Сценарий последнего звонка.
Оценка 4.8

Сценарий последнего звонка.

Оценка 4.8
docx
31.05.2021
Сценарий последнего звонка.
Сценарий последнего звонка.docx

Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында тұрған баршамыз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз қанаттарын қатайтып мектеппен қоштасқалы отыр.

Заңғар көрінген мектепке алғаш аяқ басып, әліппеге тынбай баптаған, жеңісіңді көрсе мақтаған ұстаздармен қоштасып, сыныптас құрбыларыңмен мектептегі жылдарды сағына отырып, еріксіз еске алатын көктем айының соңғы күндері әрбіріміздің жүрек түкпірінде ерекше сезім сыйлайтын кез.Балалық шақтан есейіп, еркін болуды қалаған түлектердің лүпілдеген жүрегі сан саланың басын қайырып, ересек өмірдің алғашқы баспалдағынан да биіктікті қалайды.Бұл күні ата-аналар бауыр еті- баласының мерейлі шағына қуанып, ұстаздар шәкіртінің жаңа қадамына сәттіліктер тілеп жататын күн.

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің түлектеріміз өміріне өшпес із қалдырған аяулы мектебімен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отыр.

Салтанатты жиынымызды бастамас бұрын құрметті қонақтарымызды президиумға шақырайық

Аудандық әділет басқармасының басшысы Бахтияров Ерлік Бидахметұлы

Тұғыл ауылдық округі ауыл шаруашылық жөніндегі бас маманы Сабырбаев Құмарбек Сабырбайұлы және ардагер ұстаздарымыз:

Жайкенова Клара Жайкеновна

Егінбаев Әмір Егінбайұлы

Қабдоллаева Гүлжанат Қабдоллақызы

Закариянов Советхан Закарияұлы

Ата-аналар комитетінің төрайымы Нығышева Гульфира

Спорт мектебінің жаттықтырушысы Егінбаев Айдын Әмірұлы  және

Алтын белгі үміткерлерінің ата-аналары Матекеев Советбек Матекейұлы, Разиева Алтынай Абитханқызы, мектеп президентінің ата-анасы Қанапина Самал Нұрланқызы

Үздік куәлік үміткерлерінің ата-аналары Киреев Ерік мырза, Жакупова Жанар ханым.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

11-сыныптарды ортамызға!

Қарсы алыңыздар!

Алдарыңызда 11а сыныбы, сынып жетекшісі Аубакирова Анар Қадылбекқызы

«Алтын белгі» үміткерлері Советбеков Санжар Бауыржанұлы-Мақсұтова Аяужан Мақсұтқызы

Шағыманов Дарын Мұхтарұлы-Нұрбекова Анар Нұрбекқызы

Аяпбергенов Сапармұрат Жұманазарұлы-Бақытжанқызы Еңлік

Сағындықов Мұхаммед-Әли Қайратұлы-Калимова Қарлығаш Серікайқызы

Қайратұлы Темірлан-Идрисова Жансая Дәуренқызы

Қабденов Ерасыл Зейнетолдаұлы-Тоқанова Жанерке Дарханқызы

Есімханов Ақжол Мұратбекұлы-Қадылбеков Диас Мұратұлы.

11ә сыныбы, сынып жетекшісі Қадылбеков Ержан Қадылбекұлы

Құмарбекова Алмара Құмарбекқызы

Көкенов Олжас Қалибекұлы-Оралбекова Нарғыз Серікқалиқызы

Архатов Құмарбек Архатұлы-Қабденова Айжан Қонысбекқызы-Абдрахманов Талғат Қуандықұлы.

11 орыс сыныбы сынып жетекшісі Алпысбаева Алмагүл Тлеуғазықызы

Гунько Евгения Владимировна

Тәуелсіздік – қырансың қалықтаған,

Алты алаштың көгінде шарықтаған

Көптен күткен халқымның сәбиісің

Әлдилеген құшақта алып далам

Тұғырыңды шыңдағы таныт маған

Көк байрағым, желбіре, шабыттанам!

Назар аударыңыздар! Ту көтеру. Әнұран.Орал аға

Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ҚР мемлекеттік ту тапсыру салтанатты рәсімі. Аманат ту тапсырушы 11 сынып оқушылары Алтын белгі үміткерлері Советбеков Санжар, Мақсұтова Аяужан, қол тірестен әлем чемпионы Гунько Евгения. Аманат ту қабылдаушы 10 а сынып үздік оқушылары Еріков Нұрасыл, Урмат Әйгерім, Сағындықова Назерке.

Орал аға

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар,оқушылар! «Қош бол, ұстаз, аяулы мектебім» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

 Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Икласов Ержан Мұхаметрахымұлына беріледі.

Ерекше күн, бүгін тілек-баталар

Ән мен жыр түлектерге арналар

Барлығының жүретұғын ақ жолы

Құт қонақтың тілегінен нұрланар

Ақ тілегімен келіп отырған қонақтардың жылы лебізін тыңдасақ

Сөз кезегі аудандық әділет басқармасының басшысы Бахтияров Ерлік Бидахметұлына беріледі.

Тұғыл ауылдық округінің ауыл шаруашылық жөніндегі бас маманы Сабырбаев Құмарбек Сабырбайұлы, сөз кезегі өзіңізде

Ардагер ұстаздарымыз Жайкенова Клара Жайкеновна

 

Ән-шашу «Мектебім» орындайтын мектебіміздің жас әншілері  Саукенова Нұрай, Тұрсынбаева Нұрай

Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,

Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар

Шәкірті жаман екен дегізбеңдер

Санасы биік адал дос табыңдар.

Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ.Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл-кеңесін тыңдайық. Сынып жетекшілер атынан құттықтау сөз 11ә сыныбының жетекшісі Қадылбеков Ержан Қадылбекұлына беріледі.

Кеш бүгінгі жүректерді тербейді

Балалығым қайта айналып келмейді

Алғашқы ұстаз әліппені ұстатқан

Жүректерден есімдерің кетпейді

Түлектердің алғашқы ұстазы Мықиянова Сарқыт Тұрсынғалиқызына сөз беріледі.

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп ата-аналар атынан тілек сөз  Матекеев Советбек Матекейұлына беріледі.                                   

 

Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын-жазушы да, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған ұстаздарға соңғы тілектерін айтуға сөз кезегі жас түлектерге беріледі. (түлектер сөзі)

Назар аударыңыздар! Салтанатты сәт! 2017 ж түлектерді Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің түлектер  кеңесінің мүшесіне қабылдау үшін ант беру рәсімі

 

Қымбатты түлектер! Сіздерді Ш.Уалиханов орта мектебінің түлектер кеңесінің мүшесі болуларыңызбен құттықтаймын. Әрқашан сіздерді құшақ жая қарсы алатын алтын ұяларыңыздың бар екенін естен шығармаңыздар!

 

 

Ыстық мекен, алтын ұя-мектебім

Сен арқылы білім алып көктедім

Өзің берген күш-қуаттан нәр алған

Сағынышпен кездесіп тұр түлегің!

Бүгінгі салтанатты жиынға кешегі мектеп шәкірттері – бүгінгі түрлі мамандық иелері, ел азаматтары болған, мектебімізден әр жыл сайын сайын қанаттанып ұшқан, бүгінгі дәстүрлі кездесуге, аяулы мектебімен қауышуға жүректері алып-ұшып 1982,1997 жыл түлектері келіп отыр.Ия, сіздер үшін бүгін тамаша күн. Достарды еске түсіру, алғашқы махаббат, ұстаздар, өзің отырған парта, мектеп қоңырауының сыңғырлаған естен кетпес үні, алғашқы мектеп вальсі....

Уақыт деген зымырап өте шығыпты-ау. Айналаға абайлап қарағанша, міне сіздердің мектеп қабырғасында, мектеп өмірінде өз іздеріңізді қалдырғандарыңызға да аттай 35 және 20 жыл болыпты.Араға осынша жыл салып, сағым жылдарды артқа тастап қауышып отырған түлектер алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздарына деген тілектерін, жүрек түкпірінде жатқан жылы сөзін, қимас сезімдерін, адал көңілдерін білдірсін деп мектеп бітіргеніне 35 жыл болған түлектерді ортаға шақырамыз. Сынып жетекшісі Жайкенова Клара Жайкеновна. Түлектер атынан сөз Аубакирова Маржан Қадылбекқызы мен Қасаинова Сәуле                                    беріледі.

20 жыл, 20 жазың, 20 көктем,

20 жыл осы шақты жырлап өткем

20 жыл жатыр сонда бар тағдырым,

Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.

Осыдан 20 жыл бұрын 1997 жылы мектебімізді бітірген түлектерімізді ортаға шақырамыз!

Сынып жетекшісі

Түлектер атынан сөз                                                                                                        беріледі.

Құрметті түлектер, келесі ән-шашу өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар!

Ән-шашу  Мектеп сағынышы Орындайтын Республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Бақытжанқызы Еңлік

 

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы естіген қоңырау үні бүгін түлектер үшін соңғы рет соғылмақ.

Бәрі- сын, араласың, өмір ауылың

Бәрі-шын, қоштасарда қоңырау мұң

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің

Дауысын естігенде қоңыраудың.

Қадірменді халайық, міне бүгінгі мерекеміздің жан толқытар сәті де келіп қалған тәрізді. Ендеше 2016-2017 оқу жылының соңғы қоңырауын соғу құрметі 11 сынып оқушылары Алтын белгі үміткерлері Советбеков Санжар мен Мақсұтова Аяужанға беріледі.                                                                                              

Қоштасады алтын ұя мектебің

Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

Сәт-сапар деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Қымбатты түлектер! Сіздер дәл осы сәттен бастап өмірлеріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Ендеше барлықтарыңыздың жұлдыздарыңыз жансын! Тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін! Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші!Жолдарыңыз болсын, қымбатты түлектер!Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңызға нұр жаусын, талаптарыңыз оң болсын! Ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспіз.  Бәріңізге ақ жол тілейміз! Осымен «Қош бол, ұстаз, аяулы мектебім» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!

 

 


 

Бүгінгі күн осында тұрған баршамыз үшін ерекше күн

Бүгінгі күн осында тұрған баршамыз үшін ерекше күн

Алтын белгі» үміткерлері Советбеков

Алтын белгі» үміткерлері Советбеков

Ерекше күн, бүгін тілек-баталар Ән мен жыр түлектерге арналар

Ерекше күн, бүгін тілек-баталар Ән мен жыр түлектерге арналар

Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші!

Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші!

Сынып жетекшісі Түлектер атынан сөз беріледі

Сынып жетекшісі Түлектер атынан сөз беріледі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2021