Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні ардагер ұстаздармен кездесу кешіне арналған «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен дайындалған іс-шара. Кездесу мақсаты ардагер-ұстаздар шәкірттерге мұғалім атты қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған өмірлеріне саяхат жасау арқылы жастарға тәрбие беру.Ардагер-ұстаздармен кездесу кеші сценарийі.
ұстаздар күніне сценарий .docx
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
«Прогресс» политехникалық колледжі
«Ұстаздарұлы тұлғалар»
/ардагер ұстаздармен кездесу/
Дайындаған: ТІЖО
Маралбекова Шырайлы Арыновна
Өтеген батыр кенті, 2018 «Ұстаздарұлы тұлғалар»
/ардагер ұстаздармен кездесу/
(сахана сыртында диктор оқиды, фонда ақырын әуен орындалып тұрады)
Шәкірттерін оқытудан жалықпаған
Дәріс алды ұстазынан қаншама адам
Қыран құстай биік самғап,
Ұстаздарын шәкірттері ұмытпаған.
Сіздердің назарларыңызға «Түнгі студия» бағдарламасының нышанымен
дайындалған ісшарамызды ұсынамыз! Қабыл алыңыздар!
Мағжан:
Қайырлы күн, құрметті көрермендер! «Прогресс» политехникалық колледжінің
студиясында «Прогресс» студиясы» жобасына қош келдіңіздер! Менің
әріптестерім: әр түрлі ойындар ғылымының докторы Әмір мен әуенмен
сүйемелдеуші Нұржан мен Рамазан
- Шоуымызды не істейміз? (көрермендерден сұрайды, көңілді)
- Бастаймыз! (көрермендер жауабы)
Мағжан:
- Тамаша, онда тағы да қайырлы күн! Ал, Әмір бүгін қандай жаңалық?
Әмір:
- Бүгін керемет күн болып тұр. Қазан айының алғашқы мерекелері қарттар
және ұстаздар мерекесі тоғысқан күні. Шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі мереке біздің аяулы ұстаздарымыздың, ұлағатты мұғалімдеріміздің ,
ардақты оқытушыларымыздың күні!
Мағжан:
-
Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі екен. Олай болса бүгінгі мереке
ұстаздарға арналмақ. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай
жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен
озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Әмір:
- Сен қалай ойлайсың, Мағжан? Менің ойымша, кезкелген адам мұғалім,
ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер. Ал
өнерлі болу кезкелген адамның бойында бола бермейді. Олай болса, шын
ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке
ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Мағжан:
- Әмір, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
- Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
- Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
- Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
- Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән
ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк.
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз
шеберлік емес пе?! Олай болса, «Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар
артында» деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай бүгінгі
студиямыздың құрметті қонақтары Курманбаева Шакура Мамадилқызын
және Абиева Ұлдан Абиевнаны, сонымен қатар осы колледжіміздің ардагер
ұстазы Жоламанова Сара Өтесінқызын қол соға, қошеметпен
студиямыздың төріне шақырамыз!
(қол шапалақтап, құрмет көрсету)
Мағжан:
- Шакура апай, Ұлдан апай, Сара апай қалдарыңыз қалай? Сіздер шәкірттердің
шуақ шашқан күніндей ардақты жан, мұғалім атты қиындығы мен қызығы
қатар жүретін мамандықты таңдағаннан бастап, сан мыңдаған жас ұрпақтың
болашақ пен жалғастырар алтын көпіріне айналған ардагер ұстаздарсыздар. - Шакура апай, айтыңызшы, ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек
қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір
жағдай болды ма?
(Шакура апайдың жауабы)
Ал, алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
- Сара апай, менің ғана емес, мына көрермендердің де көкейінде тұрған сұрақ
шығар: ұстаз мамандығын не себепті таңдадыңыз? (Сара апайдың жауабы)
Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
- Ал, енді Ұлдан апай сізге сұрақ: еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық
оқиғалар болса. (Ұлдан апайдың жауабы)
Балаларыңыздың ішінде ерекшелейтініңіз болды ма?
Қазіргі жастар қандай?
Мағжан:
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше
ұстаздарымызбен ойын ойнасақ. (Көрермендер қол шапалақтап, қолдайды) Қазір
әр түрлі ойындар ғылымының докторы Әмір сіздермен бір ойын
ұйымдастырмақшы.
Әмір:
Сіздерге шар беремін, шардың ішінде қағазға жазылған сұрақ бар, сол шарды
жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.
Ал, кәнекей, таңдаңыздар. (қонақтарға шарлар ұсынады)
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз, төрт/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/ 5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
7. Қай кезде қызылға тоқтамай, жасылға тоқтайсыз? /Қарбыз жегенде/
Әмір:
Келесі бөлім «Еркін микрафон» деп аталады. Құрметті достар, қонақтарымызға
сұрақтар қойсаңыздар болады. Қане, кімде сұрақ бар?
1. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда
батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
2. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?
3. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
4. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.
6. Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып немесе би билеп берсеңіз.
Мағжан:
Құрметті қонақтар, сіздердің құрметтеріңізге біздің студенттердің кішігірім
дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
Өнерлі студенттерімізді студияға шақырамыз!
Шахзада:
1. Ғасыры жас, заманы асқақ өрендер,
Әр сат сайын жаңалыққа елеңдер.
Әже көрсең, немере бар жанында,
Кешегі ұстаз осы, ізетпен сәлем бер.
Арман жолмен болашаққа қадам бас,
Сонда қоғам саған да мін таға алмас.
Кешегі ұстаз салиқалы қарт көрсең,
Бұрыла кет, ілтипатпен амандас.
Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.
Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.
Олар да асқақ білім жолын ән қылған, Тәлім алған талайталай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.
Бірге жасап өміржолда мектеппен,
Өткен талай сынақтардан, өтпектен.
Бүгін, міне, шәкірттері олардың
Өздері ата, өздері әже боп кеткен.
Болашаққа өткеніңмен қадам бас,
Көрінсе де өз заманың саған жас.
Кешегі ұстаз осы, ізетпен сәлем бер,
Кешегі ұстаз осы, ұрпақ, амандас.
Дидар:
2. Мұғалімұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
3. Қазына:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып. Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Мағжан:
Ал енді студиямызға «Жайдарман» клубын шақырамыз. Қарсы алайық!
КВН әзілдері:
1. Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады: Кеше сабақта сіздің ұлыңыз
партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп
қолымды ұрып алдым. Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. Бірде ол ваннаға
крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп
қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
Бір студент жігіт көшеде келе жатып, басы айналып құлап қалады. Қасына
бір келіншек келіп, айналасындағыларға: Су әкеліңдер, су әкеліңдер,
дейді. Сонда ақырын есін жинай бастаған студент әлгі келіншекке:
«Аналарға сумен қоса нанға май жағып ала келіңдер» деп айта салыңызшы,
дейді сыбырлап
2.
3. Студент емтихан тапсыруға келіп тұр. Оқытушы: Билет алыңыз. Ағай,
4.
менде «проездной» ғой
Мұғалім оқушысын тақтаға шақырады да: Мен Шығайбайға бір алма
беремін де, оны төрт балаға бөліп беруін сұраймын. Сонда әр балаға қандай
бөлік тиеді? Ешқандай. Отыр, екі. Математиканы білмейсің. Ал сіз
Шығайбайды білмейді екенсіз
5. Студенттік емтихан тапсыру кезі. Профессор: Сіздің атыжөніңіз?
Бектұров (студент жымиып күледі). Неменеге жетісіп, мәз болып тұрсың?
Бірінші сұрағыңызға дұрыс жауап берген сияқтымын.
6. Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа
қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе"
деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!
7. Тәулдік жалғауы
Оқушылар! Бүгін біз Сіздермен /Тәуелдік жалғауын/ өтеміз. Ал, қарапайым
мысал:
Менің қарындашым; Сенің қарындашың,
Сіздің қарындашыңыз; Оның қарындашы. Ал, Арман, менің айтқан мысалыма
сәйкес мысал келтірші.
Ііі... Қысқасы, жалғыз қарындаш бәрінікі :) 8. ҰБТтесті
Оқу орннына түсу үшін тест тапсыру аяқталды.Төртінші пәні география
болған оқушы Құдайға жалбарынып тұр:
О,Құдай Мәскеуді Қытайдың астанасы қыла гөр.
9. Түк болмайды
Егер мен алтын сақинамды қышқылға салсам, не болады?
Түк болмайды.
Оны қайдан білесің?
Егер бірдеме болатын болса, сіз сақинаңызды қышқылға салмас едіңіз.
Мағжан:
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізгдерге өнермен ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
«Бала махаббат» әнімен ортада 1курс студенті Жалгасбаев Диербекті қарсы
алыңыздар!
Мағжан:
Шәкіртеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие, жақсы қасиеттерді
бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбектеріңіз зор.
Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға
бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз! (қонақтарға
гүл шоғыры мен сыйлық табысталады) Қанекей достар, барша ұстаздарға арнап бәріміз білетін «Ұстазым» әнін шырқап
жіберсек! («Ұстазым» әнін барлығы орындайды)
Қазақта керемет мақал бар ғой «Батамен ел көгерер» деген. Енді мына бізге,
жастарға бата берсеңіздер! (Ардагерлерден бата алу)
Құрметті көрермендер осымен бүгінгі «Прогресс» студиясы» кездесу кеші
аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рақмет!
Ұстазым
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қысжазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім. Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қысжазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.