Сценарий Нового 2017 года
Оценка 4.6

Сценарий Нового 2017 года

Оценка 4.6
Культурные мероприятия
doc
воспитательная работа
Детсад
12.02.2017
Сценарий Нового 2017 года
Мерекелік сценарий «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» Кейіпкерлер: жүргізуші, 2 клоун Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: гүлдер, құмыра, 2 тегене, ұзын жіп, кір қысқыш. • Ойындар: 1. Гүлді жина эстафетасы 2. Ананың даусын тану 3. Кір жуу Ертеңгіліктің барысы: Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбес емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. (балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Сценарий 2017.doc
«Қош келдің, Жаңа жыл» 2017 жылдың балаларға арналған  ертеңгілігі Жүргізуші: Құрметті  ата­аналар,  қонақтар,  балабақша  ұжымы,  сіздерді   жаңа  жыл  мерекесімен  құттықтаймыз.  Жаңа  жыл  сіздер  үшін  зор   жетістіктерге  қол  жететін,  ой  мақсаттар  жүзеге  асатын,  арман  үміттер   ақталатын  жыл болсын.  Сіздерге  зор  денсаулық,  молшылық пен  бақыт   тілейміз.  Жүргізуші: ­Бүгінгі   «Қош келдің ,жаңа жыл»  атты ертеңгілікке қош  келдіңіздер. Балалар,  біз  бүгін  көптен  күткен  жаңа  жыл  мерекесін   тойлауға  жиналдық. Сендер  бүгін  ерекше  әсем  болып  киініп  келіпсіңдер.   Ендеше  мерекемізді  жаңа  жылға  арналған  өлеңдерден  бастайық.  Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа  жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты, сезімі сергек,  арманшыл дана, ұрпақты тәрбиелеп жатқан, білім ұясының білікті басшысы   Сарсенова Айнур Тоқтарқызына береміз. Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап,  жаңа жылымызды әрі қарай тойлайық. 1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық! 2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі  естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма? 1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін  жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз. 2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып  өтуден бастайық. 1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік.  Сондықтан көңіл көтерейік. 2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін  бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі  тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады..... ( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды,  бірақ ештеңе көре алмайды.) 1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.) 1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады. Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп  тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды. (аржағынан биші қыздар шыға келеді.)Би :   Пираттар  Жүргізуші:Мерекемізді тақпақтармен ашайық \Балалар тақпақтарын айтады\ Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата Тосады екен балалар қысқы уақытта Ақшақарды Қасына ертіп алып Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды  ортаға шақырайық. 2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық,дауыспен  шақырайық Аяз ата,Ақшақар келіңдер ­3 рет (Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.) Аяз Ата: Аяулы ата ­ аналар, ардақты ұл қыздарға Бүлдіршін балаларға бір сәлем! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың Асулармен алысқан, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан (Балалармен амандасады.) Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата ­ аналар. Өздеріңді сағынып  келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен  Маймыл жылымызға  аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Әтеш  жылына табыс жыл, береке,  бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін. Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем  безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша  жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша  шамдары жағылады.) Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш  сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік. Өлең: Ақ таяғын таянып (билеп жатқанда ескі жыл шығады,) Маймыл жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.  Мына келер жылға айтар тілегім. Қуанышты ортамыз сазға ұласқан Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2017 жыл қадам басқан Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным. Келесі жыл бастауын Әтешке берем (Сақнаға әтеш шығады,) Әтеш: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай  жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе? 1.Сайқымазақ : \Әтеш пен  Маймылды  жетектеп ортаға шығады \ Менің  достарым Әтеш мен Маймылды сендерге табыстаймын, олардың көңілдерін  көтеріңдерші балалар. 2.Жүргізуші: Ал балалар, мерекемізді Ән шашу мен ашайық! Қой мен   Маймыл жылын ортамызға алып шырша әнін айтайық.                                       Хоровод ән: Орманда шыршамыз туды Маймыл: Мен тағы бір қонақпын Он екі жылда оралар Үлкендерге ақ ниет Сіздерге де ақниет Сіздерге де мың рахмет. Барлығы: Қош бол, маймыл, қош бол. Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл. Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің  ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып  қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл. Аяз Ата: ­Ақша кар ,қызым менің көнілімді бір көтеріп  жіберші,ұлпақарлармен би билеп берші.                                          Би :Ұлпақарлар  Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа  қуаныш ала кел. Әтеш:Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен  құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар. Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр. Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі  екен соны көрейік. Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған  тақпақтарымызды айтайық. Тақпақтар  ( Аязата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын  береді)  Би: «Гном биі»  Жүргізуші:Балалардың мерекеге арналған жылы лебіздерін жалғастырайық!  (тақпақтар Аяз ата: Ия, балаларым мен шаршап келдім,  бірақ мен сендердің  өнерлеріңді тамашалап көңілім  көтеріліп кетті. Жүргізуші:Балалар атамыздың көнілін әр қарай көтерейік те атамызды биге  шақырайық                                                      Би: Санта Биі  Аяз ата:Ой балалар шаршаттыңдар мені ,қандай сендер өнерлісіңдер Жүргізуші:Тойымызды әр қарай жалғастырайық, арналған тақпақтарымызды  баршамызға айтып берейік Ойын: Сайқымазақтар Аяз атаның қолғабымен ойын ойнайды Аяз Ата : рахмет балалар!Енді біз кетейік !Сау болыңдар  Жүргізуші:Калай кетессіздер!Жоқ­жоқ Сіз балаларға сыйлық әкелдіңіздер  ме! Аяз ата: Ой, ұмытып кетіппін ғой. Көмекшілерім (сайқымазақ.ақшақар,)маған  сыйлықтарды әкелуге көмектесіңдерші. Сыйлықтар таратылады. Жүргізуші :  Жаңа жылда жаңа табыс әркімге, Бақыт болсын таусылмайтын әркімге. Отан аман, заман тыныш, бейбіт күн, Тыйылмасын сәби, бөбек күлкісі. ­деп біз «Кел жаңа жыл, жаңа жыл!» атты  ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.  Енді біздің  Сайқымазақ достарымызбен  бірге  Флешмоб биін тамашалайық Жүргізуші :Құрметті ата­аналар, бүлдіршіндер, әріптестер,отбастарыңызға  бақ­береке, тыныштық, бейбітшілік, татулық тілеймін. Әтеш  жылы бақыт,  қуаныш әкелсін! Сіздермен біз қоштаспаймыз, тек қана сау болыңыздар­дейміз! 1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке  қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт  торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін. 2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн Бақыт боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп жаңа жыл. Құтты болсын жаңа бақыт достарым. Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады. Жүргізуші­Сайқымазақтармен бірге: Жаңа жылдарыңыз  құтты болсын. Ата –аналарға сөз беріледі Соңы.

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года

Сценарий Нового 2017 года
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2017