Тақырыбы: 1 қыркүйек – Білім күні.
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!
Мектебіне шәкірттер ағылады
Сана, білім сусаған табылады
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше асығады.
Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп
Осы шақты аңсайды бүкіл халық.
2016 жыл тарихқа ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгінгі күн ерекше болмақ. Олай болса 1 сынып оқушыларын ұстаздарымен ортаға шақырайық
1 а сыныбы. Жетекшісі - Қапышева Айгүл Қалымбекқызы - оқушылары
1 ә сыныбы. Жетекшісі – Мұхаметрахимова Айнұр Есімханқызы - оқушылары
1 орыс сыныбы. Жетекшісі – Әділқұрманова Бақытжамал Серғалиқызы - оқушылары
Тәуелсіздік – қырансың қалықтаған,
Алты алаштың көгінде шарықтаған
Көптен күткен халқымның сәбиісің
Әлдилеген құшақта алып далам
Тұғырыңды шыңдағы таныт маған
Көк байрағым, желбіре, шабыттанам!
Орал аға
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар! 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.Аудандық салық басқармасының басшысы Жұмағалиев
2.Ардагер ұстаз Егінбаев Әмір
3.Ардагер ұстаз Қабдоллаева Гүлжанат
Бүгінгі мерекенің алғашқы сөзі мектеп директоры Икласов Е.М. беріледі.
Ерекше күн, бүгін тілек-баталар
Ән мен жыр бүлдіршіндерге арналар
Барлығының жүретұғын ақ жолы
Құт қонақтың тілегінен нұрланар
Сөз кезегі қонақтарға беріледі:
Аудандық салық басқармасының басшысы Жұмағалиев ...
Жылы лебізін тыңдасақ.
Келесі сөз ардагер ұстаздарға беріледі
Ән –шашу «Халқым – ай» орындайтын халықаралық, республикалық конкурстардың жүлдегері 11а сынып оқушысы Бақытжанқызы Еңлік. Қабыл алыңыздар!
Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың
Сәлем, алтын мектебім! – деп алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.(тақпақтар айтылады)
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.
Адам жанын тәрбиелеп, аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегі 1 сынып жетекшілері атынан Әділқұрманова Бақытжамал Серғалиқызына беріледі.
Ата-ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өрер.
1 сынып ата-аналарының атынан құттықтау сөз
беріледі. Келесі кезекті әнге берейік. «Мектебім» Орындайтын 4 а сынып оқушылары Оралқызы Шұғыла және Алмасқызы Жанерке.
Қоңырау сыңғырла асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет, жас ұлан
Өрле сен биік шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1а сыныбының оқушысы Қуан Айзере мен 1орыс сыныбының оқушысы Дәулетбай Бахтиярға беріледі.
Қызыл гүл жайнады төрімде
Қызықты күнім де, кешім де
Алғашқы қоңырау дауысы
Қалады мәңгілік есімде.
Алтын ұя – киелі шаңырағым
Мен өзіңе қашан да табынамын
Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер
Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын!
Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Өңірімізде кең өркен жайып отырған «Туған жерге-
тағзым» акциясы шеңберінде сый-сияпат жасау біздің ауылымызда дәстүрге айналғанын білесіздер. Биыл мектебімізді 1996 жылы бітірген түлектерімізге 20 жыл толып отыр. Олар осы жазда алтын ұя мектебіне келіп жөндеу жұмыстарына көп көмегін тигізді. Құрметті түлектер, мына бір өлең жолдары өздеріңе арналады
Келесі ән «Қоңырау», орындайтын 5ә сынып оқушылары Саукенова Нұрай мен Тұрсынбаева Нұрай. Қабыл алыңыздар, құрметті түлектер!
Ал енді 1 сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге саяхатында сәт сапар тілейміз! Құрметті оқушылар, баршаңызды « Мен – өз елімнің патриотымын» атты алғашқы сабаққа шақырамыз!
Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп
Осымен «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.