КГКП «Иртышский аграрно-технический колледж»
Сценарий праздничного концерта
«Наурыз- жыл басы»
Подготовила и провела: Урумбаева Р.М.
Наурыз- жыл басы
Мақсаты: қазақ халқының ежелден сақталып , атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру әрі дамыту;
-оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой- қиялын, өрісін, іздену негіздерін жетілдіріп кеңейту;
- оқушыларды ұлтжандылыққа , имандылыққа , инабаттылыққа , халқымыздың салт- дәстүрін қастерлеуге , сақтауға тәрбиелеу.
1- жүргізуші: - Армысыздар, ағайын!
Бармысыңдар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең- жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық! (шашу)
2- жүргізуші: - Наурыз – Новый год. Юнный странник!
Равноденствием весь осиян.
Он весны, обновленья посланник-
Свой раскинул для всех дастархан.
Чтоб царили мир и лад,
Был достаток в доме.
Ну а добрые дела
На земле весомы
1- жүргізуші: - Уа, халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке , бұл тойдың,
Жыр шашуын шашайық!
- Наурыздың 22- сінде Күн мен Түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады.
Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері шығыс халықтары тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді.
2- жүргізуші: - С давних времен у восточных народов существует праздник «Наурыз». Суть этого праздника – в единстве человека с природой. На Востоке Наурыз- начало нового года. В переводе с персидского «ноу»- означает «новый», «руз»- «день». В Казахстане Наурыз официально отмечается с 1998 года. Начинается он в ночь с 21 на 22 марта- во время весеннего равнодействия и длится 40 дней . В этот день душа радуется , все плохое прощается , сердца распахнуты на встречу доброте и любви. Поздравляя всех с прекрасным праздником наурыз, мы желаем вам того, чего всегда желалаи люди друг- другу в этот день: здоровья и благополучия, мира и достатка, доброты и спокойствия в завтрашнем дне. Древний и любимый праздник обновления жизни, Наурыз отмечается ныне по всей республике широко и весело.
1- жүргізуші: - Наурыз келді! Наурыз келді жеріме,
Шаттық сыйлап, бақыт сыйлап еліме!
Нұр шуағын мейірлене төгеді,
Көк аспанда Күннің көзі керіле.
2- жүргізуші: - Возродись наш забытый обычай
Пробуди нашу землю от сна.
Чтобы свой Казахстан возвеличить,
Новый день подари нам, весна!
1- жүргізуші: - Құттықтау сөзі лицей директоры Хоренян Лидия Александровнаға беріледі.
2- жүргізуші: Слово для поздравления предоставляется директору лицея Хоренян Лидие Александровне.
номер
1- жүргізуші: - Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін,
Көңілін үлкен- кіші көкке өрлетсін!
Еңсесі көтеріліп ер – азамат
Ескі жылмен реніш, өкпе кетсін!- дегендей жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
2- жүргізуші: Ты прислушайся к звукам капели,
Они музыкой светлой полны.
Это первые нежные трели
Пробудившейся юной весны.
Наурыз- небеса то, какие!
Как прекрасна лазурная ввысь
Я хочу , чтоб надежды людские
На земле этой древней сбылись.
1- жүргізуші: - Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де
Үлкен , кіші , жасымыз, кәріміз де.
Қыдыр ата келеді, әне , бізге,
Қарсы алайық, халайық , шын көңілмен.
2- жүргізуші: - На праздник наш приехал Қыдыр ата.
Он приехал нас поздравить,
Он приехал народ благославить.
Входит Қыдыр ата
Қыдыр ата: - Сәлеметсіңдер ме , балалар! Здравствуйте, ребята! Наурыз құтты болсын!
Ау, аман ба, жараңдар,
Алтын таңға қараңдар!
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық , тұрыңдар!
1- жүргізуші: Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн-Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға, батар күнге тәу- тәу!
Күн- Ана : О, қасиетті Жер- Ана! Саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау- тасыңнан , жан- жануарынан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін өзіңнің гүл көктемінді, Ару көктемінді шақырғалы отырмын.
2- жүргізуші: - Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару- Көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Ару- Көктем: - Армысыздар , халайық,
Бармысыңдар , халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір таңы
Қуанышпен , жақсылықпен ашылсын!
номер
1- жүргізуші: - Бүгін Ұлыстың Ұлы күні! Ата- бабаларымыздың сөзімен айтсақ, «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше Наурыз салтанаты Наурызды шақырайық.
- Наурыз келсе, құт келгелі, халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел боп қарсы алайық!
Күн- Ана : - Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді- ау!
Наурыз батыр: - Сәлем, Анам- алтын Күн,
Нұр шуағы халқымның !
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас- кәрің!
Жыл иесі- Ұлу
Құт иесі- Ұлу
Бақыт әкел еліме!
Құт- береке, молшылық
Дари берсін жеріме!
1- жүргізуші:- Рахмет, сіздерге Қыдыр ата, Наурыз батыр, Күн- Ана, Ару- Көктем. Тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!
2-жүргізуші: - А сейчас группы приготовили праздничные столы , администрация лицея оценит оформление столов.
2- жүргізуші: На Наурыз мейрамы готовили Наурыз –коже, его готовят из семи видов продуктов : мясо, рис, курт, айран,изюм, . Когда подают наурыз- коже , то его нужно сьесть до дна ,тогда «Год будет сытым» поясняют старшие
1- жүргізуші:
Ұлыс күнінің арнайы тағамы – наурыз көже. Ол қысқы соғымнан қалған сүр ет, езілген құрт, бидай (тары, күріш) сияқты жеті түрлі дәмнен пісіріледі. Бұл күні жұрт кәрі- жас, ер- әйел, бала- шаға демей үй-үйді аралап , әлгі көжеден ішкен.
Рахметчина Г. Айналайын балалар,
Жеп ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім
(Көже құйылып беріледі)
Дәстүр бойынша көжені тауысып ішу керек.
1-жүргізуші: Сыйлаған жандар атасын,
Тілейік қабыл болсын деп
Ақсақалдың батасын!
(Каменов О.С. бата береді.)
Ақсақалдың батасы: - Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле- жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Уайым- қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың мол болсын! Әумин!
Пусть Наурыз принесет благоденствие!
Пусть этот год будет счастливым!
Желаю успехов во всех начинаниях!
Желаю плодородия нашей земле!
2-жүргізуші: Сколько радости сегодня
Сколько света, новизны,
Здравствуй , праздник новогодний!
С появлением весны!
1-жүргізуші: - Наурыз құтты болсын,
Қуаныш, шат, күлкі болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс оң болсын,
Бірге: - Аман- есен жетейік
Келер Наурыз тойына!
1-жүргізуші: Праздник «Наурыз мейрамы » не обходится без национальных игр. Это «Арқан тарту»-перетягивание каната, «Күш сынасу»- армлесинг,
«Аударыспақ»,
Верным спутником , другом казаха- кочевника всегда был конь. Поэтому украшением каждого народного праздника были состязание : Байге, Қыз қуу, Көкпар. Мы не можем предложить вам не одного из этих состязаний , но можно провести импровизированный
1. конкурс «оседлай коня» . От каждой группы мы просим выйти по одному джигиту. (Выходят юноши , а помощники выносят три стула «коня»)
Задание: Победителем станет тот джигит, который усадит на своего коня больше седаков.
2.«Танцевальный » конкурс от каждой группы просим выйти по одному участнику нужно станцевать
1. Лезгинка
2. Русский народный танец «Яблочко»
3. Казахский народный танец «Қара жорға»
3«Күш сынасу»- армлеслинг
4. «Аударыспақ»
5. Столб с призом
6. «Арқан тарту» - Перетягивание каната (между группами, между преподавателями- учащимися)
Победителям конкурсов и состязаний вручают подарки и грамоты.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.