына қуанып, ниетінің ақ – адал, таза екенін білдіру. Мысалы, сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да,  отырғандарға сәлем беруі керек. Қауышып, амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті  түріне жатады. Жастар қол алысып, арқа, иық қағысып та амандасады. Қыздар бір – бірімен құшақтасып, сүйісіп, жай қол алысып немесе «Сәлеметсіз бе?»,  «Есен – саусыз ба?» деп амандасады. Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы,  Орта Азиядағы туысқан түркі халықтары барлық мұсылман елдеріндегідей,  «Ассалаумағалейкум» деген араб сөзімен амандасады, ол «Сізге Алланың  нұры жаусын» ­ дегенді білдіреді, оған жауап, яғни, сәлемді алу ретінде  айтылатын «Уағалейкум ассалам» сөздері «Алланың рақым нұры сізге де  жаусын» дегенді ұқтырады.       Амандасу– әр халық мәдениетінің қайнар бұлағы десек,  артық айтқандық емес. Әр елдің әдет­ғұрпы мен тұрмыс­тіршілігіне, салт­ дәстүріне байланысты сәлемдесу түрлері де өзгеше болып келеді.  Мысалы, үнді халықтары қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етсе,  жапондықтар бір жерде қалшиып тұрып, қолын беліне, одан кейін иіліп  тізесіне қойып жылы жүзбен күлімсірейді. Ал латын американдықтар бір­ бірімен құшақтасса, орталық Азия мен Африканың мұсылман халықтары  оң қолын жүректерінің тұсына апарып, тағзым жасайтын көрінеді. Өз еліміздің дәстүрі бойынша жасы кіші үлкенге бірінші болып, таныс немесе бейтаныстығына қарамай амандасу міндет болып саналады. Еліміздің амандық салты   ер   азаматтар   арасында   алдымен   егде   адамға   қос   қол   ұсынып “Ассалаумағалейкүм!”   деген   сөзбен   басталған,   сәлем   алушы “Уағалейкүмассалам!”деп оң қолын ұсынады. Одан кейін “Деніңіз сау ма?”, “Мал­жан аман ба?” деп аман­саулық сұрасқан. Ислам дінінде де сәлемдесу әдептіліктің белгісі екендігі айтылып, қасиетті Құран Кәрімде: “Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар”, – делінген, себебі, амандасу өзара сыпайылық пен татулыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа апарар жол емес пе?! Тағы бір айта кетерлік жайт, қазақ келіншектері ата­енелеріне, қайнағалары мен абысындарына ерекше ілтипатпен, кішіпейілдікпен  сыпайы түрде иіліп сәлем   берген.   Ал   үлкендер   жағы   болса,   “Айналайын,   жамандық   көрме!”, “Үбірлі­шүбірлі   бол!”,   “Көп   жаса,   балам!”   деп   жылы   лебіздерін   білдіріп, баталарын берген. Ал қыздар мен жігіттер болса жылы шыраймен ымдасып күлімдескен,   кей   кезде   ақырын   үнмен   “Сәлем”   деп   амандасса,   қыз­ келіншектер бір­бірімен көріскенде құшақтасу әдебінің шегінен шықпаған. Ал бүгінгі қоғамда, біз, қалай амандасып жүрміз? Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен “Ассалаумағалейкүм!” деп   бірен­саран   ақсақалдарымыз   амандаспаса,   кейінгі   уақытта   тіпті   оны естуден   қалғандаймыз.   Қырық­елуді   алқымдаған   кейбір   ағаларымыз   “Қал жағдайың қалай? Жұмысың орынша ма?” деп саулық сұрасып жатса, жастар жағы “Қалай жағдай?” деп қол берісіп, шапалақты шарт еткізулері әдептілік емес.   Қол   берісу   кезінде   бір­бірінің   қолын   қысып,   оны   ауырту   да   әдетке айналып кеткен. Қазір жас жігіттердің үлкен адамдарға бір қолын ұсынуы да көңілге кір келтіретіні рас. Бұл   осы   ма,   жастар   шетелдің   киноларын   көріп,   соған   еліктеушіліктен   бе, әйтеуір бір­бірімізбен “Привет” деп бетімізден сүюді шығардық, қыздар болса тіпті еріндерінен сүйіп амандасатын кейіпке жетті. Сондай­ақ,   мектептегі   оқушылар   немесе   университет   студенттері   сабақтан нашар   баға   алып   қалса,   әлгі   пәнді   оқытатын   мұғаліммен   амандаспай,   оны өтірік   көрмегенситіндер   де   кездесіп   жатады.   Соңғы   уақытта   бір­бірін   жек көретін   адамдар   амандаспай   жүре   беретін   болып   кетті.   Бір­бірімізден амандық сұрап, сыпайы сөйлеуден қалып бара жатқандаймыз. Ал бұл біздің халқымыздың әдебіне жат қылықтардың бірі. Мұндай   тұрпайы   жайттар   қазағымның   данагөй   қариялары   мен   ес   білген азаматтарына,   намысты   қолдан   бермес   жігіттері   мен   ибалы   қыздарына жараспай­ақ тұр. Дамыған елу елдің қатарына қосылып, жаһандану көшіне ілесеміз   деп   жүрген   де   салт­дәстүрімізден   ада   болып   қалмайық,   ағайын! Келешегімізді бүгіннен бастап ойланайық! Болашақ жастардың қолында, өсіп келе   жатқан   бүлдіршіндердің   тәрбие   бесігі   –  отбасы   мен   мектеп.   Ендеше, оларды   ата­аналары   әдепті   етіп   тәрбиелеп,   ұстаздар   қауымы   әдептілік жайында арнайы сабақтар жүргізіп, пайдалы мағлұмат беруден тайынбасын дегім   келеді.   Аманшылық   амандасудан   басталады,   одан   жаңылуға   да, жалығуға да хақымыз жоқ. Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері ІІ. "Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" дегендей,   әлем   елдерінде   сәлемдесу рәсімдері әртүрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар   шеккен   жандар   маори халқының   "хонги"   сәлемдесу   рәсіміне   куә болады.   Бұл   сәлемдесудің   сан   ғасырлық тарихы   бар.   Бір­бірін   көрген   жандар сәлемдескен   кезде   мұрындарын   тигізіп амандасады.   Мұрынмен   үйкелесу   арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету. Фото: sarreg.ru Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен   кезде   мұрнымен   үйкелесу   керек.   Бұл   заңға   тіпті   Уильям ханзаданың өзі бағынған. Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі   олар   бір­бірін   көргенде,   тілдерін   шығарады.   Бұл   рәсім   9­ғасырда бастау   алған.   Сол   замандағы   Тибет   елінің   көсемі   Ландарманың   тілі   қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір­бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда. Моңғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде моңғолдар оған "хада" деп аталатын жібек не мақта­маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі   қолмен   алып,   басты   изеуі   тиіс.   Хада   ұсыну   мен   алу   рәсімі   –   үлкен құрметтің белгісі. Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір­бірін көрген кезде олар иіледі.   Жастар   өзара   бастарын   изеп   амандасады.   Ал   татамиде   тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек. Кенияға сапар   шеккен   жандар   масаи   тайпасын   кездестіреді.   Масаи тайпасының халқы бір­бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір­ бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды. Гренландия сияқты   арктикалық   аймақтардағы   эскимостар   не   инуиттердің "куник" деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл дәстүр отбасы мүшелері мен   ғашық   жандар   арасында   кеңінен   таралған.   Жүздескен   жандардың   бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады. Қытай халқының   дәстүрлі   сәлемдесуі   "коутоу"   деп   аталады.   Сәлемдескен кезде   қолдарды   бүгіп,   иілу   қажет.   Әйел   азаматтардың   сәлемдесу   рәсімі "ваньфу"   деп   аталады.   Олар   қолдарын   біріктіріп,   оны   денесінің   бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан­ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған. Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір­бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады. Ежелден келе жатқан "вай" сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған. Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" ­ қол, "по" ­ құрмет деген мағына береді. ІІІ. Жақсы сөз – жан азығы. 1. Әдепті елдің баласы Алыстан сәлем береді. 2. Адам сөйлескенше, Жылқы кісінескенше. 3. Сәлем беру де парыз, Сәлем алу да парыз. 4. Сыпайылық – жан азығы, көрегендік – ой қазығы. 5. Отан – отбасынан, тәрбие – құлақтан. 6. Айтар сөзің қандай болса, еститұғын сөзің де сондай болар.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.

Сәлем сөздің атасы. Әр елдің амандасу салты.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017