Сабақ жоспары
Күні: 01 .10.2020ж
Пән мұғалімі: А.А.Сахитжанова
Тобы: Ғ -120
Сабақ тақырыбы: Сөз мәдениетінің адам қарым- қатынасындағы орны. Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті. Ауызекі сөйлеу стилі. Шылау және одағай сөздердің жазылуы. Қосымшалардың жазылуы
Сабақ мақсаты: Білімділік: Білімгерлерге сөз мәдениетінің адам қарым- қатынасындағы орны, сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті, ауызекі сөйлеу стилі, шылау және одағай сөздердің жазылуы, қосымшалардың жазылуы одағай туралы мағлұмат беріп, одағайдың түрлері, айтылу ерекшеліктері, жазылу емлесі жайлы кеңірек түсінік беру,сөйлем ішінен тауып, түрлеріне ажыратуды үйрету. Дамытушылық: Білімгерлердің есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын арттыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуін, таным деңгейін дамыту. Тәрбиелік: Білімгерлерді техникалық – ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге, сауатты жазуға баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтын типі: Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, география Көрнекілігі: слайд, бейне –сюжет. Құрал-жабдықтар: Компьютер, смартфон
Сабақ оқу барысы
Реттік № |
Сабақ/ оқу кезеңі
|
Мазмұны |
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару |
2 |
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) |
Қазақ киносы – қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер. Тасымал |
3 |
Жаңа сабақты (материалды түсіндіру) |
Сөз мәдениетінің адам қарым- қатынасындағы орны. Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті. Ауызекі сөйлеу стилі. Шылау және одағай сөздердің жазылуы. Қосымшалардың жазылуы |
4 |
Өтілген сабақты (материалды) бекіту |
Сұрақ-жауап |
5 |
Үйге тапсырма |
Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау.
|
6 |
Сабақ/ оқу қорытындысын жасау, бағалау |
Студенттер білімін бағалау |
Сабақтың жүргізілу барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу
-Кезекшімен әңгімелесу
-Сабаққа көңіл-күй туғызу.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.«Миға шабуыл» стратегиясы
-Бұрын одағай деген сөзді естідіңдер ме?
- Одағай сөз дегеніміз - адамның әр алуан көңіл күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, сөйлем мүшесі болмайды. Одағайларға қатысты тыныс белгілеріне, дауыс ырғағына назар аудару керек.
- Қызықтың өзі осында. Одағай сөзінде қанша буын болса, сонша түрі болады. Бірінші түрі, ол - Көңіл күй одағайлары деп аталады. Көңіл күй одағайлары қандай мағынаны білдіруі мүмкін?
- Қуану, шаттану, таңдану, жылау,армандау, өкіну, ренжу, т.б.
- Ал екінші түрі - Шақыру одағайлары деп аталады.Шақыру одағайлары нені білдіруі мүмкін. Кімнің қандай ойы бар?
- Білімге шақыру, мектепке шақыру, төлді шақыру.
- Керемет! Ойларың керемет екен. Шақыру одағайлары – ол ит, құс, малды шақыру, мысалы: моһ-моһ, шөре-шөре, кә-кә, т.б. және оларды қуумен байланысты: пырс, ара.
- Үшінші түрі ол – Жекіру одағайлары. Ол – тыйым салу мағынасын білдіреді. Мысалы: тәйт, жә.
IV. Жаңа сабақ
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты.
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.
2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның қатаң түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";
т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.
V.Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1. Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр, соған сәлем бер.
2. Уа, қой деймін,бала!
3.О йпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. ..., әжем ауылдан қонаққа келді!
2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.
3. ..., ... әзер жеттім.
Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, алақай, ойпырым-ай.
ІІІ деңгей
Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап.
Семантикалық карта
Одағай Көңіл күй Шақыру Жекіру
Алақай +
Тү-у +
Кә-кә +
Тәйт +
Япырай +
Шіп-шіп +
VI. Шылаулар сөйлемде қандай мән үстеп тұр,қандай қызмет атқарып тұр? Түсіндір.
Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ менің алдыма келіп түсті.Жанат пен Жомарт әңгімелесіп тұр.Абайдың қысылғанын Ділдә сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ. Тірі ме, кеудесінде жаны бар ма?
Қосымшалар сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке болып жазылады. Мысалы: жұмыс-шы-лар-дың , инсти-тут-тар, пле-нум-да, бюлле-тень-дер, мұға-лім-ге, по-ляк-тар.
Ескерту: күнә, кінә, шүбә, іңкәр, күмән, Күләш, Күләй, Мүтән сияқты соңғы буынында жіңішке ә әрпі жазылатын сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады, тек барыс, жатыс, шығыс жалғаулары мен етістік тудыратын –ла жұрнағы жуан түрде айтылып, жуан жалғанады. Мысалы: күнәсіз, күнәлі (бірақ кінәға, кінәдан, кінәсіна, күнәлау ), шүбәсіз, шүбәлі (бірақ куәға, куәдан, куәда), куәсі, куәлік (бірақ куәға, куәдан, куәда), күмәнсіз(бірақ күмәндану, күмәнға, күмәнінан), Күләштің(бірақ Күләшқа).
VII. Кері байланыс (рефлексия)
1. Бүгін не үйрендім?
2.Бүгінгі сабақ ұнады ма?
3.Бүгінгі көңіл-күйім қандай болды?
4.Басқаларға көмегім тиді ма?
5.Өзімді қалай сезіндім?
VIII. Үй тапсырмасы. Жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.