Т ілім менің - тірлігімнің айғағы
Оценка 4.9

Т ілім менің - тірлігімнің айғағы

Оценка 4.9
docx
14.09.2023
Т ілім менің - тірлігімнің айғағы
Эссе
Тілім менің.docx

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

         Тіл – ғасырлардың жалғастығы, ата-баба аманаты, бір сөзбен айтқанда, тарих, шежіре.Даналарымыз: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» деп текке айтпаса керек.Себебі, ұлттың ұлт болмағының өзі туған тіліне байланысты.Туған тіліміз біздің ата-бабамыздың тарихы, елдігіміздің басты белгісі, салт-дәстүр, ғұрпымыздың ғасырларға жалғастығы деп білемін.

         Жер бетінде қанша халық болса, соншама тіл бар дейміз.Бұл – ақиқат.Өз тілінде сөйлеп, тәлім алған ұлт болашағы ғана жарқын болады.Сол жарқын болашақ мәңгілік елді жасайды. Неге десеңіз,  Тіл дегеніміз біздің күллі тірлігіміздің нышаны, айғағы, айқын көрінісі емес пе? Қазақ деген ұлттың тірлігін, тынысын, құндылығын паш ететін Ана тіліміз екеніне ешкім дау айта алмайды.

         Осынша құндылыққа толы, киелі де қастерлі ана тіліміз, ең алдыменен, өз елінде құрметке, қамқорлыққа ие болуы керек. Неге десек, тілге құрметтің өзі ұлтымызға, өткеніміз бен болашағымызға деген құрмет пен сенімді туғызады.  Міне, тілге қамқорлықты алдыңғы орынға қоюмыздың мәнісі де осында жатыр деп білемін. Тарихымызды, ата-бабамиыз салып кеткен сара жолды туған тіліміз арқылы санамызға сіңіргенде ғана, түйсінетініміз белгілі.Сондықтан да туған тілдің ең маңызды қызметінің өзі осында демекпін.Қаймағы бұзылмаған, бай тілімізді ұрпаққа жалғастыру үшін, құрметтеп, қастерлей білуіміз тиіс.

          Сонымен қатар, Ана тіліміз сонау заманнан бергі ата тегімізді танытатын, шежіремізді ұқтыратын тектілігімен де әр қазақтың жүрегінен орын алып тұруы тиіс. Басқалар қызыға да, қызғана қарайтындай Ана тілдің мәртебесін асқақтатсақ, тірлігіміз де алға басады деп сенемін. Барлығымыз білетіндей, біз,  Қазақстан көпұлтты елміз.Десек те, қанша ұлт өкілдері тұрса да, олардың тіліне құрметпен қараймыз.Олар емін-еркін өз тілдерінде сөйлеп, ана тіліндегі мектептерде оқиды.Менің түйіндеуімше,өзге елдің тілін құрметтей отырып, өз ана тіліміздің ақ туын биіктетуіміз керек.Сонда ғана өзге ұлттар тіліміздің құдіретіне бас иеді деп ойлаймын.

Қарап отырсақ, біздің тіліміз ең бай, көркем тіл.Мұны қазақ жерінде болған Радлов, Янушкеевичтер тіліміздің құдіретіне бас игені соншама, өз жазбаларында таңдана, тамсана жазған. Халқымыздың бүкіл тірлігін тілдің құдіреті арқылы шешіп, дау-дамайды әділетті тоқтатқан ана тілімізді әр елдің даналары толғана, тебірене жазғанын тарихтан білеміз. Демек, тірлік деген, өмір, сол өміріміз мәнді де, сәнде, сапалы болу үшін Ана тіліміз барлық салада қолданылып, болмысымызға сіңуі тиіс!

Қорыта келгенде,  «Тірлігімнің айғағы», «Қазақ» екенімнің дәлелі, «Барыс текті, намысты елдің ұрпағы» екенімді жырлаған Ана тілім, жасай бер, - деймін!

 


 

Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Ана тіліміз барлық салада қолданылып, болмысымызға сіңуі тиіс! Қорыта келгенде, «Тірлігімнің айғағы», «Қазақ» екенімнің дәлелі, «Барыс текті, намысты елдің ұрпағы» екенімді жырлаған

Ана тіліміз барлық салада қолданылып, болмысымызға сіңуі тиіс! Қорыта келгенде, «Тірлігімнің айғағы», «Қазақ» екенімнің дәлелі, «Барыс текті, намысты елдің ұрпағы» екенімді жырлаған
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.09.2023