Сценарий мероприятия, посвященного ко Дню защитника Отечества
Оценка 4.7

Сценарий мероприятия, посвященного ко Дню защитника Отечества

Оценка 4.7
docx
31.05.2021
Сценарий мероприятия, посвященного ко Дню защитника Отечества
День защитника Отечества.docx

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» сайысы

Мақсаты: Ұлдарымызды батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Бағына бақытты елдің туған ұлан

Бойына бар асылды жиған ұлан

Қазақтың қасиетті жігіттері

Жанына нұр дарыған, жыр дарыған

Дария ой, даналардан бата алғандар

Айнымас алмаш қылыш атанғандар

Қазақтың қасиетті жігіттері

Халқына қалқан болған қаһармандар, - деп  ақын Махмұтбай Әмірұлы жырлағандай, халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған. Бүгінгі 21 ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең. Олай болса ұлдарымыздың батырлығын, ептілігін, ақылдылығын тамашалайық.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сарбаздар мерекесіне арналған мектепішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді қошеметпен  ортаға шақырайық.

8 сынып    Бекзат

9а сынып  Нұржан

9ә сынып       Мұхаммед, Мирас

10 сынып        Дәулет

Бүгінгі біздің сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

1 «Сәлем – сөздің анасы»  Өзін-өзі таныстыру

2  «Жігіт көркі – өнер» Өз өнерін көрсету

3 «Күш білекте» Кіртас көтеру

4 «Кім жылдам?» Автоматты шашып, қайта жинау

5 «Білімді мыңды жығады» Білім сайысы

Сайыс болғаннан кейін әділ бағасын беретін қазылар алқасы болу керек, ендеше әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін:

1 Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Орал Құмарбекұлы

2 Мектебіміздің кітапханашысы Альмира Құрманбекқызы

3

(Сайыскерлерімізге дайындалуға рұқсат)

Сәлем-сөздің анасы

Деген бар ғой қазақта

Жігіттердің сайысы

Сәлемімен басталса

7 атасын білмейтін

Жетесіз ел емеспіз

Өзіңізді жігіттер

Таныстырып өтсеңіз,- деп 1ші кезеңімізді бастайық

( кезекпен өзін-өзі таныстыру)

Құрметті қазылар алқасы, 1ші кезеңнің бағасын берсеңіздер

Рахмет!

Жүргізуші:

«Еңбек- ердің санаты, білім-ердің қанаты» - демекші,  ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт – ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе? Қазақта жігіттерді былай атаған:

«Көсем жігіт – ел басқаратын жігіт»,

«Шешен жігіт- дау шешетін жігіт»,

«Батыр жігіт- еліне қамқор жігіт»,

«Сері жігіт- аттың жүйрігіне мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса, сері жігіттеріміздің өнерін тамашалайық. Сайысымыздың келесі кезеңі «Жігіт көркі-өнер» деп аталады.

Сахнаға  жігіттерімізді шақырамыз                                                                                                           

(кезекпен сахнаға шығып, өнерін көрсету)

Сөз кезегі қазылар алқасында, 2ші кезеңнің бағасын берсеңіздер

 

Батырдың көрінеді суық түсі,

Жақсының жақсылармен болар ісі

Тіл шешен болғанмен суырылған

Жігітке керек бір сәт білек күші

Келесі сайысымыз «Күш білекте» деп аталады

(кезекпен шығып кіртас көтереді)

Осымен 3ші кезеңіміз де аяқталды, қазылар алқасы, тиісті бағаларыңызды берсеңіздер

Рахмет!

Сайысымыздың 4ші кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады. Ұлдарымыз тез автоматты шашып, қайтадан жинау керек. Сонымен , кім жылдам? Қане, бастайық

(кезекпен шығады)

Қазылар алқасы, «Кім жылдам?» кезеңінің бағасын берсеңіздер

(бәрін ортаға шақыру)

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар

Жауаптарын табама екен бұл жігіттер

Сондықтан қойылатын сұрақтар бар

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Білімді мыңды жығады» білім сайысы

1 5 қаруды ата (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)

2 Ұлттық ойындар (ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу, көкпар)

3 Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір)

4 Ат әбзелдері (жүген, желдік, тоқым, ер құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

5 Жігіттің 3 жақын жұрты ( ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)

6 3 арысты ата (Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров)

7 4 түліктің пірін ата (түйе пірі- Ойсылқара; жылықы – Қамбар ата; сиыр – Зеңгі баба; қой- Шопан ата; ешкі –Шекшек ата)

8 Жігіттің ажырамас 3 серігі

Астыңда мінген тұлпарың болсын

Шыңдалған ақыл, айлаң болсын

Айнымас адал досың болсын

9 Ер жігіт қандай болу керек? (қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, жылқы мінезді болу керек)

10 Не жетім? (жаңбыр жаумаса – жер жетім, басшысы болмаса – ел жетім, ұқпасқа айтылған – сөз жетім)

11 Үш асыл мінезді ата (туған елі мен досына адал болу, қара қылды қақ жарған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу)

12 Алты алаш деген не? (Алты алаш – Алаша ханның балалары – Қазақ, Қарақалпақ; Қырғыз; Өзбек; Түркімен, Жайылхан)

Қазылар алқасы, соңғы кезеңнің бағасын берсеңіздер

Құрметті көрермендер, осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз.Ендігі кезекті сайысымызды қорытындылау үшін әділқазы алқасына берейік.

(марапаттау)

Қорытынды:

Бүгін ұлдарымыз бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Қымбатты ұлдар, әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз! Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

 


 

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» сайысы

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны» сайысы

Білімді мыңды жығады» Білім сайысы

Білімді мыңды жығады» Білім сайысы

Батырдың көрінеді суық түсі,

Батырдың көрінеді суық түсі,

Астыңда мінген тұлпарың болсын

Астыңда мінген тұлпарың болсын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2021