Солтүстік Американың географиялық орны

  • Мероприятия
  • Разработки уроков
  • docx
  • 16.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала Тарих ғасырлар куәсі.docx
Сабақтың тақырыбы: «Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ҰБТ ­ ға дайындығын бақылау, тарих пәніне  қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу дағдысына  үйрену ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту б) өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие  беру ә) тарихты оқып, үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру б) ерлікке батырлыққа, Отанын сүюге, оған қызмет етуге, Отанды қорғауға  тәрбиелеу Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды ортаға дөңгелендіріп отырғызу. «Тарих рецептімен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи  жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де  мәнін түсінуге бастайтынкілт – сол» ­ деп Ермұқан Бакмаханов ағамыз  айтқандай, сіздер « Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық  сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысқалы отыр. Олар өздерінің осы уақытқа  дейінгі ҰБТ ­ ға дайындықтарын ортаға салмақшы. Олай болса сайысымыздың әділ бағасын шығару үшін әділ ­ қазылар  алқасымен таныстырып өтейін: Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін: Өткел кезеңі: А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан  қойылады.) Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен  басталады немесе аяқталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады) Б) Тарихи оқиғалар (Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар  болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.) Самғау кезеңі: А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Хронологиямен жұмыс (10 мин уақыт  беріледі. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)Ә) «Иә» ма, «Жоқ» па ойыны (Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа  5 балдан қойылады) Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу. Әр жауапқа 5 балдан қойылады) Осы екі кезеңнен 50 бал жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді. Шарықтау кезеңі: А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр  жауапқа 5 балдан) Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады. Әр жауапқа 1 балдан) Б) «Кім, не жазған...» (Слайдта берілген сөздердің егесін табу. Әр жауапқа 5  балдан) Осы кезеңнен ең көп бал жинаған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді. Шырқау кезеңі: А) Қазақстан мәдениеті Ә) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға  баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан) Б) «Эрудит» (Слайдта басқа пәндерден мұғалімдер сұрақ қояды. Әр жауапқа  1 балдан) Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау) Білімдіден шығады алғыр шешен, Шешендікпен болған ғой барлық көсем. Сайра шәкірт, суырып шарықташы, Қалмасын бұл сайыста сенің есең,­ дей келе сайысымызды бастайық. Өткел кезеңі: Тарихқа саяхат Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әріптер сөйлейді: А – Еліміздің оңтүстік станасы: Алматы Ә – Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр Б – Астана қаласының символы: Бәйтерек В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға: Валюта енгізілді Г – Тарихтың атасы: Геродот Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ: Ғасыр адамы Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: Дін Е – «Алтын адам» қайдан табылды: Есік қорғанынан Ё – Конституцияның құрылымы: 9 тарау 98 бап Ж – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам: Ж. Молдағалиев З – Сиырдың пірі: Зеңгі баба И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер ­ металлург Й – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары Қ – Ж. баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: Мұхтар Құл ­ Мұхамед Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы: Н. Тілендиев Ң ­ Қазақстанның ең биік шыңы: Хантәңірі О ­ Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы: Өскемен П – Жоғарғы заң шығарушы орган: Парламент Р – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам: Р.  Бағыланова С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе  жатқан тағамы: Сөк Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: Үркер Ф – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фараби Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға:  Халық санағы Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында  күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград Ч – қазақтың ұлы ақыны: Абай Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы: Ш. Қалдаяқов Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл: 22 жыл Ъ – Халықаралық тіл: Орыс тілі Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г. Ысмаилова І – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І. Есенберлин Ь ­ Қазақтың ең биік тауы: Тянь ­ Шань Э – Халықтардың әдет – ғұрып, салт – дәстүрін зерттейтін ғылым:  Этнография Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі: Ою Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия

Посмотрите также