Сценарий спортивного соревнования
Оценка 5

Сценарий спортивного соревнования

Оценка 5
Конкурсы
docx
администрации
Детсад
17.12.2018
Сценарий  спортивного соревнования
Спортивное соревнование для дошкольников в группах с казахским языком обучения "Папа,мама и я,спортивная семья". Приобщение родителей к жизни детского сада,заинтересовать родителей к совместным играм с детьми.Научить детей правильно выполнять упражнения для красивой осанки. Развивать интерес к командным играм,научить детей доброжелательно относиться друг к другу.
әем,анам және мен.сцен..docx
«Анам,әкем және мен,спорттық отбасы» Балалар мен ата­аналардың бірлескен оқу­білім іс­әрекеті. Өткізілетін орны: Спорт залы. Міндеті: 1) Балалардың дене шынықтыру мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.Ойын түрінде  балалардың күш жігерін,,шапшаңдықтың негізгі сапасын ептілігін қалыптастыру.  дамыту.Жылдамдық,күш,ептілігін,қимылдарын орындаудың негізгі сапасын  дамыту.Бұлшық ет қимылдарының ептілігін қалыптастыру. 2) Ата­аналарда балалармен бірлесіп қимылды­қозғалыс ойын іс­әрекетіне қызығушылығын танытуды қалыптастыру. 3) Ата­ананлар балалармен эмоционалды қарым­қатынас орнатуына мүмкіндік жасау. 4) Ата аналар мен балалардың бірлескен іс­әрекетінен ләззат алу сезімдерінің пайда  болуына әрекет жасау. Құрал­жабдықтар:обруч,доп,кубиктар,дөңгелек сақиналар(5 түсте),арқан жіп; Ертегі кейіпкерлері:Сайқымазақтар. Өткізілетін уақыты:35­40 мин. Мазмұны: Бір қатар­балалар мен ата­аналары тұрады.Нұсқаушының бұйрығы  бойынша,біріні соңынан бірі залға ретімен кіреді.Балалар бой­бойымен  қатарласып түрады,ата­аналары  балаларының артынан тұрады. Жүгізуші:Сәлеметсіздер ме,спорт мерекесінің қатысушылары! Балалар мен ата­аналары: Сәлеметсіз бе! Жүгізуші:Мен сіздерді спортландия әлеміне саяхат жасауға шақырамын,ол жерде сіздер  көптеген қызықтарды көресіздер.Спортсмендер кім,қандай болатыны білесіңдер.Қандай  ойындар ойнайтынын білетін боласыңдар.Сонымен менімен  саяхатқа шығуға дайынсыңдар  ма? Балалар мен ата­аналары: Иә. Сайқымазақтар жүгіріп келеді: Бірінші:­Ой,Сәлем!                                                             Екінші:­Сіздерде мереке ма? Ж: Иә.Бізде мереке.Сіздер кім боласыздар? Сайқымазақтар: Бірінші: Мен Ванькамын,                                  Екінші:­ Мен Встанькамын. Ванька:Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер? Встанька; Сабақ жасап жүрсіңдер ме? Жүргізуші: Жоқ. Ванька мен Встанька,сендер спорт залына келдіңдер.Бұл жерде балалар  спортпен айналысады. Ванька: Менде спортпен айналысқым келеді Встанька: Ал,мен болсам,нағыз спортсмен болғым келеді. Жүргізуші: Жарайды,балалар Ванька мен Встаньканы  спортландия әлеміне өзімізбен бірге  аламыз ба? Балалар мен атаналардың жауабы. Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсыңдар Ванька мен Встанька спортпен айналысу үшін  дұрыс киінген бе? Балалар мен атаналардың жауабы. Жүргізуші:Енді түсіндіңдер ма,нағыз спортсмендер қалай киіну керек? Ванька мен Встанька:Жарайды,кейін сабаққа спорт формасын киеміз. Жүргізуші:Жарайды онда, балалар жолға шығайық.(Музыка ойнайды,колонна бойынша  жүгіру,жүру) Жүргізуші:Міне балалар,бізде келдік.Енді жаттығулар жасайық (балалар бүкіл зал  бойынша шашырап тұрады,ата­аналар артында) Жүргізуші:Тамаша,нағыз спортшы болдыңдар!Ал енді,жарыс ойындарын ойнаймыз. 1 ойын:­ «Ыстық картопты жеткіз» Балалар мен ата­аналар екі колонна болып  тұрады,қарама­қарсы себетке допты жеткізу керек. 2 ойын:­ «Кубиктерді жеткізу» (Ата­аналар жарысы) Ата­аналар екі колоннаға  бөлінеді,обручтың ортасындағы  кубиктерді,келесі обручтың ортасына орналасьтырып  жеткізу керек (обручтардың ара қашықтығы 5 метр) Ванька:Ия.Мықты,шапшаң екенсіңдер.Маған ұнады. Встанька:Ал,мен  тағы да тапсырма бергім келіп тұр.Маған қаншалықты  мықты,шапшаң,епті екендеріңді дәлелдеңдер. Қыста суды қаптаймын, Бірақ жазда жатпаймын. Алғашқы әріп ауысса, Онсыз тамақ татпаймын. (мұз­тұз) Сұйықпын да тазамын, Басамынжертозаңын. «С» орнына «Б» қойсаң, Бозғылтбоптозамын. (су­бу) Күндіз соқыр не деген? Түнде қалай көреген? (Үкі) Төрт түліктің бірі.(жылқы) Не көрсең көзін аш?(бұлақ) Тышқанның жауы.(мысық)  Араның қорегі.(бал)  Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)  Тамақ ішетін құрал.(қасық) Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)  Әже айналдыратын таяқ (ұршық)  Жеті қазынаның бірі (мылтық)  Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)  Көктемнің бірінші айы. (наурыз)  Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық) Қар да бар, Мұзда жоқ. Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі) Өмірде жоқ, Өңірде бар. Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі) Встанька:Жарайсыңдар!Қандай сендер епті,мықты,шапшаң,ақылдысыңдар! 3 ойын:­ «Қасқыр мен қояндар» Балалар екі командаға бөлінеді.Әр командада бір бір ата­ анадан.Старт алаңында  ата­ана бір обручты өзіне кигізіп,нұсқаушының бұйрығы  бойынша,артынан обручты ұстаған баланы залдың бір бөлігіне алып барады. Ванька:Жарайды,балалар! Біздің қызықты спортландия әлеміне жасаған саяхатымыз  осымен өз мәресіне жетті. Встанька:Ия, біз нағыз спортсмендер кім екенін білдік! Спортсмен бұл өздерінің денелерін  шынықтырып,салауатты өмірді ұстанатын адам!Бүгін сендер оңтайлы энергия,құлшыныс  алдыңдар.Ең бастысы өздеріңнің мықты,епті,алғыр,шапшаң екендеріңді дәлелдедіңдер! Жүргізуші:Тамаша! Ал енді,балалар өз ата­аналарыңды құшақтап,өзіміздің құрметті дене  шынықтыру нұсқаушымызға,Ванька мен Встанькаға үлкен алғысымызды білдіріп,қош  айтысамыз! Сау болыңдар!

Сценарий спортивного соревнования

Сценарий  спортивного соревнования

Сценарий спортивного соревнования

Сценарий  спортивного соревнования

Сценарий спортивного соревнования

Сценарий  спортивного соревнования
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.12.2018