"Сусын" концептісі
Оценка 4.9

"Сусын" концептісі

Оценка 4.9
docx
29.11.2020
"Сусын" концептісі
Мақала Сусын.docx

«Сусын» концептісі

 

Қазіргі кезде тіл арқылы ұлт мәдениетін тануға арналған бір-бірімен тығыз байланысты әлі де зерттеуді қажет ететін жаңа ғылыми бағыттар қалыптасуда. Оларға этнолингвистика, елтану, лингвомәдениеттану, әлеуметтік лингвистика сияқты бағыттарды жатқызуға болады.

  Осылардың ішіндегі ертерек қалыптасқаны – этнолингвистика. Академик Ә.Қайдаров осы турасында мынадай анықтама береді: «Этнолингвистика – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі, құнарлы саласы» [1,475].

  Этнолингвистикалық бағыт Еуропадан В. Гумбольдтан, Америкада Ф.Боаф, Э.Сепир, Б.Уорфтан; ал Ресейде Д.Зелинин, Е.Ф. Карский, А.А. Шахматова, А.А. Потебня, А.Н. Афанасьева, А.И. Соболев т.б. еңбектерінен өз тамырын жайды.

  Осы бағыт аясында екі бұтақты жеке бөліп алуға болады. Олар екі мәселе төңірегінен көрінеді:

              1     Этникалық территорияны тіл бойынша қайта құру;

              2     Этностың рухани және материалды мәдениетін тіл мәліметтері бойынша қайта құру.

Қазіргі таңда ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің өзара байланысы сабақтастыра, соның нәтижесінде пайда болған құбылыстардың маңыздылығын зерттейтін айрықша тың бағыт – лингвомәдениеттану.

  Мәдениет ұғымы өте кең. Мәдениет сөзіне, кейбір мәліметтерге сүйенсек, екі жүз елуден астам анықтама берілген екен[2].

  Бұл ұғым соңғы кездері жан-жақты зерттеу нысанына айналуына ілемдегі әрбір ұлттың өзіндік мәдениеті дүниежүзі өркениетінде алатын орнын айқындай себеп болып отыр.

  Мәдениет тілмен де тығыз байланысты. Мысалы, қазақ мәдениеті дегенде, оның өткен мәдениетін тарихпен, этнография, философия, әдебиет, психологиямен байланыстырады. Өзге ұлтты өз мәдениетімізбен таныстыруда тілдің маңызды құралдары арқылы көптеген ұлттар сол елдің мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен етене жақын танысады.

  «ХХІ ғасыр гуманитарлық ғылымдар ғасыры болмақ» - деп Д. C. Лихачев айтып өткендей, осы ғасырда гуманитарлық ғылымдар қатары толысып, жан-жақты зерттеулер аясына айналуда. Осындай құбылыс тіл ғылымы саласында да болып жатыр [3]. Сөзімізге дәлел келтіретін болсақ, лингвистика мен мәдениеттанудың қосылған ынтымақтастығы нәтижесінде – лингвомәдениеттану пайда болды. Сонымен қатар,  әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика сияқты құбылыстар да мысал бола алады.

  Лингвистика мәдениеттану негізінен лингвистика мен мәдениеттану мәндерінің шектескен нүктесінде пайда бола отырып, халық мәдениетінің тілге әсер етуін жан-жақты зерттейтін ғылым.

  Бұл ғылымның негізін ғылыми тұрғыда зерттегендер қатарына В.В. Воробьев, В.Н. Телия, В.А. Маслованы жатқызуға болады.

В.Н. Телия лингвомәдениеттануды этнолингвистиканың бір бөлігі ретінде қарастырады: Лингвомәдениеттану – этнолингвистиканың бір бөлігі. Ол тіл мен мәдениеттің байланысын, синхрондық қарым-қатынаста зерделейді [4,217].

В.А. Маслова өз еңбегінде мәдениеттанудың дамуын үш кезеңге бөлуді жөн көреді: бірінші кезеңге ғылым дамуының алғы шарттарына – В.Губольдт, А.А. Потебня, Э.Сепир, және т.б. еңбектері жатады, екінші кезеңге – лингвомәдениеттанудың жеке зерттеу саласы ретінде рәсімделуі, үшінші кезеңге – лингвомәдениеттану атты іргетасы пәнаралық ғылымның пайда болған кезеңі, яғни, қазір біз соның табалдырығында тұрмыз – дейді [4. 28].

Осындай кезеңдерге бөле отырып, В.А. Маслова лингвомәдениеттануға мынадай анықтама береді: «Лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының тоғысында пайда болған ғылым, ол халықтың мәдениетінің тілдегі көріністерін зерттеуге бағдарланған [5]. Лингвомәдениеттану халықтың тұрмыс-салтымен тікелей байланысты. Соның ішінде сусынды да алуға болады.

«Сусындар» халықтың материалдық мәдениетінің бір бөлігі. Олардың да тілдегі көріністерін көрсетуге болады, себебі оларда лингвомәдениеттік белгілер айқындалған. Сондықтан материалдық лексика – сусындар атауын – лингвомәдениеттік тұрғыдан қарастырып, оларды лингвомәдениеттік бірлікке лингвомәдениеттік концептілер ретінде қарастыру – өзекті мәселе.

«Сусын» концептісінің құрылымына сипаттама берейік. Ю.С. Степановтың пікірінше, концептінің құрылысында келесі компоненттер кездеседі: 1) ұғымды білдіретін компонент; 2) концептіні мәдениеті факт ететін құрылым. Қараңыз: бір жағынан алып қарағанда, оған ұғым құрылысына қатысты барлық элементтер кірістіріледі, басқа жағынан алғанда концепт өз құрылымында оны мәдени факт ететіндердің барлығын сақтап, олардың бастапқы формасы этимологиясы болып табылады: оған қазіргі ассоциациялар, бағалаулар да жатады [5].

  В.Н. Карасик концептіде құрылымдық компоненттерді көрсетеді: 1) ұғымдық компонент; 2) бейнелі компонент; 3) мәдени-ментальдық компонент [6].

  Біздің ойымызша, концептінің құрылымы күрделірек, себебі онда бес-алты құрамалар бар: 1) ұғымдық компонент. Ол зат туралы ұғымды құрады; 2) мағыналық құрама. Ол затты атайтын, сол туралы ұғым беретін тілдік бірліктің, тілдің лексико-семантикалық жүйесіндегі орнын көрсетеді. 3) бейнелі құрама. Бұл құрама концептіні құрайтын тілдік бірліктер негізінде пайда болатын бейнелі мағыналарды жүзеге асыруға септігін тигізеді, мәселен, «сусын» концептісінің бейнелік  мағыналарды, метафоралық, метонимиялық конструкцияларда, теңеулердің құрамында, фразеологизмдердің құрамында да кездеседі. 4) мәдени-ментальдық. Ол концепт сөздің мәдени-менталдық түсінігін айқындайды.Осы ментальдық-мәдениеттік құрылым арқылы халықтың ұлттық көзқарастары, ұғымдары, құндылықтары (жағымды, жағымсыз) бағдарларын жүзеге асыруға болады. 5) тілдік. Бұл жағдайда тілдік атаулық кеңістікті құруға болады, яғни бұндай кеңістікте біз осы концепт-сөзбен байланысты мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді, синоним-сөздерді жинақтаймыз. 6) концепт – сөздіңассоциативтік кеңістігін жүзеге асыратын компонент. В.В. Красныхтың пайымдауынша, когнитивтік лингвистика шеңберінде өткізетін зерттеулердің бәрі де концепттің ассоциативтік кеңістігін зерделеумен байланысты», - дейді [7].

«Сусын» концептін осы алты құрамалар бойынша талдап көрейік. Ол үшін біз ең алдымен бірінші ұғымдық құраманы қарастырып, «сусын» деген ұғымды құруымыз қажет. «Сусын» ұғымына келесі анықтама беріледі: «Сусын» шөлді қондыратын ішімдіктер. Оларға суды, шырынды, қымыз, шұбатты, қатықты, айранды, сүт, суды т.б. жатқызуға болады.

  Түсінік – концепт «сусынның» ұғымдық компоненті «сусын» тобына жататын ішімдіктердің маңызды белгілерін көрсетеді, мәселен «ішімдік», «сусын» ұғымдарын келесі белгілер арқылы басқа заттардан ара жігін ашып, бөліп алуға болады. Ондай белгілерге келесілерді жатқызамыз: 1) ішу үшін дайындалған сұйық ерітінді; 2) шөлді қандыратын ішімдік; 3) қою емес, сұйық; 4) салқын, сұйық ішімдік.

  «Сусын» концептінің мағыналық құрамасы оның тілдің лексико-семантикалық жүйесінің қатарларындағы қызметтерін сипаттайды.

  Бейнелі құрамасы ішімдік аттарының негізінде пайда болған бейнелі мағыналарды сипаттайды, мәселен, метафоралық бейнелік мағыналарды; қайғысыз қара сумен семіреді; су жүрек (қорқақ); судай ағылды («көп» деген мағынада); су татиды (дәмі жоқ);метонимиялық бейнелі мағыналарды: су мұрын (болбыр, сылбыр адам); сылдыр су (өтірікші), сүт кенже (кішкене, кенже бала), сүт үстінде; қаймақ болды (ерке өскен адам).

  Мәдени-менталдық құрама әр халықтың ішімдіктерімен байланысты түсініктерін, көзқарастарын жүзеге асырады, мәселен: сүт ақы (күйеу баланың қайын енесіне қалыңдығының сүт ақысы үшін жақсы бір түйе мен жанама жақсы зат береді), шай-суын ала жүгірді: шын пейілмен қызмет етті: «Сабираға өзін «жерлес, ағайындас адаммын» деп таныстырып қойған. Ол шай-суын ала жүгірді.

  Қымыздың әр түрлеріне этнографиялық сипаттама беруге болады. Кенжеахметовтың айтуынша, уыз қымыз – биені алғаш байлағандағы жаңа ашытылған қымыз; тай қымыз – бір күн сақталған қымыз; құнан қымыз – екі түн сақталған қуатты қымыз; дөнен қымыз – үш түн сақталған, күші мол қымыз; бесті қымыз – төрт түн сақталған бесті қымыз; сары қымыз – шөп буыны қатып, күзде сауылған биенің маңызды қымызы; қысырдың қымызы – қыста құлынсыз сауылатын биенің дәмді, қуатты, шипалы қымызы; Түнемел қымыз – көп тұрған немесе үстіне саумал қосылған, сапасы төмен қымыз [4].

  Су аяғы құрдым.

  Жер түбі: көңілімді мен мың санға балаймын, Бенденің ілігіне жарамаймын, су аяғы құрдымнан қашып жүрген Алла тағала қаңғыртқан қарабаймын.

2. Аяғы ақыры сұйылды деген мағынада: «Қысқасы не керек, еңбеккүні әжептәуір дерлік ауыз толтырып айтарлық еді, ақыр аяғында «су аяғы құрдым»дегендей анау болды, мынау болды, быт болды, ақырында үш метр шыт болды, – деп жөн айтып Телмағамбетті сылдыр сөзбен шығарып салмақ болды.

Міне, осылайша халық дүниетанымы лингвомәдениеттанудан көрініс тауып отырған.

Пайдаланған әдебиет

              1     Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998

              2     Воробьев В.В. Лингвокультурология. Теория и методы – М.: РУДН, 1997.

              3     Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка//Известия РАН. Серия литературы и языка, 1993. Т. 52, №1.

              4     Телия В.Н. Коннотативный аспект семантики языковых единиц. – М., 1986.

              5     Степанов Ю.С. В трехмерном пространстве: семиотические проблемы

              6     Карасик В.И. – Языковая личность. – Волгоград: Перемена, 1996.

              7     Пименова М.В. Концепт сердце. – Кемерово. – 2013.


 

Сусын» концептісі Қазіргі кезде тіл арқылы ұлт мәдениетін тануға арналған бір-бірімен тығыз байланысты әлі де зерттеуді қажет ететін жаңа ғылыми бағыттар қалыптасуда

Сусын» концептісі Қазіргі кезде тіл арқылы ұлт мәдениетін тануға арналған бір-бірімен тығыз байланысты әлі де зерттеуді қажет ететін жаңа ғылыми бағыттар қалыптасуда

Лингвистика мәдениеттану негізінен лингвистика мен мәдениеттану мәндерінің шектескен нүктесінде пайда бола отырып, халық мәдениетінің тілге әсер етуін жан-жақты зерттейтін ғылым

Лингвистика мәдениеттану негізінен лингвистика мен мәдениеттану мәндерінің шектескен нүктесінде пайда бола отырып, халық мәдениетінің тілге әсер етуін жан-жақты зерттейтін ғылым

Ол концепт сөздің мәдени-менталдық түсінігін айқындайды

Ол концепт сөздің мәдени-менталдық түсінігін айқындайды

С у аяғы құрдым. Жер түбі: көңілімді мен мың санға балаймын,

С у аяғы құрдым. Жер түбі: көңілімді мен мың санға балаймын,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020