Сценарий благотворительной акции
Оценка 4.8

Сценарий благотворительной акции

Оценка 4.8
docx
31.05.2021
Сценарий благотворительной акции
Сценарий благот акции.docx

Мақсаты : Қоғамның мұқтаж адамдарға деген ыстық ықыласын, аяушылық, қамқорлық сезімін ояту, аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға қамқорлық жасау.

-қайырымдылық акциясы туралы слайд

-концерттік бағдарлама

Акцияның жүрісі :

Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар! « Аялы алақан»

қайырымдылық акциясына қош келдіңіздер!

Құрметті қауым, бүгінгі өткелі отырған қайырымдылық акциясының есептеу комиссиясының мүшелерімен таныс болыңыздар:

(комиссия мүшелерімен таныстыру)

«Жерде бір жетім жыласа, көктегі періштенің жаны түршігеді» деген халқымызда қанатты сөз бар.Қазақ халқына тән қасиеттердің бірі – жетімін жылатпай қайырымдылық жасау, көмекке қол ұшын созу.

Жетім көрсең жебей жүр,

Қолтығынан демей жүр.

Қол ұшын берсең азамат,

Алладан болар шапағат,-дегендей, бүгінгі шарамыз қоғамның мұқтаж адамдарына деген ыстық ықыласын, аяушылық, қамқорлық сезімін ояту, аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға қамқорлық жасау

Адам ұғымында ізгілік деген түсінік бар. Ізгілік – ол қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық дегенді білдіреді.Адамдарды ізгілікке тәрбиелеу – мұсылман дінінің басты қағидасы.Құран-Кәрімнің Бақара сүресінің 177 аятында : «Ізгілік деген тек жүздеріңді шығысқа не батысқа қаратып, құлшылық ету ғана емес. Ол – Аллаға, қиямет-қайымға, періштелерге, кітапқа, пайғамбарларға сену, иман келтіру. Сонан соң олардың кім екеніне қарамастан, жақындарға, жетімдерге, мүсәпірлерге, қарттарға көмегін аямағандар. Міне, осылар нағыз ізгілік делінген!

Келесі тамашалайтындарыңыз «Қара жорға» биі.Орындайтын мектебіміздің мақтанышы, аудандық «Ақ көгершін» би конкурсының «Жыл бишісі» номинациясын жеңіп алған «Наз» би тобы.

«Жанашырлыққа жаны риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған, көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы балаларының жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Мұндай игілікті істен мемлекетіміз де тыс қалып жатқан жоқ. Былтырғы оқу жылында мемлекет тарапынан жетім, жартылай жетім балаларға 77000 ақша, үйден оқитын Манарбекқызы Аяужанға компьютер беріп, интернет желісіне қостырып берді.Аз қамтылған 8 оқушы әкімнің жасыл шырша мерекесіне барып, құр қол қайтпады.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап аудандық педагогикалық-психологиялық комиссиясының ұйымдастыруымен өткен шырша мерекесіне Манарбекқызы Аяужан барып өз өнерін ортаға салып қайтты. Осындай игі шаралар өз ауылымызда да өткізіліп, 6 оқушы барып қатысып, өнерлерін көрсетті.Осындай игі шараларды ұйымдастырған абзал жандарға келесі музыкалық сәлемімізді жолдайық.

Халық әні «Беу айдай» Орындайтын 3 «ә»сыныбының уздік оқушылары Арманулы Мәди,Турсынбаева Нұрай; Саукенова Нурай,Ермекулы Мухаммед.

Ендігі кезекті комиссия төрағасына берсек. Осы уақыт аралығында қайырымдылық қорына түскен көмектің мөлшерін атап өтсеңіздер.

Дінімізде мұсылман кісі қайырымдылық жасар болса, алдымен өзін дүниеге әкелген ата-анасынан бастап, бауырлары, ағайындары, содан соң көршісі, жарлы мен жетімдерге көмектесуді тапсырады.Қолында беретін ешнәрсесі болмаса, сәлем беріп, жағдайын білсін, бір ауыз жылы сөзбен жүректерін жылытсын. Адам ешқашан байлыққа тоймайды. Ең маңыздысы дүниеге кенелу емес, жүректің байлығы.

Ән:»Шығысым-ай» Сөзі мен әнін жазған композитор Серік Шөкенов.Орындайтын 3 «а»сынып оқушысы Манарбек Аружан.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!

Ән:

Абайдың 4-ші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық кешіне кеңпейілділік танытып отырған әр адамға алғысымыз шексіз.

Ән:

Әр түрлі себептермен ауруға ұшырап мүгедек боп қалғандарға, әке не анасынан айырылған балаларға, асыраушысы болмай қалған қарияларға көмектесу дені сау, еңбек ететін, табысы бар адамдардың парызы. Әрине, адамның адамға ізгілік жасауы- бұл адамгершіліктің белгісі, ал адамгершілігі жоғары адам, ол иманды адам.Имандылық адамның жүрегінде мейірімділік           отын тұтатады.Яғни, әр адам өзінің бойындағы имандылық қасиетті сақтап,оны ары қарай жетілдіру бұл әрбір адамның өмірдегі мақсаты болуға тиіс.

Ән:

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейіріммен тербетілер бесігің

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім

Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,

Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.

Ән:

Жақсылық жасау – имандылықтың, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса»- деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

Ата-анасынан айырылған балалар тағдырына ауылымыздың жекелеген азаматтар тарапынан да көңіл бөлінуде.  (аты-жөндерін атап өту)

 

 

 

.Келешекте қамқорлық мұнан да күшейсе екен деп тілейміз. Азамат деген, мұсылман деген солай болуға тиіс.

Ән:

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген халықтың даналығы бар. Қайырымдылық жасау ауқатты адамның ғана істейтін ісі ғана емес, ол әр адамның игі ісі.Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала : « Игі істерге көмектесіңдер»,-деп ескертеді.

      Арман Дүйсеновтың әні: «Аллаға шүкір» Орындайтын 7 «а» сыныбының оқушысы Толқынбекқызы Аружан.

Сөз кезегін комиссия төрағасына берсек, осы уақыт аралығында қайырымдылық қорына түскен көмектің мөлшері жөнінде айта кетсеңіздер.

Адам баласы бір-біріне жақсылық жасағанда ғана өсіп-өнбек, мақсатына жетпек.Пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу ғалейһи салам «адамның жақсысы-адамдарға пайдасы» деген. Ендеше өсіп-өну мақсатымызға жету жолында жақсылықты молынан жасайық ағайын.

Ән:»Перзент сыры» Сөзі мен әні Елена Әбдіхалыкованыкі. Орындайтын мектебіміздің жас ұстазы Суйесінова Жадыра

Алланың құзырындағы нәрсенің бәрінің де сұрауы бар. Жетімдерге қандай көмек көрсеттіңіз, олар үшін өз үлесіңізден несібе бөлдіңізбе деген сауалдар әр азаматтың басында жүрсе қандай ғанибет.

Сөз кезегін комиссия мүшелеріне берейік

Қайырымдылық акциясы өтеді деп жарияланған күннен бастап ізгі шараға ниеттеніп келіп, үлестерін қосуға асығып отырған сыныптар бар  (атап өту)

Ән:

Ата-анасынан айырылған балаларға қамқорлық жасау, көмектесу – рухани байлықтың, таза жүректіліктің белгісі. Рахымсыздық пен тас жүректіліктен ада, кеудесінде пәк махаббаты бар жандар біздің қоғамға ауадай қажет. Өйткені, өмірде жетім-жесір болмай тұрмайтыны рас. Және ешкім де пайғамбарымыз Мұхаммед саллалаһу ғалейһи саламның сол жетімдердің бірі болғанын ұмытпаса екен дейміз. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ, жақсылық жасауға дайын болайық ағайын.

Ән: «Аллаға мадақ»Сөзі мен әнін жазған Гульмира Сарина. Орындайтын 8 «а»сынып оқушысы Аринбекова Әйгерім

Фильм көрсетіледі

Демеуші болып жүрген аға-апаларымызға арнап  (Ән или би)

Сөз кезегі комиссия төрағасына беріледі

Бүгінгі « Аялы алақан»

қайырымдылық акциясы да өз мәресіне жетті. Осы акцияға ұйтқы болған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысқан демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де жалғасын таба береді деп сенеміз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 


 

М ақсаты : Қоғамның мұқтаж адамдарға деген ыстық ықыласын, аяушылық, қамқорлық сезімін ояту, аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға қамқорлық жасау

М ақсаты : Қоғамның мұқтаж адамдарға деген ыстық ықыласын, аяушылық, қамқорлық сезімін ояту, аз қамтылған, көп балалы, жетім балаларға қамқорлық жасау

Келесі тамашалайтындарыңыз «Қара жорға» биі

Келесі тамашалайтындарыңыз «Қара жорға» биі

Абайдың 4-ші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға…

Абайдың 4-ші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға…

Келешекте қамқорлық мұнан да күшейсе екен деп тілейміз

Келешекте қамқорлық мұнан да күшейсе екен деп тілейміз

Аллаға мадақ»Сөзі мен әнін жазған

Аллаға мадақ»Сөзі мен әнін жазған
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2021