Солтүстік Қазақстанның
Солтүстік Қазақстан негізінен темір, тас көмір өндіруге, электр
қуаты, ферроқорытпа, алюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған.
Сонымен бірге мұнда АӨКң ауыл шаруашылығы салалары (астық және мал
шаруашылығы), тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған.
Қара металлургия темір көнін өндіру мен оны байытуға негізделген.
Ол СоколовСарыбай және Лисаковск КБК болып табылады (шөгінді
қабаттардағы кен орындары). Кендегі темірдің мөлшері орта есеппен алғанда
34,3%, бірақ оны пайлаланудағы бір мөселе оның құрамында фосфор болуы
(0,48%). Кәсіпорын кен қорымен 80 жылға қамтамасыз етілген
Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын,
алюминий тотығын өндіретін республикадағы жалғыз Павлодар алюминий
зауытына жіберіледі.
Ауыл шаруашылығы
Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК
орналасқан. Солтүстік Қазақстан еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa
топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін
тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%ы) жаздық
бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік
Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн гадан
астам).
Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі.
Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын
алады (67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың Ақмола,
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық
дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен
күнбағыстан алынатын өнім біршама жоғары республикадағы жалпы өнім
жинаудың 11% ын құрайды.
Қалалары
Қазіргі уакытта Солтүстік Қазақстанда 24 қала мен 2 кент бар. Орталық
Қазақстаннан солтүстікке қарай Ақмола облысы орналасқан. Облыстың құрамында республикалық маңызы бар Астана қаласы мен облыстық
дәрежедегі 2 қала бар, олар Көкшетау мен Степногорск.
Астана
Астана (574 мың адам) республика астанасы Қазақстанның
географиялық орталығында орналасқан. Қала ірі көлік магистральдарының
тоғыскан жерінде орналасқан.
1950 жылдары қала еліміздің солтүстігіндегі тың және тынайған
жерлерді игеру орталығы болды. Астана мәртебесін алғаннан кейін
жылдам көркейіп, өсе бастады. Орталығы мен шет аймақтарында биік
үйлер бой көтерді.
1830 жылы Ақмола бекінісі
1862 жылы Ақмола қаласы
19611992 жылдары Целиноград
1992 жылдары Ақмола қаласы
1997 жылы Ақмола каласы ҚР астанасы
1998 жылы «Астана» атауы берілді
1999 жылы ЮНЕСКОның шешімімен Астана қаласына медаль мен
«Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Қала жылданжылға зор қарқынмен
дамып келеді, болашағы өте үлкен.
Астана республикамыздың ірі өндірістік, ғылыми және мәдени орталығы.
Қалада ауыл шаруашылығы машиналарын шығару, сонымен қатар тамақ және
жеңіл өнеркәсіптері дамыған. Астана мәртебесін алуына байланысты құрылыс
индустриясы да жылдам қарқынмен дамып келеді. Мемлекеттік және
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қиылысында орналасқан
ірі көлік торабы болып табылады.
Халқының санының өсуі, негізінен, облысаралық көшіқон арқылы жүзеге
асырылады. Астанада 100ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Көкшетау
Ақмола облысының солтүстігінде облыс орталығы Көкшетау қаласы
орналасқан (142 мың адам). Қаланың халқы біртіндеп көбейіп, жұмысшылар
саны өсті. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен құралжабдықтары
тиелген эшелон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп
орналасты да, бірден әскерикорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
19601970 жылдары ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп
кәсіпорындары іске қосылды. Радиозауыт, Васильков кенбайыту комбинаты
және т.б. жұмыс істей бастады. Қалада орыс драма театры, әдебиет және өнер
мұражайы жұмыс істейді.
Павлодар
Экономикалық ауданның шығысында Павлодар облысы орналасқан, онда
Қазақстанның әсем қалаларының бірі Павлодар орын тепкен (300 мың адам).
Біздің атабабаларымыз қала үшін ең колайлы жерді Ертіс
өзенінің жағалауын таңдап ала білген. Павлодардың қолайлы географиялық
жағдайы, тас көмір,мыс, алтын, күміс және басқа да сирек кездесетін
металдардың мол қоры өткен ғасырдың өзінде шет елдік іскер топтардың
назарын аударған болатын. Ал 1950 жылдардың ортасынан бастап қалада
өнеркәсіп дами бастады.
Бұл жылдарда Павлодарда құрылыс индустриясының іргетасы қаланды:
силикатты кірпіш, бетон, кішігірім қабырға блоктарын шығаратын зауыттар,
темірбетон бұйымдарын шығаратын төрт комбинат, ағаш өңдеу комбинаты
мен металконструкциялық зауыт іске қосылды. Қуатты құрылыс
материалдары өнеркәсібін құру ток қалада ғана емес, бүкіл экономиканы
қайта құруда шешуші рөл атқарды: Ермак МАЭСінің, ферроқорытпа,
алюминий және трактор зауыттарының құрылыстары басталды. Өнеркәсіп
ендірісінің карқындап өсуі, жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын салу халықтың
ағылып келуіне ықпалын тигізді.
Павлодар ірі мәдени және ғылыми орталық: онда екі университет, көптеген
жоғары оқу орындарының, оның ішінде Ресей жоғары оқу орындарының
филиалдары, екі театр (Қазақ музыкалық драма және Орыс драма театрлары),
көркемөнер және көне тарихиөлкетану мұражайы және т.б. бар.
Қостанай Солтүстік Қазақстанның батысында Қостанай облысы орналасқан, облыс
орталығы Қостанай қаласы (208 мың адам). Бұл Солтүстік Қазақстанның ірі
өнеркәсіп және мәдени орталығы. Қаланың 1897 жылы іргесі қаланды. Ол
кезде мұнда жыл сайын жәрмеңке өткізілетін. Жергілікті ауыл шаруашылық
шикізатының негізінде ұсақ кәсіпорындар тері илейтін зауыт, бу диірмендері
жұмыс істеді. Өткен ғасырдын, ортасынан бастап, темір (СоколовСарыбай)
және асбест (Жітіқара) кен орындарын игерудің нәтижесінде темір жолдар
салынып қала жылдам дами бастайды. Соңғы жылдары тамақ және жеңіл
өнеркәсіп дамыды, ет консерві комбинаты, кондитер фабрикасы, мәуітішұға
кәсіпорны, аяқ киім және тігін фабрикалары жұмыс істейді.
Петропавл
Петропавлды (193 мың адам) «Республиканың солтүстік қақпасы» деп
орынды атайды. Ол 1752 жылы салынған, Петропавл атауын 1807 жылы алған.
Қаланың транзиттік экономикалықгеографиялық жағдайы өте қолайлы.
Оның Транссібір және ТрансқазақОтан темір жолдарының қиылысында
орналасуы қаланың сауда орталығы ретінде жылдам өсуіне әсерін тигізді.
Петропавл қазіргі кезде маңызды өндірістік мәдени орталық әрі ірі көлік
торабы. Қалада мұнайгаз өнеркәсібі, отынэнергетика, көлік және сонымен
қатарагроөнеркәсіп кешендері үшін (трактор тіркемелері, ауыл шаруашылық
кұралдарына қосалқы бөлшек) кұралжабдық шығаруға маманданған машина
жасау кәсіпорындары мен ет комбинаты бар.[1]
Солустiк Казакстан облысы шаруашылыгы
Солустiк Казакстан облысы шаруашылыгы
Солустiк Казакстан облысы шаруашылыгы
Солустiк Казакстан облысы шаруашылыгы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.